Сабақтың тақырыбы: Балалық және жастық шақ.
Сабақтың мақсаты:
Бала Абайдың өмірімен таныстыру
2. Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуге. Абай туралы оқып білуге ынталандыру.
Әдісі: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап, пікірлесу.
Сабақ барысы:
І. Үйымдастыру.
ІІ. Өткен сабақты пысықтау.
Абай өмірбаяны. (Өздерінің дайындаған тапсырмалары бойынша әңгімелету)
ІІІ. Жаңа сабақ І. Ой ашар
Анасы Ұлжан кіші шешесі Шын аты Ибраһим
Айғаным арасында «Телғара»
атанып өсті.
Әжесі Зере Абай атаған
9 жасында 13 жасында билеу ісіне
«Кім екен деп келіп ем түйе қуған» араласты деген алғашқы өлеңін шығарды.
Абай аталары.
Абай Құнанбай Өскенбай Ырғызбай... Айдос
Олжай
ІІ. Мағынаны тану.
1.Кіріспе
Абай осы күнгі Семей облысындағы Шыңғыстауын жайлаған төбықты руының ішінде 1845 жылы 10 тамызда туған.
Кішкентай кезінде сырт мінез жағынан аңқау, нанғыш және тентек бала болса керек. Бірақ, сол кішкене балалардан ерекше жері үйге қонған қонақтардың әлдеқалай айтқан ертегі сияқты әңгімелерін құлай тыңдаған. Абай 10 жасқа келгенде әжесі Семей қаласына әкеліп оқуға берген. Артынан Ахмет Риза деген молдаға берген. Ол жерде 3 жыл оқыды. Балалардың барлығынан зейінді, ұғымтал және ерекше ықыласты болған. Абай өз бетімен өзі сүйген кітаптарын оқуға жұмсаған. Одан соң араб, иран, шағатай (ескі өзбек) тілінде жазылған ертегі, дастан, қисса сияқты әдебиет мұраларын оқыған. Абай тек мұсылманша ғана оқымай, «Приходская школаға » түсіп, орысша да оқи бастаған.
13 жасында Абай әжесі берген бағытпен ел ісіне араласады.
Жас жігіт ел көзіне шешен көріне бастайды. Ол білген өнерін орнымен келістіріп көркейтіп сөйлейтін болған.
ІІІ. Ой толғаныс. 1.Ой түйіндеу