«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 16 орта мектебі» ММ
Тақырып: “Отаным -Қазақстан”
/ 11 сынып/
өткізген қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі: Сәдуева К.С.
Қостанай -2011
1 слайд: Сабақтың тақырыбы: Отаным –Қазақстан.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Қазақстан туралы алған білімдерін қолдана білуге үйрету. Мәтінді түсініп оқып, оның мазмұнын айта білу. Жаңа ережені /и, у дыбыстары/ түсіндіру, тақырып бойынша мақал –мәтелдерді қайталау.
2. Дамытушылық: Ауызекі сөйлеу тілін жетілдіру, өз ойларын қазақ тілінде жүйелі жеткізуге дағдыландыру.
3. Тәрбиелік: Мәтін, фильм арқылы мағлұмат бере отырып, Отанын сүюге, өз елінің тарихын құрметтеуге тәрбиелеу. Патриоттык сезімін шыңдау, қазақ тіліне деген сенімін байыту.
Сабақтың міндеттері:
ауызекі сөйлеу тілін жетілдіру;
оқушыларды байланыстыра сөйлеуге,
ережені пайдалана отырып сауатты жазуға дағдыландыру;
өз беттерінше компьютерлік технология арқылы қосымша материалмен жұмыс істей білуге дағдыландыру,
танымдық қызығушылықтарын дамыту.
Сабақтың түрі : жаңа сабақты меңгеру, аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу әдісі, интерактивтік жабдықтарды пайдалану әдісі, тест жұмысы.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютерлер, флипчарт, фильм.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, география.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
а) сәлемдесу, түгендеу
ә) сұрақ- жауап
б) сабақтың мақсатын айту.
2 слайд:
II. Үй тапсырмасын тексеру:
Үйге тапсырма қандай болды?
- Туған жер ұғымы туралы айту / презентация арқылы -1 оқушы/,
- Туған жер туралы мақал мәтелдер / презентация арқылы -1 оқушы/,
-Туған жерің, қалаң туралы айтып бер /презентация арқылы -1 оқушы/.
III. Жаңа сабақ:
3-4 слайд: Мұғалімнің кіріспе сөзі:
«Тәуелсіздік - халқымыздың
бостандығы мен дербес даму жолындағы
сан ғасырлық күрес тарихының нәтижесі»
Н.Ә. Назарбаев
Сабағымыздың тақырыбы: Отаным -Қазақстан.
Сабағымыздың мақсаты: Қазақстан туралы мәтінді түсініп оқып, сұрақтарға жауап беру, суреттер арқылы оның мазмұнын айта білу. Жаңа ережені /и, у дыбыстары/ түсіну, мақал –мәтелдерді қайталау.
Қазақстан қай жылы тәуелсіз мемлекет болып жарияланды?
ҚР тәуелсіздігіне биыл неше жыл болады?
Қазақстан Президенті кім?
ҚР рәміздері қандай, қашан қабылданған?
Екінші рет Ата заңы қай жылы қабылданды?
ҚР неше ұлт өкілдері өмір сүреді?
Қазақстан ненің мүшесі?
Қай жылы ҚР астанасының аты өзгерілді?
фильм көрсету «Қазақстанның жетістіктері»
жаңа сөздерді үйренеміз:
5 слайд: жаңа сөздер
арғы тегі - предки
қорғау үшін –чтобы защитить
күресіп келді – боролись
орасан зор аймақты – очень большую территорию
сақтап қалды- сохранил
дүниежүзі елдері –все страны мира
түсіністікте -в согласии
гүлдену, көркейу -процветать
Жаңа сөздермен сөз тіркестер, сөйлемдер құрастыру.
IV. Оқулықпен жұмыс.
7 бет, мәтінді оқу /мұғалім/.
Оқушылар тізбекпен оқып, аударады.
6 слайд: Оқушылар бір-біріне сұрақтар қойып, жауап береді.
1.Қазақ халқының арғы тегі қалай аталды?
/ғұндар, сақтар, скифтер/
2. Қазақ халқы не үшін күресті?
/туған жерін қорғау үшін .../
3. Халқымыз қандай аймақты сақтап қалды?
/Алтай мен Еділ, Тянь-Шань мен Сібір.../
4.Қазақстан ненің мүшесі?
/ Біріккен Ұлттар Ұйымына .../
5.Қазақстанда неше ұлт өкілдері өмір сүреді?
/ Жүзден астам .../
6.Біздің елімізде мемлекеттік тіл қандай?
/қазақ тілі/
7. Қазақстан азаматы нелерді құрметтейді?
/ҚР тәуелсіздігін, рәміздерін, Ата заңын, мемлекеттік тілін .../
7 слайд: Тапсырма: Мақалдардың екінші жартысын тап.
1. Отанды сүю ...
2. Туған жерге ...
3. Туған жердей жер болмас, ...
4. Отансыз адам ...
5. Отанға опасыздық еткенің ...
8 слайд: Ережені түсіндіру /и, у дыбыстары/.
9 слайд: Тапсырма: Көп нүктенің орнына
тиісті әріптерді қойып жазыңдар.
10 слайд: ҰБТ-ға дайындық. Электрондық тестермен жұмыс- 3, 4 нұсқа /авторлық жұмысты сабақта қолдану/.
Сабақты қорытындау.
-Бүгінгі сабақта біз не туралы айттық, нені үйрендік?
-Оқушыларға баға қою.
Үйге тапсырма: 7 бет, монолог, сөздер, ереже.