Өзін өзі тану сабағының жоспары Сынып:
Мектеп: Мерзімі: № 6-7-сабақтар
Сабақтың тақырыбы: Сыр мен сымбат
Құндылық: Ақиқат
Қасиеттер: Шындық, ақиқат, шыншылдық
Мұғалім: Оқушылар саны:
Міндеттері: Оқушыларды адамның ішкі жан дүниесіне үңіле білуге,жақсы мен жаманды ажырата алуға үйрету;
Оқушыларды сыртқы сұлулықты дұрыс түсіне білуге,сыр мен сымбатты бағалай білуге тәрбиелеу.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Тыныштық сәті.
Жайлы, баяу музыка қойылады.
Нұрға бөлену.
Ыңғайланып отырыңыздар,денелеріңізді түзу ұстаңыздар.Аяқ- қолыңызды айқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады.Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.Елестетіп көріңіз:Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады.кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан.Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді.Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды,әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек -қалауыңызды шайып,жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын еслестетіңіз.Ол біртіндеп күшейе тусуде,оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп,сәуле шашуда.Қолымыз тек жақсы,ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарыңызға тарады.Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда.Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды.Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға,тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы,ізгі сөздер ғана айтады.Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз,құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді.Нұр көздерімізге де жетті,көзіміз тек жақсыға қарап,бәрінен жақсылықты ғана көреді.Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп,басыңызға тек ізгі,сәулелі ой келеді.Нұр бірте- бірте қарқынмен шұғылана бастайды,сіздің денеңізден шығып,жан -жағыңызға сәуле шашады.Осы нұрды туысқандарыңызға,мұғалімдеріңізге,достарыңызға,таныстарыңызға бағыттаңыз.Нұрды уақытша түсініспей,ренжісіп журген адамдарға да бағыттаңыз,олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге:барлық адамдарға,жан- жануарларға,өсімдіктерге,барлық тірі жанға таралсын...Ғаламның барлық түпкір түпкіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз: “Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде...Мен Нұрмын”.
Осындай Нұр,махаббат және тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Үй тапсырмасын тексеру.Жаңа сабаққа алдын ала берілген дайындық жұмысы.
Дәйексөз
Адамның жан дүниесі дүние сұлулығымен,жақсылығымен үндестікте болуы керек,сонда адам рухани да,табиғи да сау болады.
Г.Құрманбай
Оқушылар дәйексөзді дәптерге жазып,мағынасын ашып,өз ойларын жеткізеді.
Әңгімелеу.
Тәңірісі сұлулықтың марал деген ...
О.Бөкей
Ақша қар жапқан аппақ қапталға қайқаң қағып ай мүйізді ақмарал шыға келді. Жай келмеді, секіріп билеп, орғып ойнап шыға келді. Басын әсте жерге салмай, әмәнда асқақ та тәкаппар ұстайтын кербез аң бұл жолы да маңғаз қасқайып тұра қалған. Аппақ қар бетінде бітімі – болмысы, бар келбеті ап-анық нақышталып, сізге қасқайып қарсы қарап тұрған оғаш, жекелеген бұғыны – шаңырақтанған ақ мүйізі сан салалы бұғыны қызықтамауыңыз, таңданбауыңыз тіпті де мүмкін емес. Бұғының осы тұрысын сіз айналайын табиғаттың жылқы туар арда аруына балар ма едіңіз, әлде шалқар әлем көгінде орнатылған табиғат ананың өз ескерткішіне теңер ме едіңіз?
Сөйтер едіңіз. Өйткені көңілінің көгі бар әрбір жанның марал десе елең етері рас. Бірақ ақ мүйізді түз тағысы ғана емес, өзіне де беймәлім, әлдебір тылсым сұлулықтың қиял – елестері және рас. Қазақ жұрты бұғы-маралды сұлулықтың тәңірісі санапты. Сұлу болсын деп есімін Марал, Ақмарал қоятыны бұған дәлел.
Автор маралдың сұлулығын қалай сипаттайды?
Сұлулық адамға ғана тән бе?
Табиғат сұлулығы туралы қандай пікір білдіре аласыңдар?
4.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Бір күн ішінде өз басынан кешкен жақсы көру және жек көру сезімдері туралы есеп жүргізіп, нәтижесін сұрыптап, көңіл-күйіңе әсері туралы тұжырым жасаңыздар.
Топпен ән айту.
Өміріңе немқұрайлы қарама
Сөзі: С.Сейтман
Әні: С.Дәрібаев
Тыңда досым, мен айтайын от тілек,
Дүниеден кетті бай да, өтті бек.
Өміріңе немқұрайлы қарама.
Дәулетіңмен тұрсаң-дағы көк тіреп!
Бақ құсыңды қонған кезде бағала,
Қолда мәңгі тұрмайтын ол шағала.
Кенлсең де, досым қанша шаттыққа,
Өміріңе немқұрайлы қарама.
Тұсау салып, бас тартқызбай көш дара,
Етсе-дағы дұшпан күлкі, дос таба,
Өміріңе немқұрайлы қарама.
Тағдыр желі қары алдыңнан соқса да.
Үй тапсырмасы. “Менің рухани дүнием несімен бай?” тақырыбына эссе жазу.
Соңғы тыныштық сәті.Баяу әуен орындалып тұрады.Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүрегімізге саламыз.Бәріңізгі үлкен рахмет!!!