Самопазнание на тему Таным белестері10-сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


«Бекітемін»

«------» ---------------------
Мерзімі: 09.09.2016ж

Мектебі: Үстірт орта мектебі

Тақырыбы: Таным белестері
Құндылық: Ішкі тыныштық
Қасиеттер:  өзіне-өзі сенімділік, ұстамдылық, өзін-өзі құрметтеу
Сынып: 10 «а», «ә», «б»


Мақсаты: оқушылардың бойында адам туралы, оның дүниетанымдық көзқарасы туралы, ішкі тыныштық сақтауды қалыптастыру отырып, оларға өзін-өзі жетілдіріп, өзін-өзі дамыту және бағалай білу туралы түсінік беру.

Сабақ барысы:

Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді дұрыс ұстаңыздар. Аяқ- қолыңызды айқастырмаңыз. Қолдарыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмып, елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоциаңыз бен тілек- қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің көзін ашады.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Енді, нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте күшейе бастайды, сіздің денеңізден тарап, жан- жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға , жан- жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: « Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзді ашуға болады.

2. Үй жұмысын тексеру «Өмір-керуен» тақырыбына әңгімелесу

Дәйексөз

Адам әлемді қаншалықты таныса, соншалық өзін де тани түседі. Өзін-өзі қалай тануға болады? Борышыңды өтей бастаған сәттен бастап-ақ, өзіңді тани аласың.

Иоганн Гете

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

  1. Өзін-өзі қалай тануға болады?

4.Әңгімелесу Өмірде қандай жақсылық болса, соны көре біліңдер;

  • Өмірде кездесетін ұсақтыққа назар аудармаңдар;

  • Өмірдің ең құнды жақтарын алуға тырысыңдар;

  • Адамның әлсіздігіне шыдамдылықпен қараңыз;

  • Ондай жағдай сіздің де өміріңізде кездесуі мүмкін;

  • Өмірде жақсылық та, жамандық та болады, сондықтан оның жақсылығына рақаттаныңыз, алыңыз, ал жамандығына ренжімеңіз.

Сөйтіп, өмірлік бағыт дегеніміз әркімнің өз өмірлік жолын таңдауға әкеледі.

Мәтін бойынша сұрақтар:

  1. Мәтін не туралы?

  2. Адамға өмірлік бағыт не үшін керек деп ойлайсыңдар?

  3. Сіз өмірлік жолыңызды қалай таңдар едіңіз?

  4. Шығармашылық жұмыс.

Топтық жұмыс

Төменде берілген ой-тұжырымды жалғастырыңыздар.

  • Біздің танымымыз артқан сайын орындайтын міндетіміз де көбейе береді.

6. Топтық ән айту.

7. Үй жұмысы.

Б.Әлжақсыұлының «Тоғыз жауың тағы бар...» өлеңін оқу

8. Соңғы тыныштық сәті.  
Денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашыңдар.