Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік ашық тәрбие сағаты 5-9 сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...



Бекітемін

Мектеп директоры Б.Р.Мақұлбеков





Тексерген:

МДОТІЖО А.А.Төлепбергенова


[pic]


(патриоттық тәрбие сағаты)








Өткізген: Төлепбергенова А.А.

Өмірхан С.Е.







2016-2017 оқу жылы


Тәрбие сағаты: «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік»


Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларды Отанды, елді, жерді сүюге туған ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу.

Тәрбие сағатының көрнекілігі:

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә. Назарбаевтың портреті.

2. Нақыл сөздер жазылған плакаттар.

3. Шарлар, гүлдер, музыкамен жабдықталған.

4. Буклеттер, фото суреттер.


Тәрбие сағатының барысы:

Мұғалім сөзі:

- Қай халық, қандай ұлт болмасын өз еркіндігін аңсайды. Әр ел өзінің егемен, тәуелсіз болуын армандайды. Халқымыздың жылдар бойы аңсаған ізгі армандары жүзеге асқан кезеңде тәуелсіздігімізге қол жеткіздік. Бүгінгі тәуелсіздіктің 25 жыл толуына орай өткізгелі отырған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты патриоттық тәрбие сағатына қош келдіңіздер! Тәуелсіздігіміз баянды болсын, ағайын! Міне, Тәуелсіздігімізді тәу етіп, егемендігімізді ту етіп желбіреткелі 25 жыл болыпты. Осы азғантай уақыттың ішінде елдігімізді танытып, еңсемізді көтерген қаншама ұлы оқиғалар болды. Мемлекетіміздің тәуелсіздік алғалы жеткен жетістіктері ғасырға пара-пар. Осы өткен өмір жолдарымызға қарасақ, әр жылдың өз шежіресі, сыры, тарихы, қасиеті бар.


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалады


«Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты тәрбие сағатын бастамас бұрын, сіздерді бұл мерекенің маңызымен таныстырып өтейін. Алтайдан Алатауға дейін ұлан – ғайыр жерді мекен еткен ата – бабаларымыз тәуелсіздікті арман еткен. Осынау кең даланы көк найзаның ұшымен, сом білектің күшімен қорғаған бабаларымыздың аманатын орындау үшін талай боздақтар жанкештілікке барған. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап, Иса Досан, Шотан батырлар, беріректе Бауыржан, Мәншүк, Әлия сынды батырлар сол ел қорғауды ұран еткен, сол үшін құрбан болып, ел құрметіне бөленген батырлар. Ресейдің езгісінде болып, тіліміз бен дінімізден безіп, орыстанғалы тұрғанда Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Спатаев,Ләззат Асанова, Сабира Мұхамеджанова сияқты қыршын жастардың құрбандыққа баруы арқасында ғана тәуелсіздік алып, егеменді ел болдық. Осы боздақтарды еске алу мақсатында Б і р м и н у т т ы қ ү н с і з д і к жариялаймыз.


1-оқушы. Азаттық. Теңдік. Тәуелсіздік. Осы үш ұғымның салтанат құруы үшін кімдер бас тікпеді, кімдер құрбан болмады.

2-оқушы. Тәуелсіздік шежіресіне көз тоқтатып қарайықшы. Сонау дүбірлі батырлар заманынан бері ел мен жер үшін қаншама қан төгілді, қаншама адам құрбан болды.

3-оқушы. Абылай заманы – батырлар заманы. Найзаның ұшымен, қылыштың жүзімен қасық қаны қалғанша ел мен жер үшін айқасқан бабалар аманатын жалғастырған боздақтар қаншама.

4-оқушы. Ақтаңдақ жылдардағы қазақ деп қабырғасы қайысқан қайраткерлер де тәуелсіздігімізге жеткізер ұлы жолдағы құрбандар еді.

5-оқушы. Қашан да өршіл, намысқой, ержүректік қасиетті биік ұстайтын қазақ халқы Ұлы Отан соғысы жылдарында да аянбай шайқасқан.

6-оқушы. 1986 жылдың 16 желтоқсаны. Қазақтың санасын сілкіндірген желтоқсан ызғары жылдар бойы арман мен тәуелсіздіктің қайнар көзі болды.

7-оқушы. Бұл теңдік үшін, елдік үшін бас көтерген, жанын пида қылған жастарымыздың аңсаған армандарының, көздеген мақсаттарының ұшқыннан жалынға айналып еңселі ел болған күніміз.

