Қ.Әбдіқадыровтың Мың бір түн ертегісі ғылыми жоба

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...



МАЗМҰНЫ



КІРІСПЕ ................................................................................,.........................3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2. 1 «Мың бір түн ертегілерінің шет елдерге және қазақ тіліне аударылуы.5


2. 2 «Мың бір түн» сюжеттерінің қазақ ертегілеріне ауысуы .....................11


2. 3 “Мың бір түннің” қиял-ғажайып сюжеттері және олардың қазақ

ертегілерінде ауысуы.........................................................................................16


2. 4 «Мың бір түннен» алынған жануарлар туралы ертегі сюжеттерінің

қазақ ертегілерінде берілуі ..............................................................................26

ҚОРЫТЫНДЫ ...............................................................................................31

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ........................................................32















Аңдатпа

46 А.С.Пушкин атындағы мектеп-лицейдің 7 «А» сынып оқушысы Серікқызы Еліктің «Қ.Әбдіқадыровтың «Мың бір түн» ертегісі» атты ғылыми жобасы бүкіл әлемге танымал шығыс жауһарларының бірі «Мың бір түн» ертегілерінің шығу тегі, оның әлем тілдеріне аударылуын жан-жақты зерттеп, ертегі сюжеттерінің қазақ тілінде ауысып келуінің ұқсас жақтары мен айырмашылықтарын көрсетуге негізделген.

Қазақ мәдениетінің үш қанаты бар десек, соның жемісті бір арнасы – Шығыс әдебиеті. Сонау Иран-Тұран дәуірінен бері қазақ халқының ауыз әдебиетіне өткен фольклорлық сюжеттер өте көп болса, солардың елеулісі – «Мың бір түн». Араб дүниесінде жарыққа шығып, негізінен, хикаяттар түрінде жеткен бұл ертегілер қазақ халқына да жақсы танымал. «мың бір түн» ертегілерінің сюжеттері ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың бас кезінде шағатай, татар тілдеріне, одан беріде қазақ тіліне кеңінен аударылған және сюжеттері ауысып келген.

Белгілі аудармашы, жергілікті жеріміздің төл перзенті Қ.Әбдіқадыров «мың бір түн» ертегілерін бірнеше шығыс тілдерін пайдалана отырып, қазақ тіліне 4 том етіп аударып шыққан.













Кіріспе


Адамзат тарихында ұлттық шеңберден асып, бүкіл халықтың ықыласына бөленген Гомер мен Шекспирдің ұлы шығармалары тәрізді ескерткіштер жетерлік. Осылардың қатарына ұлттық ой-қиялдың керемет туындысы, тарих бойында Інжіл мен Құраннан кейін “шын мәнінде бүкіләлемдік және бүкілхалықтың маңызға ие болған” көпшілікке кеңінен танымал шығарма “Мың бір түн” енеді.

Орта Азия халықтарының әдебиеті фольклор дәстүрінде дамып, сақталып келген болса, жазба мәдениеті де Шығыс елдерімен байланыста жетіліп отырған. Шығыстағы Үндістан, Иран, Арабстан секілді елдерден тараған қымбат та ойлы кітаптардың басы – «Мың бір түн», «Рамаяна», «Тотынама», «Шахнама» сюжеттері болған.

Өзіндік жүйеленген сипатына сәйкес “Мың бір түн” ешқандай әдеби ескерткішпен салыстыруға келмейді. Ол барлық халықтың жанына жақын әрі түсінікті. Атақты Мысыр жазушысы, Нобель сыйлығының лауреаты Таха Хусейн бұл шығармаға мынадай мінездеме береді: “Шығарма тілге жеңіл оқылады, оқырман оны парақтай отырып бір тараудан екінші тарауға өткенде бау-бақшаның әсем бақтарын аралағандай рахат бір сезімге шомып отырады және осындай таңғажайып керемет дүниені ол тек “Мың бір түннен» ғана ала алады”, – дейді [1]. Ал даттың “Мың бір түнді” зерттеген ұлы ғалымы Эструп шығарманы жоғары бағалай отырып: “Таураттан кейін арабтың “Мың бір түндей” ертегілік жинағы сияқты әлемге кең таралып, танымал болған еңбек жоқ”, - дейді.

