Мақсаты: Тілім менің – тірегім деген ұғымның дұрыс әрекет құндылығы арқылы мәнін ашу.
Міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға ізгілік қасиетінің өмірдегі маңыздылығын түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушылардың бойындағы адамгершілік қасиеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ізгілікке, адамгершілікке, жанаршылыққа тәрбиелеу
Ресурстар:
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңi.
Тыныштық сәті «Нұрға бөлену»
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ- қолыдарыңызды айқастырмаңыздар. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолыңызға түсіріңіз .Сіздің қолыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер жасайды және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналады.
Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан- жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз:
«Мен нұрлымын.... Нұр менің ішімде.... Мен Нұрмын».
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалпында сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Ескерту
5 «Т» ережесін естеріңізге түсіріңіздер.
Үй тапсырмасы
«Тілім менің» жатқа айту
Дәйексөз.
Қазақ тілі әрі көркем, әрі бай тіл
Ұлдар 2 рет, қыздар 2рет барлығы 2 рет қайталап, дәптерге жазады.
Әңгiмелеу
Айтмағанбет Құдайберген
Ақжайық әңгімесі
Өзеннің жарқабағында Өсер әкесімен әңгімелесіп отыр.
-Ол былай болыпты,,балам! Алыстағы қатпар-қатпар асқар таудан басталған бұл Жайық елеусіз ғана бұлақ саға- сағаны қуалап, сылдырап келіп, өз тамшысын бас өзекке құя беріпті. Бас өзек ұлғайып, суы молайып,арналы өзенге айналыпты. Судың түсі көк, өзі айнадай мөлдір болыпты. Тұнығында балық ойнап, байлық жиналыпты.
Өзен жағасын баласымен бір кәрі әже мекендейді. Баласы кішкентай қайығына мініп,балық аулапты. Бірақ құралы нашар жас балықшының ауына ештеңе түспепті. Ертелі- кеш ұстаған бірлі-екілі шабақпен жарлы жандар күн кешеді.
-Балық неге ілікпейді, әже? -деп сұрапты баласы.
-Маңдайыңның тері көбірек төгілсе, балық та ілігер, балам,- депті әжесі.
Бала ауын тереңге қайта жаяды. Тынбай еңбек етеді. Бір кезде қалтқы- қалқандардың бәрі суға батып кетіпті. Бала ауды тарта бастайды. Ау қиын тартылды. Бала шаршап қалжырайды. Маңдайыңнан ащы тер шұбырып, Жайыққа құйылады. Тердің ақысындай болып,балық та қайықты толтырады. Қысылған бала әжесін шақырады. Әжесі баласының терін күнде келіп жаулығының ұшымен сүртеді екен. Тынбай шұбырған терден Жайық суының түсін осылайша өзгерткен екен. Содан бері Жайық суының түсін осылайша өзгерткен екен. Содан бері Жайық өзені Ақжайық аталыпты.
Өсер әкесіне сұрақ қойды:
-Олай болса, судың дәмі неге ащы болмайды, әке?
-Сұрағың орынды, балам. Ақжайық- ағысты өзен. Ол маңдай тердің ащы тұзын ағызып әкетеді. Тұйық су болса, ащы болуы да мүмкін еді. Тұз Атырауға ағып барады. Теңіз суының ащы болатыны сондықтан.
Өсер Ақжайықтың бұйраланған ағысына ойлана қарады.
Шығармашылық іс-әрекет
Оқушыларға түрлі – түсті карточка тарату арқылы
4 топқа топтастыру.
1 топ «Қазақ тілі» деген тақырыпта өлең шығару
2 топ «Ойлау арқылы адамзат баласының жеткен жетістігі» сурет салу
3 топ «Терең ой алға жетелейді» тақырыбында эссе жазу
4 топ Ақыл, білім, ғылым туралы мақал – мәтел тауып жазу
Топпен ән айту.
«Жас Ұлан»
Сөзі: А.Байғожаев.
Әні: Ә.Молдағайынов
Батырлар ерлікпен қорғаған
Ақындар жырымен толғаған
Еліне ерлігін жарасқан
Құшағын жаяды кең дала.
Бабалар дәстүрін жалғаған,
Қиялын биікке самғаған
Көшбасшы соңынан қалмаған
Қыранбыз қанатын қымдаған.
Қайырмасы:
Жас Ұлан – елімнің ертеңі
Жас Ұлан – жақсылық өркені
«Қазақстан» кемесі қазақтың
Қыранбыз қанатын қымдаған.
Ұлы ел - кеңейге бастаған,
Ұлы жер – тауларын жасаған,
«Қазақстан» кемесі қазақтың
Жас Ұлан – шырқалған асқақ ән!
Таңыған ғылымның сырларын,
Жаттаған тарихтың жырларын.
Дені сау ұрпаққа болашақ
Ай қара ашады гүл бақыт.
Қайырмасы:
Жас Ұлан – елімнің ертеңі
Жас Ұлан – жақсылық өркені
«Қазақстан» кемесі қазақтың
Қыранбыз қанатын қымдаған.
Ұлы ел - кеңейге бастаған,
Ұлы жер – тауларын жасаған,
«Қазақстан» кемесі қазақтың
Жас Ұлан – шырқалған асқақ ән!
Үй тапсырмасы.
Мен елімнің азаматымын әңгіме жазып келу
8. Соңғы тыныштық сәті
Бүгінгі сабақта алған әсерлеріңізді жүректеріңізге сақтап алыңыздар. Сабаққа қатысқандарыңызға рахмет! Сау болыңыздар.