Сан есім 5 класс

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


 Сан есім


Сабақтың мақсаты: Сан есім жайлы түсінік беру. Оқушыларды сөйлем ішінен сан есімдерді табуға, сұрақ қоя білуге үйрету. Сөз таптарын ажырата білуге жаттықтыру,ойлау қабілеттерін ,тілдерін дамыту. Оқушыларды тапқырлыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу. Адамгершілікке баулу.
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру,сұрақ-жауап,сын тұрғысынан ойлау

стратегиялары.


Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд , ребус, тест

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

Әрбір адам - туыс, досың, бауырың

Әрбір сабақ - үйрену, ұғу, ұлағат

Әрбір ісің -тірлік, тірек, адамдық

Әрбір сөзің -шындық, бірлік, адалдық
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Кіріспе әңгіме:
Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Көктемде қандай өзгерістер болады?

Көктемде күн қандай болады?

Ендеше балалар,бүгін біздің күніміздің бетін бұлт басып қалыпты. Күнімізді бұлттан құтқарайық. Ол үшін бұлтты алу үшін ішінде сын есімі бар сөйлемдер айту керек екенбіз.Бізге үйге қандай тапсырма берілді.

6-жаттығу 175 бет.

Қане, күнді бұлттан құтқарайық.

Балалар заттардың пішінін айтады. Күннің көзі ашылады.

Күннің сендерге сыйлығы бар екен. Жұлдызшалар. Бұл жұлдызшалар сабаққа жақсы қатысып, тәртіпті болған оқушыларға беріледі. Кім көп жұлдызша жинаса сол жақсы баға алады.

«Ыстық орындық» әдісі
Ребус шешу. (Жүз екі) [pic]

ІІІ. Жаңа сабақ. Сан есім

Күн ретін жазу, көркем жазу Ғғ әрпі.

Қызығушылықты ояту.

ІҮ. Мағынаны ашу. Оқулықпен жұмыс.
Ендеше бәріміз оқулығымыздың 176 бетін ашайық.

1- жаттығу. /Ауызша/.
Әр оқушыға оқытып, ерекше жазылған сөздерге сұрақ қойғызып,қай сөз табына жататынын сұрау.

2 – жаттығу. Жаңылтпашты жатқа оқы, жаз

IV.Сергіту сәті. «Әлқисса»
3- жаттығу: Тақтамен жұмыс.

  1. Сөйлемдерді көшіріп жаз.

2. Сөйлемдерден сан есімдерді тауып,

астын сыз. Оларға сұрақ қой.

Көркем етіп,дәптерге жазады. Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қояды.

VII. Сабақты қорытындылау. Сан есімнің ережесін еске түсіру, мысал келтіру.

5-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқу. Ынтымақ күні. /Ауызша/

Өлеңнің мазмұны не жайында?

Сан есімдердің қай сөз табымен байланысып тұрғанын тауып айт.
Жүз сөзіне мағынасы жуық бірнеше сөз ойла.

Тест. Оқушылардың алған білімдерін қорытындылау
IX.Үйге тапсырма.
4- жаттығу.177 бет, ереже жаттау.

VIII. Бағалау.
Жинаған жұлдызшаларға қарап бағаланады.