Мың бір түн” сюжеттері қазіргі біз білетін жүйеге түскенше, ХҮ ғасырға дейін бірнеше қалыптасу кезеңнен өткенін айта отырып, - осы шығарманы зерттеуші М.Герхардт оның жинақталу кезеңдері былай бөліп көрсетеді:

  1. Үнді сюжеттерінің элементі айқын көрінетін парсының “Мың ертегісінің” негізінде Х ғасырдың маңайында түзіле бастауы.

  2. Х-ХІІ ғасырларда Бағдат төңірегінде тараған әңгімелердің жинақталуы.

  3. ХІ-ғасырдан бастап, ХІІІ-ХІҮ ғасырларға дейін Мысырда шығарылған әңгімелермен, ХҮ-ХҮІІІ ғасырларда толық нұсқасының қалыптасуы.

Осы уақыттар арасында ертегінің сюжетін мың бірге толықтыру мақсатында көптеген әңгімелер қосылған. “Мың бір түн” – мың жылға жуық уақытта түзілген ғаламат шығарма (Х-ХҮІІІ ғ.ғ.) (1 қосымша)


























Негізгі бөлім

2. 1 «Мың бір түн ертегілерінің шет елдерге және қазақ тіліне аударылуы


Бұл шығарма әлемдік әдебиеттің құрылып дамуында үлкен рол атқарды. Әлі күнге дейін оған барлық халық назар аударып, көңіл бөледі және одан мол әсер алады. “Мың бір түн” кинода да, мультфилмде де, театр, опера, балет, би және эстрадалық өнер, шоу-бизнес, көркемдік қойылымдардың бәрінде де көрініс тапқан. Осылайша, Verne ‘Les Mille et une Nuts’ пьесасын қойса, ағылшынның атақты жазушысы Lessing “Аладдин” пьесасын, ал француз Beakmarchais – музыканттарды ұлы шығармаларға жетелейтін “Севильский цирульник” пьесасын; “Мың бір түннің” кейбір желілері Россинидің “Севильский цирульник” операсында, Моцарттың “Фигаро” операсында және “Маруф-башмачник” операларында кездеседі. Батыста “Rovalt in the Harem” (Гаремдегі төңкеріс). Шығыс әдебиетінің маманы Мишель Лютерми айтқандай: Шахерезадаға бір кітап аз болады, ол туралы Римский-Корсаков тамаша симфониялық сюита (1988), ал Равель – поэма (1903) жазады. Дагилева көмегімен Шахерезада орыс балетін жеңіске жеткізсе (1910), ал 1914 жылы мамырда “Опера комик”, “Маруф, каирский башмачник” спектаклі қойылады. Содан кейін сансыз таусылмас Синдбадтар, Аладдиндер және т.б. Шахерезада кейіпкерлерімен кино өнері келеді [2.42].

Оған қоса, Кеңес Одағы кезінде Н.А. Римский-Корсаков музыкасына жазылған “Шахерезада” спектаклі және “Аладдиннің сиқырлы шамы” спектаклі ойналса, азербайжан композиторы Ф.Амиров “Мың бір түн” балетін қояды. Шахерезада ертегісінің сюжеттері негізінде бірнеше кинофильмдер ( Бағдаттың қулары – АҚШ, 1927; Синдбаттың жетінші сапары – АҚШ, 1958; Аладдиннің сиқырлы шамы – СССР, 1967; Али Баба және қырық қарақшы – СССР, 1982 және т.б.) және көптеген мультипликациялық сериалдар экранға шығады.

