20.11 қазақ тілі 5-сынып
Сабақтың тақырыбы: Ғаламтор ғажаптары
Білімділік:Жаңа сабақтың мазмұнын түсіндіру,жан-жақты мағлұмат беру.
Тәрбиелік: Жаңа тенологиялармен жұмыс істей алуға баулу
Дамытушылық: Ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың әдісі: іздендіру, әңгімелеу, сұрақ- жауап.
Көрнекіліктер: суреттер, кеспе қағаздар
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу,түгендеу ,зейіндерін сабаққа аудару
II.Үй жұмысын тексеру.
Оқушының сабаққа даярлығын тексеру
III.Үй жұмысын сұрау.
IҮ.Жаңа сабақты өтуге даярлық.
Жаңа сабаққа байланысты сұрақ-жауап өрбіту
Ү.Жаңа сабақ
1-тапсырма. Диалогті жұптасып оқу. Диалог бойынша төмендегідей тапсырмаларды орындатуға болады.
Көп нүктенің орнына тиісті көптік жалғауларын қойыңдар.
-Ғаламтор деген не?
-Ғаламтор-мәліметтер мен хабарлардың электронды жиынтығы.
-Ғаламтордың арқасында не істей аламыз?
-Біз санаулы секунд ішінде ең алыс жерлерге хат жібере аламыз.
-Тағы да қандай мүмкіндіктері бар ?
-Жаңалықтар, әуендер тыңдап, кинофильмдер тамашалауға мүмкіндік бар.
2)Сұрақтар мен жауаптарды сәйкестендіріңдер.
Ғаламтор дегеніміз не? Ғаламтор-мәліметтер мен хабарлардың электронды жиынтығы.
Ғаламтордың арқасында не істей аламыз?
Біз санаулы секунд ішінде ең алыс жерлерге хат жібере аламыз.
Тағы да қандай мүмкіндіктері бар?
Жаңалықтар, әуендер тыңдап, кинофильмдер тамашалауға мүмкіндік бар.
2-тапсырма. Диалогтен алынған сөздерден сөз тіркестерін құрау.
Үлгі: кино-қызықты кино
ҮІ.Сабақты түсінгенін тексеру
3-тапсырма.Мәтінді оқып, осы үлгіде өздері шағын шығарма жазу.Қарамен жазылған сөздерге қандай жалғау жалғанып тұрғанын айту.
ҮІІ.Сабақты бекіту
Зат есім дегеніміз не?
Сын есім дегеніміз не?
Сан есім дегеніміз не?
Қосымшаның түрлерін ата
Жеті септікті ата
ҮІІІ.Үйге тапсырма. Ереже жаттау