8-оқушы. Бұл күн – халқымыздың қуанып, болашақ ұрпақтың ұрандап еске сақтар күні.

ХОР: «Қазақстан»

Мұғалім:

...1986 жыл желтоқсан айының 16 күні болған көтеріліс Қазақстанға Колбиннің жіберілуіен байланысты.16 желтоқсан күні Қазақстанның бірінші басшылығына Колбиннің тағайындалғанын естігенен соң,Алматыдағы театр және көркемсурет институтының 6студенті қаладағы жоғары оқу орындарының 12 жатақханасын аралап,17 желтоқсан күні таңертең үкімет үйінің алдындағы алаңға шығуға шақырған.Олар түнімен транспаранттар жазып дайындаған.300-жуық адам сағат 11 шамасында алаңнан кетіп,қала көшелерін аралады да мыңдаған адам болып алаңға оралады.Түске қарай қызметтегі барлық қызметкерлер жұмыстарын тастап алаңдағы халыққа қосылады.Үкімет шешіміне наразылар,кеудесінде ұлттық намысы,оты бар азаматтар ешкімнің ұгітінсіз-ақ алаңға қарай ағылады.Осы көтерілісте Ш.Қалдаяқовтың “ Менің Қазақстаным ” әні орындалады.

Кезінде дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан көтерілісі әлем жұртшылығы тарапынан әміршіл – әкімшіл, тоталитарлық жүйеге қарсы бағытталған тұңғыш демократиялық қозғалыс деген жоғарғы баға алғанын баршамыз білеміз.Қазақ жастарының көтерілісі қазақ жұртын әлемге әйгіледі,бодандықтан құртылуға ұмтылған елдер көбейіп,көп ұзамай қуатты империя тасталқан болып, егемен мемлекеттер пайда болды.

ІІ – жүргізуші:

Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау кезеңдерді бастан кешірді.

Мыңдаған жылдық тарихы бар, Қазақстан өз тәуелсіздігін алды.

Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады.

16 – желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.

Осының нәтижесінде 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі туралы заң қабылданды.

ӘН: «Қара бауыр қасқалдақ»

Мұғалімнің сөзі:

Шәкірттерім қазіргі кезде сен ашық аспан, жарық күн сәулесі түсіп тұрған мемлекетте өмір сүріп жатырсың, білім алуға сен үшін мүмкіндік мол. Сен көп уақытыңды достарыңмен, туған – туыстарыңмен өткізесің, көңілді мерекелерді асыға күтесің. Саған қандай мерекелер ұнайды? Оларды қалай тойлайсың? Әрине барлық мейрамдар жақсы. Бірақ олардың арасында біздің мемлекетіміз үшін маңыздылары бар. Соның бірі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні. Міне содан бері 25 жыл

Қасқалдақ ұшып көлінен,

Шүрегей келіп қонған күн.

Қыранды қуып көгінен

Қарғалар биік алған күн.

Шолпан:

Нашақор деп, ұлтшыл деп

Қазаққа күйе жаққан күн.

Базары кетіп біркүнде.

Қайғыға халқым батқан күн.

Елдос:

Қақаған қыстың ызғары

Сүйектен өтіп кеткен күн.

Қаракөз қазақ қыздарын

ОМОН-дар бастан тепкен күн.

Жанерке:

Қариялар итке таланып,

Ер басын күрек шапқан күн.

Аппақ қар қанға боялып

Қып-қызыл мұз боп жатқан күн

Озбырлық күшпен тұншығып

Үміттің оты өшкен күн.

Жанына таппай бір шындық

Ер Қайрат қыршын кеткен күн.

Аяулым:

Он алтыншы желтоқсан

Ел мерейі тасыған

Қазақ деген қалың жұрт

Бәрін кешті басынан

Нұргелді:

Он алтыншы желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн.

Ерекше боп мәңгілік,

Ел жадында қалған күн.

Жанар:

Тәуелсіздік мәңгілік сақталсын,

Алдымызда барлық үміт ақталсын.

Тату-тәтті бірлік болып қашанда

Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын.

Айшагүл:

Желтоқсанның желі,аязы,ызғары

Қнды мұзда талай қазақ сыздады.

Ұлт қамы үшін шыққан сол күн алаңға

Азап шекті қайсар қазақ қыздары.

Ажар:

Қайраттай қайсар ұлдардың

Жанымен келген еркіндік

Жазира мен Лязаттың

Арымен келген еркіндік.

