Оқу орыс тілдерінде жүретін мектептердегі қазақ тілі мұғалімдері үшін
ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН
МЕКТЕПТЕРДІҢ МҰҒАЛІМДЕРІНЕ
АРНАЛҒАН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ
Бақылау диктанттары 5-11
Павлодар қ., 2014 ж.
Түсінік хат
Бұл құрал оқыту орыс тілінде жүретін мектептердің қазақ тілі пәні мұғалімдеріне арналған. Ол 5-11 сынып оқушыларына арналған диктанттар жинағы ретінде құрастырылған. Қазақ тілі бойынша қорытынды жазба жұмыстарын жүргізуге арналған.
Жинақтағы мәтіндер оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып, бағдарлама бойынша өтілген лексика-грамматикалық тақырыптарға сай құрастырылған. Әр диктанттан кейін деңгей бойынша грамматикалық тапсырмалар берілген. Мұндай тапсырмалардың берілу мақсаты – оқушылардың мемлекеттік тілден алған теориялық білім дәрежелерін айқындауға, тілдік ерекшеліктерді еркінірек меңгеруге, нығайтуға және жетілдіруге, коммуникативтік біліктілігін арттыру арқылы қазақ тілін сөз мәдениеті талаптарына сай деңгейде дұрыс қолдана білуге жетелеу. Сонымен қатар жинақ оқушылардың қазақ тілі грамматикасынан өткен материалдарды қайталап, олардан алған білімдерін нақтылап, сауаттылықтарын арттыру мақсатын да көздейді.
Диктантты бағалау нормалары:
«5» деген баға: Ешбір қатесі болмаса немесе емле,тыныс белгілерінен бір-бірден қате жіберсе;
«4» деген баға: Емле және тыныс белгілерінен екі-екіден қате жіберсе;
«3» деген баға: Емле мен тыныс белгілерінен 4-5-тен қатесі болса немесе 3 емле,5 тыныс белгілерінен қатесі болса;
«2» деген баға: Емле мен тыныс белгілерінің әрқайсысына 6-дан 10-ға дейін.
Грамматикалық тапсырмаларды бағалау нормалары:
«5» деген баға: Деңгейлік тапсырмаларды толық, ешбір қатесі орындаса;
«4» деген баға: ІІІ, ІІ деңгейлік тапсырмасын қатесіз орындаса;
«3» деген баға: ІІІ деңгейлік тапсырмасын қатесіз орындаса;
«2» деген баға: Деңгейлік тапсырмаларды орындамаса.
«Қазақ тілінен 5-11 сыныптарға арналған бақылау жұмыстарының өлшем бірліктерін құрастыру» атты қалалық шығармашылық топтың орыс тілде оқытатын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиет мұғалімдерінің құрастырған тізімі:
5-сынып
1. К.К. Керейбаева - №24 ЖОМ
2. Ш.Т. Капсалыкова - №15 ЖОМ
3. Г.К. Абдрахманова - №36 ЖОМ
6-сынып
1. А.Ж. Төлебаева -№ 6 ЖОМ
2. Ш.А. Ахметжанова- №14 ЖОМ
3. А.О. Ысқақова -№28 ЖОМ
7-сынып
1. Д.С. Уныйбаева -№43 ЖОМ
2. Н.М. Жағыпарова -№9 ЖОМ
8-сынып
1. Г.С. Байғұлова -№34 ЖОМ
2. А. Е. Оспанова- №34 ЖОМ
3. С.У. Шапиева -№17 ЖОМ
9-сынып
1. Н.Б. Исабаева -№11 ЖОМ
2. Р.С. Шахметова- №36 ЖОМ
3.А.Б.Төлеуова - №38 ЖОМ
10-11-сынып
1. Г.С. Ахметжанова -№43 ЖОМ
2. Г.К. Абенова -№ 42 ЖОМ
3. М.Т. Сейітканова- №4 ЖОМ
4. А.А. Жантемірова-№ 26 ЖОМ
Қазақ тілі пәнінен 5-сыныпқа арналған алғашқы бақылау үзігі
Мақсаты: Оқушылардың сауаттылығын, грамматикадан 4 – сыныпта алған білімдерін тексеру.
Күз.
Күз айлары: қыркүйек, қазан, қараша. Қазір күз мезгілі. Күн салқындады. Суық жел соқты. Ағаштардың жапырақтары сарғайып,жерге түсті. Бақтарда түрлі жемістер мен көкөністер пісті. Біз бақшадан асқабақ, қызанақ, алма, алмұрт жинадық. Әпкем қырыққабат тұздады. Шешем алма мен алмұрттан тосап қайнатты. Біз күз мезгілін ерекше жақсы көреміз.
(Жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне арналған оқу-әдістемелік құрал, Диктанттар жинағы, Ж.С Қалиева, 46сөз)
Лексика-грамматикалық тапсырмалар:
І нұсқа ІІ нұсқа
ІІІ деңгей
1. Берілген сөздерге дыбыстық талдау жасаңыздар.
Қазан Жеміс
2. Төмендегі сөздерге зат есімнің көптік жалғауын жалғаңыздар.
Сынып, адам, әже, ата Мұғалім, аға, кісі,мектеп
3.Берілген сөздерді тәуелдеңіздер.
Алма Алмұрт
ІІ деңгей
1.Берілген сөздерге антонимдік қатар табыңыздар.
Жылы,күн, жақсы, суық
2. Берілген сөздерді септеңіздер.
Қыркүйек жапырақ
І деңгей
Күз мезгілі туралы диалог құрастырыңыздар. (3-4 сұрақ)
Қазақ тілі пәнінен 5-сыныпқа арналған І тоқсандық диктант
Мақсаты: Өткен тақырыптар бойынша оқушылардың білім - білік дағдыларын тексеру.
Менің бөлмем.
Менің атым – Дамир. Менің пәтерім үш бөлмелі. Менің өз бөлмем бар. Бөлмем өте жарық, кең, әрі жылы. Бөлменің терезесі аулаға шығады. Бөлмемде жаңа диван, төбе жиһаз, үстел, ыңғайлы орындық бар. Үстелдің үстінде компьютер орнатылған. Терезенің жақтауында әдемі гүл өсіп тұр. Қабырғада менің суреттерім ілулі тұр.
Мен бөлмемді өзім жинаймын. Маған бөлмем өте ұнайды.
(Жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне арналған оқу-әдістемелік құрал, Диктанттар жинағы, Ж.С Қалиева, 53сөз)
Қазақ тілі пәнінен 5-сыныпқа арналған І тоқсандық бақылау жұмысы
Мақсаты:Тоқсан бойы лексика және грамматика тақырыптар бойынша алған білімдерін тексеру.
I Лексикалық тапсырмалар
1.Тақырып бойынша мақал-мәтелдер жазыңыз.
I нұсқа : « Отбасы»
IІ нұсқа: «Дос, достық»
2. Берілген тақырып бойынша 3-4 сөйлем құрастырыңыз
I нұсқа: «Менің мекен-жайым»
IІ нұсқа: « Менің бөлмем»
3.Берілген сөз тіркестерін қазақ тіліне аударыңыз.
I нұсқа : Светлая комната, мой адрес;
IІ нұсқа : Мой друг, широкая улица;
4.Сөздердің антонимін тауып жазыңыз.
I нұсқа : қара, тар;
IІ нұсқа : Кіші, аласа;
5.Берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
I нұсқа : Сен қай қалада тұрасың? Сенің қалаң қандай?
IІ нұсқа : Сен қай көшеде тұрасың? Көшең қандай?
IІ Грамматикалық тапсырмалар
1.Берілген сөздерге фонетикалық талдау жасаңыз.
I нұсқа : әпкем
IІ нұсқа : досым
2.Берілген сөзді жекеше түрінде жіктеңіз.
