Қазақ тілі
2-тоқсан
6 – сынып
Диктант.
Мақсаты: Ая бойынша білімдерін тексеріп, жазбаша тілін, есте сақтау, түсіну қабілеттерін дамыту.
Біздің мектеп
Мен Павлодар қаласындағы № 9 орта мектебінің 6 сыныбында оқимын. Біздің мектеп төрт қабатты, іші кең, жарық. Сынып бөлмелері қазіргі талапқа сай жабдықталған. Бірінші қабатта үлкен асхана бар. Екінші қабатта спорт зал мен мәжіліс залы бар. Кітапхана үшінші қабатта. Мектепте көптеген үйірмелер бар. Солардың біріне мен қатысамын. Ол футбол үйірмесі.
Мектептің ауласы кең, онда әдемі гүлдер, ағаштар өсіп тұр. Мектептің артқы жағында балаларға арналған спорт алаңы бар. Спорт алаңында түрлі спорт ойындары өткізіледі. Онда дөңгелектерден әр түрлі мүсіндер жасалған. Маған біздің мектеп ұнайды.