Абайдың «Ескендір» поэмасын талдау

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Күні: Сыныбы:9


Сабақтың тақырыбы: Абайдың «Ескендір» поэмасын талдау

Сабақтың мақсаты:

а) Поэманың мазмұнын талдай отырып, негізгі тақырыбы мен идеясын таныту. Поэманың сюжеті шығыстық болғанымен, мән-мағынасы Абайдағы өзекті ойдан келіп шыққанын меңгерту.

ә) Оқушыларды жаман мінез-құлықтардан, іс-әрекеттерден сақтандырып, адами қасиеттерге тәрбиелеу.

б) Әр оқушының сын тұрғысынан ойлап, ой қорыта және қорғай білуге қол жеткізу.

Көрнекілік:

«Абай елі» фото кітабынан шығыс ғұламалары суреттері: Физули, Низами, Фирдоуси.

«Қалың елім, қазағым» кітабынан поэмалар мәтіні.

Слайд

Сабақтың өту әдісі: сын тұрғысына ойлап, талдау жасау.

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

а)Оқушыларды тексеру

ә)Сынып бөлмесінің сабаққа даярлығы

б)Сабақ тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Сабақ құрылымының жоспары:

І. Қызығушылығын ояту стратегиясы. Топқа бөлу. «Ой қозғау».

ІІ. Мағынаны ашу. «Кері байланыс». «Венн диаграммасы». Шығармаға аннотациялық талдау.

КУБИЗМ стратегиясы.

ІІІ. Толғаныс стратегиялары. «Автор орындығы». «Соңғы сөзді мен айтайын»

Кіріспе. Мұғалім:

Қазақ жерінің ақыны, данышпаны көп болғанымен Абайы біреу-ақ. Абайы бар ел қай халықпен де терезесін теңестіре алады. Абайы бар елдің мерейі үстем. Абай қазақтың бар жерінде туып, бар жерінің туын ұстап тұрған кемеңгер.

Абай биіктеген сайын қазақ та биіктей береді. Сол биіктен көз жазбау- біздің қарызымыз бен парызымыз екенін ұмытпауымыз керек.

Көп адамдар өмірге бой алдырған,

Бой алдырып аяғын көп шалдырған.

Өлді деуге сыя ма ойлаңдаршы,

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған,-деп төрелігін өзі шешкен Абай бүкіл жарқын бейнесімен де, өлмес туындылармен де бізбен бірге жасасып келеді.

Сыныпты 2 топқа бөлемін.(конфет тарату арқылы) І топ, ІІ топ

Мұғалімнің тілек сөзі: Өмірлерің конфет сияқты тәтті, ең бастысы мәнді де, сәнді болсын. Абай тілімен айтқанда : Жастықта бір күлгенің- бір қарарлық,

Күлкі баққан бір көрер бишаралық.

Әуелі өнер ізделік, қолдан келсе,

Ең болмаса, еңбекпен мал табалық.

І. Қызығушылығын ояту. «Абай туралы не білеміз?»

Әр топқа плакат, маркер, стиктер тарату.

І топтың тапсырмасы: ІІ топтың тапсырмасы:

Абайдың өмірбаяны Абайдың шығармашылығы

Ұстанатын қағидалары Ұстанатын қағидалары


ІІ. Ой қозғау. (5минут)

Слайд: шөл дала, қақпа.

Ал енді бәріміз назарымызды мына суретке аударайық. Осы суретті көз алдымызда ой елегінен өткізіп, бір сәт ойланып көрейікші. Олай болса, әсерлі, сезімді ойымыз бізді қайда жетелейді.

(«Ескендір» поэмасына)

Ендеше, осы сурет пен поэманың арасында қандай байланыс бар? (Иә, әңгіменің бастауы да осындай көрініспен айқын суреттелген) Ендеше осы суретті кітаптан тауып оқып көрейік.

Олай болса, біз де осы сурет арқылы шығарманың өн бойына еніп, тереңіне үңіліп, талдау жасап көрсек.

Поэмаға негіз болған оқиғалар шығыс сюжетінен алынған.

Ескендір Зұлқарнайын-Александр Македонский –белгілі қолбасшы.

Проблемаға шығу: Поэманы үйден оқып келгендіктен, талдау сатысына шығамыз.

-Ақынның поэмасына негізгі арқау болған тақырып не?

Негізгі тақырыбы «Ескендір»

Әділдік пен жауыздық арасындағы тартыс

ІІ.Мағынаны тану.