I нұсқа : ата
IІ нұсқа : әже
3.Берілген сөздерді барыс,табыс, көмектес септіктеріне қойыңыз.
I нұсқа : көше, аға;
IІ нұсқа : қала, сіңлі;
4.Берілген сан есімдерді реттік сан есімдерге айналдырыңыз.
I нұсқа : бес, тоғыз;
IІ нұсқа : алты, жеті;
5.Берілген етістікті нақ осы шақта жіктеңіз.
I нұсқа : жазу
IІ нұсқа : келу.
Қазақ тілі пәнінен 5-сыныпқа арналған ІІ тоқсандық диктант
Мақсаты: Оқушылардың ІІ тоқсан бойы алған білімдерін тексеру.
Ас атасы – нан.
Қазақта «ас атасы – нан» деген сөз бар. Астың, дәмнің үлкені – нан. Ол бидай ұнынан жасалады. Нан қасиетті тағам. Ұнның құрамындағы адамның бойына нәр беретін, қуат беретін ағзаға қажеттінің бәрі бар. «Нанды жерге тастама», «нанның үстіне зат қойма», «нанды төңкерме», «нанды бір қолмен үзбе» деген сөздің барлығы – сол нанның қасиетіне орай айтылған тыйымдар.
(Жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне арналған оқу-әдістемелік құрал, Диктанттар жинағы, Ж.С Қалиева, 53сөз)
Қазақ тілі пәнінен 5-сыныпқа арналған ІІ тоқсандық мазмұндама.
Мақсаты: Мәтіннің мазмұнын дұрыс түсініп, түсінгенін өз сөзімен жазып беру дағдыларын тексеру.
Менің Отаным - Қазақстан.
Менің Отаным – Қазақстан. Қазақстан Республикасы – тәуелсіз мемлекет. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Қазақ тілі - Қазақстан халқының асыл қазынасы. Қазақ тілінде өте көп газеттер, журналдар шығарылады.. Қазақстан Республикасының астанасы - Астана қаласы. Астана әсем қала. Ол Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Қала жылдан-жылға көркейіп келеді. Тамаша салынған ғимараттарға еріксіз көз саласың. Астанада саябақтар,мектептер, мөлтік аудандар көп. Саябақтар өте әдемі. Мұнда әр түрлі ұлт өкілдері тату-тәтті тұрады.
(Орыс сыныптарына арналған 7 сынып оқулығы Т. Артыкова,
Г.Ермекбаева. Атамұра 2012 оқу жылы, 67 сөз)
Қазақ тілі пәні бойынша 5-сыныпқа арналған аралық бақылау жұмысы
Мақсаты: Оқушылардың сауаттылығын, грамматикадан І жартыжылдықта алған білімдерін тексеру.
Қыс.
Күн суық. Жерде қар қалың. Түн ұзақ, күн қысқа. Қыста мен таңертен сағат жетіде тұрамын. Беті-қолымды жуамын, сүртінемін, шашымды тараймын, тамақ ішемін. Содан соң басыма бөрік, қолыма қолғап, аяғыма етік киіп, мектепке барамын. Мектептен шыққан соң, мектептің мұз айдынына барамыз. Мұз айдыны мектептен алыс емес.
(Жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне арналған оқу-әдістемелік құрал, Диктанттар жинағы, Ж.С Қалиева, 51сөз)
Грамматикалық тапсырмалар:
ІІІ деңгей.
Берілген сөздерді септеңіз.
І нұсқа ІІ нұсқа
Тамақ мектеп
Берілген зат есімді жекеше түрінде тәуелдеңдер. І нұсқа :етік
Берілген зат есімді көпше түрінде тәуелдеңдер. ІІ нұсқа: мектеп
Мәтіннен сын есімдерді теріп жазыңдар
ІІ деңгей
І нұсқа Берілген сөздердің синонимін тауып жазыңдар: сағат,тамақ
ІІ нұсқа Берілген сөздердің антонимдерін тауып хазыңдар:жуық, алыс
І нұсқа Берілген етістікті нақ осы шаққа қойып жіктеңіздер: ішу
ІІ нұсқа Берілген етістікті келер шаққа қойып жіктеңіздер: бару
І деңгей
І нұсқа
«Қысқы демалыс» тақырыбына диалог құрыңыз.
ІІ нұсқа
« Жаңа жыл мерекесі» тақырыбына диалог құрыңыз.
Қазақ тілі пәнінен 5-сыныпқа арналған ІІ тоқсандық бақылау
Мақсаты:Тоқсан бойы лексика және грамматика тақырыптар бойынша алған білімдерін тексеру.
I Лексикалық тапсырмалар
1. Берілген сөз тіркестерін қазақ тіліне аударыңыз.
I-нұсқа: сильная страна, богатый край
II-нұсқа: независимое государство, красивые места
2. Берілген сөздерге синоним қатарын тауып жазыңыз.
I-нұсқа: өлке - көп-
II- нұсқа: орман- сұлу-
3. Тақырып бойынша 3-4 мақал-мәтелдер жазыңыз.
I-нұсқа : Отан
II-нұсқа : Ас, тағам;
4. Берілген тақырып бойынша 3-4 сөйлем құраңыз.
I-нұсқа : Баянауыл туралы.
II-нұсқа : Ертіс өзені туралы.
5.Тақырып бойынша 4-5 сұрақ-жауап құрастырыңыз.
I-нұсқа «Ұлттық тағамдар»
II-нұсқа «Қазақстан Республикасы»
II Грамматикалық тапсырмалар:
Берілген сөздерге көптік жалғауларын жалғаңыз:
I-нұсқа: рәміз, қала
II-нұсқа: мереке, тау
Берілген сөздерді септеңіз.
I нұсқа ас, ел
II нұсқа ту, сүт
3. Берілген зат есімдерден сын есім жасаңыз:
I нұсқа : ұлт. қыс
II- нұсқа : ақыл, күз
4. Берілген сөздерді тәуелдеңіз:
I-нұсқа : жер
II- нұсқа : қала
5.Берілген етістікті келер шақта жіктеңіз:
I нұсқа : тұру
ІI нұсқа : ішу
Қазақ тілі пәнінен 5-сыныпқа арналған ІІІ тоқсандық диктант
Мақсаты: Оқушылардың сауаттылықтарын, ая бойынша алған білімдерін тексеру.
Жаңа жыл
Жаңа жылды қыс ортасында, қатты аязды кезде тойлайды. Бұл кезде үйлер, ағаштар, жер ақ қар жамылады. Ауа райы аязды болса, қар жауса, адамдар қуанады. Көшелерге, алаңдарға, үйлерге, дүкендерге, спорт кешендеріне шыршалар орнатады. Оларға түрлі түсті ойыншықтар іледі. Жаңа жылды балалар асыға күтеді. Оларға сыйлықтар береді. Бұл күнді адамдар өз отбасында немесе достарымен, туыстарымен бірге мерекелейді.
(Диктанттар жинағы, 5-9, Ж.С.Қалиева,53 с.)
Қазақ тілі пәнінен 5-сыныпқа арналған ІІІ тоқсандық тақырыптық тест
Мақсаты: Өтілген тақырыптар бойынша алған білімдерін тексеру.
1.Ойлауды қажет ететін ойын түрін атаңыз.
А) футбол
В) баскетбол
С) тоғызқұмалақ
D) волейбол
Е) теннис
2. Мен шахмат үйірмесіне қатыса... – керекті жалғауды жалғаңыз.
