ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНСТРЛІГІ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ,ЖАСТАР САЯСАТЫ ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ
ГУМАНИТАРЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
БЕКІТЕМІН
Колледж әдіскері
_______ А.Қ.Мамбетова
«____» __________ 2016 ж.
Тақырыбы: Сабақтас құрмалас сөйлем және оның түрлері.
Ақсукент – 2016 ж.
Ашық сабақ жоспары:
Пән:Қазақ тілі практикумы.
Пән оқытушысы:Содикова Чинаргул Жорабаевна
Тобы: ҚТӘ-141
Күні: 22 .02.2016
Сабақ тақырыбы: Сабақтас құрмалас сөйлем және оның түрлері.Шартты
бағыныңқылы сабақтас. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Сабақтас құрмалас сөйлемнің мағыналық түрлері мен ерекшеліктерін түсіндіру. Түрлі деңгейлік тапсырмалар мен сызба кестелер арқылы түсіндіру , сөйлеу тілін, сөздік қорын молайту.
Тәрбиелілігі: Оқушылардың сөйлеу мәнерін, ой - өрісін, шапшаңдығын арттыру. Өз бетінше жұмыс жасауға, шығармашылыққа, жан-жақтылыққа, ізденушілікке баулу. Оқушыларды адамгершілікке, кішіпейілділікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың сабақтас құрмалас сөйлем және оның түрлері туралы түсініктерін кеңейту.Оларды бір-бірінен ажырата білуге үйрету
Көрнекілігі: Интербелсенді тақта, стиккерлер, түрлі суреттер, плакаттар, қорапшалар, «Көшпенділер» көркем фильмінен үзінді, түрлі түсті қағаздары.
Сабақтың әдісі: Компьютерлік, модульдік және сын тұрғысынан ойлау технологиясы,түсіндіру, баяндау,сұрақ - жауап, ізденіс, жеке, жұптық және топпен жұмыс .
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың түрі: топтық жарыс сабақ.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, жаңа педагогикалық технология.
Күтілетін нәтиже:
• Студенттер әр түрлі топтық жұмыстарды орындау арқылы бір-біріне қарым-қатынастары өзгереді.
• Әр студент өз ойын жеткізуге мүмкіндік алады.
Сабақта туындаған негізгі идеялар. Студенттер тақырып бойынша әркелкі жұмыстар арқылы сыни ойлауға дағдылана бастайды, сонымен қатар сабаққа деген қызығушылығы арта түседі.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1 .Сәлемдесу.
2. Оқушыларды түгендеу.
3.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
4. Топ ережесін естеріне түсіру.
5. Сабақтың тақырыбын ашу .
6. Тақырып бойынша негізгі тапсырмаларды орындату
Сабақтың эпиграфы:
«Сендерді, ең алдымен, қалыптасқан тұлғалар,
тамаша кәсіпқойлар және шынайы патриоттар тұрғысында көремін»
Н.Ә.Назарбаев.
І.«Брейн - ринг» оқыта үйрету ойыны.
Ойынның жүру барысы:
Білімгерлерге нөмірленген жетондар үлестіріледі.Сілтеме бойынша алты адамнан үстел маңына топтасып отырады.Топтасқан әр бөлігіне үш деңгейлік тапсырмалар жазылған қима қағаздар қойылады.Үстіңгі сұрақтарға дайындықсыз жауап беру талап етіледі.Екінші сұраққа 2-3 минут, ал үшінші сұраққа 7-10 минут уақыт беріледі.Жүргізуші 1-6 ға дейін сандар жазылған қима қағаздарды жайманың үстіне тастағанда қандай сан түссе, сол санға сәйкес жетоны бар білімгердің жауап беруі талап етіледі.Берілген жауаптар бағаланып отырады.
І деңгейлік тапсырма - жеке жұмыс
1.Құрмалас сөйлем дегеніміз не ? Түрлерін ата.
2.Сөйлем айтылу мақсатына қарай қалай бөлінеді? Түрлерін ата.
3.Ыңғайлас салалас сөйлем дегеніміз не? Қандай жалғаулық шылаулар арқылы жасалады?
4.Түсіндірмелі салалас сөйлем дегеніміз не? Түсіндірмелі салаластың тағы басқа атауы.
5.Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің айырмашылығы.
6.Кезектес салалас деп нені айтамыз? Мысал келтір.
І деңгейлік тапсырма – жеке жұмыс
1.Салалас құрмалас сөйлем деп нені айтамыз? Мағыналық түрлерін атап бер.
2.Себеп-салдар салалас деп нені айтамыз? Қандай жалғаулықтар арқылы жасалады?
3.Жақсыз сөйлем деп нені айтамыз? Мысал келтір
4.Толымды, толымсыз сөйлемнің айырмасы.
5.Талғаулы салалас сөйлем деп нені айтамыз? Қандай жалғаулықтар арқылы жасалады?
6. Қарсылықты салалас деп нені айтамыз? Мысал келтір.
ІІ деңгейлік тапсырма - жұптық жұмыс
Жай сөйлемдерді салалас құрмалас сөйлемге айналдырып,қай түрі екенін анықта.
