Қазақ тілі | Мұғалім | Уақыты: | Сыныбы: 8 |
Сабақтың атауы | Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша Флипчарт,оқулық, Оқыту әдістері: сұрақ- жауап, диалог. АКТ, СТО Бағалау Жеке, жұптық, топтық жұмыс |
Көрнекілігі |
Мақсаты | Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаның ерекшелігі мен жасалу жолын сызба арқылы талдау жасай отырып түсіну.
|
Топқа бөлу | Сандар арқылы топқа бөлу.. |
Сабақтың барысы | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
Үй тапсырмасын сұрау Қызығушылықты ояту | -Бастауыштың анықтамасын топтастыру стратегиясы арқылы көрсет.
Іс оқиғаның иесі
Атау септікте тұрады Бастауыш
Кім? Не? Кімің? Нең? Кімі? Несі? Кімдер? Нелер?
Бастауыш пен баяндауыш жақ жағынан жекеше көпше түрде қиыса байланысады.
-Баяндауыштың анықтамасын топтастыру стратегиясы арқылы көрсет.
Бастауыштың жай күйін білдіреді
Баяндауыш
Сөйлемді аяқтап тұрады
Оқиғаның қай шақта тұрғанын білдіреді
Қай сөз табынан болса, сол сөз табының сұрағына жауап береді
|
Оқушылар тыңдайды, өз ойларын ортаға салады |
Мағынаны тану | 1.Топта оқушылар тақырыпты оқып шығады. 2.Сұрақ-жауап
3. Кеспе қағазбен жұмыс -Астық- біздің байлығымыз. -Ерлік- бүгінгі күннің талабы -Бес жерде бес-жиырма бес. (І топ) -Бұл-үлкен қуаныш. -Ол-қазір звено бастығы -Көрмес-түйені де көрмес.(ІІ топ) -Қыздардың үлкені-Майра, кішісі-Сайра. -Уш-тақ сан. -Жүз-жиырма беске бөлінеді.(ІІІтоп) -Менің ұмтылған тілегім-қалайда адам болып шығу. -Қой бағу-қиын кәсіп.(ІҮ топ) 4.Дәптермен жұмыс. Жаттығу
|
Диалогқа түсіп,сұрақтарға жауап беру |
Шығармашылық жұмыс | Кестені толтыр. Сөйлем мүшелері сұрағы мысал жаз
| Оқушылар жазады, қорғайды |
Үйге тапсырма | -Жаттығу. | Үй тапсырмасын білу, түртіп алу. |
Рефлексия | «конверттер» |
|
Үйге тапсырма | Оқулықтағы тапсырмаларды орындау |
Сыныбы: 9 Сабақтың атауы
Тіл ұстарту
Флипчарт,оқулық,
Оқыту әдістері: сұрақ- жауап, диалог.
АКТ,
СТО
Бағалау Жеке, жұптық, топтық жұмыс
Көрнекілігі
Мақсаты
Қазақ тілінен алған білімдерін пысықтау ;өз тіліміздің құндылықтарын саралап, мәні мен маңызын айқындау.
Топқа бөлу
Сандар арқылы топқа бөлу..
Сабақтың барысы
Мұғалімнің іс-әрекеті
Үй тапсырмасын сұрау
Қызығушылықты ояту
Ана тілі дегеніміз не? Ауызша сөйлеу мен жазба тілдің ерекшеліктері неде?
Мағынаны тану
1.Тапсырма
Тіл дегеніміз не?
Тіл ұлттық келбет дегенді қалай түсінеміз?
Тіл - қатынас құралы
Тіл - тарихи құбылыс
«МЕН-ТІЛ-ҚОҒАМ» тақырыбында постер жасату
2.Мәтіндік тапсырмалар
І топ Мәтін
Түйе- шөл даланың ең төзімді көлігі. Адам баласына түйенің пайдасы аса зор. Алдымен ол күшті, шөлге,суыққа, жемге төзімді. Бірнеше кндік шөлдерден үстіндегі жүгін ауырсынбай жүре береді.