А) -бын В) -мен С) -сіз D) -мын Е) –мыз
3. Асық қолданатын спорт түрі
А) баскетбол
В) ханталапай
С) футбол
Д)шахмат
Е) тоғызқұмалақ
4. «Біз мектепте спорт үйірмесіне қатысамыз» - деген сөйлемдегі есімдік түрін анықтаңыз
А) сілтеу
В) өздік
С) сұрау
Д) жіктеу
Е) белгісіздік
5. Қазақ халқының ұлттық ойынын белгілеңіз
А) лото
В) дойбы
С) баскетбол
Д) тоғызқұмалақ
Е) шахмат
6. Заттың қимылын білдіретін сөз табын табыңыз
А) зат есім
В)сын есім
С)есімдік
Д)етістік
Е) сан есім
7. Буынға дұрыс бөлінген сөзді табыңыз
А) то- ғыз- құм-ал-ақ
В) то-ғыз-құ-ма-лақ
С)тоғ-ыз-құма-лақ
Д) то-ғыз-құма-лақ
Е)тоғыз-құ-малақ
8.«Мектеп» деген сөз қай тілден шыққанын табыңыз.
А) Араб
В) Парсы
С) Қазақ
D) Қырғыз
Е)Өзбек
9. Мақалды аяқтаңыз. «Мектеп - кеме, білім - .....»
А) мектеп
В) ұстаз
С) қазына
D) теңіз
Е) кітап
10.Көп нүктенің орнына керекті етістікті жазыңыз.
Мен кітапханаға жиі ......
А) барамын
В) барасың
С) барады
D) барды
Е) барамыз
11.Сын есімнің жұрнақтарын табыңыз.
А) - дай,- дей
В) - ып, - іп
С) - ған, - ген
D) -ыл, - іл
Е) -ар – ер
12. Сан есім түрін анықтаңыз: Атадан алтау, Анадан төртеу
Жалғыздық көрер жерім жоқ.
А) Жинақтық
В) Реттік
С) Топтау
D) Болжалдық
Е) Есептік
13.Оқу құралдарын табыңыз.
А) өшіргіш, карта,сабақ
В) ұстаз,қалам, сызғыш
С)оқушы,компас,портфель.
D) желім,қалам,сызғыш.
Е) күнделік,тақ,бор.
14.Мектеп спортзалында балалар.....
А) кітап оқиды
В) футбол ойнайды
С) шахмат ойнайды
D) сурет салады
Е) би билейд
15. «Әдемі», «сұлу», «көркем», «көрікті» деген сөздер қандай сөздер
А) синоним
В) антоним
С) омоним
D) көп мағыналы
Е) сөз құрамы
Қазақ тілі пәнінен 5-сыныпқа арналған ІІІ тоқсандық бақылау
Мақсаты:Тоқсан бойы лексика және грамматика тақырыптар бойынша алған білімдерін тексеру.
I Лексикалық тапсырмалар
1. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін қазақ тіліне аударыңыз.
I-нұсқа : мороз, кататься на санках;
II-нұсқа : лыжи, спускаться с горы;
2.Берілген тақырып бойынша 3-4 сөз тіркестерін құрастырыңыз.
I-нұсқа «Қыс»
II-нұсқа « Спорт»
3. Берілген сөздерге антоним қатарын тауып жазыңыз
I-нұсқа : жылы - киіну -
II-нұсқа : қысқы - тұру –
Тақырып бойынша 3-4 мақал-мәтелдер жазыңыз.
I-нұсқа : « Денсаулық»
II-нұсқа : «Оқу, білім»
5. Берілген тақырып бойынша диалог құрастырып жазыңыз.
I-нұсқа : « Жаңа жыл»
II- нұсқа : «Менің мектебім»
II. Грамматикалық тапсырмалар
Берілген берілген зат есімдерді Ілік септігіне қойып жазыңыз
I-нұсқа: мектеп, қыс,үйірме;
II-нұсқа: спорт, аяз, өзен;
Берілген етістікті өткен шаққа қойып жіктеңіз.
I нұсқа : сырғанау
II нұсқа : қатысу
3. Берілген сөйлемнен септеулік шылауларды тауып септігін анықтаңыз.
I нұсқа : Біз қазақ тілі сабағында қыс туралы шығарма жаздық.
II- нұсқа : Мен күнде мектепке дейін жаяу барамын.
4- Берілген есімдіктердің түрлерін ажыратып сөйлем құрастырыңыз.
I-нұсқа : өзің, мен;
II- нұсқа : ол, өзіміз;
Берілген зат есімдерді тәуелдеңіз.
I нұсқа : сабақ
II нұсқа : мектеп
Қазақ тілі пәнінен 5-сыныпқа арналған ІV тоқсандық диктант
Мақсаты: Оқушылардың өткен тақрыптар бойынша алған білімдерін тексеру.
Жазғы саяхат
Жазда мен ағаммен бірге Астанаға бардым. Астананы мен бірінші рет көрдім.
Астана – үлкен қала. Жазғы Астана өте әдемі екен. Көшелерде неше түрлі гүлдер өсіп тұр. Ағаштары көп, биік. Астана Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Қала жылдан-жылға көркейіп келеді. Тамаша салынған ғимараттарға еріксіз көз саласың. Маған Астана өте ұнады.Мен жазғы демалысымды өте көңілді өткіздім.
(Жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне арналған оқу-әдістемелік құрал, Диктанттар жинағы, Ж.С Қалиева, 54сөз)
Қазақ тілі пәнінен 5-сыныпқа арналған ІV тоқсандық бақылау жұмысы
Мақсаты:Тоқсан бойы лексика және грамматика тақырыптар бойынша алған білімдерін тексеру.
I Лексикалық тапсырмалар
1. Тақырып боынша 3-4 сөз тіркесін құрастырыңыз.
I нұсқа «Жаз»
II нұсқа « Ана тілі »
2. Берілген сөздерге антоним қатарын тауып жазыңыз.
I нұсқа : ыстық - кетті –
II нұсқа : кір - жапты –
3. Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құрастырыңыз.
I-нұсқа : Кетті, атам, әжем, мен, ауылға.
II- нұсқа : Көп, ауылда, жұмыс, жазда.
4. Берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
I нұсқа : Ыбырай Алтынсарин кім?
Ол кімдерге арнап шығармалар жазған?
II нұсқа : Ыбырай Алтынсарин қашан туды?
Ыбырай Алтынсаринның шығармаларын атап беріңіз.
5. Тақырып бойынша 3-4 сұрақ құрастырыңыз.
I-нұсқа : «Жазғы ауа райы»
II-нұсқа : « Жазғы демалыс»
II Грамматикалық тапсырмалар:
Берілген тұйық етістіктерді септеңіз.
I-нұсқа: ойнау
II-нұсқа: жүгіру
Төмендегі сөздерді құрамына қарай талдаңыз.
I-нұсқа: гүлдерге, жұмысшылармен
IІ-нұсқа: жидектерді, оқушылардың
Берілген сын есімдерді қүшейтпелі формасына қойып жазыңыз.
I нұсқа : көрікті - ұзын -
II нұсқа : әдемі - биік –
Берілген етістікті нақ осы шақтың жекеше түрінде жіктеңіз.
I нұсқа: секіру
IІ нұсқа: демалу
Сұраулық шылауларды пайдалана отырып, берілген тақырыптар бойынша 3-4 сұрақ құраңыз.
I нұсқа: «Қазақ тілі» IІ нұсқа: «Жазғы демалыс
Қазақ тілі пәнінен 5-сыныпқа арналған ІV тоқсандық тақырыптық тест
Мақсаты: Өтілген тақырыптар бойынша алған білімдерін тексеру.
1. Жазда күндер қандай болатынын табыңыз.
А) қысқа
В) кең
С) ұзақ
D) қараңғы
Е)жарық
2. Мына сөйлемнен сын есімді табыңыз.
Өсімдіктер мен жануарлардың табиғаттағы, адам өміріндегі керемет қадір-қасиетін, пайда-маңызын жақсы білген.
А) өсімдіктер
В) жақсы
С) керемет
D) адам
Е)білген
3. Көп нүктенің орнына керекті сөзді жазыңыз.
