Мұғалім: Қожасагитова Г. Д. қазақ тілі: 8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Қостанай қаласы. Күрделі сөздер.
Сабақтың мақсаты: оқушыларды өз бетінше білім алуға үйрету;
Міндеттері:а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып, күрделі сөзердің түрлерін қайталау, сауатты жазуға және сөйлеуге үйрету;
ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту, қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын қалыптастыру;
б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, суреттер.
Күтілетін нәтиже: күрделі сөздердің түрлерін меңгеру, Қостанай қаласы жөнінде өз пікірін айта білу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу
«Шаттық шеңбер» ойынынан бастаймыз. Әр оқушы өз көніл-күйі туралы атып береді.
Ортаға шығып, үлкен шеңбер жасаймыз. Балалар, сендердің көңіл-күйлерің қандай?
«Шаттық шеңбер» ойыны
1. Менің көңіл-күйім көтеріңкі, себебі Жаңа жыл мерекесі келе жатыр.
2. Менің көңіл-күйім керемет, себебі қысқы демалыста
Астана қаласына барамын.
3. Менің көңіл-күйім өте жақсы, себебі мен отбасымен бірге Жаңа жыл мерекесін Қостанай қаласында тойлаймын.
4. Менің көңіл-күйім тамаша, себебі мен 2 тоқсанды 4 пен 5 –ке бітіремін.
5.Менің көңіл-күйім жайдарлы, себебі Жаңа жылға бізге қонаққа туыстарымыз келеді.
6.Менің көңіл-күйім ашық-жарқын, себебі мен бауырларыма Жаңа жылға сыйлық дайындап қойдым.
Суретке қарап, сабақтың тақырыбын анықтап аламыз. Ең соңғы бізде қандай грамматикалық тақырып болды? Күрделі сөздер
Жеке жұмыс: Әр топтан бір оқушы жеке жұмыс орындайды.
Нашар оқитын балаға – Теміртау, БҰҰ, Көкшетау қаласы, әп-әдемі, ата-ана, Ақтау сөздерінің түрлерін анықтау.
Жақсы оқитын балаға- Көкшетау сөзіне морфологиялық талдау жасау.
Үздік оқитын балаға –«Көкшетау қаласы Қазақстанның солтүстігінде орналасқан» сөйлеміне синтаксистік талдау жасау.
Тақтада жазылған тапсырмаларды тексеріп алайық!
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Үйге қандай тапсырма берілді?
1 топ-«Көкшетау» деген мәтін бойынша тірек сызба құрастыру, мазмұн айту.
2 топ- мәтін бойынша сұхбат. 3 топ- тақпақты жатқа білу.
Үй тасырмасын тексекруге 5 минут уақыт беріледі. Сендер бір-бірін тексеріп, бағалау парағына баға қоясыңдар.
Ойындар
1 топ- «Екі шын және бір өтірік»
Астана Есіл өзенінің бойында орналасқан.
Астанада Медео мұзайдыны бар.
Астананың бұрынғы аттары-Целиноград және Ақмола.
2 топ- «Сөзден сөз» Ақтау сөзінен бірінші әріптерді алып сөз құрастыру. Атырау, Қарағанды, Тараз, Алматы,
3 топ- «Не артық?» Қостанай, Мәскеу, Челябі, Омбы
Біз қай облыста тұрамыз? Облыс орталығы қай қала?
Қазір музыкалық үзіліс. Ақылбек Шаяхметовтың өлеңіне ән жазылған. Құрманов Арыстанмен бірге «Қостанай-еркін елім-ай» деген әнін айтайық! Қостанай деген атауы қайдан шыққанын аңыздан біліп алайық!
