Сабақтың тақырыбы:Мағжан Жұмабаев «Батыр Баян»
Сабақтың мақсаты: білімділік- «Батыр Баян» поэмасын қортындылау, түрлі тапсырмалар бере отырып алған білімдерін белгілі бір жүйеге салу;
тәрбиелік- ақынның үздік туындысы Батыр Баян – поэмасы арқылы Отанын, туған жерін, елін сүюге тәрбиелеу, елге ,жерге деген отансуйгіштік сезімін оят,;шығарманың көркем сөз маржандарымен өрілген тіліне баса назар аударта отырып өз тілінің құндылығына көз жеткізе келе, тілін құрметтеуге, көзінің қарашығындай қорғауға негіз болу; дамытушылық-оқушының өздігінен ойын топшылауына, қиялына ерік бере отырып бейнелеуіне,тақырыптас шығармаларды салыстыра келе ерекшелігіне назар аудара білуіне,шығармашылық қабілеттерінің ұшталуына түрткі болу.
Көрнекілік:
Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап,салыстыру, ізденту, талдау, топтастыру, сурет салу, өлең құру,т.б.
Сабақтың түрі: білімді жинақтау, жүйелеу, топшылау.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
сәлемдесу
кезекші мәліметі
ой қозғау
ІІ Жаңа сабақ
І Қызығушылығын ояту.
-Балалар, біз батыр халықтың ұрпағымыз! Тарихымызда елін, жерін қасық қаны қалғанша қорғап өткен ер жүрек батырларымыз өте көп. Сол бабаларымыздың арқасында тәуелсіздікке қолымыз жетіп, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманда бақытты өмір кешудеміз.Сондай батыр бабаларымыздан кімдерді білесіңдер?Қандай батыр жайлы туындыны қарастырып жатырмыз?
Яғни бүгінгі сабағымызда «Батыр Баян» поэмасын толық топшылап, талдаймыз.(Бағалау парақтары таратылады)
Топтастыру стратегиясы
ІІ Мағынасын ашу
1.Қ.М. Жүсіп (Көркемдік ерекшелігіне талдау)
І Топ С.Сейфуллиннің «Көкшетау», ІІ Топ М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмаларындағы Көкшетау бейнеін суреттеудегі берілген үзінділерді көркемдік ерекшелігіне қарай талдап, салыстырады. Тіл шеберлігіне баса назар аудартамыз.
1-слайд
[pic]
2. І топ шығармаға сатылай композицялық талдау жасайды,ІІ топ шығармадағы образдарды топтастырып,мінездеме береді.Соңында бір-бірімен алмастырады.
І топ Сатылай талдау
[pic]
ІІ топ. Образдарды топтастыру, сомдау
[pic]
3. І топ. Концептуалдық кесте толтырады;
ІІ топ. Семантикалық карта толтырады. Бұл жұмыстар оқушылардың шығарма мазмұнын есте толық сақтауына негіз бола алады.
Ітоп.
[pic]
ІІ топ.
[pic]
4. Венн диаграмасын толтыру. Яғни басында қос туындыны салыстырумен бастағанымыздай бұл жерде де, аталған туындыдағы кейбір образдарды салыстыратын боламыз.
І топ Қалмақ қызы образы ІІ топ Абылай образын салыстырады.
І топ ІІ топ
М.Жұмабаев «Батыр Баян» С.Сейфуллин «Көкшетау»
[pic] [pic] [pic] [pic]
ІІ топ. Абылай 7-слайд
5. «Сыйға сый» бөлімі.
«Сурет салу» стратегиясы
«Бес жолды өлең» стратегиясы
Бұл бөлімде Ітоп шығармадағы өздерінің назарын баса аударған немесе қызығушылығын оятқан тұстарын қағаз бетіне түсіру арқылы екінші топтағы достарына баяндайды,салынған суреттерін достарына сыйға тартады. Ал ІІтоп шығарманың идеясына байланысты «Туған жер» тақырыбына арнап өлең шығарады,достарына арнап (Ітоп) оқиды.
ІІІ. Ой толғаныс.
«Соңғы сөзді мен айтайын» стратегиясы
Insert әдісі
IV. Үй тапсырмасы. Поэмадағы Абылай бейнесіне шығарма жазу
V.Бағалау. Бағалау парақтарындағы қойылған бағаларды қорыта келе нақты бағасынқоямыз.