Факультатив бағдарламасы Атадан қалған асыл мұра

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


7 «а» сыныбы

Атадан қалған асыл мұра” атты факультатив сабағының тақырыптық-күнтізбелік

жоспары

Аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат

Жұмыс түрі


Өтілетінмерзімі


1

Атадан қалған асыл мұра туралы түсінік беру

1

пікірлесу


2

Мәдени мұра халық игілігі (Ата салты асыл қазына, салт дәстүрді құрметтеу, үлгі-өнеге алу)

2



3

Халықтың тәрбиелік дәстүрлері (қазанжарыс, сүйінші, байғазы, шашу, йткөйлек, тұсаукесер)

2

мазмұндау


4

Ана тілі-жүрек үні (Тіл туралы өлеңдерді нақышына келтіре мәнерлеу)

1

Мәнерлеп оқу сайысы


5

Шілдехана, қалжа тойларының айырмашылығы

1

үзінді көрсету


6

Тұлымдысын тұл қылды, айдарлысын құл қылды (тұмар, тұлым, кекіл, айдар, мойынға бұршақ салу) топтық жұмыстар

2

Сөзжарыс өткізу,мағынасын ашу


7

Қазақ ырымдары жөнінде әңгімелеу (сөзжарыс өткізу)

1

Мысалдармен дәлелдеу


8

Тыйым сөздер (тәрбиелік мәні туралы)

1

сөзжарыс


9

Тыйым сөздерге арналған көрініс көрсету

2

Шығармашылық тапсырма


10

Түс жори білесің бе? . Түстің түрлерін ажырату

1

Пікірталас түрлері


11

Ұлағатты ұлттық ұғымдар туралы мәлімет алу

1

мазмұндау


12

Қазақтың жеті қазынасы

1

Түрлерін анықтау


13

Киелі сандар сырын ашу. ( 3,5,7.9,40 ), топпен жарыс өткізу

2

Мысалдармен дәлелдеу


14

Халық айтса анық айтады.

Ауа райын болжау

1

Жазбаша жұмыс орындау


15

Төрт тоқсан және маусым

1

Шығармашылық жұмыс


16

Әдет - ғұрып ишаралары туралы түсінік беру

1

әңгімелеу


17

Тамырын жайып тереңге...(өз отбасы туралы шығарма жазу, өлең шығару,сурет салу.)

2

Мерейлі отбасы


18

Білімдіден шыққан сөз ...

1

Мақал-мәтел


19

Жаңында жүр жақсы адам (ұрпақтар сабақтастығы, жақсы адамдардың өміріндегі жақсылыққа бастайтын құндылықтар)

1

әңгімелеу


20

Ұл - қызым, саған айтам ...

1

сырласу


21

Сахналық көрініс көрсету (оқыған шығармалар негізінде өз қалаулары бойынша)

2

Топтық жарыс


22

« Өмір, қымбатсын маған...»

2

Бейнелеу түрі,

Көрме, ұйымдастыру


23

Талаптыға нұр жауар.

1

Шебер.қолдар


24

Әдептен озбайық...

1

Мақала жазу


25

Ізденген жетер мұратқа (білім алуға өздігінен іздену, өзін-өзі тәрбиелеу,

табандылық,еңбексүйгіштік)

1

сырласу


26

Шығармашылық жұмыс

1

қорытынды




Түсінік хат


Ұсынылып отырған бағдарлама Қазақстан Республикасы ЖОББ-дің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен 5-9 сыныптарға арналған «Қазақ әдебиеті» пәні бағдарламасы және әдістемелік нұсқау хатты негізге ала отырып жасалды.

Бағдарлама түзуде білім мазмұнын ізгілендіру, адамгершілік-эстетикалық, мәдени-тарихи құндылықтарды, ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін таныту, оқушылардың тілдік қорын байыту, әдеби білімнің жүйелілігі мен сабақтастығы, білім мазмұнының әдеби-теориялық сипаты және пәнаралық байланыс сияқты ұстанымдар басшылыққа алынды.

Аталмыш курста ұсынылатын оқу материалдарының құрамына отандық әдебиеттің осы жастағы оқушылардың қабылдауына лайық таңдаулы үлгілері енгізілді. Бағдарламада оқушылардың ұлттық рухани санасын, тарихи танымын, адамгершілік-эстетикалық көңіл-күйлерін қалыптастыруға ықпал ететін, авторлық позициясы айқын шығармалар өмірбаяндық мәліметтермен байланыстырыла қарастырылды.Сонымен қатар оқушылардың көркем әдебиеттерді көп оқуына ықпал ете отырып, кейіпкерлерді сомдаудағы шеберліктерін көрсетуге жол ашады.


























Мақсаты:


Сөз өнерін ұлттық құндылық деп түсінетін, мәдени, әдеби мұраны құрметтей алатын, әдеби шығармадағы құбылыстарды өзіндік әрекет тұрғысынан қабылдайтын, салмақты ой түйе білетін, алған білімін өмірлік тәжірибеде қолдана алатын тұлға қалыптастыру.




Міндеттері:

- жергілікті өнер тарландарын, дара тұлғаларды танып білу, олардың шығармаларымен танысып,мәнерлеу;

- туып-өскен өлкесінің табиғатының, халқының, тарихы, мәдениеті, дүниетанымы ерекшеліктерін білуі;

- жергілікті әдебиет мұрасын танып, жан әлемін рухани құндылықтармен толықтыруы;

- шығармашылық қабілеттерін қалыптастыра, көркем оқу шеберліктеріне баулу.