а) Кері байланыс. Топтастыру диаграммасы арқылы Ескендір бейнесін талдау. Шығарма желісіне сүйенсек, Ескендірді ел шапқыш, қатыгез жан есебінде көреміз.


І топ. Манат тобы «Ескендір туралы теріс пікір»


ІІ топ Данияр тобы «Ескендір туралы оң пікір»

Топтастыру

Ескендір:

Даңғой;

Шапқыншы;

Жауыз;

Ашкөз;

Мансапқұмар:

Мақтансүйгіш;


Дәлел


Топтастыру

Ескендір:

ақылға тоқтайды;

өз қатесін мойындай білуі;

сенгіш;

білмегенін сұрауға арланбайды;




Дәлел


Қорытынды: Даниярдың тобы Ескендір бойындағы теріс әрекеттерді көріп қана қоймай, сыңаржақ пікір қалыптастырмай, Ескендір бойынан да адами қасиеттерді көре алды.

Сөзге шешен Құнанбай қажының сөзімен айтсақ, «Пұт болдым деп мақтанба, пұттан ауыр батпан бар. Биікпін деп мақтанба, асқар асқар таулар бар, арғы жағында аспан» деген екен.


ә) Венн диаграммасы

І топ

Абай


Философ

Метафизиканы зерттеуші

Бірінші ұстаз





Дана

Артына сөз қалдырған

Мәңгілік ғажайып құбылыс

Ақын

Жазушы

Аудармашы

Философ

Ойшыл

Сазгер

Тіл ұстартушы

Өлеңге жаңа түр енгізуші



Қорытынды: ..Өлді деуге сыя ма ойлаңдаршы,

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған


б) Шығармаға аннотациялық талдау

ІІ топ


2

Жер жүзін алуға ой ойлауы

Елді шабуы


3

Шөл дала

Адам, хайуандардың шөлдеуі. Ескендір де атының жалын құшты.

4

Мөлдір бұлаққа кез болуы

Ескендірдің таң қалуы. Шаhарды алуға бел бууы.


5

Бекітулі қақпа

Ескендірдің ашулануы. Ескендірге тартылған сый.


6

Адамның бас сүйегі

Аристотель хакімнің сүйектің сырын ұғындыруы


7

Ғибрат сөз

Ескендір атының басын кері бұруы.



Мұғалімнің түсініктемесі

Абай сөзімен қорытындылау

Ақылсыз өзін мақтап былжырайды,

Бойыңа өлшеп сөйлесең, нең құрайды?

Жақсы болсаң, жарықты кім көрмейді,

Өз бағаңды өзіңнен кім сұрайды?!


в). КУБИЗМ стратегиясы (бекіту)

Суретте. Абайдың ойынша елді қандай адам басқару керек.

Салыстыр. Ескендір мен Масғұт бейнелерін салыстыру (Венн диаграммасы қолданылады)

Зертте. Аристотель туралы не білеміз?

Қолдан. «Қанағат- қарын тойғызар» Аристотель, Абай сөзі, өз пікірің.

Талда. Поэмадағы алтын қақпаның орны қандай, поэманың тәрбиелік мәні.Қандай қорытынды шығаруға болады?

Дәлелде. Ескендір әрекетін бүгінгі күннің өзекті мәселесімен салыстыруға бола ма?


ІІІ. Толғаныс стратегиялары. Автор орындығы стратегиясы Ақынға хат жазып көр. Абайға арнау өлең

Видео фильм көру

INSERT картасы






Қорытынды: Абай алмас семсердей, жаныған сайын жарқырай түспек. Абай бізден анағұрлым алыстаған сайын, біз соғұрлым жақындай түсеміз, салиқалы сөздерінен нәр алыңыз.


Үйге тапсырма: Соңғы 4 шумағын жаттау. «Масғұт», «Әзім әңгімелері» поэмаларын оқу.Мүмкіндігің келсе сурет сал.

Бағалау: Бағалау парағын тарату. Оқушыларды өздеріне бағалату, қорытындылау.




Кубизм. Салыстыр

Венн диаграммасы

ІІ топ


Ескендір


Ұқсастығы

Масғұт






ІІ топ















І топ

Абай









І топ. Манат тобы «Ескендір туралы теріс пікір»


Топтастыру

Ескендір:





Дәлел












ІІ топ Данияр тобы «Ескендір туралы оң пікір»

Топтастыру

Ескендір:


















Дәлел