Қысқа мерзімді сабақ жоспары Фариза Оңғарсынова Оюлар

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...





[link]

5 сынып

21.04.2015 жыл

Мұғалім:Сегізаева Толқын Жасұланқызы
Фариза Оңғарсынова «Оюлар»
өлеңі


Сабақтың мақсаты: Білімділік мақсаты. Ақын өмірінен кең түрде мәлімет беру.«Оюлар» өлеңі арқылы халқымыздың ғасырлар бойы жинақталған асыл мұраларын үлгі - өнеге ете отырып оқушылардың санасына ұлттық - құндылықтарға құрмет рухын сіңдіру. Ой - өрісін кеңейту, тіл байлығын, сөздік қорын молайту.

Тәрбиелік мақсаты: Бойында рухани байлық пен моральдық тазалықты ұштастырған, жан - жақты жарасымды дамыған, еркін пікірлі адам тәрбиелеу.
Қазақ халқының ең құнды, мәдени мұраларын оқушы бойына сіңіре отырып ата - бабаларымыздың жоғары ғұрыпты ғана емес, сонымен бірге эстетикалық тұрғыдан да жете дамыған халық екендігін аңғарту. Көркемдік білім беру мен эстетикалық тәрбиені жақсарту.
Дамытушылық мақсаты: Өнерге деген құштарлығын арттырып, әсемдік сезімін дамыту. Кінәратсыз көркемдік талғамын, өнер шығармаларын, туған табиғаттың сұлулығын, байлығын дұрыс түсініп бағалай білуге үйрету.
Қазақ елінің ежелгі салт – санасы, әдет - ғұрып, тұрмыс - тіршілігімен тығыз байланыста туғандығын, өнердің өмірдегі орнын таныта отырып ойын жүйелі, өз беттерінше айта білуге үйрету, ой таласын туғызу.

Сабақтың түрі: Ịздендіру, танымдық сабақ.
Сабақтың әдісі: Кембридж тәсілі бойынша 7 модульді қолдану.
Пән аралық байланыс: Қазақ тілі, еңбек, сурет, тарих.

Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта,оқулық, тақта, бор. Ф. Оңғарсынова портреті, тұс киіз, оюлар, түсіндірме сөздік, текемет.
Сабақтың барысы:


БАРЫСЫ:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

2 Топқа бөлу

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Қ.Жұмаділовтың «Қозыкүрең» шығармасына байланысты 2 топ бір-біріне сұрақтар қою.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Қызығушылығын ояту.

Жаңа сабаққа кіріспес бұрын үнтаспа арқылы М.Мақатаевтың сөзіне жазылған Мақпал

Жүнісованың орындауында « Фаризажан » әнінен үзінді беріледі.


1.Білу кезеңі.

-  Қай ақынның сөзіне жазылған ән деп ойлайсындар?

-  Ән кімге арналған екен?

Иә, балалар, бүгін біз Фаризаның «Оюлар» атты өлеңінен танысамыз 


Ең алдымен Фариза апай туралы деректерді оқу,өлеңін мәнерлеп оқыту.


2 Түсіну кезеңі

ТҮРТІП АЛУ (Сөздікпен жұмыс):

БАСҚҰР – киіз үйдің ішін сәндеу үшін керегелерінің басын айналдыра орап (байлайтын) таңатын өрнектелген жалпақ бау.

ЖЕЛБАУ – киіз үйдің шаңырағын қатты жел аударып кетпес үшін шаңырақтан төмен бастыруға пайдаланылатын өрнектелген төгілме шашақты бау.

ҚОШҚАРМҮЙІЗ - қазақтың ұлттық оюының бір түрі

ТАРАМЫСТЫ- арықтау.

(Интерактивті тақтадан слайд көрсету.)


3 Қолдану кезеңі

Әдебиет теориясы

Өлеңнің бір шумағын өлең құрылысына қарай талдау

Түрін-ай\\ текеметтің!\\Асыл қандай!

Үңілдім\\ үнсіз ғана\\ басымды алмай.

«Келе ғой,\\ қошақаным,\\ өзіме!» деп,

Әжем кеп\\ сипағандай\\ шашымнан жай.