Қайрат жазғы демалыста ауылға .....
А)барамыз
В) бардым
С) барасың
D) барасыз
Е) барады
4. «Көңілді» сөзі қай сөз табына жатады.
А) зат есім
В) сан есім
С) сын есім
D) етістік
Е) үстеу
5. «Ер – елдің көркі, орман ,тоғай - ... көркі»
А) таудың
В) жердің
С) көлдің
D) ауылдың
Е) көшенің
6. Жаз айларын атаңыз.
А) мамыр,маусым, шілде
В) мамыр, шілде, тамыз
С) сәуір, мамыр, тамыз
D) наурыз, сәуір, мамыр
Е) маусым, шілде, тамыз
7. «Летом» - сөзінің аудармасын табыңыз.
А) жазғы
В) жазда
С) жаздың
D) жазға
8.Дұрыс жазылған сөйлемді анықтаңыз.
А) бүгін болады қазақ тілі сабағы.
В) болады бүгін тілі сабағы қазақ.
С) бүгін қазақ тілі сабағы болады.
D) қазақ тілі болады бүгін сабағы.
Е) тілі сабағы болады қазақ.
9. Қазақтың ана тілі.
А) қазақ тілі
В) қырғыз тілі
С) қытай тілі
D) ұйғыр тілі
Е) орыс
10. Сабақта сендер не істейтіндеріңді анықтаңыз.
А) тамақ ішеміз
В) би билейміз
С) кітап жазамыз
D) кітап оқимыз
Е) доп ойнаймыз
11. Сөйлемді жалғастырыңыз.
Мен қазақ тілін ..... .
А) барамын
В) үйренемін
С) оянамын
D) келемін
Е) жазамын
12. Сөйлемді дұрыс аударыңыздар.
Оқушы тақтаға сөйлем жазды.
А) ученик вытер доску
В) ученик у доски читает стихотворение
С) ученик на доске пишет мелом
D) ученик на доске написал предложение.
Е) ученик написал предложение в тетради.
13. Көп нүктенің орнына демеулік шылауын жазыңыз. Бұл кітап ...
А)ме
В)ма
С)ба
D)бе
Е)па
14. Септеулік шылауларын көрсетіңіз.
А) түгіл, тұрсын
В) ма, ме
С) немесе, әлде
D) менен, бенен
Е) дейін, шейін
15. Тиісті сөзді табыңыз. ..... тас жарады, тас жармаса бас жарады.
А) көз
В) тіс
С) тіл
D) құлақ
Е) сөз
Қазақ тілі пәні бойынша 5-сыныпқа арналған жылдық бақылау
Мақсаты: Оқу жылы бойы өткен тақырыптар бойынша білім деңгейін тексеру.
Қазақ тілі сабағында
Біз биыл бесінші сыныпта оқып жүрміз. Оқу жылы мамыр айында бітеді. Біздің мектептің оқушылары орыс тілінен басқа үш тіл – қазақ, неміс, ағылшын тілдерін оқиды.
Қазақ тілі сабақтары өте қызықты өтеді. Мұғалім әрқайсымызға талап қоя біледі. Сабақта қазақ тілінде ғана сөйлейміз. Тақырыпқа орай көптеген жұмыс түрін орындаймыз. Қазақ тілі сабағы өте қызықты өтеді.
(Диктанттар жинағы, 4-11, Ж.С.Қалиева,52 с. )
Грамматикалық тапсырмалар:
ІІІ деңгей
1.Берілген сөздерді сөз құрамына талдаңыз.
І.нұсқа сыныпта, айында, оқушылары, мектептің
ІІ.нұсқа сабақтары, тілдерінде, тақырыпқа, сабақта
2.Берілген сөзге фонетикалық талдау жасаңыз.
І нұсқа: орай
ІІ нұсқа:биыл
3.Берілген сөздерді Ілік. Жатыс. Шығыс септіктеріне қойып жазыңыз.
ІІ деңгей
1. Берілген етістікті осы шаққа қойып жіктеңіз.
І нұсқа: Оқу
ІІ нұсқа: сөйлеу
І деңгей
І нұсқа: Оқу,білім туралы 3-4 мақал - мәтел жазыңыз.
ІІ нұсқа: Отан, туған жер туралы 3-4 мақал - мәтел жазыңыз.
Тестің кілттері
6-сынып
Қазақ тілі пәнінен 6-сыныпқа арналған алғашқы бақылау үзігі
Мақсаты: Өткен оқу жылында қазақ тілі пәнінен 5- сыныпта меңгерген білімдерін тексеру.
Отбасы - сыйластық ортасы.
Отбасы - сыйластық орнаған орта. Отбасының әрбір мүшесі өзара сыйластықты сақтауға тиіс. Сонда бірлік, татулық берік болады. Әке отбасындағы барлық қамқорлықты атқарса, ана отбасына нәр беруші адам. Сондықтан бала өмір бойы ата-анасының еңбегін, жақсылығын сыйлауы тиіс.
Жалпы отбасында үлкендерді сыйлауға көп мән беріледі. Кішіпейілдік, көркем мінез, сыйластық отбасында қалыптасады. Ата-анасын сыйлап өскен бала өзгелерді де құрметтеуге үйренеді.
(55сөз)
( Орыс сыныптарына арналған диктанттар жинағы С. Қалиева Қарағанды 2007оқу жылы,)
Грамматикалық тапсырмалар
ІІІ деңгей
І нұсқа ІІ нұсқа
1) Берілген сөздерді септеңдер.
Мінез. Еңбек
2)Мәтін ішіндегі синоним сөздерді теріп жаз
3)Отбасы мүшелерін атап жаз
ІІ деңгей
1)Берілген сөздерге синонимдік қатар жасап, сөйлем құраңдар.
Көркем. Халық.
2)Берілген сөздерді сөз құрамына талда
сыйлау,қамқорлық,кішіпейлдік,отбасылық
І деңгей
Отбасы туралы 5,6 мақал – мәтел жаз.
Қазақ тілі пәні бойынша 6-сыныпқа арналған І тоқсандық диктант
Мақсаты: Оқушылардың сауаттылықтарын тексеру , білім, білік дағдыларын бақылау.
Ана-ардақты ат
Ана – үйдің берекесі, қыз баланың өнегесі. Ананың көзінен нұр төгіліп, жан-жағына шуағын төгеді. Осы шуақпен жылынып, асыл .Біз анамызды мәңгі қастерлейік! Ананы аспандағы ай мен күнге, жарық жұлдызға, баға жетпес асыл заттарға теңеу дәстүрі де өз тілімізде берік қалыптасқан. Анаңды қалай сыйласаң, өз балаңның анасын да солай сыйла, тіпті жас нәресте қызына да құрмет көрсет, оларға қолдан келгенше қамқорлық жаса.
(57 сөз)
( Орыс сыныптарына арналған диктанттар жинағы С. Қалиева Қарағанды 2007оқу жылы,)
Қазақ тілі пәні бойынша 6-сыныпқа арналған І тоқсандық бақылау
Мақсаты:Оқушылардың І тоқсанда алған білімдерін тексеру
І нұсқа
Лексикалық тапсырмалар:
1. «Отбасы» тақырыбына берілген сұрақтарға жауап беріңіздер:
А)Сенің отбасың қандай?
В)Отбасыңда неше адам бар?
С)Сенің отбасыңда қандай дәстүрлер бар?
Д)Сен қандай отбасы мүшелерінің атауларын білесің?
2. «Азық-түлік дүкенінде» тақырыбына сатушы мен сатып алушының арасындағы диалогты жазыңыздар.(5-6 сөйлем)
3.Ана туралы мақал-мәтелдерді жазыңздар.(4)
4. «Дос» тақырыбына байланысты берілген сөздермен 5 cөз тіркесті құрастырыңыздар.