Қасірет пен қайғының

Бәрімен келген еркінідік.

Әдемі:

Көк аспанда тулардың

Желбіреген күні бұл,

Елім деген ұлдардың

Елжіреген күні бұл.

Сабина:

Енді міне біз тәуелсіз ел болдық.

Басқалармен терезесі тең болдық

Әрқашанда біз дайынбыз тайсалмай

Отан үшін болуға да құрбандық.

Ажар:

Желтоқсаным-тәуелсіздік тірегі,

Желтоқсанды-қадір тұтып тұр елі.

Есте сақтап-ағалардың ерлігін.

Жүректерге сақтау керек үнемі.

ХОР: «Желтоқсан желі ызғарлы»


Көрініс. «Жастардың алаңға шығуы»

Дауыс: Естідіңдер ме?

Бұл не масқара! Неге халықпен санаспайды? Қашанғы шыдаймыз. Ең болмаса өз ішімізден неге сайламаған? Ел қамын біз ойламағанда, кім ойлайды?


Дауыс: Қонаевты шақырыңдар! Ақиқатын айтып, түсіндірсін барлық жайды!


Дауыс: Қазақстаннан адам табылмады ма? Қазақстанға басқа жерден басшы келгені несі?


Дауыс: талап-тілекті айтамыз. Шықсын ортаға басшылар.

Прокурор: Балалар! Уа, балалар! Мен Республика прокурорымын. Тарқаңдар! Жатаханаларыңа қайтыңдар! Ұят болады! Біз сендерге күш қолданамыз! Үйлеріңе қайтыңдар!

Әскери адамдар: Первая рота! Слушайте мою команду! Производится операция «Құйын». Немедленно разогнать экстремистов и хулиганов» Первая рота за мной! Ура!

Шолпан: әй, туғандар! Жігіт болсаңдар бері қарай!

Қосылыңдар біздің қатарға!

Көрініс

Назерке: Апа, апа, Қайрат көкемнен хат келді.

Анасы Самал: Рас па? Құлынымның хаты ма? Әкелші, өзін көрмесем де, хатын оқып мауқымды басайын.

Қайраттың хаты: Амансыздар ма, анам, туған-туыстарым! Менің нақақтан абақтыға отырғаныма сіздер сенеді деп ойлаймын. Жасақшыны ұрды, өлтірді деген жалаға сене көрмеңіздер. Алаңда, жатақхана жанында ұсқыны суық жасақшылардың жиналған қазақ жастарын ұрып-соғып, бейкүнә қыздарды шашынан сүйреп, қорлағандарын көріп шыдамадым. «Еруліге қарулы» деп мен де топ ішіне кіріп, көмектесуге ұмтылдым.

Менің де, сол күнгі алаңға шыққан қазақ жастарының да еш күнәсі жоқ. Алаңға барғанымыз – азаттық іздеп барғанымыз. Біз ұлтшылдықтың үлгісі емес, «ұлтжандылықтың» үлгісін көрсеттік. Қазақтың бостандық алар күні алыс емес! Аман болыңдар!


Ана: Ұлым менің! Сен әлі жиырма бірдесің. Аман болсаң, бір жерден шығатын алмастай өткір жігіт боларсың деп үміт күтеді сорлы анашың...


Тергеуші: Сен 18-і күні сағат 10-да қайда болдың?


Қайрат: Жолдастарыммен бірге.


Тергеуші: Жоқ, сен Сәтпаев пен Мир көшесінің қиылысында Савицкийді соққыға жықтың, соның нәтижесінде ол қайтыс болды! Сен кінәлісің оған!


Қайрат: Сөйлесем даусым жетпейтін

Кез болдың мынау заманға,

Шовинизм еді ғой,

Басты себеп жалғанға.

Елбең, елбең жүгірген

Ебелек отқа семірген.

Арғымақ мінген жаратып,

Ақсауыт киген темірден,

Алатаудай бабалар,

Аруағыңмен жебей көр.


Көрініс


Тергеуші: Сен өзің Савицкийді өлтіргеніңді мойындайсың ба? Жоқ па?


Қайрат: Жоқ, мен Савицкийді көргенім жоқ!


Тергеуші: Ақымақ! Әкетіңдер, атыңдар, көзін құртыңдар! Орындарыңыздан тұрыңыздар сот келе жатыр!


