Ашық сабақ Табиғатты қорғайық

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...



Сабақтың тақырыбы: Табиғатты қорғайық.

Сабақтың мақсаты: «Табиғатты қорғау» туралы әңгіме қозғап,

мәселелерді түсініп, өз үлесіміз туралы сөйлесу

Оқу, пікірлесу, шешім құрау, өз ойын ортаға салып

сөйлесу дағдыларын дамытып, сөз қорын байыту.

Табиғатқа қамқорлықпен қарап, оны сақтап, қорғауға

тәрбиелеу.


Сабақтың әдістері: алдын ала жұмыс өткізу әдісі, сын тұрғысынан ойлау..


Сабақтың формасы: топпен жұмыс.



Сабақтың айдары:

Балыққа-су,құсқа- ауа,

аңға-орман, дала, тау...

Ал адамға Отан қажет.

Отанды қорғау-табиғатты қорғау

Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу.

Психологиялық ахуал.

(Оқушылар бастарын партаға қойып,көздерін жұмып,менен кейін қайталайды)

-Мен Қазақстан Республикасының азаматымын.

Мен мектепте оқимын.

Мен өз Отанымды сүйемін.Мақтан етемін.

Мен тәрбиелі, үлгілі оқушы боламын.

Топқа бөлу.

Өсімдіктер және жан- жануарлар суреттері бойынша екі топқа бөлінеді.

Ой қозғау.

Оқушылар өздері тақырыпты ашады.

Критериялар бойынша жұмыс.

Хормен сабақтың айдарын айтамыз.:

Балыққа-су,құсқа- ауа,

аңға-орман, дала, тау...

Ал адамға Отан қажет.

Отанды қорғау-табиғатты қорғау

Бағалау парақтарын үлестіру, оқушылар өздерін бағалайды.

Тақтада ағаштың суреті ілулі тұр.Түрлі стикерлер бойынша баға қояды.

«5» деген баға-қызыл түс

«4» деген баға-сары түс

«3» деген баға-жасыл түс

Слайд.

Фонетиканы қайталау «Дыбыстар әлемінде»

Слайд.

Лексикалық минимум

Сөздік (тыңдаймыз)

Тасбақа

Қасқыр

Түлкі

Қарағай

Қайың

Орман

Қызғалдақ

Теңіз

Шөл дала

Егін

Тау

Тырна

Табиғат


Электронды оқулық.

Мәтіннен жаңа сөздерді тауып оқы

Оқимыз

Табиғат

Қазақстанның табиғаты өте бай. Бір шетінен екінші шетіне дейін құс жететін ұлан-ғайыр кең өлке. Жер шарын бір тәулікте аралап шығатын күн көзі бір ғана біздің Қазақстанның көк аспанында үш сағат кідіреді.Ауа райы қолайлы, суы мол болғандықтан егіні мол.

Қазақстан жерінің ширек бөлігін шөл мен шөлейт дала,қалған бөліктерін таулар мен теңіздер, көлдер алып жатыр.Тау сілемдерінен айырықша көрініп тұратын Қазақстан тауларына: Іле Алатауы,Алтай,Тарбағатай,Қаратау, Көкшетау,Тянь-Шань таулары жатады.Сондай-ақ Сарыарқа, Мұғаджар, Үстірт қыраттары бар.

Бурабай, Зайсан,Алакөл,Балқаш сияқты көлдер, Каспий мен Арал теңіздері, Жайық, Іле,Сырдария,Ертіс өзендері Қазақстанның су бассейнін құрайды.

Қазақстан жануарлар әлемін де бай.Сүтқоректілердің 172 түрі, құстардың 490 түрі, балықтың 100 түрі бар.Орман және тауларында қасқыр, түлкі, тау барысы, қоян, ақбөкен кездеседі.Көлдер мен өзендерде қаз, тырна, үйрек сияқты құстар көп.Бұлар «Қызыл кітапқа » енген.


Сөйлемдерді дұрыс құрастырып жаз.

Жазамыз.

1.бай Қазақстанның өте табиғаты

2.қолайлы,Ауа райы мол болғандықтан егіні мол суы

3.әлеміне де Қазақстан бай жануарлар

4.100 түрі балықтардың құстардың бар 490 түрі, 172 түрі, сүтқоректілердің

5.сияқты қаз, үйрек көп құстар өзендерде мен Көлдер


Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бер.

Сөйлейміз

1.Қазақстанның табиғаты қандай?

2.Ауа райы қандай?

3.Қазақстанның тауларын ата.

4.Орман мен тауларынан не кезіктіруге болады?

5.Көлдер мен өзендерінде нелер көп?

Сөздік (сөйлейміз)

Сөздерді үш тілде айтмыз.(Табиғат,егін, шөл дала,теңіз, қызғалдақ, қарағай,түлкі, тасбақа)

Постер.Қазақстан картасын толықтыру.

І-топ Қазақстанның өсімдіктері мен жан-жануарлары.

ІІ-топ Қазақстанның байлықтары

Ойын «Орамал тастамақ»

Орамалдың шашақтарында тапсырмалар ілулі тұр.

Проблемалық сұрақтар

Не істеуге болмайды?

Не істеу керек?

«Жаса Қазақстан » әнімен сабақ аяқталады.















Табиғат

1) Қазақстанның табиғаты өте бай. Ұлан-ғайыр кең өлке..Ауа райы қолайлы, суы мол болғандықтан егіні мол.

Қазақстан жерін шөл мен шөлейт дала, таулар мен теңіздер, көлдер алып жатыр.Тау сілемдерінен айырықша көрініп тұратын Қазақстан тауларына: Іле Алатауы,Алтай,Тарбағатай,Қаратау, Көкшетау,Тянь-Шань таулары жатады.Сондай-ақ Сарыарқа, Мұғаджар, Үстірт қыраттары бар.

Бурабай, Зайсан,Алакөл,Балқаш сияқты көлдер, Каспий мен Арал теңіздері, Жайық, Іле,Сырдария,Ертіс өзендері бар.

Қазақстан жануарлар әлемін де бай.Сүтқоректілердің 172 түрі, құстардың 490 түрі, балықтың 100 түрі бар.Орман және тауларында қасқыр, түлкі, тау барысы, қоян, ақбөкен кездеседі.Көлдер мен өзендерде қаз, тырна, үйрек сияқты құстар көп.Бұлар «Қызыл кітапқа » енген.


1.Аңдар мен құстарды өлтіруге және аулауға болмайды.

2.Аңдардың індерін бұзуға болмайды.

3.Құстардың ұяларын бұзуға болмайды.

4.Ағаштарды, бұталарды сындыруға болмайды.

5.Шөптерді шабуға болмайды.


Жан-жануарлар: марал, арқар,таутеке,елік, шабайы шошқа, қоян

Жыртқыштар:аю,барыс,қасқыр, түлкі, борсық, сілеусін-рысь

Құстар:бүркіт, бөдене-перепелка, дуадақ-дрофа,жапалақ-сова.

Өсімдіктер: емен, қарағай, итмұрын, қайын,терек

Балықтар: сазан, табан,шортан, алабұға, майшабақ.