Харун сарайының патшалық өмірі, гаремдері, құлдық әрекеттері бейнелеу және сурет, скультурада кең көрініс тапты. Құл базарының көрінісін суреттеген Джерома полотносы үлкен атаққа ие болады. Француз суретшісі Поль Гаверни және атақты француз кітап безендірушісі Гюстав Доре де өздерінің біршама суреттерін “Мың бір түнге” арнаған.

Дүниежүзінің небір ұлы ғалымдары “Мың бір түнді” жоғары бағалады. Мысалы, Пушкиннің балалық кезден Шығыстық ертегілерге, әсіресе, өзі “араб ертегілері – керемет”, – деп бағалаған “Мың бір түн” ертегілеріне ерекше қызыққан. М.Горкий “Академия” баспасынан шыққан “Мың бір түн” ертегісінің алғашқы аудармасына жасаған алғысөзінде: “Ауыз әдебиеті ескерткіштерінің ішінде “Шахерезада ертегілері ең керемет шығарма болып табылады. Бұл ертегілер өзінің таңғажайып құрылымымен еңбекші халықтарының тәтті сезім жетегіне берілуіне Шығыс халықтары – араб, парсы, үнділердің гүлді қиялының құдіретті күшінің арқасы. Сөз кестесімен туындаған әдемі өрнек өте ертеде дүниеге келіп, оның түрлі-түсті жібек жіптері өзінің сұлу сөзден тоқылған кілемімен бүкіл жер жүзін жауып жатыр”, - дейді.

Бұл жинақты Л.Н.Толстой мен В.Г.Белинский де жоғары бағалаған; “Ешқандай саяхатшы “Мың бір түн” сияқты мұсылмандық Шығыстың және отбасылық өмірдің салт-санасын, қоғамдық құрылымын соншалықты шынайы бере алмаған», – дейді Белинский. “Мың бір түнге” назар аударғандар: Бокаччо, Гете, Жуковский, Гофман, Пушкин, Диккенс, Толстой, Гауф, Бюргер, Шамиссо, Грилльпарцер, граф фон Платен, лорд Теннисон, Бичер-Стоу және т.б.

Ақын жазушы-романтиктер үшін Шығыс үнемі жаңа тақырып, жаңа сюжет кейіпкерлерінің көзі болды. Ол шығармалар “экзотикалық әлем – таңғажайыптар мен махаббаттың, тәттілікке құмарлықтың елі” ретінде танылды. Саяхатшылық тақырып Д. Свифттің (Робинзон Крузо мен Гулливер хикаялары) және Д.Верннің шығармаларына арқау болды. Кей зерттеушілер Батыстағы сықақ жанрының туып, өркендеуі “Мың бір түн” әсерімен байланысты дейді [3.60].

Алғашқы араб басылымдарының негізінде Еуропаның түрлі тілдеріне аударылған “Мың бір түннің” негізгі үш нұсқасын ерекшелеп атауға болады: Галлан (1703-1703), Скотт (1811) және фон Хаммер Требьян.

Ал “Мың бір түннің” орысша аудармаларына келсек, ХХ ғасырдың басына дейін ол батыс тілдерінен аударылып және жоғары ғылыми дәрежеге жетпегені байқалады. Алғашқы “Мың бір түннің” орысша аудармалары: ХҮІІІ ғасырдың 60-шы жылдары А.Филатьевтің француз тілінен жасаған аудармасы; осы ғасырдың аяғында француз тілінен аударған И.Сытина, Е. Лемипарскийдің 1796 жылғы аудармасы; тағы да француз тілінен аударған Ю.Доппельмаердің 1890-шы және 1902 жылғы аудармалары; Л. Шелгунова (1909 ж) аудармасы болды.

