Өзін -өзі тану сабағының жоспары
Сабақтың тақырыбы: Отбасы жарастығы
Сабақтың мақсаты: оқушылардың «сыйластық», «махаббат» құндылықтары туралы туралы түсініктерін кеңейту; отбасы жарастығы,татулығы туралы түсінік
қалыптасатыру;отбасында жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту; өзара сыйластыққа тәрбиелеу.
Тыныштық сәті 3-мин
5-Т ережесін естеріне түсіру.
Оқушыларды түгендеп,сабаққа ынталандырып,дайындығын тексеру.
Ой тынықтыру.
Ұсақ болма,ірі бол!
Өз ортаңның гүлі бол!
Ата-анаңның көзінің,
Сөнбейтұғын нұры бол!
Кім болсаңда әйтеуір,
Азаматтың бірі бол!
Туған елдің ұлы бол!
Ойға тоқы,парқын сез,
Ата сөзі-алтын сөз.
5-Т ережесін сақтайды. Н.Айтовтың «Алтын сөз» өлеңін айтады. Сабаққа көңіл бөледі
Үй тапсырмасы
3-мин
Пікір алмасу
Дәптердегі 2,3- тапсырманы орындау.
Үйге берілген жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындап келіп,жаттаған мақал-мәтелдерін айтады.
Әңгімелесу
5-мин
Пікір алмасу,диалог құру
Әңгімелесу барысында оқушылардың алған білімдерін өз іс тәрбиесінде мүмкіндік жасау мақсатында «Ойланайық,пікірлесейік» айдары бойынша сұрақтармен пікір алысады.
Отбасы дегеніміз не?
Сен отбасында кімсің?
Отбасы мүшелері бір-бірімен қандай қарым-қатынас жасайды?
Оқушылар осы сұрақтарға жауап бере отырып алған білімдерін толықтырады.
Мәтінмен жұмыс
5-мин
Пікір алмасу
«Отбасы татуластығы» мәтінін оқытып,түсініктерін сұрау.Тақырыптың мазмұнын ашатын сұрақтар арқылы мәтіндегі негізгі ойды жинақтау.
Мәтіндегі негізгі идеяны талдайды.
Тапсырма
7 -мин
Пікір алмасу
1)Ата- асқар тау,
Ана- бауырындағы бұлақ,
Бала-жағасындағы құрақ.
2) Ата- бәйтерек,
Бала-жапырақ.
3)Анаңды Меккеге үш арқалап барсаң да,
Қарызынан құтыла алмайсың.
4) «Сіз», «біз» - деген жылы сөз
Ағайынға жарасар.
5) Бала – ананың бауыр еті.
6) Әкесіне қарап ұлың,
Анасына қарап қызың таны.
7) Інісі бардың тынысы бар,
Ағасы бардың жағасы бар
Берілген мақал-мәтелдерді аяқтайды.
Топтық ж
8 мин
Пікір алмасу
Берілген сұрақтарға жауап береді.
Оқушылар осы сұрақтарға жауап бере отырып алған білімдерін толықтырады.
Топтық жұмыс
10 мин
Пікір алмасу
Ана тобына «отбасы» сөзіне сөзжұмбақ құрастыру.
Әке тобына «Махаббат» сөзжұмбақ құрастыру.
Бала тобына «Ананың көңілі балада,баланың көңілі далада» мақал-мәтелге байланысты өз ойларын постерге жазып,түсіндіру.
Оқушылар сөзжұмбақтар құрап, жауап бере отырып алған білімдерін толықтырады.
Сергіту сәті
2-мин
Би «Қара жорға»
Ой мен бойды сергіту би арқылы орындайды.
Жүректен жүрекке
3 мин
«Жүректен –жүрекке шеңберіне шақырамын.Ал қазір сыныптастарының отбасына отбасына жақсы тілектер айталық.Осы тілектер орындалу үшін сиқырлы сөздерімізді айталық.
Бір-біріне тілек айтады.
Үйге тапсырма
2-мин
«Отбасы жарастығы » сөзіне байланысты эссе жазу. Дәптер толықтыру.
Оқушылар үй тапсырмасын күнделіктеріне түртіп алады
-