Сабақтың тақырыбы : «Киелі құс -аққу»
Мақсаты: 1) Білімділік. Оқушыларға киелі құс-аққу, оның түрлері, тыныс-тіршілігі тура лы мағлұмат беру.
2) Тәрбиелік. Жойылып бара жатқан аққулардың түрлерін сақтап қалу, оларды аялауға тәрбиелеу.Балаларды әсемдікке, әдемілікке тәрбиелеу.
3) Дамытушылық. Балалардың әртістік , шығармашылық қабілетін, ауызекі сөйлеу дағдысын дамыту,
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, аққу туралы бейне фильм, Н.Тлендиевтің «Аққу» күйі,слайд үлгісі..
(Оқушыларға бір апта бұрын құстар туралы материалдар жинақтау тапсырылды.)
Сабақ барысы: Психологиялық сәт:
Біздер жақсы баламыз,
Өсті ақыл санамыз.
Қонақтармен ең алғаш,
Амандасып аламыз.
Жарқырасын күніміз,
Жайнап тұрсын гүліміз.
Жақсы ниет тілекпен,
Бастайық сабақ бүгін біз.
Ұйымдастыру кезеңі: Ал қане балалар орнымызға отырып, оқу іс-әрекетімізді бастайық.
Біздің сабақтың ұраны :Гүлденген Қазақстан ұрпағымыз,
Қараман мектебінде оқимыз біз.
Арманымыз жетелейді болашаққа,
Мемлекеттік тілді білу ұранымыз. (хормен оқу)
Балалар,қазір біз ән тыңдаймыз. («Құстар әні») Бұл ән не туралы деп ойлайсыңдар?
Балалар: Құстар туралы
– Жарайсыңдар, сендер құстар туралы не білесіңдер?
– Құстар адамға дос.
- Олар ағаштарды құрт-құмырысқалардан қорғайды.
- Құстарды «қанатты достар» дейді
- Адамдар құстарды қорғайды, оларға жем береді.
Оқушылар дайындап келген құстар туралы тақпақтарын айтады: (слайдтар көрсетіледі)
1-оқушы: Жаршысымын көктемнің
«Көкек» дейді мені жұрт.
Өз атын айтар құс менмін,
Көктемді күтсең- мені күт.
Өз ұрпағыма ұқыпсыз болсам да мен өте пайдалы құс боламын. Мен күніне 39 шегіртке, 43 құрт, 50 шытырлақ қоңыз, 4 өрмекші, тағы басқадай құрттарды жеймін.
2-оқушы: Мен торғаймын, торғаймын,
Суықтан мен тоңбаймын.
Құрт-құмырсқа, шіркейден,
Бау-бақшаны қорғаймын.
Үйлеріңнің қасындағы кіп-кішкентай торғай бір жылда өзі ғана 4 миллион зиянды құрт жейді.
3-оқушы:
Қарлығашпын мен
Адамның тұрағын мен
Мекен етіп тұрамын.
Тазалаймын үй-ішін,
Шыбын деген кеселден.
4-оқушы: Мен еркін бақытты бұлбұлмын
Бұлағын тасытқан ән-жырдың.
Тамаша тамылжып шырқаймын,
Шаттығын тауыса алмай әр күннің.
Мен нәзік үнді әнші құспын. Тамылжытып ән салатын әншілерді бұлбұлға теңейді.
5-оқушы: Мен бүркіт, көк күмбезде қалықтаған,
Қияға қанат қағып шалықтаған.
Құс ішінде қырағы болғандықтан,
Атандым қыран-бүркіт жалықпаған.
Біздің елімізде бүркіттің 7 түрі бар. Ең ерекше ғажабы-қыран бүркіт. Ол қасқырды да алатын, өте күшті, ірі денелі құс.
6-оқушы: Бейбітшілік құсы менмін, көгершін
Жер жүзінде бейбіт еңбек көгерсін.
Аспан тұнық, шат көңілді болайық,
Ақ ниетті, адал жандар көбейсін.
Көгершін-бейбітшілік символы.
7-оқушы: Құс сұлуы аққумын
Табиғат көркін сыйлаған.
Мылтығын кезеп еш мерген
Атуға көзін қимаған.
Сұлулыққа паш етіп
Жырлаған талай ақындар,
Нәзік үнді, көл көркі
Құс патшасы мен болам.
Жаңа сабақ
Мұғалім : Балалар,біздің бүгінгі сабағымыз осы әсем құс- аққу туралы болмақ. (слайд)Біз сабақта аққу құстың түрлерімен танысып, шығармашылықпен жұмыс істейміз.
Абзал аққу-сағынышы дархан байтақ жерімнің,
Ару аққу- ажарысың көк айдынды көлімнің.
Сұлу мүсін, теңдесі жоқ құс біткеннің төресі,
Аса қымбат біздер үшін сенің адал сенімің.
Қазір біз топ болып жұмыс істейміз.Топ атаулары: «қарлығаш», «аққу»
Тапсырмалар:
1-тапсырма. Мәтінді тақтадан оқиды. Мәтін бөліктерімен дұрыс мәтін құрастырады. Сосын тексереді.
2-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру, әр топ сұрақтарға жауап береді.
3- тапсырма. Мәтіндерді мәнерлеп оқу, жоба қорғау.
Мұғалім (музыкалық үзіліс) Балалар сендер қазір құстардың әнін тыңдап, аздап демалып алыңдар.
Сабақты бекіту:
5-тапсырма. Әріптерден құстардың атауларын құрастыру.
6-тапсырма «Дұрыс, бұрыс» ойыны
Сабақты қорытындылау
Мұғалім: Мұғалім (музыкалық үзіліс)Аққулар туралы ән де, жыр да, күй де жеткілікті.Чайковскийдің «Аққу көлі», М. Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда»,
Н .Тілендиевтің « Аққу» атты күйі аққуға деген адамдардың сүйіспеншілігінен туған. (күй тыңдау)
Татулықты паш етіп жүр аққу құсым-аруым,
Халқым оған оқ атпаған ,кеземеген қаруын.
Аққу келсе сағынып туған жеріне,
Жас балаша қуанған күллі аймақ, ауылым.
Аққу атқан қатыгезді халқым мүлде сүймеген
Аққу ойлап, мұңлы-зарлы күйге енем.
Тыныштығы бұзылмасын ,жазылмасын жұптары
Тазалықты , сыйластықты аққулардан үйренем,”- деп ақын жырлағандай ,аққулардай сыйластық ,достастықтарың кіршіксіз таза болсын дегім келеді.
Бағалау. Қазір топтар бір-бірін бағалайды
Үй тапсырмасы: «Аққу –киелі құс» тақырыбына шағын эссе, сюжетті сурет салу
Рефлексия:аққудың суретіне сабақтан алған әсерлерін жазып, тақтадағы көлдің суретіне жапсырады.
Аққу- жыл құсы. Аққуды қазақ халқы ежелден қастерлеп, сұлулықтың белгісі деп есептейді.
Аққуды киелі деп есептеп, оған еш уақытта оқ атпайды. Аққудың аталығын «сапар», балапанын «көгілдір» деп атайды.
Дүние жүзі бойынша аққудың 150 түрі бар. Қазақстанда аққудың үш түрі:сыбырлақ аққу, сұңқылдақ аққу және кіші аққу кездеседі.
Тіршілігінің көп уақытын суда өткізеді, жақсы жүзеді.
Аққулар - өте ақылды құс.
Олар адамдардың қайсысы мейірімді, кімнің қатігез екенін айыра алады.
Сондай-ақ олардың есте сақтау қабілеті де жақсы дамыған
Тапсырма Мәнерлеп оқу, жоба қорғау
1-топ «Қарлығаш» Сұңқылдақ аққу Қазақстан жерінде ұялайды. Салмағы-7-13 кг, қанатының құлашы 1,5метр. Ерекше ұзын да әсем мойынын тік ұстайды. Сары тұмсығының ұшы қара түсті. Ол Қазақстанда ақпан- наурыздан қазан айының аяғына дейін болады.
Жаны сұлу ақ еркем, ары сұлу!
Ақ қанатын сабалап ,асыр салып .
Ойнасыншы ,ойнасын ерке құстар ,
Тыныштығын олардың қашырмалық.
Жүзе берсін ару құстар табиғаттан сыр ұғып ,
Келбетімен тартып жүр жанға жайлы жылылық.
Туған өлке табиғаты аң-құсымен ажарлы
аққуларды аялау ,адам үшін аса заңғар ұлылық
(слайд арқылы, фотосурет арқылы түсіндіреді)
Мақал:Аққу құстың патшасы, Тең келмейді басқасы.
Тапсырма Мәнерлеп оқу, жоба қорғау
2- топ. «Аққу» тобы Сыбырлақ аққу да Қазақстанда соның ішінде Батыс Қазақстан облысының су қоймалары мен өзен көлдерінен көруге болады. Олар қалың қамыс арасына ұя салып, балапандарын өргізеді. Сыбырлақ аққудың сарғыш- қызыл тұмсығының түбінде қара буылтығы болады. Мойынын иіп тұмсығын суға бағыттап ұстайды.
Құс патшасы аққулар,
Сән берген жер мен аспанға,
Көктемде көлде саңқылдар,
Ұқсайды сырнай тартқанға.
Ақ қардай аппақ алыстан,
Ақ құстар көзді арбайды.
Қос аққу жаңа танысқан,
Жігіт пен қыздан аумайды.
Мақал:Аққуды атпа, досыңды сатпа
«Дұрыс, бұрыс»ойыны
Жұмбақ шешу.
1. Көлдің көркі, сәні екен,
Ұшқанда сазды ән екен.
Ақындар оны мақтаған,
Адамдар қорғап сақтаған. ( Аққу )
2. Орманда жоғары,
Ағашқа қонады.
Тұмсығын балта етіп,
Тоқ - тоқ соғады. ( Толқылдақ )
3. Мысық құлақты,
бүркіт тұяқты. (үкі)
4. Көктемде ұшып келеді,
жаздай концерт береді. (бұлбұл)
Қарлығаш Аққу
Қарлығаш Аққу
Қарлығаш Аққу
Қарлығаш Аққу
Қарлығаш Аққу
Қарлығаш Аққу
Бағалау парағы