Үкім: Қазақ КСР Жоғарғы сотының сот мәжілісі залындағы ашық сот отырысында 1987 жылдың 25 мамырынан 16 маусымына дейін Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековтің айыптау ісін қарай келіп, Қазақ КСР Қылмыстық істер жүргізу кодексінің 287,299 және 301 баптарына сәйкес сот алқасы Үкім етеді»: Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков кінәлі деп танылып мынадай қылмыстық жазаға тартылсын:

Қазақ КСР Қылмыстық кодексінің 60 бабы бойынша 3 жылға бас бостандығынан, 65 бабы бойынша 15 жылға бас бостандығынан айыруға, Қазақ КСР Қылмыстық кодексінің 173тармағының -1 бабы бойынша ең жоғары өлім жазасына, атуға кесілсін.


Қайрат: Күнәдан таза басым бар,

21-де жасым бар,

Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай жаным бар.

Алам десең алыңдар!

Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар.

«Еркек тоқты құрбандық»

Атам десең атыңдар!


1-оқушы: Самал

Әр дәуірдің еркіне сай нарқы өзгерген алтынның,

Айналайын алтын әнім, жас өркені халқымның.

Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың

Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.


Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,

Айналайын, айналайын жас өркені халқымның.

Ерте айтылды сондықтан да келте айтылды бұл әнің,

Уақытыңның талабына деп келсе де ұраның,

Уақытыңның әділетсіз соққысынан құладың.


«Нашақор» деп, «маскүнем» деп айыптадың ұланым.

Саған жапқан сол жаланы естіп үнсіз тұрғаным

Керең болып қалды ма екен неге менің құлағым

Айналайын, айналайын, жас қайратым, қыраным!


2-оқушы: Шолпан

Темір қолдар қуатты еді алқымыңды қаусырған

Намысыңды жықпай өттің нәубет, дүлей маусымнан.

Жасап қалған шақтарымды жігер алдым бойыма,

Түрме торын жарып шыққан сенің қайсар даусыңнан.


Жә, не деген нүктесі көп, бүкпесі көп өмір ең.......

Төрт жыл өтті шындық күліп шыққанынша көгінен.

Оқ бойы озып тұрыпсың-ау сол аумалы кезеңде-ақ

Пышаққа сап бола алмайтын әкімдердің көбінен


Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы

Лаула, Лаула, Желтоқсанның мұзға жаққан алауы!

Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің

Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!



ӘН: «Атамекен» орындайтын 9 сынып оқушысы Таженова Әнел

Мұғалім: Ал балалар біз Қазақстанның кеше, бүгін, ертеңіне тоқталайықшы.

І-бөлім: Айсана: Қазақстан-кеше

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,

Жұртым менің не қиындық көомеді.

Жылар тұрып аналарым бұл жолда,

Сан перзентін қара жерге жерледі.

ІІ-бөлім: Назерке: Қазақстан –бүгін

Бақтың құсы әр адамға қонып бір,

О,тәңірім, бізді баққа жолықтыр,

Бүгін, міне Тәуелсіздік ағайын.

Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр.

ІІІ-бөлім: Самал: Қазақстан-ертең

Қазақпын, еңселі елмін егеменді,

Кеңейттім кең әлемге керегемді.

Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар

Таныды тепе-тең деп тереземді.

Қазақпын, қойнауы –құт, жері-дархан,

Әнімді бес қрлықтың бәріне айтам.

ХОР: «Тәуелсіз Қазақстан»

ІІ-жүргізуші

Ежелгі заманнан әр тайпалармен руларды біріктіретін белгілер болған. Белгілер – сөздердің орнына қолданылатын таңбалар. Бір топ адамдар үшін қолданылатын белгілер –бір мағынаны білдіреді. Ал, рәміздер – белгілі топтар бейнесінің бірігуі.

ІІ- жүргізуші

Бүгін әрбір мемлекеттің ғасырлық тарихына байланысты рәміздер бар. Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба, Әнұран. Бұл халық бірлігінің белгілері. Қазақстан Республикасының да өз рәміздері бар. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу - әрбір азаматтың міндеті.

БИ: «Балбырауын» 6-7 сынып қыздары

Мұғалімнің сөзі:

Балалар, өткенге шолу жасайықшы? Өткен жылдар қандай ерекшеліктерімен есімізде қалды? Сол туралы ойымызды ортаға салсақ.

11 – оқушы:

1991 жылы 1- желтоқсанда Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты республикамыздың президенті етіп сайлады.

12- оқушы:

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан республикасының жоғарғы сесиясы « Тәуелсіз демократиялық және құқылы» мемлекет деп жарияланды.