ІІІ. Жаңа сабақ: Мәтінмен танысу
19 ғасырдың аяғында Қостанай қаласының шығу тарихы туралы қазақ арасында аңыз пайда болған. Бір кедейдің Қос және Танай деген екі қызы болыпты. Кедей күні-түні байға қызмет етіпті. Бірде бай жерінен қуып жібереді. Ол екі қызымен Тобыл өзенінің жағасына қоныс аударыпты. Жаздың бір күні Қос және Танай өзен жағасында ойнап жүріп, суға кетіп қайтыс болады. Міне, осы екі қыздың құрметіне осы жерді Қостанай деп атап кеткен екен.
Мына мәтіннен не біліп алдық?
Амерханов Тимур дайындаған бейне материалды мұқият қарап, көргенін айтасыңдар. Қостанайда не бар?
«Март ортылығы» , Орыс драма театры, Қазақ драма театры, Қазақ- француз орталығы, Орталық әмбебап дүкені, унивирситет.
Тақтаға сөздерді іліп қойыңдар.
Оқулықпен жұмыс 155 бет
3 топ – мәтіндегі жаңа сөдерді аударыңдар
Іргесі- ауылшаруашылық-
Жайғасты- ғылыми-жобалау мекемелері -
өнеркәсіп өнімдері- мүсін-
Күрделі сөздер теріп, олардың түрлерін анықтаңдар.
Ново –Николаевск- қосарлама ержүрек-бірікен
ауылшаруашылық – біріккен өнеркәсіп- бірікен
ғылыми – жобалау мекемелері солтүстік-батыс- қосарлама
Оқушылардың істеген жұмысы ұнады ма? Жауабы ұнаса-
көңілді баланың суретін көрсету , ұнамаса- көңілсіз баланың суретін көрсету. Жаңа сөдерді сөздікке көшіріп алу.
2 топ – Сұрақтар құрастырып жауап беріңдер.
1. Қостанай қаласы қай облысының орталығы?
2.Оның іргесі қай жылы қаланған?
3.1879 жылы бірінші неше адам қоныс аударған?
4. Қаланың бұрынғы аты қалай?
5. Қазіргі кезде қандай өнеркәсіп орындары бар?
6. Қалада не салынған?
7. Қостанайда кімдердің мүсіндері қойылған?
8. Қостанай қаласы саған ұнай ма?
Оқушылардың істеген жұмысы ұнады ма?. Ұнаса, көңілді баланың суретін көрсету, ұнамаса, көңілсіз баланың суретін көрсету.
1 топ- тірек сызба құрастырып, мәтін бойынша мазмұн айтып бересіңдер.
Тобыл өзені 1879 жылы Ново-Николаевск
1000 астам 1936 жылдан
салынған мүсіндері қойылған өнеркәсіп орындары
Дайындалуға 7 минут. Әр топ қағазға жазып, тақтаға іліп қояды. Тақтаға шығып қорғайды. Оқушылардың істеген жұмысы ұнады ма? Ұнаса, көңілді баланың суретін көрсетесіңдер, ұнамаса,көңілсіз баланың суретін көрсетесіңдер.
ІV. Бекіту кезеңі Сұрақтар қою арқылы білімдерін бекіту. Топта Қостанай туралы бір-біріне сұрақтар қойып, жауап бересіңдер. 5 минут
VІ. Сабақты қорытындылау. Қандай көркем!
Қандай сұлу!
Қостанай қаласы!
Мына менің айтқан сөзімен сендер келісесіңдер ме?
Қостанай туралы эссе жазу. Жұмыс дәптерлеріне эссе жазыңдар.
Қостанай –...., ...., ...... қала. Қалада .......,....,....., ......., ...бар. Мен ...... ........ ....., .... , ...... барамын . Биыл Қостанай қаласына ..... жыл толды. Маған Қостанай қаласы ......, себебі онда көрікті жерлер өте көп.
Жазған өз шығармаларыңды тексеріп, баға қойыңдар! Бір-бірін бағалау. Кім қандай баға алды?
V. Үй тапсырмасы:1 топ- мазмұн айтып келу, 2 топ – сұхбат, 3 топ- 157 бет мәтінді жазып аудару.