1958-1959 жылдары редактордың өңдеуінен өткен “Мың бір түн” аудармасы алғаш рет оқырман сараптауына түсті. Шығаманың керемет аударманын араб тілінен М.А. Салье жасады. Тек орыс тіліндегі осы нұсқа ғана ғылыми ортада да, көпшілік ортасында да қолдау тапты. ( 2 қосымша)

Қазақ ауыз әдебиетінде “Мың бір түн” әңгімелерімен сарындас ертегілердің жеткілікті екені мәлім. “Мың бір түн” оқиғаларының сюжеті, алғашында, жекелеген әңгіме түрінде таралған. Сол уақыттан бері аталған жәдігер қазақ топырағында тамырын тереңге жайып, қазақ әдебиетіндегі шығыстық үлгінің нәрі мен сәніне айналды. Таңнан таңға тоқтамай ертегі мен жыр айтатын қазақ ертегішілері мен жыршыларының тек қана “Мың бір түн” емес, “Ләйлі-Мәжнүн”, “Калила мен Димна” секілді әлемдік мәдениеттің биігінен орын алатын шығыстық әдеби мұралардың да кең таралуына зор үлес қосқаны тарихтан белгілі. Сондай-ақ, бұл жәдігерлер қазақ ақындары мен жазушыларының шығармашылығына да үлкен ықпал етті. Абайдан бастап көптеген қазақ қаламгерлерінің шығармаларында шығыстық сюжетке құрылған туындылар молынан кездеседі.

Мың бір түн” сюжеттеріне Абай, Ы.Алтынсарин, М.Ж.Көпеев, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ақан сері, Қ.Баймағамбетов, Кете Жүсіп Ешниязов, Ж.Шайхисламұлы, О. Шораяқұлы. Ә.Найманбаев, Н.Наушабаев және басқалар зор мән берді. Ал, “Мың бір түн” ертегісінің Қалмахан Әбдіқадыров пен Қалтай Мұхамеджанов жасаған аудармалары елімізде кеңінен танымал.

Қалмақан Әбдіқадыров Қызылорда облысы, Шиелі ауданына қарасты Сырдария совхозында 1903 жылы дүниеге келген. Руы – қыпшақ ішінде алтыбас. Атақты Сыр сүлейлерінің бірі Бұдабай Қабылұлының туған жиені. Ауыл молдасынан ескіше сауат ашқан. Жастай жетім қалғандықтан, тағдыр тауқыметін көп тартқан. Сүйегі қатпай Сырдан шыққан сауда керуеніне кірекеш боп ілесіп, Ферғана өңірі мен Шығыс Түркістанның Қашғария өлкесіне дейінгі ұланғайыр түзді жол азабын шеге жүріп аралап шығуы соның бір мысалы. Ұзақ сапар бойы «Мың бір түннің» шағатайша нұсқасын әрін келтіре төгілтіп оқып, жол қысқартатын, жұпыны киімді жұдырықтай баланы кірекештер «молда бала» деп айрықша қадір тұтыпты.

Қ.Әбдіқадыров аударған “Мың бір түннің” бірінші кітабы 1949 жылы, екінші кітабы 1950 жылы, үшінші кітабы 1954 жылы, төртінші кітабы 1955 жылы жарық көреді. Қ. Әбдіқадыров аудармасы, баспагерлердің айтуынша, ол араб, парсы, түрік, монғол тілдеріндегі бірнеше қолжазбаларды қатар пайдалана отырып аударған. Оған қоса, “Мың бір түнді” аударуға 30 жылын сарп еткен аудармашы шығарманың қазақ халқы арасында тарап кеткен ауызша нұсқаларына да сүйенген. Аудармашының бірденен бірнеше тілдердегі мәтіндерге қарағаны шығарманың түпнұсқаға қаншалықты жақын екенін ажыратуды қиындатады. Өйткені, араб жерінде дүниеге келіп, одан парсы, түрік, монғол тілдеріне аударылған жинақ қазақ жерінде қайта тумас бұрын көптеген өзгерістерге ұшырап келген еді. Сол себепті Қ.Әбдіқадіров аудармасы – бұл негізінен атақты шығарманың еркін аудармасы, ол жайында аудармашының өзі туындының соңында қазақ топырағына менің шығармашылығымның өңдеуімен жеткізген дүнием дейді.

