Серуенге шығару артотекасы. ПМӘМ тәрбиеленушілері 2 денгей

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Серуен №1 Сәуір айындағы аспан мен бұлттарды бақылау


Мақсаты:Көктем туралы түсініктерін қалыптастыру,аспанда болып жатқан өзгерістерге назар аударту.

Сұрақтар: Бұлт дегеніміз не?

Аспанға қарайықшы,қыста ол қандай болды?

Не өзгерді?

Бұлттардың түсі қандай?

Сипаттау: Аспан көкшіл.Ақша бұлттар жеңіл,асықпай жаймен көкте қалықтайды.Көшпелі бұлттар жел тұрса тез қалықтап,жиі пішіндерін өзгертеді.

Күн жылынып,жылы самал жел соға бастады.

Желдің бағытын зырылдауықпен анықтау.


Көркем сөз: „Бұлт„ Ө.Ақыпбекұлы

Бұлтың қайда тұрағы

Біле алмадым мұны әлі

Білерім көк аспанның

Бұлт көшпелі тұрағы.


Серуен №2 Жаңбырға бақылау

Мақсаты: тірі табиғаттың жандануы және көктемгі жаңбырдың өзара байланысын бақылау.

Сипаттау:Кішкене жапырақтардың көлемі ұлғаяды.Балғын шөптер өседі.Бақбақ гүлдейді.Жаңбыр құрттары пайда болады.Олардың қалай пайда болатынын түсіндіру.

Көркем сөз: Жау,жау,жаңбыр

Жау жаңбыр

Жер көгерсін,көк өссін

Жау,жау,жаңбыр

Жау жаңбыр.

Сұрақтар: Қазір жылдың қай мезгілі?

Жаңбырдың қандай пайдасы бар?

Егер жаңбыр жаумаса не болады?

Жаңбыр неден пайда болады?

Ойын: «Күн мен жаңбыр»

Мақсаты: белгі бойынша әрекет етуге,жүгіруге үйрету.

Күн деп белгі бергенде балалар алаңға,жаңбыр деп белгі бергенде күнқағардың ішіне қарай жүгіреді.



Серуен №3 "Желді бақылау"


Мақсаты:Жел туралы түсініктерін қалыптастыру,желдің бағытын анықтау.Жел түрлерін еске сақтау.

Сипаттау: Жел-ауаның қозғалысы,ол көзге көрінбейді.Бірақ заттарды қозғалтады.

(ағаш тербеледі,жапырақ,қағаз ұшады). Жел өсімдіктердің тозаңдануына,тұқымдардың таралуына әсер етеді.Ыстықта жел адамға көмектеседі.Қатты желдің түрлері: дауыл,бұрқасын,құйын,боран. Әлсіз желді самал жел деп атайды.


Жұмбақ Ағаштарды шайқайды,

Көзге көріңбейді.

Шарлағанда сай-сайды,

Бір сәт ерінбейді.


Желдің бағытын зырылдауықпен анықтау.



Серуен №4 «Жыл құстарын бақылау»


Мақсаты:Жыл құстары және олардың тіршілігімен таныстыру,Оларға қамқорлық таныту, іс-әрекеттерін бақылату.

Сипатама: Жыл құстарының оңтүстіктен ұшып келетіндігін түсіндіру. Жыл құстарымен таныстыру.Жыл құстары дегеніміз салқын түсе жылы жаққа ұшып кетіп,көктемде қайта ұшып келетін құстар.Ол құстарға қараторғай,көкек,қарлығаш,бұлбұл,үйрек,қаз,аққу жатады. құрттарды қорек етеді.Өздеріне ұя жасауға қажетті бұтақтар,шөптер жинайды,жұмыртқалайды.


Еңбекке нұсқаушы мамандардың көмегімен жасаған құс ұяларын ағаштарға ілісу.



Серуен №5 «Көктем айындағы адамдардың киім түрлері»


Мақсаты:Көктем мезгіліндегі өзгерістерді бақылату.

Көктем мезгілінде қандай киімдер киілетінін сырттағы адамдардың киімдері арқылы анықтату.


Сұрақтар: Көктемде ауа температурасы қалай өзгереді?

Неліктен адамдар жеңіл киіне бастады?

Бұл киімдердің қысқы киімдерден айырмашылығы қандай?


Балалардың үстіндегі сырт киімдердің қай мезгілде киілетіндігін сұрау.Киім түрлерін атату.



Серуен№6 «Тоқылдақты бақылау»


Мақсаты:Тоқылдақтың сыртына тән ерекшеліктері мен тіршілігі туралы түсініктерін қалыптастыру.


Жұмбақ Қашаудай мықты тұмсығым,

Бәске тігем бұл шыным.

Құрт,қоңыз аулап жарысам,

Дәрігерімін орманның.