Ізетті, әдепті, адал, мейірімді, жаман, момын, сабыр.
5.Берілген мақал-мәтелдің мағынасын түсіндіріп, жазыңыздар
1)Жаман достан-таяғым артық.
II Грамматикалық тапсырмалар
1.Берілген сөздерді қатыстық және сапалық сын есімдерге ажыратып жазыңыздар.
Сабырлы, момын, ашулы, ақылды, ашық, қатты, күшті, жақсы, жаман,қалалық, ізетті, әдемі.
2.Нағашы- тәуелдеңіздер.
3.Ақша – септеңіздер.
4.Берілген сөздер ішінен мекен үстеулерді теріп жазыңыздар
Өте,тез,жылдам,ақырын,төмен,жоғары,артында,сыртында,кеш.
5.Буын үндестігіне бағынбайтын сөздерді жазыңыздар.
II нұсқа
I.Лексикалық тапсырмалар:
1. «Менің достарым» тақырыбына берілген сұрақтарға жауап беріңіздер:
А)Сенің досың бар ма?
В)Сенің досың неше жаста ?
С)Досыңның мінезі қандай?
Д)Сенің ойынша дос қандай болу керек?
2. «Аяқ киім дүкенінде» тақырыбына сатушы мен сатып алушының арасындағы диалогты жазыңыздар.(5-6 сөйлем)
3.Ана туралы мақал-мәтелдерді жазыңыздар.(4)
4. «Қазақстан валютасы» тақырыбына байланысты берілген сөздермен 5 cөз тіркесті құрастырыңыздар.
Теңге, сауда, сатушы, дүкен, нарық, валюта, сауда орталықтар.
5.Берілген мақал-мәтелдің мағынасын түсіндіріп жазыңыздар
1)Ана- ардақты ат.
II.Грамматикалық тапсырмалар.
1. Қатыстық және сапалық сын есімдерге мысал келтіріп жазыңыздар.
2.Туыс- тәуелдеңіздер.
3.Дүкен – септеңіздер.
4.Берілген мекен үстеулерді пайдаланып, 3 cөйлем құрастырып жазыңыздар.
төмен, жоғары, артында, сыртында
5.Буын үндестігіне бағынбайтын сөздерді жазыңыздар
Қазақ тілі пәні бойынша 6-сыныпқа арналған ІІ тоқсандық диктант
Мақсаты: Оқушылардың ая бойынша алған білімдерін анықтап, сөздік қорларын, сауаттылығын тексеру.
Қазақстан Астанасы.
Қазақстан елінің астанасы —бұрынғы Ақмола қаласы. Бұрынғы Ақмола қаласы 1953 жылдан бастап, Қазақстан жерінде тыңның көтерілуіне байланысты «Целиноград» деп аталған еді. 1995 жылдан бастап, «Ақмола» атын қайтып алды. 1998 жылдың жазынан бастап Қазақстан Президентінің жарлығымен «Астана» деген атқа ие болды. Жаңа Астанада көптеген ғимараттар салынып жатыр. Көрнекі көшелердің біріне Төле, Әйтеке, Қазбек билердің ескерткіштері орнатылды. Бұл қала нағыз ғылымның, мәдениеттің қаласы болады.
(62 сөз)
(А.Ш. Бектурова. Ш.К. Бектуров)
Қазақ тілі пәні бойынша 6-сыныпқа арналған аралық бақылау
Мақсаты: Оқушылардың қазақ тілі пәнінен жартыжылдықта алған білімдерінің деңгейін тексеру,біліктілік,білімділік дағдылардың қалыптасуын және мемлекеттік стандартқа сай болуын тексеру.
Диктант.
Астана- болашағы үлкен қала.
Астана-болашағы үлкен қала. Ол- әлемдегі көрікті қалалардың бірі. Астана қаласы Есіл өзенінің екі жағында орналасқан. Өзеннің бір жағалауында - бұрынғы қала. Ол да жедел жаңарып жатыр. Екінші жағалауында- жаңа қала. Жаңа қаланың жалпы көрінісі Қазақстанның тарихын, мәдениетін, халықтық салт- дәстүрді білдір еді. Біздің еліміз үшін ең қымбат құндылық – Қазақстан халықтарының ынтымағын, түсіністігін бейнелеуге арналған құрылыстар.Астана қаласы- жаңа Қазақстанның белгісі.
(60сөз)
(Орыс сыныптарына арналған 6сынып оқулығы Т. Артыкова, Г. Ермекбаева. Атамұра 2012 оқу жылы)
Грамматикалық тапсырмалар
ІІІ деңгей
І нұсқа ІІ нұсқа
1)Бастауыш пен баяндауыштың арасына тиісті тыныс белгісін қойыңыздар.
Мектеп кеме, білім теңіз. Қазақстанның астанасы Астана қаласы
2) Ол да жедел жаңарып жатыр.
Берілген сөйлемді сөйлем мүшесіне талдаңыздар
3)Мәтіннен сын есімдерді теріп жазыңыздар
ІІ деңгей
1) Берілген сөздер мен сөз тіркестеріндегі ықпал түрлерін анықтаңыздар.
Көп бала, тасжол, сөзсіз. Досжан, көк аспан, айтып бер.
2)өте,көп сөздерімен күшейткіш шырайындағы сын есімдерді келтіріп жазыңыздар
І деңгей
Берілген тақырыптар бойынша ой толғау жазыңыздар. «Астана- арман қала» немесе «Астана- бас қала»
Қазақ тілі пәні бойынша 6-сыныпқа арналған ІІ тоқсандық мазмұндама
Мақсаты: Мәтіннің мазмұнын дұрыс түсініп, түсінгенін өз сөзімен жазып беру дағдыларын тексеру.
Астана
Тәуелсіз Қазақстанның бас қаласы-Астана.Ол Есіл өзенің бойында Сарыарқа жерінде орналасқан.
Аз уақыттың ішінде қала танымастай өзгерді.Есіл өзенің бойында Елбасы Резиденциясы,Парламент үйі,Жастар сарайы көп қабатты үйлер бой көтерді.Парламент үйінің алдында Төле би,Қазыбек би,Әйтеке бидің ескерткіштері қойылған.Қаланың ортасында 5 жұлдызды «Алатау» қонақ үйі салынды. Астана қаласында 100-ден астам ұлт өкілдері тұрады.Қала тұрғындарының саны 518 мың адам.Астана-болашағы үлкен қала.
(67 сөз)
(Орыс сыныптарына арналған 6 сынып оқулығы Т. Артыкова, Г. Ермекбаева. Атамұра 2012 оқу жылы)
Қазақ тілі пәні бойынша 6-сыныпқа арналған ІІ тоқсандық бақылау
Мақсаты: Оқушылардың ІІ тоқсанда алған білімдерін тексеру
I нұсқа
I.Лексикалық тапсырмалар.
1. «Астананың көрікті жерлері» тақырыбына берілген сұрақтарға жауап беріңіздер:
А)Қазақстанның бас қаласы қай қала ?
В)Астананың қандай көрікті жерлерін білесің?
С) «Бәйтерек» монументі қай жылы салынды?
Д) «Думан» ойын-cауық орталығында нелерді тамашалауға болады?
2.Cөйлемдегі сөздердің дұрыс орнын табыңыздар.
сыйлады, ноутбук, маған, жаңа, туған күніме, әкем
3.Досына қонаққа шақыру жаз жазыңыздар.
4. «Туған күн мерекесі» тақырыбына шағын әңгіме жазыңыздар
5.Астана-арман қала..... берілген ойды жалғастырып жазыңыздар
II.Грамматикалық тапсырмалар.