Түйенің сүті қою болады. Оның сүтінен қымыз сияқты сусын ашытады. Мұны шұбат деп атайды. Түйенің жүні шуда, жүн блып екіге бөлінеді.Шуда дегеніміз-түйенің мойын астына, желкесіне,екі тізесінің жоғарғы жағына шығатын ұзын қылшықты жүн. Түйенің жүні ешкінің түбітіндей биязы, жұмсақ болады.Бұл жүннен жіп иіреді, алаша, қап, қолғап тоқиды. Түйе жүні жылы болады.
Тапсырма
1.Мәтінге ат қойыңыз.
А)Түйе-сенімді жануар.
Б)Түйенің қасиеті.
С) Шыдамдылық.
Д)Төрт түлік мал
Е) Шұбаттың пайдасы.
2. Мәтіннен қандай қорытынды шықпайды, анықтаңыз.
А)Түйе жүні жұмсақ болады.
Б)Түйенің сүтінен шұбат ашытылады.
С)Түйенің жүнінен қолғап тоқиды.
Д)Түйенің сүті сұйық болады.
Е)Түйе шөлге де, суыққа да төзімді жануар.
3. Мәтінде асты сызылған сөздің негізгі түбірі қай сөз табынан, анықтаңыз.
А)Зат есім.
Б) Сын есім
С)Есімдік
Д)Етістік
Е)Үстеу
ІІ топ Мәтін
Айналамыз түрлі-түсті әдемі және хош иісті гүлдерге толы.Біз оларға сүйсіне қараймыз, сезімге кенелеміз. Әсіресе көктем мезгілі келгенде айнала глге оранғандай болады. Дегенмен гүлдер қауызын адамдарға ғана арнап ашпайды. Көздің жауын алатын гүлдердің түрлі түсі мен аңқыған хош иісі көбелектерді де өзіне шақырады.
Гүлдердің әсемдігінен ләззат алатын тек адамдар ғана. Ал көбелектерге маңыздысвы-олардың түсі, гүлінің бітімі, иісі және одан алатын қорегі. Гүлдер біреулерін сөл-шырынымен, басқаларын тозаңымен, тағы бір тобын осы екеуімен де қоректендіреді.
Тапсырма
1.Мәтіннен қандай қорытынды шықпайды, анықтаңыз.
А)Көктем мезгілінде айнала глге оранады.
Б)Гүлдердің хош иісі көбелектерді өзіне шақырады.
С)Гүлдердің әсемдігінен адамдар ғана ләззат алады.
Д)Көбелектер гүлдердің сәнін келтіреді.
Е)Көбелектер гүлдің шырынымен, тозаңымен қоректенеді.
2.Мәтіндегі «ләззат алу» тұрақты тіркесінің мағынасын анықтаңыз.
А)Жақсы көру
Б)Жиіркену
С)Қызығу
Д)Рақаттану
Е)Сезіну
3.Мәтінде асты сызылған сөзге қатысты дұрыс жауапты анықтаңыз.
А)Диалект сөз
Б)Термин сөз
С)Неологизм
Д)Историзм
Е)Архоизм
ІІІ топ Мәтін
Түркілер жылдардың әрқайсысында бір-бір қасиет бар деп сенген. Мәселен, олардың көзқарасынша, сиыр жылы кіргенде, ұрыс көп болады, себебі сиыр- бір-бірімен көп сүзісетін жануар.Ұлу жылы кірсе, жауын-шашын, су мол болады да, егін бітік шығады, өйткені ол –су жануары. Халық тағы сол сияқты әр жылға әрқилы болжам жасайды.
1. Мәтінде не туралы баяндалғанын көрсетіңіз.
А)Түркілердің шаруашылығы
Б)Түркі дәуіріндегі ауа райы
С)Түркілердің нанымы
Д)Түркі дәуіріндегі жылдардың кіру тәртібі
Е)Түкілердің дәстүрі
2.Түркілер болжамы неге байланысты жасағанын табыңыз.
