Пәні: Қазақ әдебиеті Сабақтың тақырыбы: С.Мұқановтың «Сұлушаш» романы Тобы: 6 топ Күні: 22.02.16ж а) Білімділік: С. Мұқановтың өмірі туралы мағлұмат бере отырып, жазушының шығармашылық зертханасына үңілу, талдау, «Сұлушаш» романының мазмұнымен тан

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Пәні: Қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы: С.Мұқановтың «Сұлушаш» романы

Тобы: 6 топ

Күні: 22.02.16ж


а) Білімділік: С. Мұқановтың өмірі туралы мағлұмат бере отырып, жазушының шығармашылық зертханасына үңілу, талдау, «Сұлушаш» романының мазмұнымен танысу, кейіпкерлер жүйесіне талдау жасау, тақырыбы мен идеясын ашу

ә)Дамытушылық: әдеби сөйлеу тілдерін дамытып, ой-өрістерін кеңейту, шығармашылыққа жетелеу, мәтінмен жұмыс түрлеріне жаттықтыру.

б)Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, адалдыққа тәрбиелеу. Оқушыларды өз ойын ашық айтуға, көркемдеп еркін сөйлеуге, мәнерлеп оқуға дағдыландыру, ізденімпаздыққа баулу.

Типі: аралас сабақ

Түрі: топтық ізденіс

Көрнекілігі: көркем әдебиеттер ,портрет ,слайд, бейне жазбалар, т.б.

Әдістері: модульдік оқыту технологиясы, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқыту,талдау, пікір-талас,баяндау,рольге бөліп оқыту.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу,түгелдеу,назарларын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын «Білім биржасы» ойыны арқылы сұрау.

1.Жамбыл Жабаев кім?

2. Ж.Жабаев қай жылы, қай жерде дүниеге келген?

3. Жамбыл неше жасынан өлең айтып, жыр додасына түскен?

4. Ж.Жабаев 15 жасынан кімнің ақ батасын алды?

5. Кімдермен айтысқан?

6. Қандай дастандарды жырлаған?

7. Қандай өлеңдерін білесіңдер?

8.Ж.Жабаев қай жылы, қанша жасында қайтыс болған?

Жыр алыбы Жамбылдың айтыс өнеріне қосқан үлесі, қазіргі айтыспен салыстыру

Үй тапсырмасын сұрақтар арқылы қорыту

ІІІ. Жаңа сабақ.

Бейне жазба арқылы Сәбит өмірі мен шығармашылығынан деректер тыңдау

Сәбит Мұқанов өміріне шолу . «Сұлушаш» романы

Сәбит Мұқанов – қазақтың әйгілі жазушысы, қазақ әдебиетінің көрнекті қайраткері,академик.
Оның есімін жалпы қазақ оқырманына кеңінен танытқан «Сұлушаш» дастаны, «Адасқандар» романы осы кезде өмірге келді. Осыларға жалғаса жазылып, бірінен кейін бірі жарық көрген «Майға сәлем» (1933), «Советтік армия» (1934) атты өлеңдері, «Ақ аю» поэмасы (1935), «Жұмбақ жалау» романы (1938) және осылар тәріздес толып жатқан шығармалары қазақ әдебиетінің дамуында ерекше рөл атқарады.
Сәбит Мұқановтың туған жері қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Преснов ауданы. Ол кездегі қазақ ауылындағы жалғыз-оқу молда болған. Жас Сәбит осы молдадан оқып арабша хат таниды. Ел арасына көп тараған қисса – поэмаларды оқитындай сауаты ашылады. Әуелден өлең-жырға, ертегі – әңгімеге әуес бала там-тұмдап әдебиет үлгілерін тауып оқи бастайды. Ол кездегі азын аулақ қазақ кітаптарында ескі өзбек немесе татар тілдері араласып келетін.
1926 жылы рабфакты бітіріп шыққан соң «Батырақ», «Октюябрь өткелдері», «Сұлушаш» поэмаларын жазады.

Романның бар оқиғасы Алтай мен Сұлушаштың төңірегінде құрылған. Яғни, осы екі жастың сүйіспеншілігі, бір-біріне махаббаты жырланады. Трагедия Сұлушашты Алтайдан айырудан басталады. Екеуінің албырт сезімдерін феодалдық қара күш аяққа таптап жаныштайды.Сүйгенінен айырады. Ақырында қуғын-сүргін көрген Алтай мен Сұлушаш қайғыдан құса болып, азапта өледі.

«Мен айтамын ,сен жалғастыр» бөлімінде студенттер роман мазмұнын баяндайды. Мәтінмен жұмыс

Романнан рольдік оқыту арқылы үзінділер оқу

Жаңа сабақты бекіту :

Тілі мен суреттеу тәсілін тапқызу.

Романның сюжеттік желісін еске түсіре отырып, төмендегі схеманы толтыру.



Компози-циялық элементтер


Компози-циялық жоспар

Суреттеу тәсілдері

Сұлушаш

Алтай


1


Пролог. Басталуы.



Дүниеге келуі.



Баяндау,суреттеу

Байдың қызы,

қиғаш қас, қарақат көз, қыр мұрын,ұзын кірпік.

Кедейдің ұлы,қара көз, қыр мұрын, қасқа маңдай,кең иық.

2.

Байланысы

а) Ұнату.

ә) Құдалық.

Диалог, баяндау.

Инабатты, сыпайы, кіші-пейіл, ақжарқын.

Өжет,батыл, қайратты,өр.

3.

Дамуы.

Алып қашу.

Баяндау.

Болашақты болжағыш.

Сертіне берік, айт-қанынан қайтпай-ды

4

Шиеленсуі.

Қуғын.

Диалог, баяндау.

Айнымас ма-

хаббат иесі.

Батыр, ержүрек, жауға мейірімсіз,

5.

Шарықтау шегі.

Қарқаралы тауында.

Баяндау, монолог, диалог.

Қиыншылыққа төзімді, сабылы.

Еңбекке шынық-қан төзімді, ер тұлғалы.

6

Шешімі.

Азапта өлуі.

Баяндау


Қытымыр заманның құрбандары.

Идеясы

Тарих шындығымен махаббат шындығын еркін меңгеріп жырлаған ақын шығармасында әлеуметтік теңсіздіктің жастардың бас бостандығына бөгет болуы.



Қорыту: Романнан алған әсермен бөлісу

[pic] [pic] [pic] Психологиялық сезім



Үйге тапсырма:

Сәбит Мұқанов поэзиясынан өлеңдер жаттау.

Романдағы көркемдегіш сөздерді теріп жазу

Бағалау парақшасы нәтижелері арқылы бағалау