Уақыты: 15.04.2016 ж | Қазақ әдебиеті
| Мұғалім: Сыздыкова Б.А. | Сынып: 7 |
Сабақ тақырыбы: | Ж.Жабаев. «Аттандыру» |
Жалпы мақсат: | Халық ақыны Ж. Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы айта отырып, ақын өмірін үлгі ету, өлеңін талдау және өлеңнің мәнін ашып, меңгерту. Оқушылардың бойындағы адамгершілік құндылықтарын дамыта отыра, патриоттық тәрбие беру. |
Сілтеме: | Мұғалімдерге арналған нұсқаулық Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі 7-сыныпқа арналған әдебиет оқулығы |
Оқу нәтижесі: | Жамбыл Жабаевтың өмір тарихына шолу жасай отырып, оқушылар мәлімет алады. Шығармашылығының қазақ әдебиетінде алатын орны мен маңызын түсінеді, «Аттандыру» өлеңіне сатылай кешенді тадау жасай отыра, әдебиет теориясын меңгереді, мағынасын түсінеді. |
Сабақта қолданылатын материалдар: | Слайд, суреттер, кесте, таратылым материалы. |
Оқыту әдістері: | Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пайдалану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, Блум таксономиясы, критериалды бағалау. |
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті: Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Оқушылармен амандасу;
Сабақтың мақсаты мен барысын айту;
Сабақтың критерийлерімен таныстыру.
Оқушылар сәлемдесіп, алдағы уақыттағы іс-әрекеттерін мұқият тыңдайды. Бағалау парақшаларымен танысады.
Білу және түсіну:
Жамбыл Жабаев туралы не білесіңдер?
Жамбыл Жабаев кім?
Қашан?
Қайда?
Кімді?
Кіммен?
Қандай?
Оқушыларға сұрақтар қойлып, жауабы тыңдалады. Оқушылар бұған дейін білген мәліметтерін айтып, өз ойларын ортаға салады.
Қолдану:
Талдау:
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы – Ж.Жабаевтың «Аттандыру» өлеңі.
Оқушыларға өлеңді мәнерлеп оқыту.
Қысқаша мазмұнын сұрау:
Өлең не туралы?
Кімге арналады?
Поэзияның қай түріне жатады?
Өлеңге сатылай кешенді талдау жасау:
Тақырыбы: Аттандыру. Бата.
Авторы:
Ж.Жабаев
Жанр түрі:
Поэзия
Идеясы:
Ерлік жасап, елді қорғауға, елдің қадірін білуге жастарды шақыру.
Шумақ:
5
Тармақ :
22
Бунақ:
2-3
Буын саны:
7-8
Ұйқас түрі:
Аралас ұйқас.
Қосымша мәлімет. 1942 жылы Алғадай Жамбылұлы майданға кетеді. 1943 жылы 22 ақпанда Днепопетровск облысында ерлікпен қаза табады.
Оқушылар өлеңді мәнерлеп оқиды.
Сұрақтарға жауап береді. Мазмұнын түсінеді, ойларын еркін жеткізеді.
Өздеріне қысқаша ақпарат алады.
Топпен СКТ жасайды.
Салыстырады.
Бір-бірін тексереді.
Жинақтау:
Топтық тапсырма беру:
топ: «Соғыс»
топ «Бейбітшілік» екі сөздің мағынасын топпен ашу.
Синквейн.
Оқушылар сурет салып, топпен қорғайды.
Уақытқа бағынады, бірлесіп жұмыс жасайды.
Оқушылар 5 жолды өлең құрастырады.
Бағалау:
Оқушыларға бағалау парақшалары алдын-ала таратылған. Сабақтың кезеңдері бойынша өз-өзін бағалау ұсынылады.
Шкала бойынша шыққан бағаны қою.
Бағалау парақшаларын толтырып, өз ойларын ортаға салады.
Үйге тапсырмасы:
Өлеңді жаттау. Алғадай туралы ақпарат жинау.
Күнделіктеріне жазып алады.
Қосымша
Бағалау парақшасының үлгісі.
«Менің қабілетім» өзін-өзі бағалау бетшесі
Оқушының аты-жөні------------------------------------------------------------------------------
Сабақ кезеңдері/ таксономия
Критерийлер бойынша бағалау
Ия
Жоқ
Білу және түсіну
Сұрақтарға жауап бердім.
Қолдану
Мәнерлеп оқыдым, мағынасын аштым.
Талдау
Өлеңге сатылай-кешенді талдау жасай алдым.
Жинақтау
Топтық жұмысқа қатыстым.
Синквейн құрастыра білдім.
Білімді бағалау
Өз білгенімді сабақта қолдана алдым, өз-өзіме баға қойдым.
«Ия» 5 болса – «5» деген баға.
«Ия» 4 болса – «4» деген баға.
«Ия» 3 болса – «3» деген баға.
«Алғадай» өлеңіне сатылай-кешенді талдау жасау
Авторы:
Жанр түрі:
Идеясы:
Шумақ:
Тармақ :
Бунақ:
Буын саны:
Ұйқас түрі: