Сабақ: 1-сабақ | Сабақ өтілетін уақыт: Орны: қазақ тілі кабинеті | Барлық оқушы саны16 Қатысқаны: 15 |
Сілтеме | Күнтізбелік жоспар, оқу жоспары, оқулық.
|
Сабақ тақырыбы | Етістік. |
Жалпы мақсаттар | Етістіктің үлкен сөз табын құрайтынын,оның іс қимылды білдіретінін,басқа сөз таптарынан айырмашылығын түсіндіру,оқушының ой өрісін,танымдық көкжиегін кеңейту,белсенділігін арттыру.өз бетінше қорытынды жасай білуге дағдыландыру. |
Түйінді идеялар | Етістік заттың қимылын сипаттайтын сөз табы.Сөз таптарының ішіндегі ең күрделі,ең қарымы кең грамматикалық категория. |
Оқыту нәтижелері | Етістік деген не екенін түсінді,етістікке байланысты сөздердің мағынасын білді,өз бетінше қорытынды жасай алды. |
Дереккөздер | Оқулық, А3 , маркер, түсіндірмелі сөздіктер.
|
Кезеңдері | Оқу белсенділігін арттыруда қолданылатын әдіс-тәсілдер, уақыты | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | |
Қызығушылықты ояту | Сергіту сәті «Айна» Психологиялық ахуал туғызу (1 мин) Топқа бөлу (3 мин) «Салыстыру» | 1.Сергіту сәті «Айна». 2Топқа бөлу. Гүл немесе ағаш аттары арқылы бөлу. 3.Бағалау парағы таратылады. 4.Тақтада суреттер ілінді. | 1.Оқушылар қарама қарсы тұрып бір бірінің қимылын қайталайды. 2.Суреттер бойынша сөйлемдер құрап,суреттегі істің қай уақытта болып жатқанын анықтады.
|
|
Мағынаны ажырату | «Миға шабуыл» «жигсо» «Ойлан, жұптас, талқыла» | 1.Мұғалім оқушыларға «Ертегілер елінде» деген шағын ертегі оқып береді. 2.Үш топқа оқулық арқылы тапсырмалар берілді. 1топ Етістік деген не 2 топ.Етістіктің сұрақтары 3 топ Сөйлемдегі қызметі | 1.Оқушылар осы ертегі желісінде оқиғаның мазмұнын түсініп,етістік тақырыбына қатысты екенін айқындап береді. 2.Топ мүшелері «жеке- жұп -топ сынып» схемасы бойынша тапсырманы орындап, бір оқушы сынып алдында түсіндірді. |
|
Ой толғаныс | «Сұрақ қою,қайтадан сұрақ қою» «Үшінші артық» | 1. «Сұрақ қою,қайтадан сұрақ қою»әдісі бойынша оқушылар бір біріне сұрақтар қояды. 2.Интербелсенді тақтада сөздер жазылған.
| 1.«Досыма смс» жазу. Жаңа тақырып бойынша әр топ бір біріне сұрақ қойып,хатпен алмасады 2..Интербелсенді тақтада жазылған сөздер қатарынан артық сөзді тапты. |
|
Бағалау. | Бағалау парағы. «Екі жұлдыз, бір тілек» | . | Әр топ бір бірінің 2 жетістігін,бір кемшілігін бағалады. |
|
Келесі оқуға арналған тапсырмалар |
|
| Етістікті қолданбай диалог құру |
|
Рефлексия |
| 1.Мұғалім сабақ нәтижесін көреді. 2.Оқушыларды бақылай алды. 3.Білім деңгейі жоғарылады. | 1.Оқушылардың жеке қасиеті ашылды. 2.Үлгерімі нашар оқушылардың сабаққа ынтасы артты және сын тұрғысынан ойлауды дамытты. 3.Проблеманы шешу жолдарын іздей отырып,қиындықты шешуге көмектесу. |
|