1.Сын есім . (анықтамасын жазыңыздар)
2.Берілген сын есімдерден салыстырмалы шырайдағы сөздерді теріп жазып, жұрнақтарын белгілеңіз:
Өте жақсы,жаңа,мұздай,сұлу,гүлдей,топ-толық,өте суық,қаттырақ
3.Сөздердегі ілгерінді және тоғыспалы ықпалды ажыратып белгілеңіз
Қайыңдар,жүрегім,көшелер,ағаштың,құлағым..
4.Біріккен сөздерді тап,сөз құрамына талдаңыздар
Кемпірқосақ,ғимарат,күнбағыс,тұрғын,Екібастұз
5.Берілген сөйлемдерде керекті тыныс белгілерін қойып жазыңыздар
Туған күн көңілді мереке
Жанат жақсы дос
II нұсқа
I.Лексикалық тапсырмалар.
1. «Туған мерекесі» тақырыбына берілген сұрақтарға жауап беріңіздер:
А)Сенің туған күнің қашан ?
В)Туған күн мерекесі қалай өтеді?
С)Туған күнге қонақтар не әкеледі?
Д)Қонақты қалай күту керек ?
2.Cөйлемдегі сөздердің дұрыс орнын табыңыздар
сыйладым,гүл шоғын,анама,әдемі,туған күніне,мен.
3.Досына туған күніне құттықтау жазыңыздар
4. «Астана» тақырыбына шағын әңгіме жазыңыздар
5.Астана-бас қала..... ойды жалғастырып жазыңыздар
II.Грамматикалық тапсырмалар.
1.Сын есім . (анықтамасын жазыңыздар)
2.Берілген сын есімдерден салыстырмалы шырайдағы сөздерді тауып жазып, жұрнақтарын белгілеңіздер:
Тым үлкен,жақсы,таудай,әдемі,арыстандай,топ-толық,өте суық,қаттырақ
3.Сөздердегі ілгерінді және тоғыспалы ықпалды ажыратып белгілеңіздер.
Қайыңдар,жүрегім,көшелер,ағаштың,құлағым..
4.Біріккен сөздерді тап,сөз құрамына талдаңыздар
Тасбақа,қала,тұрғындар,жолбарыс,итмұрын
5.Берілген сөйлемдерде керекті тыныс белгілерін қойып жазыңыздар.
Астана бас қала
Қанат тіс дәрігері
Қазақ тілі пәні бойынша 6-сыныпқа арналған ІІІ тоқсандық диктант
Мақсаты: Оқушылардың сауаттылықтарын тексеру
Көлік түрлері
Көлік атауы-кіслердің,тауардың,хабардың,мәліметтің және басқа нәрселердің бір жерден екінші жерге жеткізулуімен тікелей байланысты.
Айналыдағы өзіміз көріп жүрген барлық нәрсені ,тауарды,жиһазды,азық-түлікті,тұрмыстық бұйымдарды тасымалдау кезінде ,қандай да көлік түрі пайдаланады.Бір жерден екінші жерге жету үшін де әртүрлі көлікті пайдаланамыз.
Көлік түрінің негізгі төрт категориясы бар.Олар-қара жолмен,темір жол-мен,су жолымен, және әуе жолымен жүретін көліктер.
(68 сөз)
(Интернет желісінен)
Қазақ тілі пәні бойынша 6-сыныпқа арналған ІІІ тоқсандық тақырыптық тест
Мақсаты: Өтілген тақырыптар бойынша алған білімдерін тексеру.
1. Әуе көлік түрін көрсетіңіз.
А) пойыз;
В) тікұшақ;
С) автобус;
Д) трамвай;
Е) такси.
2. Көлік түріне жатпайтынды белгілеңіз.
А) велосипед
В) әткеншек
С) есек
Д) мәшина
Е) түйе
.
4. «Жаяу» деген сөзбен тіркесе алатын сөзді белгілеңіз.
А) автобус;
В) сыпырғыш;
С) жүргінші;
Д) бағдаршам;
Е) мәшина
5. Жолаушы автобуста не төлейді?
А) салық;
В) жолақы;
С) еңбекақы;
Д) кітап;
Е) сурет
6. Мөлшер үстеуді табыңыз.
А) ертең;
В) біршама;
С) біріңғай;
Д) кеше;
Е) бүгін
7. Қоғамдық көлікті анықтаңыз.
А) такси;
В) тікұшақ;
С) трамвай;
Д) жылқы;
Е) велосипед.
8. Сөйлемді толықтырыңыз. Жүргінші жол жүру ...... білу керек.
А) жолын;
В) тәртібімен;
С) ережесін;
Д) оқу;
Е) есте сақтау.
9. Жұмбақты шешіңіз.
Табанында жолы бар,
Төбесінде қолы бар.
А) ұшақ
В) трамвай
С) кран
Д) кеме
Е) қайық
10. Қоғамдық көліктерді күтетін жер қалай аталатынын анықта.
А) бағдаршам;
В) жолаушы;
С) аялдама;
Д) жолдама;
Е) сапар
Қазақ тілі пәні бойынша 6-сыныпқа арналған ІІІ тоқсандық бақылау
Мақсаты: Оқушылардың ІІІ тоқсанда алған білімдерін тексеру
I нұсқа
I.Лексикалық тапсырмалар.
1. «Көлік» тақырыбына берілген сұрақтарға жауап беріңіздер:
А)Сен қандай көлік түрлерін білесің?
В)Темір жол көлігіне нелерді жатқызамыз?
С)Қоғамдық көлік түрлерін атап жазыңыздар .
Д)Суда жүретін көлік түрлерін атап жазыңыздар.
2. «Мұғалім ол біздің» тақырыбына шағын әңгіме жазыңыздар
3.Алдар Көсеге аңыздың кейіпкері ретінде сипаттама жазығыздар.
4. «Қазақ тілі кабинеті» тақырыбына байланысты 10 сөз тіркесті құрастырып жазыңыздар
5.Берілген мақал-мәтелдің мағынасын түсіндіріп жазыңыздар
1)Жер- алтын қазына
II.Грамматикалық тапсырмалар.
1.Етістік дегеніміз не?
2.Берілген етістіктер қай шақта тұрғандығын анықтаңыздар:
Келдім,айтады,күлді,оқып тұр,жазамын,көрдім,тыңдайды,қайталап отыр.
3.Берілген сөйлемдерден етістіктерді тауып,қай райда тұрғандығын анықтаңыздар.
Мен дәрігер болғым келеді.
Қазақ тілі сабағы қызықты өтті.
Айнұр,тақтаға шық!
4.Берілген сөздер ішінен мекен үстеулерді тауып,жазыңыздар
Өте,тез,жылдам,ақырын,төмен,жоғары,артында,сыртында,кеш.
5.Етістіктерді салт,сабақтыға ажыратып жазыңыздар
Сүтті іш,мұғалім айтты,хатты жаз,кітапты оқы,бала күлді
II нұсқа
I.Лексикалық тапсырмалар.
1. «Туған жердің табиғаты» тақырыбына берілген сұрақтарға жауап беріңіздер:
А)Қазақстанның өзен,көлдерің білесің бе?
В)Қазақстанның табиғаты қандай?
С)Қазақстанның Швейцариясы не?
Д)Павлодар өңірінде қандай көрікті жер,көл атауларын білесің?
2. «Менің сүйікті кейіпкерім» тақырыбына шағын әңгіме жаз
3. Көлік түрлері туралы жазыңыздар.
4. «Мектеп асханасы» тақырыбына байланысты 10 сөз тіркесті құрастырып жазыңыздар
5.Берілген мақал-мәтелдің мағынасын түсіндіріп жазыңыздар
1)Жер-қазына
II.Грамматикалық тапсырмалар.
1.Етістік дегеніміз не?
2.Берілген етістіктер қай шақта тұрғандығын анықтаңыздар:
Әкелдім,жазып отыр,жүр,күліп жүр,жаттады,қайталаймын.
