Жаңа сабақты түсіндіру | 25 минут | Ортағасырлық Шығыстың ас ірі ойшылдары Жүсіп Баласағұн мен Махмуд Қашғари болды. Ол екеуінің де шыққан тегі түркілер еді. Сондықтан олар түркі халықтарының тарихын, мәдениетін, тілін, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпын зерттеуге баға жетпес үлес қосты. (3,4слайдтар) Махмұд Қашқари (ХІ ғасыр) – түркі ғалымы, әйгілі «Диуани лұғат ат-түрк» («Түркі сөздерінің жинағы») атты еңбектің авторы. Толық аты жөні Махмұт ибн әл Хұсейн ибн Мұхаммед. Туған жері – қазіргі Қырғызстан жеріндегі Ыстықкөл жағасындағы (кей деректе Шу бойындағы) Барсхан қаласы. Махмұдтың әкесі белгілі қолбасшы, Барысханның әмірі болған. Әкесі Құсайын Мұхаммед Мавераннахрды жаулаушы Боғырханның немересі екен.(5сл) Ол кейін Қарахан әулеті билеген мемлекеттің мәдени-саяси орталықтарының бірі – Қашқарға ауысқан. Махмұд осында дәріс алған, ұзақ жылдар тұрған. Оның аты-жөніне қай жерден шыққанын көрсететін дәстүрмен «Қашқариді» тіркеуінің мәнісі де содан. Ғалымның туған, өлген жылы белгісіз. Өз заманының аса білімдар филологы, тарихшысы, этнографы, географы ретінде танылады. Махмұд Қашқари – түркінің тұңғыш тіл маманы, түркі тілінің оқулығын жасаған, грамматикасын түзеп, жалпы түркі әлемінің тіл өнерінің өрісін кеңейтіп, өркенін өсірген ғұлама. Түркі жұртының бай тарихы, географиялық жағдайы, әдебиеті мен өнері, этнологияық ерекшеліктері «Диуани лұғат ат-түркте» нақты тарихи деректілік сипатпен танылған. (6сл)Дастанда білім, ақылдың қасиеттері жақсылық және жамандық, адамгершілік қасиеттер, адамгершілік құндылықтар туралы мәселелер қарастырылады, мәселен, «Ақылды – ұлы, білімді – білікті, қонса екеуі, ұлы етер жігітті», «Ақыл пайда бола, ұлылық толады, білім кімде со білікті болады», «Білімсіздер бар кеселді көреді, емдемесе тектен-текке өледі», «Ақыл – шырақ, қара түнді ашатын, Білім – жарық, нұрын саған шашатын», «Ақылдыға қадір – құрмет лайықта, Ақымақ жан керең, сезбес айыпты!»… Қазақ жерінің дөңгелек картасын жасаған.7сл. Қашқари сөздігінің әдебиетіміз үшін аса бір құндылығы – ортағасырлық түркілердің көптеген өлең-жырлары жиналған. Сөздіктегі мақал -мәтелдердің тақырыптары: Ақыл-кеңес, өнер-білім, отан, туған жер, адами қасиеттер,табиғат заңы, қонақжайлылық, қателесу, жаза басу, жазықсыз жапа шегу т.б. Өз сөзімен дәлелдесек. 8сл. «. . . Мен қиынды оңайлаттым. Түсініксіз жайды түсіндірдім, жылдар бойы еңбектендім, ақырында іздеуші сөзді өзінің қатарынан таба алуы үшін әр сөзді өз орнына қойып, сөз тәртібін анықтадым. . . . Мәңгілік ескерткіш, әр таусылмас әдеби мұра болып қалсын деген ниетпен түркі елдерінің сөздігін жасап, кітапқа «Түркі сөздерінің жинағы» деп ат қойдым.» Ғалымның өмір жолын сатылай кешенді талдау арқылы түсіндіремін : 9слайд 1.Туған жері: Барысхан қаласы 2.Өмір сүрген жылдары: : 1029-1039 жылдар 3.Еңбектері : «Түркі сөздерінің жинағы» кітабы 4. Меңгерген тілдері: Түркі,араб, парсы тілдері 5.Білім алған қалалары: Қашқар,Бұхара,Нишапур,Бағдад 6. Сөздіктегі мақал мәтелдердің тақырыптары: Ақыл-кеңес,өнер-білім, отан,туған жер, адами қасиеттер, табиғат заңы, қонақжайлылық, қателесу,жаза басу,жазықсыз жапа шегу т.б. 7.Өлеңдерінің негізгі идеясы: Өтпелі өмір,Аллаға іңкәрлік, Алла мінсіз жаратқан сұлулықты жырлау 8.Дөңгелек картада аталған елді мекендер: Барысхан, Баласағұн,Тараз, Екіөгіз, Қашқар,Каспий, Сығанақ, Фараб,Сайрам, т.б. ІV. Cабақты меңгерту 1.М.Қашқари шығармаларын талдау.10сл. Ұлым,менің өсиетіммен жанды аузыңа қаратқын, Ғалым болып,біліміңді ел ішіне таратқын.
| Балам,әкеңнің ақылын тыңдасаң, елге сыйлы боларсың. Өсиетті ұғып өссең,елге танылған азамат боларсың. |