А)Жануарлардың ерекшелігіне қарай
Б)Егінге байланысты
С)Жауын-шашынға байланысты
Д)Сиырға байланысты
Е)Ұлуға байланысты
3.Алғашқы сөйлемдегі есімдіктің түрін анықтаңыз.
А)Жіктеу есімдігі
Б)Сілтеу есімдігі
С)Сұрау есімдігі
Д)Белгісіздік есімдігі
Е)Болымсыздық есімдігі
ІҮ топ Мәтін
Адамның ең үлкен байлығы-оан берілген өмір. Адам уақыт пен өмірдің қадірін білмеді.Уақытты керексіз нәрселерге жұмсайды. Ол адамға күніне бір рет қана беріледі.Адам оны дұрыс пайдалану керек, өйткені өткен уақытты кері қайтара алмайсың.
1.Мәтіннің негізгі идеясын анықтаңыз.
А)Адамдарда бос уақыт көп.
Б)Уақытты дұрыс пайдалана білу керек.
С)Адамның алтыны көп болса, уақытты сатып ала алады.
Д)Бүгін пайдаланбаған уақытыңды ертең іске аыруа болады.
Е)Адам өмірдің қадірін жете түсінген.
2.Мәтінде шылаудың қай түрі бар, анықтаңыз.
А)Жалғаулық
Б)Септеулік
С)Демеулік
Д)Шектік
Е)Тежеу
3.Мәтіндегі бірыңғай мүшенің қызметін.
А)Бастауыш
Б) Баяндауыш
С) Толықтауыш
Д) Анықтауыш
Е)Пысықтауыш
Ой толғаныс
«Тіл-өмірлік құндылық» шағын эссе (екі топқа)
Өлең жолдарын құрастыру (екі топқа)
Рефлексия
«конверттер»
Үйге тапсырма
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау
Сыныбы: 9 Сабақтың атауы
80 жылдардан бергі ақындар айтысы. Қазіргі ақындар айтысының даму тарихы.
Мақсаты
Оқушыларды өз бетімен жұмыс істете отырып, ой қозғау, ой қорыту, осы күнгі айтыстарды бұрынғы айтыстармен салыстыра білу дағдыларын дамыту.
Топқа бөлу
Қағаздарды алу арқылы 4 топқа бөлінеді.
1 «Оптимистер»
2 «Пессимистер»,
3. «Риалистер»,
4 «Сарапшылар»
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Ұйымдастыру. «Бәдік айтысы», «Жануарлар мен адам айтысы», «Жұмбақ айтысы», «Салт айтысы» - деп жазылған қағаздарды жазуын көрсетпей парта үстіне қоямыз, сол қағаздарды алу арқылы оқушылар топқа бөлінеді.
Сабақтың барысы
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Үй тапсырмасын сұрау
Қызығушылықты ояту
1.Айтыс дегеніміз не?
2.Айтыс өнерінің қандай түрлерін білесіңдер?
3.Айтыскер ақындар туралы қандай ұғымдар бар?
4. Қандай алғашқы айтыскер ақындарды білесіңдер?
5.Айтыскер ақындардың жеңісі неде?
6.Айтыс жанрын қандай ғалымдар арнайы зерттеген?
7. Ш. Уәлиханов айтыс туралы не айтты?
8. Түре және сүре айтысы дегеніміз не?
9.Қазіргі таңда осындай айтыс түрлері бар ма? Мысал келтір.
Осы сұрақтарға оқушылар біртіндеп жауап береді, өз ойларын айтады, өмірмен байланыстырады,соның нәтижесінде проблемалық сұрақ тудырады. Ол сұрақтарды дәптерге жазады.
(Дәптермен жұмыс)
Мағынаны тану
Әр топ оқушылары оқулықтан тақырыпты «Жигсо» әдісі бойынша бөліп оқиды да, бір-біріне түсіндіреді.
Әр топ бүгінгі тақырыпты бөліп алып оқиды. Оқыған бөлімдеріне тақырып қояды. Сол оқыған бөлімдерін талдайды.