3.Берілген сөйлемдерден етістіктерді тап, қай райда тұрғандығын анықтаңыздар.
Жанат балмұздақ жегісі келеді.
Мұғалім сабақты түсіндірді..
Қайрат ,кітаптарды жина.
4.Берілген сөздер ішінен мекен үстеулерді жазыңыздар
Өте,тез,жылдам,ақырын,төмен,жоғары,артында,сыртында,кеш.
5.Етістіктерді салт,сабақтыға бөліп жазыңыздар
Сүтті іш,мұғалім айтты,хатты жаз,кітапты оқы,бала күлді
Қазақ тілі пәні бойынша 6-сыныпқа арналған ІV тоқсандық диктант
Мақсаты: Оқушылардың ая бойынша алған білімі мен сауаттылығын тексеру.
Ойыншық тарихынан
Ойыншық тарихи кезеңдерден ойынмен байланысты. Ол сәбидің қарапайым жүзін, ақылын және танымдық қасиеттерін білдіретін. да наным сенімдері болған.
Ежелден пайда болған және белгілі ойыншықтың түрі бұл – қуыршақ. Ең көне мысырлық қуыршаққа 4 мың жылдай. Қуыршақтардың бастары ағаш және жіптен істелінген моншақтардан жасалған жасанды шаштармен безендірілді.
Адам қуыршақта өзін көретін болғандықтан, қуыршаққа маңызды орын бөлінді.
Қуыршақ көпке дейін бет - әлпетсіз болды, өйткені адамдар кісіге ұқсатуға қорықты.Уақыт өте қуыршаққа көз, ауыз, мұрын салып тіге бастады.
(64 сөз)
(Интернет желісінен)
Қазақ тілі пәні бойынша 6-сыныпқа арналған ІV тоқсандық тақырыптық тест
Мақсаты: Өтілген тақырыптар бойынша алған білімдерін тексеру.
1. Отан сөзінің синонимін табыңыз.
А) қала;
В) Атамекен;
С) жер;
Д) су;
Е) ауыл.
2. Толықтырыңыз. Қазақстан жері бай. Егісте .... , .... өседі.
А) алмұрт, өрік;
В) жүгері, алхоры;
С) бидай, жүгері;
Д) банан, апельсин;
Е) лимон, таңқурай.
3. Салт етістікті табыңыз.
А) сұра;
В) бар;
С) жаз;
Д) тұр;
Е) жүр.
4. Сөйлемді толықтырыңыз. Әр азамат табиғатты ...... білу керек.
А) қорғау;
В) қорғай;
С) күтетін;
Д) құрметтейтін;
Е) жаса.
5. Қазақстанда не жоқ екенін көрсетіңіз.
А) тау;
В) қорық;
С) мұхит;
Д) өзен;
Е) көл.
6.Толықтырыңыз. Туған жердің .... көрікті, .... де сүйікті.
А) ағашы, халқы;
В) отаны, туған елі;
С) жері, елі;
Д) жер, бал;
Е) ауасы, көлемі.
7. Павлодар қаласында қандай өзен ағатынын белгілеңіз.
А) Іле;
В) Есі;
С) Ертіс;
Д) Арал;
Е) Балқаш
8. Дұрыс тыныс белгіні қойыңыз. Біздің еліміздің табиғаты қандай тамаша
А) сызықша;
В) леп белгісі;
С) сұрақ белгісі;
Д) көп нүкте;
Е) үтір
9.Толықтырыңыз. Қазақстан жер көлемі бойынша
әлемде .... орында тұр.
А) сегізінші;
В) бірінші;
С) тоғызыншы;
Д) екінші;
Е) бесінші.
10. Баянауыл өңірінде қандай көл бар?
А) Торайғыр;
В) Кенжекөл;
С) Алакөл;
Д) Ертіс;
Е) Есіл.
Қазақ тілі пәні бойынша 6-сыныпқа арналған жылдық бақылау
Мақсаты: Оқушылардың қазақ тілі пәнінен жыл бойы алған білімдерінің деңгейін тексеру,біліктілік,білімділік дағдылардың қалыптасуын және мемлекеттік стандартқа сай болуын тексеру.
Диктант
Шахмат үйірмесі
Ағам жасынан шахмат ойынына құмар болып өсті. Мектебіміздегі шахмат үйірмесіне қатысып, жарыстарда көзге түсе бастады. Ол күн сайын үш- төрт сағат уақытын шахмат ойнауға арнайды. Оның арманы- болашақта шахмат ойынының шебері болу.
Шахмат адамның ой-өрісін дамытады, сондай-ақ шыдамдылық, ұстамдылық қасиеттерді талап етеді. Ағам өзінің уақытын босқа өткізбей, өзінің сүйікті ісіне арнады. Ол әрбір жеңісін мақтан тұтады және болашақта шахмат шебері болатынына сенімді.
(63 сөз)
(Орыс сыныптарына арналған 7 сынып оқулығы Т. Артыкова, Г. Ермекбаева. Атамұра 2012 оқу жылы)
Грамматикалық тапсырмалар
ІІІ деңгей
І нұсқа ІІ нұсқа
1)Берілген зат есімдерден қатыстық сын есімдер жасап, сөйлем құрастырыңыздар.
Ақыл, қасиет Ой, ұстам
2) Ағам жасынан шахмат ойынына құмар болып өсті.
Берілген сөйлемді сөйлем мүшесіне талдаңыздар.
3)Берілген сөздерді сөз құрамына талдаңыздар
ұстамдылық,қасиеттерді,шыдамдылық,болашақта
ІІ деңгей
1) Мезгіл, күшейткіш, мекен үстеулердің түрлерін ажыратып, сөз тіркесін құраңыздар.
Жоғары, кеше, өте аса, биыл, алдында
2) Шахмат адамның ой-өрісін дамытады, сондай-ақ шыдамдылық, ұстамдылық қасиеттерді талап етеді.
Берілген сөйлемді сөз табына талдаңыздар
І деңгей. Берілген тақырып бойынша шағын әңгіме жазыңыздар. «Мектеп үйірмелері»
Қазақ тілі пәні бойынша 6-сыныпқа арналған IV тоқсандық бақылау
Мақсаты: бағдарлама бойынша стандарт талаптарының орындалу деңгейін анықтау.
I нұсқа
I.Лексикалық тапсырмалар.
1. «Мектептегі үйірмелер» тақырыбына берілген сұрақтарға жауап беріңіздер:
А)Сенің мектебінде қандай үйірмелер бар ?
В)Оқушылар би үйірмесінде неге үйренеді?
С)Сен бос уақытыңда немен шұғылданасың?
Д)Футбол үйірмесінің жетекшісі кім?
2. Сөйлемдерді дұрыс құрастырыңыз:
Дене шынықтыру ,жүгіреміз, ойнаймыз, және, біз ,сабағында.
Қазақ тілі ,жазамыз, жаттығу ,біз ,сабағында.
Кітап ,кітапханадан ,оқушылар ,алады.
3. «Мектеп» тақырыбына байланысты 5 cөз тіркесті құрастырыңыз.
4. «Менің сүйікті кітабым» атты шағын әңгіме жазыңыздар
5.Мұғалім –мектеп жүрегі,себебі .......берілген сөйлемді жалғастырып жазыңыздар
II.Грамматикалық тапсырмалар.
1. Қатыстық және сапалық сын есімдерге мысал келтіріп жазыңыздар(10 сөз)
2.Берілген күшейткіш үстеулермен сөйлем құрастырыңыздар.
Өте,тым
3. Берілген сөйлем ішінен жайылма сөйлемдерді тауып жазыңыздар:
Оқушылар сабақта мұғалімді мұқият тыңдады.
Мен би үйірмесіне барамын.
Мұғалім айтты.
Айжан қызықты кітап оқыды.