1. Дінмұхамед Қонаевтың дүниеден озғанына біраз уақыт өтті...
2.Құнанбай Ұлжан қасына отырды....
3.Қорыққаны сонша -.....
ІІ деңгейлік тапсырма - жұптық жұмыс
Жай сөйлемдерді салалас құрмалас сөйлемге айналдырып,қай түрі екенін анықта.
1.Ұмытып қалғандарыңды еш уақытта да кітаптан іздеме...
2.Бабамнан қалған асыл бар: ол...
3.Күн де батты....
ІІ деңгейлік тапсырма - жұптық жұмыс
Жай сөйлемдерді салалас құрмалас сөйлемге айналдырып, қай түрі екенін анықта.
1.Өзен біресе төмен ағып жатқандай, ....
2.Не ғылым жоқ,...
3.Аспанды қалың бұлт басып еді дегенмен....
ІІ деңгейлік тапсырма - жұптық жұмыс
Жай сөйлемдерді салалас құрмалас сөйлемге айналдырып,қай түрі екенін анықта.
1.Оның қорыққандығы сондай....
2.Оларға рахмет айту керек...
3.1997 жылы Н. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» бағдарламасы жарияланды...
ІІ деңгейлік тапсырма - жұптық жұмыс
Жай сөйлемдерді салалас құрмалас сөйлемге айналдырып,қай түрі екенін анықта.
1.Ербол Тоғжанды апарып тастады да....
2.Менің ең алдымен айтарым сол...
3.Кейде қабағы түксиеді...
ІІ деңгейлік тапсырма - жұптық жұмыс
Жай сөйлемдерді салалас құрмалас сөйлемге айналдырып,қай түрі екенін анықта.
1.Бұл істің шындығын не көзімен көрген айтар...
2.Қыстың аяғы созылатын түрі бар...
3.Қазақ мақалы бар:....
ІІІ деңгейлік тапсырма - топтық жұмыс
І.Есенберлин - 100 жаста ! тақырыбында салалас құрмалас сөйлемдерді қатыстырып мәтін жазу.
ІІІ деңгейлік тапсырма - топтық жұмыс
Мұқағалиға - 85 жыл! тақырыбында салалас құрмалас сөйлемдерді қатыстырып мәтін жазу.
ІІ.Талдау-табыс кілті. Суретке қарап құрмалас сөйлем құрастырып, синтаксистік сатылай талдау жасау.
ІІІ.Жаңа сабақ : Сабақтас құрмалас сөйлем және оның түрлері. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас
Құрамындағы жай сөйлемнің алғашқысының баяндауышы тиянақсыз тұлғада келіп, екіншісіне бағына байланысқан құрмаластың түрін сабақтас құрмалас сөйлем дейміз. Мысалы: Оқуға зерек бала орыс тілін тез үйреніп, білім жағынан құрбыларын басып озады.
Сабақтас құрмаластың құрамындағы алғашқы бағыныңқы жай сөйлемді бағыныңқы сөйлем дейміз де, сабақтас құрмаластың құрамындағы екінші жай сөйлем тиянақты болып, өздігінен дербес айтыла алатын жай сөйлемдерді басыңқы сөйлем дейміз. Құрамындағы бағыныңқы сыңарлардың мағыналарына қарай сабақтас құрмалас сөйлем алты түрге бөлінеді:
1.Шартты бағыныңқылы сабақтас
2.Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас
3.Мезгіл бағыныңқылы сабақтас
4. Мақсат бағыныңқылы сабақтас
5.Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас
6.Себеп бағыныңқылы сабақтас.
Бағыныңқысы басыңқыдағы іс-әрекет, жай-күйдің болу я болмау шартын білдіретін сөйлемді шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем деп атайды. Мысалы: Не ексең, соны орасың. Бәйгеге түсіп жарыспай, ат өнері білінбес.Сұрақтары: қайтсе? не етсе? қайткенде? не еткенде? қайтпей? не етпей? қайтпейінше? не етпейінше?
1 2
3
4
-са, -се+ жіктік жалғауы
-май, -мей,
-пай, -пей,
-бай, -бей
-майынша,
-мейінше,
-пайынша,
-пейінше,
-байынша,
-бейінше
-ғанда, -генде,
-қанда, -генде
Сабақ оқысаң, бес аласың.
Сабақ оқымай, бес алмайсың.
Сабақ оқымайынша, бес алмайсың.
Сабақ оқығанда, бес алар едің.
Шартты бағыныңқылы сабақтастардың шартты райдан жасалған түрлерінде кейде үтірдің орына сызықша қойылады. Ол басыңқы сыңары бастауышсыз келіп, толымсыз жұмсылған жағдайда болады. Мысалы, Оған қарай бассаң- сұмдық.
