Сабақтың тақырыбы: Төлен Әбдіков Қонақтар әңгімесі

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы,

2 орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Ракишева Дана Труспековна



8-сынып


Сабақтың тақырыбы: Төлен Әбдіков «Қонақтар» (2-сағат)

Сабақтың мақсаты:

1) «Қонақтар» әңгімесіне әдеби талдау жасау, тақырыбын, идеялық-көркемдік мазмұнын ашу, оқушылардың білімдерін қазіргі заман үлгілерінен мысал келтіре отырып, жүйеге келтіру;

2) қазақ халқының бойындағы адамгершілік, бауырмалдық қасиеттерді бағалай білу, үлкенді, ата-ана алдындағы перзенттік борышты ақтауға тәрбиелеу;

3) өз бетімен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру, түрлі әдіс-тәсілдер арқылы ойлау қабілетінің дамуына, тіл байлығының артуына, өз ойын ашық айтуға, көзқарасын дәлелдеп шығуға ықпал ету.

Сабақтың түрі: білімді жинақтау, бекіту.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, сатылай кешенді талдау, пікірсайыс, Венн диаграммасы, топтастыру стратегиясы, тірек сызбалары, іздендіру, топтық жұмыс, проблемалық ситуация туғызу.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих.

Көрнекілігі: жазушы портреті, сызба кестелер, нақыл сөз, мақал-мәтелдер, маркер.

Сабақтың барысы. Сабақ мақсаты мен ерекшелігі,тақырыбы түсіндірілген соң оқушылар топқа бөлінеді.

І. Үй тапсырмасын сұрау. Балалар, өткен сабақта біз сендермен белгілі жазушы Төлен Әбдіковтің өмірімен, «Қонақтар» әңгімесімен таныстық. Қане,балалар, топтастыру стратегиясы бойынша кім екендігіне тоқталайық.

[pic] жазушы

[pic]

[pic] драматург


[pic] аудармашы

[pic]

[pic] [pic] хатшы

редактор меңгерушісі

еуропалық алтын

мемлекеттік сыйлық

медаль иегері

Келесі кезекте Төлен Әбдіковтің өмір жолын,қызметін,шығармаларын тірек сызбалары бойынша көрсетейік.

Жаңа тақырып тақтаға жазылады. Әр топқа тапсырма беріледі.

І топ. Әңгіменің тақырыбы мен идеясын ашу.

Тақырыбы: адамгершілік мәселесі.

Идеясы: баланың ата-ана алдындағы перзенттік парызы.

ІІ топ. Шығарманың композициялық құрылымын сатылай кешенді талдау.

1 [pic] . Әңгіменің басталуы Ерғабыл шал мен кемпірінің

әңгімесі.

2 [pic] .Дамуы Ерекеңнің малын іздеуі,ішкі ойы.

3 [pic] .Байланысуы Қаладағы баласының келуі.Ауыл

қонақтары.

4 [pic] .Шиеленісуі Сапабек пен әкесі әңгімелерінің

жараспауы.Ауыл әні

5 [pic] .Шарықтау шегі Мазасы кеткен қарт.

6 [pic] .Шешімі Соңғы үміті орындалмаған қария.

7 [pic] .Қорытынды Құлазыған көңіл.

ІІІ топ. Сатылай кешенді талдау.Кейіпкерлерге мінездеме

[pic] [pic] [pic]

[pic] Кеіпкерлері

Ерғабыл қарт

Кемпірі

Сапабек (ұлы)

Тома (келіні)

Жеңіс (немересі)

Ауыл адамдары

Аспандияр (әнші жігіт)

[pic] Портрет

Сапабек - ат жақты, қапсағай сары жігіт.

Тома - омырау, жеңдері ашық шұбар көйлек киген,

шашын қидырған, топ-толық ақ сары,ажарлы

келіншек

Жеңіс - аяқ-қолы шидей, көзі қитар, алтылар

шамасындағы ұл бала.

ВЕНН диаграммасы.




IV топ. Сатылай кешенді талдау. Жазушы тілі

[pic] [pic] [pic] [pic] [pic] [pic]

[pic] Сөздік жұмысы

Алагеуім – таң енді атып келе жатқан уақыт,апақ-сапақ

Жолай – жолдан соғу,бару

Шақша – насыбай салатын ыдыс

Ноқта – жүген тәрізді мал басына кигізілетін әбзел

Сағағы – мойын, лқым

Көлегейлеп – қолын маңдайына апару, күннен қорғану

Қынжылу – кейбір ренішті жағдайдың жанға батуы, қиналу

Қитар – жөнге келмейтін бірбеткей қыңыр,қисық

[pic] Теңеу

Ерекең жаңа қаз тұрған балаша тәлтіректей көтерілді. Аяқ-

қолы шидей. Жаулықтай үлкен ақ орамалының шетімен көзін

сүртті.Сапабек балаларды өзіне қаратқан мұғалімдей жастар

жағын көзімен шолып өтті.

[pic] Тұрақты тіркес

Міз бақпады – беті шімірікпеді,бедірейіп тырп етпеді

Ләм-лим демей – үндемей (жұмған аузын ашпау)

Басым сынып – ауырып

Шаш етектен – пайдасы мол

Қолыңның қаруы бар ғой – күшті, әлді

Мызғып – аз ғана ұйықтап алу (көз шырымын алу)

Көзі ілінді – ұйықтап кету

Шыбын шіркей боп жүреді - барынша күтеді

[pic] [pic] Дисфемизм: алжыған, оттаған, қаңғыбас, омалып.

[pic] Мақал-мәтел: қара арғымақ арыса, қарға адым жер мұң болар.


Балалар, сабағымыздың келесі кезеңі – пікірсайыс. Әңгіменің негізгі кейіпкері Сапабектің іс-әрекеті, ата-анасына деген көзқарасы дұрыс па, әлде бұрыс па? Сол туралы пікір таластырамыз. Жақтаушы топ, даттаушы топқа бөлініп ойымызды білдіреміз.


Келесі кезекте әр топ қарсыласына дайындап келген сұрақтарын қояды.


«А» тобы: Әңгіменің негізгі кейіпкері Сапабекке хат жолдаңдар.

«Ә» тобы: Авторға сұрақ қойыңдар.

«Б» тобы: «Елес жетелеу стратегиясы» бойынша болашақты елестету.

«В» тобы: Екі түрлі түсініктеме күнделігін толтырыңдар.


Сабақты қорыту:

Менің қорытынды сөзім. (мұғалімнің қорытынды сөзі)

Мұқағали Мақатаевтың «Қариялар азайып бара жатыр» өлеңін орындау.

Үйге тапсырма: «Ата-ананың қадірі», «Ата-ана және балалар» тақырыбына эссе жазу.