Разработка по казахской литературе на тему Ж.Жабаев Алғадай туралы әрбір ой, Атаның әлдиіөлеңдері 7 класс

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сынып: 7 Пәні : әдебиет

Сабақтың тақырыбы: Жамбыл Жабаев

«Алғадай туралы әрбір ой»

Сабақтың мақсаты: «Атаның әлдиі» өлеңдері

Білімділік- Ж.Жабаев туралы алған білімдерін тереңдету,өлеңдерінің тақырыбы мен идеясын ашу.

Дамытушылық -  Ж.Жабаевтың өлеңдерін оқыта отырып, оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету, ойлау шеберлігін, сөйлеу, жазу мәдениетін дамыту.

Тәрбиелік - оқушылардың бойында өз еліне, тіліне деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу.


Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: СТО,сұрақ-жауап, талдау,мәнерлеп оқу.

Сабақтың көрнекілігі: Жамбылдың суреті,слайд,плакаттар

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

1.оқушылармен сәлемдесу,түгендеу

2.назарын сабаққа аудару,топқа бөлу

ІІ.Үй тапсырмасы

«Алма жинау» әдісімен сұрау

1.Жамбыл ақын қай жылы дүниеге келген?

2.Жамбылдың туған жері

3.Ақынның балалық шағы туралы айт

4.Ақынның «Патша әмірі тарылды», «Зілді бұйрық» өлеңдері не туралы?

5.Ұлы отан соғысы жылдарында жауынгерлерді жігерлендірген өлеңі?

6.1936-1945 жылдар аралығында жазған көлемді шығармалары?

7.Ақынның балаларға арнаған шығармалары?

8.Екі ғасырдың куәсі,қазақтың гомері атанған ақын?

9. «Аттандыру» өлеңі не туралы?

10.Сүйінбай мен Жамбыл жақындастығы туралы айт

11.Ауыз әдебиеті үлгілерінен қоштасу, бата туралы айт

12.Әдебиет теориясынан арнаудың түрлері туралы айт

«Аттандыру» өлеңін жатқа айту


ІІІ. Жаңа сабақ


Бейнесюжет.

Оқушыларға сұрақтар:

  • Соғыс қашан басталды, қашан аяқталды?

  • Соғысқа қатысқан жауынгерлер туралы не білесіңдер?

«Тұжырымдама» кестесі

Соғыс адамзатқа қандай зардап әкелді?

Соғысқа қарсы нелер, қандай күштер жасақталды?

Соғыста жауынгерлер қандай ерліктер көрсетті?

Бомба тасталды, оқ атылды, еріксіз әскерге аттанды, ел ерсіз қалды. Қала, ауыл қирады, қырғын болды,

Әскер қатары күшейтілді,білікті мамандар жинастырылды. Оқ-дәрі, киім-кешек,мініс ат, т.б.жіберілді.

Қажырлық, табандылық, достық, бірлік, отансүйгіштік, әдіс-айла

 

Сондай шығармасының бірі – соғыс жылдарындағы Жамбылдың аса бір әсерлі өлеңдері – баласы Алғадайды майданға аттандырғанда және Алғадай ерлікпен қаза болғанда айтқандары. «Алғадай туралы әрбір ой» өлеңі ауыз әдебиеті үлгісінде, терең философиялық мәнде туған.

Өлеңді мәнерлеп оқу, 3-оқушыға оқыту

1.Өлеңге түсінік беру

2.Өлеңдегі ақынның көңіл-күйіне тоқталу

3.Сөздікпен жұмыс

көзел- көпті көрген,сұңғыла

кәріп- жалғыздықтан жапа шеккен

жаба- жылқының жаман тұқымы

мүрде-өлген адамның денесі

Өлең жоқтау сарынымен жазылған.Жоқтау ауыз әдебиетінің бір үлгісі

Өлеңді әнімен бейнетаспада тыңдау

«Атаның әлдиі» өлеңімен таныстыру,өлеңге түсінік беру


Немересі Қуаныш Алғадаевтың үзіндісін оқу.

Әкем Алғадай соғысқа аттанғанда мен іште қалған баламын.Үкімет басшылары атама әкемнің қазасын естірткенде енді тәй-тәй басып жүрген екі жарым жаста екенмін. Осы бір төтеннен келген хабар атама аса ауыр тиіп, бас көтере алмай қалған. Сонда бір қамкөңіл сәтінде:

Ей Қуаныш, Қуаныш,

Сені етейін жұбаныш,

Алғадайым өлгелі

Б оп кетіп ем жылағыш,-

Деп мені алданыш етіп отырады екен. Әкемнен жастай қалсам да жетімдік көргенім жоқ. Тезекбай көкем бауырына басты. Тәрбиесін алдым, өнегесін көрдім.


ІV.Сабақты бекіту

1. Өлеңді сатылай кешенді талдау. 3-топ орындайды

Авторы

Тақырыбы

идеясы

жанр түрі

шумақ

тармақ

бунақ

буын

ұйқас

2. «Аттандыру», «Алғадай туралы әрбір ой» өлеңдеріне ортақ кейіпкер-Алғадай бейнесін құрастыру

3.Венн диаграммасы

Махамбет ақынның жоқтау белгісі кездесетін қандай өлеңі бар?

Махамбеттің «Тарланым» деген досы Исатайды жоқтаған өлеңі бар.

Ақын, жырау

Тақырыбы:

Отанды қорғау

Идеясы: елін-жерін сүюге тәрбиелеу.

Елдікті дәріптеу


Жамбыл

Айтыскер ақын

Жүз жасаған бәйтерек

Ақын, жырау

Тақырыбы:

Отанды қорғау

Идеясы: елін-жерін сүюге тәрбиелеу.

Елдікті дәріптеу

Махамбет

ақын,батыр

42 жас жасаған




Махамбет









V. «Еркін жазу» стратегиясы

(Кейіпкерге хат)

«Береке» тобы – Жамбыл

«Бірлік» тобы - Алғадай

«Ынтымақ» тобы -Қуаныш


VІ. Үйге тапсырма

«Біз соғысты көрген жоқпыз» шығарма жазу

«Алғадай туралы әрбір ой» өлеңді жаттау




VII. Бағалау