А.Тажибаев Сырдария 7 сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


49 Бел негізгі мектебі









Ашық сабақ

Тақырыбы: Әбділда Тәжібаев «Сырдария»

7 сынып















Орындаған: Туғанбаева Э.С.













2015-2016 оқу жылы

Ашық сабақ

7-сынып

Сабақтың тақырыбы:Әбділда Тәжібаев «Сырдария»

Сабақтың мақсаты:Оқушыларға Әбділда Тәжібаевтың өмірі мен «Сырдария» өлеңінің мазмұнын, ақынның айтар идеясын оқушыға таныту.

Білімділік:Ақын өлеңіндегі сөз қолданысы мен, көркемдік ерекшелігіне талдау жасау,сыр өңірі туралы мағлұматтар беру.

Дамытушылық:Тарихи әдеби білімдерін кеңейту,шығармашылық, ізденімпаздық,қабілетін дамыту.Өз бетімен жұмыс жасай алуына дағдыландыру.

Тәрбиелік:Отанын,туған жерін,сүюге қадыр-қасиетін сезінуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі:Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: «Ой қозғау»талдау.топпен жұмыс.Деңгейлік тапсырма

Сабақтың көрнекілігі:Храналогиялық кесте,қима қағаз плакат,карта

Пән аралық байланыс:география,қазақ тілі

Сабақтың барысы: 1. Үйымдастыру кезеңі

А)Сабаққа әзірлік

Б)Сабақтың мақсатын айту

2.Үй тапсырмасын сұрау

«Кім жылдам» сұрақ-жауап



1.Қ. Бекхожин қай жылы қай жерде дүниеге келген?

2.Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика бөлімін қай жылы тамамдайды?

3.Қ.Бекхожин қай салада еңбек етеді?

4.Қ.Бекхожин жан-жақты екенін қалай дәлелдейсің?

5.Қ.Бекхожинің поэмалары мен әндері?

6.Әмір Темірді сипаттау

7.Баллада деген терминнің мағыныасы?

Жаңа сабақты ашу

«Толағай» ертегісінен үзінді

Күндердің бір күнінде, бір бала жыл емес күн санап өсіпті.Өз елін жерін құрғақшылықтан қорғау үшін,басын қатерге тігіп,тауды көтеріп, еліне жауын әкеледі.Өзі сол жерде қаза табады.

Қандай ертегі?қай сыныпта өттіңдер?Авторы кім?

(«толағай» Ә.Тәжібаев)

Жаңа сабақ

1-кезең Сабағымыз толқындағы кемедегі тапсырмаларды орындау арқылы өтеді.Қалайда асау толқынға берілмей жағаға шығуымыз қажет.Оқушылар 2-топқа бөлінеді.(Оқушылар өздері 2 топқа бөлініп топ командирін өздері сайлайды)

Кемеге отырып жайғассақ бір –бірімізге сәттілік тлейміз.

Біз Қазақстанның Сырдария өзеңіне кемемен жүзіп келеміз.Әбділда Тәжібаев атамыз «Сырдария» өзенін былай жырлап өткен екен.

Мәнерлеп оқу «Сырдария»

Әбділда Тәжібаев туралы қосымша мәлімет беріп өту .

Әбділда Тәжібаев туралы көптеген жазушылардың пікірлері.

1-деңгей Әбділда Тәжібаевтың өмірінен постер қорғау

1-топ Әбділда Тәжібаев кім? 2-топ Әбділда тәжібаевтың еңбектері өлеңдері ?

2-деңгей

1-тапсырмасы:«Сөздікпен жұмыс»

Гейне-

Рейн-

Тараз Шевченко-

Днепр-

А.С.Пушкин-

Есіл-

2-тапсырмасы: сұрақ-жауап

1.Өлеңнің тақырыбы не жайында?өлеңнің сырдарияға арналуы қай жерден байқалады?

2.Ақын еліне,жеріне деген сүйіспеншілігін қалай білдіреді?Оны қай жолдан байқауға болады?

3.Параллезим дегеніміз не?

4.Ел анасы-менің анам деген жолдың мағынасын қалай түсінесіңдер?

5.Толықтыруды қажет ететін сұрақтар

Ал балалар енді келесі аялдамамыз Сырдырияға құятын өзендерге тоқталамыз. (Сырдарияға құятын өзендерге қысқаша тоқталып өту)

3-деңгей

1-тапсырмасы:Сатылай кешенді талдау:

Авторы

Тақырыбы:

Идеясы:

Жанр түрі:

Лирикасы:

Шумақ саны:

Бунақ саны:

Буын саны:

Ұйқас түрі:

Эпитет:

Метафара:

Кейіптеу:

2-тапсырмасы:Тест (ия, жоқ)

Ал балалар біз кемеден түсіп Сырдария өзенінен алған әсерімізді ауызша жеткізейік.

Бекіту кезеңі: Сұрақ-жауап

Үй тапсырмасы:

1.«Сенің туған жерің қандай»-деген тақырыпқа шығарма жазу

2. Өлеңді жатқа айту

Бағалау кезеңі

1-тап

2-ұпай

1-тап

2-ұпай

2-тап

2-ұпай

1-тап

3-ұпай

2-тап

3-ұпай

























«8-10»ұпай-3 «10-11»ұпай-4 «12»ұпай-5