13 – оқушы:

1992 жылы 4 маусымда Президент Қазақстан республикасының мемлекеттік жалауы, елтаңбасы, әнұраны туралы. Қазақстан республикасының заңдарына қол қойды.

14 – оқушы:

1992 жылы 28 қаңтарда Тәуелсіз Қазақстан республикасының тұңғыш Ата заңы қабылданды

15- оқушы:

1993 жылы 15 қарашада төл теңгеміз дүниеге келді.

Әнел:

Тәуелсіздік - тірегім алмас үнді,

Тәтті үміті халқымның сан ғасыры

Көк байрақты , кемеңгер кемел ойлы

Келбетіңнен көремін жалғасымды.

Гүлназ:

Тәуелсіздік – шырайлы лағыл таңсың,

Жүректерге үміт боп жағылғансың

Аяулысың білмеген алақаннан –

Суып барып қайтадан табылғансың.

Назерке:

Желтоқсанда бір сыр бар,

Жел соқсын, мейлі жаусын қар.

Ұмытылмас ешқашан.

Қайрат, Лязат қыршындар.

Айсана:

Егемендік –бұл елімнің елдігі.

Егемендік-барлық ұлттың теңдігі.

Егемендік-елін,жерін қорғаған.

Ербол менен Қайраттардың ерлігі.

Самал:

Әр қазақтың есінде сақталады,

Желтоқсандық өрендер ақталады.

Ел намысын қорғаған сарбаздарым,

Ерліктерің мәңгіллік сақталады.

ӘН: «Рух пен тіл» орындайтын Таженова Әнел мен Мәлік Айсана

Мұғалім: Ата-бабаларымыз аңсап, армандап қол жеткен ол-ТӘУЕЛСІЗДІК. Соған орай оқушылардың құттықтауларын тыңдасақ.

Назерке:

Құтты болсын тәуелсіздік мейрамы

Ол әркімге бейбіт өмір сыйлады.

Аңсаған сан ғасырлық арман болып

Қол жеткізген шындық жырын жырлады.

Қуаныштан қалай кеуде кермесін

Бұл күнімді бір ғасырға бермесін

Ақ түйенің қарны бүгін жарылды.

Тәуелсізбін, егеменмін,, дербеспін.

Айсана:

Орыс,қазақ,неміс,татар-бар ұлтым.

Кең аймақты, қазыналы туған жер.

Ақ көңілді ашық жарқын ел жұртым,

Құшағыңа қиыншылық алған жер.

Қаймықпаған қиындықтың жүгінен

Өздеріңе сыйлап қырдың гүлінен.

Бүгінгі ұрпақ-бақытты ұрпақ атынан,

Құттықтаймыз! Тәуелсіздік күнімен.

ӘН: «Менің Қазақстаным» орындайтын Таженова Анел мен Мәлік Айсана

І – жүргізуші:

Қазақстан республикасы – біздің туып өскен жеріміз, біздің Отанымыз. Бұл жерде қазақ халқы ертеден тұрып келеді.

Қазақтар мал өсіріп, жер игеріп, өз Отанын жаудан қорғаған, жерін болашақ ұрпағына мұра етіп қалдырған, яғни біз үшін.

Қазақстан дейтін менің бар елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін!

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далада атам қолға ту алған

Бұл далада өскен жанда жоқ арман


ХОР:

Тәуелсіз Қазақстаным!

Туыңды биік ұстадың,

Жасай бер жаса,Тәуелсіз Қазақстаным!

Жасай бер жаса,Тәуелсіз Қазақстаным!


Мұғалім:

Бір ата, бір ананың түлегіміз

Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз

«Бірлік барда тірлік бар » деген бабам

Бірлік деп бірге соқсын жүрегіміз!

ХОР: «Атамекен»


Қорытынды: - Міне, балалар, бүгін өздеріңді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендеріңді, яғни, нағыз азамат екендіктеріңді көрсете білдіңдер. Белгілі ақын атамыз Ж. Молдағалиев:

Өткеніңді еске алсаң,

Өскеніңнің белгісі.

Өткеніңді ұмытсаң,

Өшкеніңнің белгісі,

- деген екен. Сондықтан, халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Сондай-ақ, еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Ата заңымыз, Әнұранымызды бойындағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сенімім мол. Тәуелсіз елдің азаматтары!Жолдарың ашық, жарқын болсын.

Сөз кезегін мектеп директоры: Мақұлбеков Бақытжан Рахымжанұлына береміз.