4 тармақты, 1 шумақ, 3 бунақты, 11 буынды, қара өлең ұйқасы.

2.     Өлеңдегі троп түрлерін табу

Күрделі теңеулер: “Келе ғой, қошақаным, өзіме!”-деп, Әжем кеп сипағандай шашыма жай; Тұрғандай ана - көңіл тербеп мені; Әжемнің көзіндей бұл оюларды; Келгендей құлағыма аңсатқан үн; Әжемнің  оюындай, жыр-өрнегім...

Кейіптеу: Жан бітіп жайраңдады жан-жағымнан, Қазақтың қошқармүйіз өрнектері.

Эпитет: тарамысты саусақтарын; Шебер көп бұл заманда кілең керім; балғын шақтың; Мөлдір шық.


4.Талдау кезеңі

Топтастыру.

Қазақтың жарық Халық жазушысы Жыр сандуғашы

жұлдызы

Поэзия падишасы Сөз өнерінің сазгері

Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Парламент мәжілісінің

депутаты


Ою қию

Оюлар туралы не білесіз?(Қандай бұйымдарда салынады?

Жалпы алғанда, қазақ халқы ою-өрнек үлгілеріне өте бай. Қазіргі кезде өнертанушы ғалымдар ою-өрнектің 400 (төрт жүздей) түрін жинақтаған. Оларды мән-мағынасына қарай үлкен 4 топқа бөледі.

Өсімдік тектес оюлар;

Жан-жануарлар дүниесіне қатысты оюлар;

Аспан әлеміне қатысты оюлар;

Геометриялық оюлар.

 

Ақын әжесін неге еске түсіреді?

 Осындай текемет, сырмақ өз үйлеріңде бар ма?

Ақын өлеңінде қазақ халқының ұлттық өнері қалай сипатталған?

Өлеңнің өн бойында қандай сағыныш сезім көрініс тапқан?


5.Жинақтау кезеңі:

Постер жасау

Міне, балалар, Фариза апаларың:

Шебер көп бұл заманда кілең керім,

Болмайтын ажыратып түр-өңдерін.

Сүрінбей өте алар ма ғасырлардан,

Әжемнің оюындай, жыр-өрнегім,- деген өлең жолдарында әжелеріміздің қолдарынан шыққан сан қилы оюлары, қолөнер бұйымдары жұртты таң қалдырса, Фариза апамыз өзінің өлеңдерімен жұртты сүйсіндіріп, халқының аяулы қызына айналып отыр.

Сонымен «Оюлар» өлеңімен таныса отырып оюлардың шығу тарихынан көптеген мағлұматтар алдық. Айтайын деген ойын оюмен жеткізген бабаларымыз қандай ойшыл, шебер болған десеңші. Бабалардан қалған осындай өнерді қастерлеп, өзіміз үйреніп, әрі дамыту біздің міндетіміз. Бүгінгі өлеңнің негізгі идеясы да-  осы.


Фариза Оңғарсынова – Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Парламент мәжілісінің депутаты, сөз өнерінің сазгері, өзгеше бітімді талант иесі, қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдызы, дарынды ақын.

Фариза – Алланың Алашқа деген махаббаты!

Фариза – елінің еңлік гүлі!

Фариза – ұлттың ақыны!

Фариза- жыр сандуғашы!

Фаризаның өлеңдері – Каспийдің алапат толқынындай айбынды, Каспийдің аққуларындай пәк, туған даласындай кең, аруанасындай маңғаз, күніндей ыстық, тауларындай асқақ.

Үйге тапсырма:

1. Өлеңді жаттау;

2. Ф.Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығы жайында қосымша деректер жинап келу.

6.Сұқ саусақ арқылы бағалау. Бағалау парақтарын толтыру,тексеру.

 

ҚОСЫМША ЖҰМЫСТАР:

Ой толғаныс.

Ақын өлеңінен алған әсерім немесе ақынға хат.

Қазақтың оюлары-ай, оюлары!

Даладай бояулары қою бәрі!

Күмбезге, тасқа, шиге көшкен нақыш

Жарайды көрмелерге қоюға әлі!