Бағыныңқысы басыңқы сөйлеміне қарама-қарсы болып келетін сабақтастың түрін қарсылықты бағыныңқы сабақтас сөйлем дейміз.Мысалы: Оған сөз бергенмен, ертеңіне уәделі жерге келмеді.Сұрақтары: қайтсе де? не етсе де? қайткенмен? не еткенмен? не етпестен? Қарама-қарсы күрделі ойды қарсылықты салалас қана емес, қарсылықты сабақтас құрмалас сөйлемде білдіреді. Екеуінің бір-бірінен айырмашылығы – құрмаласу тәсілінде және бағыныңқы компоненттің арнаулы сұраққа жауап беріп, басыңқыдағы ойға қарсы болатындығында, ол екеуі бір-бірінен баяндауыш формалары арқылы жасалатындығында.
Жасалуы:
1
2
3
4
5
6
- са да,
- се де
-ғанмен,
-генмен,
-қанмен,
-кенмен
(-а,-е, -й) тұра
(- ғанына,
-геніне, -қанына, -кеніне)+ қарамай, қарамастан
(-ғаны, -гені, -қаны, -кені)+ болмаса
-ғанше,
-генше, -
-қанша,
-кенше
Қыс келсе де, қар жаумады
Қыс келгенмен, қар жаумады.
Қыс келе тұра, қар жаумады.
Қыс келгеніне қарамастан, қар жаумады.
Қыс келгені болмаса, қар жаумады.
Далаға шығып жаурағанша, үйде отыр.
ІҮ.Жаңа сабақты оқыта ( үйрету ) меңгерту. Студенттерге плакаттар таратылып, сабақтас құрмалас сөйлемнің шартты бағыныңқы сабақтас және қарсылықты бағыныңқы сабақтас түрлеріне постер жасайды және мысалмен дәлелдейді. Әрбір топтан 2 студент шығып, постер қорғайды.
Y.Жаңа сабақты пысықтау :
«Тапқырлар сайысы». І.Есенберлиннің «Көшпенділер» романына құрылған кинодан үзінді.«Салалас пен сабақтас» тақырыптары бойынша студенттер берілген кино үзіндісінен құрмалас сөйлемдер жасайды.1-топ құрамында салалас , 2-топ сабақтас құрмалас сөйлем құрастыру.
ҮІ.Қорытынды білімдерін бағалау: «Қазақ тілі практикумы сабағы бүгін мен үшін...» ( әр оқушы өз ойын бірер сөйлеммен қорытып айтады.)
YIІ .Үй тапсырмасы:
1.Сабақтас құрмалас сөйлем және оның түрлері. Шартты бағыныңқылы сабақтас. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас сөйлемдерді толық оқу.
2. Әдеби шығармалардан бірнеше сөйлем жазып, синтаксистік талдау жасау.
Оқытушы қолы:
Пән бірлестігінің төрайымы:
ІІ.Тапқырлар сайысы:
Сөйлемдерді мағыналық түрлеріне қарай орналастыр.Сөйлемдер:
1.Мен әрі толқыдым, әрі өзгеше бір сенімділік барын сезіндім.
2.Олар уәделі жерге кеш жетті, өйткені көлік таппай қатты қиналыпты.
3. «Жабай шығып кетпегенде, Игілік жігіттерді сөзге айналдырып бөгей тұрмақ еді .
4.Мен айтарымды айтып салдым,-ескертуіме елең еткен Еркінді көрдім.
5.Байсалды қалыпта сыр бермей тұр, бірақ жанарын тайдырып әкете берді.
6.Я көңіліміз аспандап жеңіске жетеміз, я абыройымыз аяқ асты боп жеңілеміз.
7.Құс қанатын жазып бірде көкке самғады, бірде төменге құйылды
.
8.Қатты толқығаны сонша-жанары жасқа толып кетті.
9.Әкесі бүгін әдейі бір үй іші кеңесті оңаша сөйлесейін деп, Мағаш, Әбіштерді осында шақыртқан.
10.Қаталдықтың екі түрі болады: ақылды қаталдық, есерсоқтық қаталдық.
Сөйлемдерді мағыналық түрлеріне қарай ажыратыңдар.Сөйлемдер:
1.Ректорат мынаны еске салады: студенттерді ерте бастан ғылыми еңбек жазуға төсілдіру.
2.Ол өз бумасын көтерді және жол көрсету үшін алға түсті.
3.Ол кітаптарды достарына беруге асықты, мен де көтеретін кітаптар бумасын бөліп алдым.
4.Биыл астық жақсы шықты, өйткені жаңбыр жақсы жауды.
5.Бәріміз шақырған жерге барайық немесе күйбең тірлігімізді жалғастырайық.
6.Кейде бұлтпен бірдей боп көзге шалынбайды, кейде нақ төбеге кеп қалықтайды.
7.«Мұзға ыққан ер азаматтардың алдын орап кісі шаптырайын десе, көлік жоқ»
8. Біраз отырған соң, күндіз жүріп шаршаған Асан ұйықтап қалды.
9. Өзен жағасы жарлау болғандықтан, ересек бала ақсақ баланы суға дейін көтеріп әкелді.
10.Енді Бақтығұл шынын айтса да, болыстың өзі жылымай отыр.