"ШҚО Семей қаласының КММ "№9 жалпы орта білім беретін мектеп"әдістемелік бірлестіктің мұғалімдері Ә.Д.Жарқымбаева және Қ.Қ.Тоғасбаева құрастырған оқу орыс тілінде жүретін мектептің 5-11 сынып оқушыларына арналған әдістемелік көмекші құралына
Пікір
Бұл құрал орыс тілінде жүретін мектептің 5-11 сыныптарына арналған "Қазақ тілі" пәнінің бағдарламасында көрсетілген оқу дағдысын қалыптастырудың стандарттық өлшемін негізге ала отырып жасалынған және қазақ тілін оқушыларға терең меңгертіп,қазақша дұрыс сөйлеп,сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру мақсатында құрастырылған қосымша тапсырмалар енгізілген.Бүгінгі оқытудың басты талабы - сабақ сапасын арттыру.Сабақтың сапалы болуы мұғалімнің шеберлігіне байланысты.Осының дәлелі ретінде 5-11 сыныптардың тақырыбы бойынша тапсырмалар мысал ретінде көрсетілген.
Ұстаздардың теориялық дайындығы,тақырыпты меңгеруі, тілдік деректерді жинақтап, сұрыптауы көмекші құралдың ғылыми деңгейін ,теориялық-практикалық құндылығын арттырған.Бұл құралдың құрылымы,мазмұны,ғылыми негізделу дәрежесі зерттеу барысында жасалған түйін,тұжырымдары қойылатын талаптар үдесінен шыққан.Қазақ тілі материалдарын өзге ұлт өкілдеріне таныстыруды мақсат еткен ұстаздар орыс тілі деректеріне сүйене отырып,өз тараптарынан тұжырымдар жасағаны байқалады.
Бұл құралда оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауды ,дамытуды саналы оймен қабылдауды көздейді.Оқушы ұтымды әдістерді пайдалана отырып,өзінің білімге деген ынтасын ұштайды,таным-білім көкжиегін кеңейтеді,еркін ойлауға,өз ойын дәлелдеуге үйренеді.Аталған құрал-жаңа тәсілдерді қолдану және бағалау әрекеттерін қамтиды.
Құралда материалдар сынып бойынша жіктеліп берілген және орыс сыныптарында қазақ тілі сабақтарында пайдалануға ұсынылады,қойылатын талаптарға сай жазылған,қолдануға лайық деп есептейміз
А.Байтұрсынұлы атындағы
Тіл білімі институты Грамматика
бөлімінің меңгерушісі,
филология ғылымының кандидаты О.Жұбаева
15.07.2015.