Күні:
Мектеп: Ақшұқыр мектеп-лицейі
Сабақтың тақырыбы: Ана тілі – жүрек үні (29- сабақ)
Құндылық: Сүйіспеншілік
Қасиеттер: Шынайылық, ұлтжандылық, жанашырлық
Мұғалім: Өтегенова Ж
Сынып: 8
Сабақ мақсаты: Ана тілінің өмірдегі алатын орны туралы түсінік беру.
Міндеттері:
- Ана тілінің ұлттық құндылық ретіндегі ролін түсіндіру;
- Оқушылардың жүрегіне ана тілге деген құрмет, мақтаныш сезімдерін ұялату;
- Ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу.
Ресурстар:
(құралдар, мәлiметтер)
оқулық, дәптер, қалам А3қағаз,стикер,маркер,
әуен,слайд, карточкалар, проектор.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңi.
* оқушыларды топқа бөлу, сәлемдесу, түгелдеу
* оқушылардың назарын сабаққа аудару
* тыныштық сәтi.
Бесік жырын тыңдау
Сабақ барысын талдау:
Оқушыларды сабырлы, жағымды күйге түсіру, зейінін сабаққа аудару.
Оқушылар тыныштық сәтінен алған әсерлерімен бөліседі.
Әңгiмелесу
Сұрақтар арқылы оқушылардың жаңа тақырып бойынша не білетіндерін, жеке көзқарастарын анықтап алу.
Ана өмір тірегі дегенді қалай түсінесіңдер?
Ана алдындағы парыз дегенді қалай түсінесіңдер?
Неліктен әр халықтың туған тілі ана тілі деп аталады?
Сұрақтар бойынша оқушылардың жауаптары тыңдалады.
Дәйексөз
Сабақта берілген жаңа білімді ашу мақсатында дәйексөзді оқушылармен бірге талқылап, мағынасын түсіндіру.
Жер бетіндегі жақсылық, ізгілік, қайырымдылық атаулының бәрі де ананың ақ сүтінен тарайды.
Н.Назарбаев
Оқушылар дәйексөздің мағынасы бойынша өз пайымдауларын жасап, көзқарастарын білдіреді.
Мұғалім сыйы
Ел аузынан «Тіл туралы аңыз»
Өте ертеде бір қадірлі шешен қария дүниеден көз жұмарында қасына ұлын шақырып алып:
Балам, мен ұзамай дүние салам. Әкем қазына қалдырмады деп қамықпа. Ел ішінде қалдырып бара жатқан асыл мұрам бар. Соны іздеп тап, қадірле, қастерле, - депті.
Мұны естіген бала әке мұрасын іздеймін деп табанынан таусылып ел кезеді, таба алмайды. Ойы он саққа кеткен бала бір күні ел ішіндегі бір абзал қарияға келеді...
Бейнеүзік көру
Жас ақын Жамбыл Дүйсеновтың «Ана тілі» өлеңі
Оқушылар аңыздың мазмұнын тыңдайды.
Бейнеүзіктен алған әсерлерімен бөліседі, өз ойларын айтады
Топпен ән айту
Оқулықтағы «Анамның тілі – аяулы үні» әнін айту
Оқушылар ән шырқайды
Шығармашылық жұмыс
1-топ: «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»
2-топ: «Әлемді тербеткен мейірім» тақырыбына сурет салады
3-топ: Ана тілінің қызметі жайлы мәтін құрастыру.
Оқушылар берілген тақырып бойынша дайындаған жұмыстарын топқа жария етіп, қорғайды.
Үй тапсырмасы
Ана тілі жайында айтылған мақал-мәтелдер мен ақын-жазушылардың сөздерін жинап, альбом жасау.
Оқулықтағы «Ана тілі» өлеңін оқып келу
Үйге берілген тапсырманы оқушылар күнделіктеріне жазып алады.
Сабақты қорытындылау
Жүректен жүрекке
«Біздің топтың жүрегі»
Әр топ өз жүректерін дайындап, ана тілге деген құрмет, тілектерін жазады