4.Көсемшенің жұрнақтарын табыңыздар:
Туыппын,келген,айттыпсыз,күлді,айтып тұр,сөйлеген.
5.Берілген етістікті ауыспалы келер шаққа қойып жіктеңіздер:
Хат жазу
II нұсқа
I.Лексикалық тапсырмалар.
1. «Мен мектептемін» тақырыбына берілген сұрақтарға жауап беріңіздер:
А)Сенің мектебің қандай?
В)Қазақ тілі кабинетінде не бар?
С)Сенің сынып жетекшісің кім,ол қай пәннен береді?
Д)Мектепте не бар?
2. Сөйлемдерді дұрыс құрастырыңыздар:
Орыс тілі ,тыңдаймыз, мұғалімді, , біз ,сабағында.
Қазақ тілі ,орындаймыз, жаттығу ,шығарма,біз ,сабағында,жазамыз,және.
Асханада ,дәмді ,аспазшы , дайындайды,тамақ.
3. «Мектеп үйірмелері» тақырыбына байланысты 5 cөз тіркесті құрастырыңыздар.
4. «Менің сүйікті ойыншығым» атты шағын әңгіме жазыңыздар
5.Шынықсаң –шымыр боласың,себебі .......берілген сөйлемді жалғастырып жазыңыздар
II.Грамматикалық тапсырмалар.
1. Қатыстық және сапалық сын есімдерге мысал келтіріп жазыңыздар(10 сөз)
2.Берілген көсемшелермен сөйлем құрастырыңыздар.
Айтқан,берген
3. Берілген сөйлем ішінен жайлаң сөйлемдерді тауып жазыңыздар:
Асханада үстелдер,орындықтар,ыдыс бар..
Мен тамақтандым.
Мұғалім айтты.
Айжан қызықты кітап оқыды.
4.Күшейткіш үстеулерді тап,олармен сөз тіркестерді құрастырыңыздар:
Ақырын,жоғары, өте,ең,жақсы,қатты,жаңа,тез,тым.
5.Берілген етістікті ауыспалы келер шаққа қойып жіктеңіздер:
Сабаққа бару
7-сынып
Қазақ тілі пәні бойынша 7- сыныпқа арналған алғашқы бақылау жұмысы
Мақсаты: 6-сыныпта өтілген тақырыптар бойынша оқушылардың білімдерін нақтылап тексеріп, қорытындылау және сауатты жазуға баулу.
Дене шынықтырудың пайдасы.
Дене шынықтырумен шұғылдану-әр оқушының міндеті. Ол үшін түрлі жаттығулармен айналысу керек. Спорттық әртүрлі үйірмелерге қатысқаны дұрыс. Спорттың түрі көп: жеңіл атлетика, футбол, волейбол, бокс, үстел теннисі. Бұл үйірмелер ептілікке, жылдамдылыққа үйретеді. Дене шынықтыру мәдениетін дамытуға көмектеседі.
Тез қимылға, шапшаң қозғалысқа үйрететін шығыс спортының түрлері бар. Ол өзін-өзі қорғауға үйретеді. Бала кезінен спортпен айналысу арқылы республикамызды әлемге танытып, даңқын шығарған спортшылар аз емес. (63 сөз)
(Диктанттар жинағы. Құрастырған: Ж.Н. Нығмет.-Алматы: «Арыс» баспасы, 2012.-69 бет).
Лексика-грамматикалық тапсырмалар:
ІІІ деңгей
Берілген сөзге фонетикалық талдау жасаңыз.
Үйірме
Асты сызылған сөзді септеңіз.
Дене шынықтыру мәдениетін дамытуға көмектеседі.
Асты сызылған сөзді сөз құрамына талдаңыз
Спорттық әртүрлі үйірмелерге қатысқаны дұрыс.
ІІ деңгей
Асты сызылған сөзге морфологиялық талдау жасаңыз.
Бұл үйірмелер ептілікке, жылдамдыққа үйретеді.
Берілген етістікті үш шақта жіктеңіз
шұғылдану
І деңгей
1. Үйірмелер туралы шағын әңгіме жазыңыз.
І нұсқа. «Спорт үйірмелері».
ІІ нұсқа. «Мектептегі үйірмелер».
Қазақ тілі пәні бойынша 7- сыныпқа арналған І тоқсандық диктант
Мақсаты: Оқушылардың ая бойынша алған білімі мен сауаттылығын тексеру.
Сыйлық сыйлау.
Бүгінгі таңда кітап сыйлау кең тараған. Кітапты өте мұқият таңдау керек. Ол сыйлық алушы адамның талғамына сай болуы керек. Алтын ереже-кітапқа ешқашан жазу жазуға болмайды, оған тек қана автор құқылы. Кез-келген басқа жазу кітапты бұзады, егерде жылы лебіздеріңізді қалдырғыңыз келсе, құттықтау қағазын қыстыруға болады.
Әрбір сыйлық-сыйлық сыйлаушының жан-дүниесінің айнасы. Сыйлық сыйлау ол міндет емес, көңілдің, жылы қатынастың белгісі. Сыйлықты алдын-ала ойластырып алғаны жөн болар. Сыйлық сыйлау-ол өнер, оны кез-келген өнер сияқты үйренуге болады. (80 сөз)
(Малая энциклопедия этикета. – М.: «РИПОЛ КЛАССИК», 2000. – 640 б.
http://etiket.net.ru/Сыйлықтар.)
Қазақ тілі пәні бойынша 7- сыныпқа арналған І тоқсандық бақылау жұмысы
Мақсаты: тоқсан бойы лексика-грамматикалық тақырыптарды қаншалықты игергенін анықтау, сауаттылығын тексеру.
І Лексикалық тапсырмалар:
Берілген сөздерді қазақ тіліне аударыңдар
Наследие-
Почитаемый-
Неоценимое-
Статус-
Гордость-
Берілген сөздермен сөз тіркестерін жасаңдар
І нұсқа: ана тілі, қазақша, парыз, құттықтаймын
ІІ нұсқа: қазақ тілі, білу, сыйлық, құрмет
Шашыранды сөздерден дұрыс сөйлем құраңдар
І нұсқа: демалысым, өтті, менің, жазғы, өте, көңілді
ІІ нұсқа: демалыста, отбасымызбен, бардық, шетелге, бірге
Сұрақтарға дұрыс жауап беріңдер
Мемлекеттік тіл қаша мемлекеттік мәртебе алды?
«тіл туралы» Заң қашан қабылданды?
Сенің ана тілің қай тіл?
Сен қазақ тілін жақсы білесің бе?
Қазақ тілін үйрену үшін не істеу керек?
5.»Сыйлық» деген тақырыпқа 3 сөйлем жазыңдар
ІІ Грамматикалық тапсырмалар
Берілген сөздерге фонетикалық талдау жасаңдар
І нұсқа: үйрену
ІІ нұсқа:түсіну
Берілген сөзге морфологиялық талдау жасаңдар
І нұсқа: қазақ тілі
ІІ нұсқа: мемлекеттік
Берілген сөздерді септеңдер
І нұсқа: менің ана тілім. ІІ нұсқа: менің туған күнім
Берілген етістікті өткен шақта жіктеңдер
І нұсқа: жауап беру. ІІ нұсқа: орындау
Сөйлемді аяқтап, бірінші компонентін талдаңдар
І нұсқа: қоңырау соғылды, ........ ІІ нұсқа: суық күз келді, ......
Қазақ тілі пәні бойынша 7-сыныпқа арналған мазмұндама
Мақсаты: ая бойынша өтілген материалдарды қаншалықты игергенін анықтау, есте сақтау қабілеттерін тексеру.
Бауырсақ
Бауырсақ –шай, [link] І деңгей. Тақырыпқа байланысты да, әрі, де, сондықтан, немесе, алайда жалғаулықтарымен 4-5 сөйлем құрастырыңыздар.