Тоқылдақ өте жылдам қимылдайтын еңбекқор құс.


Сұрақтар қою: Тоқылдақ қайда қыстайды?

Ерте көктемде олар немен қоректенеді? (аққайың шырынымен)

Тоқылдақ қалай ұя жасайды?

Тоқылдақтың сыртқы түрі қандай болады?










Серуен №7 «Алғашқы гүлдерді бақылау»


Мақсаты: Балаларға бәйшешектің гүлденуі мен құрлымын таныстыру.


Сипаттау: Көктемнің алғашқы гүлі бәйшешектің балғын шөптер арасында қалай пайда болатынын қөрсету. Бәйшешектің сабағы, гүлі,жапырағына назар аударамыз.Гүлдерді таптамауға,жұлмауға және оларды қалай баптау туралы әңгімелесу.


Көркем сөз: Әдемі гүлдер,гүлдер,

Далада өскен гүлдер.

Өседі ұқсап балаға,

Сән береді далаға.


Серуен № 8 «Өсімдіктерді бақылау»


Мақсаты: Табиғатты қорғауға тәрбиелеу,бақылау қабілеттерің дамыту.

Жұмбақ Он екі айдың біреуі,

Сіре оның атында.

Өзге ұяға ұя тастап,

Мен деп жар салып жүреді.

(көқек,сәуір)


Сипаттау:Бұталарды қарап иіскеп көру.Олардың сыртқы түрі ғана емес иістері де бөлек болады.Шөптердің қаншалықты өскенің анықтап бақылау.


Серуен №9 «Аула сыпырушының еңбегін бақылау»


Мақсаты:Аула сыпырушының еңбегін бақылау.Үлкен адамдардың еңбегін құрметтей білуге үйрету.


Сұрақтар:Аула сыпырушының ауланы қалай тазалағанына назар аударту.

Неліктен олай жасайды?

Аула сыпырушының қандай еңбек құралдары бар?


Аулада қимылды ойындар ойнату.


Серуен № 10 «Найзағайды бақылау»


Мақсаты:Күн күркірер алдында ауа-райының қалай өзгеретініне назар аударту.Найзағай ойнаған уақыттағы тәртіп ережелерін еске түсіру.

Сипаттау: Найзағай алдындағы өзгерістер: қатты жел тұрып,бұлт пайда болады.Найзағай жарқылдайды,күн күркірейді,жаңбыр жауады.

Естеріне салу: Найзағай кезіңде ғимаратқа,үйге кіру,есіктер мен терезелерді жабу қажет.Ағаш астын паналауға болмайды.





Серуен №11 «Гүл өсіретін клумба алаңды дайындау»


Мақсаты: бірлесе жұмыс жасай білу дағдыларын бекіту, жұмысты бар ынтасымен орындай білуге үйрету.

Қимылды ойын: «Кім жылдам?»

Мақсаты: жүгіруге жаттықтыру,жылдамдықтарын арттыру

Жаттығу ойыны: Бір-біріне доп лақтыру.

Мақсаты:қозғалыс координацияларын дамыту.




Серуен № 12 « Гүлзарды бақылау»


Мақсаты:көқтемгі гүлзар туралы түсініктерін кеңейту.Табиғатты сүюге,әсемдігін сезіне білуге үйрету.

Бақылау барысы:

Сұрақтар:Қандай гүлдерді білесіңдер?

Гүлдерді қалай күтуге болады?

Гүлдер жақсы өсу үшін не істеу керек?

Сендерге қандай гүлдер ұнайды?


Гүл егетін алаңда жұмыс (тазалау,қопсыту)


Мақсаты: бірлесе әрекет ету дағдыларын қалыптастыру,гүлдерді өсіруге үйрету.


Қимылды ойындар ойнату.




Серуен №13 «Ауа-райын бақылау»


Мақсаты: Сәуір айындағы ауа-райының ерекшеліктерің ұғындыру.

Өткен аймен салыстыру.

Еңбек: Өз үлескемізді тазалау.


Сұрақтар қою: Қазір қай мезгіл?

Көктем айларын ата.

Сәуір айының наурыз айынан қандай ерекшеліктері бар?


Қимылды ойындар ойнату.



Серуен №14 « Ағаштардағы алғашқы жапырақтар»


Мақсаты ағаштардың атауларын еске түсіру,Ағаштардың түсі өзгеріп,бүршіктене бастағанына ,жапырақтарына назар аударту.


Сипатама: Қысқы мезгілден соң әр ағаш тіршілігін жалғастырады,ағаштар көктемде шырын бөледі.

Шырын бөлініп тұрған ағашты табу,оған үймелеп тұрған „тәттіқұмар„ жәндіктерді бақылау.


«Аңшы» ойыны

Мақсаты:допты дәл лақтырып тигізіп үйрену.