І топ Бұрынғы айтыстар жөнінде мәлімет айтады.
ІІ топ. Қазіргі айтыстар жөнінде мәлімет береді.
ІІІ топ. Екі айтыстың ұқсастықтарын айтады. VІ топ. Айырмашылықтарын айтады. Әр топтың көшбасшылары жауап береді. Топ мүшелері толықтыруға болады.
Ой толғаныс
Айтыс өнерінен үзінді көрсету. Сол айтысты ескере отырып, оқушыларды айтысқа баулу. « Білім» және «Тәрбие» жайлы топ арасында шағын айтыс ұйымдастыру.
1.Оқушылар берілген тақырып бойынша айтысады. Топ ішіндегі сөзге шебер оқушы екінші топ оқушысымен айтысуға шығады. Кімнің сұрағы мен жауабы нақты, тиянақты болса, сол топ оқушылары жүлдегер деп есептеледі. Ұпай саны қойылады.
Бағалау
Топтарға бөлініп « Оптимистер», « Пессимистер», «Риалистер» рөлдік ойынын өткізу. «Сарапшылар» тобы оқушыларды бақылап, жауаптарының мазмұндылығы мен дұрыс орындалуына байланысты бағалайды.
« Оптимистер» айтыстың болашағы , бүгінгі күнгі айтыстың өркендеуі туралы өз пікірлерін білдіреді.
«Пессимистер», керісінше, айтыстың бүгінгі күнгі дамуына кедергі болып жатқан себептер туралы ой қозғайды.
«Реалистер» айтыста бейнеленетін өмір шындығы туралы нақты мысалдармен ой өрбітеді.
Үйге тапсырма
Тәулсіздікке қол жеткізіп, егеменді ел болғаннан бері халық мұңын жырлап,жақсылығын асырып, жамандығын жасырып жүрген айтыскерлер қатарына Аманжол Әлтаев, Мұхаметжан Тазабеков, Оразалы Досбосынов, Айбек Қалиев, Ақмарал Леубаева ,Мэлс Қосымбаев т.б. айтыскер ақындарды жатқызамыз.
Мәліметтер жинақтау
Рефлексия
«конверттер»
Сыныбы: 8 Сабақтың атауы
Сыныптан тыс оқу
Мақсаты
Оқушыларды өз бетімен жұмыс істете отырып, ой қозғау, ой қорыту,өткен тақырыптарды пысықтау.
Топқа бөлу
Фигуралар арқылы бөлу
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
«Жүректен жүрекке»
Сабақтың барысы
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Ой қозғау
Сұрақ-жауап
Әдебиет дегеніміз не?
Ауыз әдебиеті дегеніміз не, оның түрлері.
Ежелгі дәуір әдебиеті дегеніміз не? Оның кезеңдері.
Осы сұрақтарға оқушылар біртіндеп жауап береді, өз ойларын айтады.
Мағынаны тану
1.Тапсырмалар орындау
Өткен тақырыптар бойынша кестені толтыру
Кейіпкерлер
Оқиға желісі
Немен аяқталады?
Не суреттеледі?
Қандай тәсіл қолданылады
Қазіргі заманмен салыстыр
жағымды
жағымсыз
2.Өздері оқып келген шығармаларын кестеге толтыру
4.Өлеңді құрлысына қарай талдау.
5.Композициялық талдау.
Әр топ бүгінгі тақырыпты бөліп алып оқиды. Оқыған бөлімдеріне тақырып қояды. Сол оқыған бөлімдерін талдайды.
І топ Бұрынғы айтыстар жөнінде мәлімет айтады.
ІІ топ. Қазіргі айтыстар жөнінде мәлімет береді.
ІІІ топ. Екі айтыстың ұқсастықтарын айтады. VІ топ. Айырмашылықтарын айтады. Әр топтың көшбасшылары жауап береді. Топ мүшелері толықтыруға болады.
Рефлексия
«Екі жұлдыз, бір тілек»
Оптимистер
Пессимистер
Риалистер
Сарапшылар