Қош айттым Шаһаризадаға елу бесте,

Шыдадым не айтса да мың бір кешке,

Парсы, араб, түрік, маңғол түрлі тілден,

Жібін ап қазақшалап тіктім кесте. – [4, 405 б.] дейді.

Аудармада жәдігердің жалпы желісі сақталғанымен аудармашы тарапынан ел ішінде айтылып жүрген ертегілердің ыңғайына бейімдеген тұстары да жоқ емес. Әйтсе де, бұл еңбек нәзирагөйлік дәстүрдің жалғасы емес, таза аудармаға жатады.

«Мың бір түнде» шығарманың ұзына бой өзегі Шаһризаданың ажалмен бетпе-бет арпалысы үстінде өрбігенімен, оның зинақор патшаға әңгімелеген хикаялары қиялыңның қарымы өскен сайын өзінен-өзі туып өрби беретін, саны санаға сыймас ғарыш жұлдыздарындай біріне-бірі ұласып кете береді. Осылайша, Шаһризада мың бір тәуліктің мың бір түні ішінде бір ғана хикаядан мың да бір хикаят туындатып, сол мерзім аралығында өзінің «Ұлы бақытты патшасынан» үш ұл көріп, хикаят саны мың да бірге жеткенде сол ұлдарын бетке ұстап, өзіне деген кесікті өлімді үзілді-кесілді тоқтатады.

Мың бір түннің танымдық тұрғыдағы құндылығына тоқталар болсақ, әңгіменің басы ашық: пәк қыз балалардың бейкүнә, нақақ өлімін тоқтату үшін ажал аузына өзі тіленіп баратын бас уәзірдің ақылы кемел, парасат-пайымы терең, көрікті қызы – Шаһризаданың аузынан айтылатын ертегілерде бүкіл адамзат баласы мен Алла жаратқан бар тіршілік иелерінің пешенесіне жазылған тағдыр тауқіметінің ащы-тұщысы толығымен тоғыстық тапқан десе де болады. Қысқаша айтқанда, «Мың бір түнді» күллі мұсылман жамағаты әлемінің өмірден түйген данышпандық ой-тұжырымдары жинақталған ұлағатты кітап деп таныған абзал. Қалмақан Әбдіқадыровтың сол мың да бір нұсқалы інжу-маржан мұхитының ішінен қазақы таным-түсінікке етене асылдарын елеп-екшеп алып, төрт томдық нұсқалық қалыпқа балқыған қорғасындай қайта құйып, жаңадан мүсіндеуі, шынына келсек, біздің – қазақ оқырмандарының бақыты шығар. (3-4 қосымшалар)

Мың бір түннің” қазақ тіліндегі екінші танымал аудармасы – Қалтай Мұхамеджанов аудармасы – М.Салье аудармасы негізінде 8 том болып жинақталды. Бұл да қазақ жеріне, дәстүріне негізделіп жасалынған, бірақ композициялық құрылымы орысша жинаққа жақындастырылған әдеби аударма болды. Мұхамеджанов аудармада Шахерезада әңгімелері Сальенің орысша аудармасындағы қалыппен қатар жүріп отырады. Аударма орыс тіліндегі мазмұнмен тығыз сабақтастықта, жинақтың орысша нұсқасына мейлінше


Ғылыми жоба жалпы қойылатын талапқа сай дайындалған.Уорд нұсқасы, аңдатпалар, пікірлері, күнделігі және көрнекі жасалынған тұсаукесері (презентация) ғылыми жобаның құрылымы жүйеленген толық нұсқасын құрайды.



Ғылыми жобаның толық нұсқасын talshin.ukoz.net сайты

арқылы ала аласыз!


12