Сабақтың тақырыбы: Мұқағали Мақатаев
«Өмір сүрейік алмасып»
Сабақтың мақсаты:
Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы түсініктерін кеңейту, «Өмір сүрейік алмасып» өлеңнің мазмұнын меңгерту.
Оқушылардың сыни ойлау, баяндау, мәлімет мазмұнындағы ең негізгі белгіні анықтау дағдыларын дамыту.
Қазақ әдебиетіне, ақын шығармашылығына деген сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін оқушылар бойына сіңіруге ықпал ету.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың типі: білімді бекіту.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: жұптық жұмыс, түсіндіру, ізденушілік, сұрақ-жауап, баяндау,
мәнерлеп оқу, көрнекілік
Сабақтың көрнекілігі: ақын портреті, интербелсенді тақта, тірек сызбалар, қосымша
әдебиеттер, ақын шығармалары, ақынның нақыл сөздері, слайдтар,
плакаттар
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, жаратылыстану.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау;
Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру.
Сабақтың мақсат-міндеттерін түсіндіру.
Жаңа сабақ:
Сабақтың эпиграфы:
Мұқағали Мақатаев – қазақ тарихындағы ең оқырманы көп, қалың халық басты жанашыры болған суреткер. Ол – ең алдымен ақын. Қазақ жырының құдіреті. (Фариза Оңғарсынова)
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Мекен-жайым – Жер менің.
Жерде жүрген ақын деген пендемін.
Қалам, қағаз, уақыт бер тек аздаған,
Мен өмірді жырлау үшін келгемін! – деп жыр жолдаған ақын кімді де болса елең еткізері сөзсіз.
Балалар, қалай ойлайсыңдар, бұл қай ақынның өлең жолдары? (оқушылар Мұқағали Мақатаевтың деп жауап береді).
Дұрыс. Бүгінгі сабақта біз М.Мақатаев жайында алған білімдерімізді бекітеміз.
Тірек сызбамен жұмыс:
Оқушылардың естеріне М.Мақатаев туралы білетіндерін түсіру. Тақтадан слайд көрсетіледі:
Поэзия әлемінде өз ойын көркемдікпен, асқан шеберлікпен бере білу екінің бірі қолынан келе бермейді. Бұл тек шабыты өте жоғары, өлең шығару дарыны бар үлкен талант иесінің қолынан ғана келеді. Сондай таланттардың бірі – Мұқағали ақынымыз болған.
Венн диаграмма бойынша жұмыс. Ақын мен жас қайын арасындағы ұқсастығы мен айырмашылығын табу.