Батыс Қазақстан облысы
Теректі ауданы
Подстепный №1 жалпы орта білім беретін мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г. Н. Муканова.
Қазақ сыныбы
Морфология тарауына шолу
Жалпы мақсаты:
Сабақ соңында оқушылар сөз таптарына мысал келтіруді,қолдануды, өзара салыстыруды, жұмыстарын бағалауды орындай алады.
Қазақ тіл білімінің салаларын, сөз таптарын еске түсіре алады.
Нені зерттейтінін, өзіндік ерекшеліктерін ажырата талдауға машықтанады.
Өзара салыстыруды, жұмыстарын бағалауды орындай алады.
Оқу нәтижелері:
Морфология бөлімін нақты игерді, сөз таптарын бір-бірімен салыстыруды, өзіндік ерекшеліктерді айқындауға үйренді
Оқушылар қазақ тіл білімінің салаларын, сөз таптарын еске түсіре алды.
Морфология тарауының басқа саладан өзгеше екендігін түсінді.
Нені зерттейтінін, өзіндік ерекшеліктерін ажырата алды.
Өзара салыстыруды, жұмыстарын бағалауды орындай алды.
Түйінді идеялар:
Морфология тіл білімінің бір саласы екендігі туралы түсінік қалыптасады.
Сөз таптарының әрқайсысының ерекшеліктерін ұғына отырып, орынды пйдалануға үйренеді.
Сабақ кезеңдері:
І. Кіріспе
Уақыты:
5 минут
ІІ. Тұсаукесер
Уақыты:
5 минут
Негізгі бөлім
Уақыты:
25 минут
Қорытынды
Уақыты: 7 минут
Бағалау
Уақыты: 2 минут
Үйге тапсырма
Уақыты: 1 минут
Топтастыру. Берілген сөз: Морфология
(оқушылар тоғыз сөз табын, сөзжасамды, түбір мен қосымшаны жазады.)
Әр топқа өз топтастыруын қорғатамын, басқа топтардағы толықтыруларды енгіздіремін.
Жетекші сұрақтар беремін. /диалогтік оқыту/
Тіл білімінің негізгі салаларын ата?
Әрқайсысының өзіндік ерекшеліктерін атай аламыз ба?
Түбір мен қосышаны қалай ажыратамыз?
Қосымшаның түрлері қандай? / формативті бағалау /қол шапалақ арқылы//
Келесі тапсырма /топтық жұмыс/
1-топ. Төмендегі өлең шумақтарынан негізгі сөз таптарын тап.
Ақ көгершін,көгершін,
Қолғанат құс сен едің.
Бар, кезіп қайт ел үшін
Кең дүниенің көлемін.
Әділеттің құсы деп,
Көз алмастан жолыңнан.
Бақыт болып қоншы деп,
Ұшырамын қолымнан.
2-топ. Мына өлең шумақтарындағы әр сөзді түбір мен қосымшаға ажырат.
Мен қазақпын мың өліп мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тілімен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
3-топ. Суретпен жұмыс. (шылау, одағай, еліктеу сөздерді қатыстырып мәтін құр)
Дарынды балалармен жұмыс
"Менің сыныбым" тақырыбына эссе жазу
Қабілеті төмен оқушымен жұмыс
Сәйкестендіру тапсырмасы
1.Кітап 1. Сын есім
2.Суретті 2. Етістік
3.Бес 3.Одағай
4.Оның 4. Зат есім
5.Оқыды 5. Шылау
6.Қазір 6.Еліктеуіш сөз
7. Сырт-сырт 7.Сан есім
8.ба 8.Есімдік
9. Алақай 9. Үстеу
Интерактивті тақтадан тест тапсырмалары
"Біліміңді байқап көр"
1. Қазақ тілінде неше сөз табы бар?
А) 6 Б)9
Ә) 7 В) 8
2. Оқушы,бала,ана сөздері қай сөз табына жатады?
А) Сан есім Б) Есімдік
Ә) Үстеу В) Зат есім
3. Жалғаудың неше түрі бар?
А) 4 Б) 5
Ә) 3 В) 2
4. Туынды зат есім жұрнағын белгіле.
А) –хана,-паз,-кер
Ә) –лы,-лі,-ды,-ді,-ты,-ті
Б) –шы,-ші,-лық,-ім,-ыс
В) –дай,-дей,-тай,-тей
5. Күрделі зат есімдерді тап.
А) білім,күрек,күйші
Ә) аяқ,ауыл,бала,дала
Б) ана,қала,мектеп
В) ашудас,аяқ-табақ,ауыл-аймақ
6. Не себепті? Қалай? Деген сұрақтар қай сөз таптарына тән?
А) үстеу
Ә)сын есім
Б)сан есім
В)етістік
7. «Қылт-сылт» сөзі қай сөз табына жатады?
А) сан есім
Ә)етістік
Б) есімдік
В)еліктеуіш сөз
8. Мына сөздің қайсысы жіктелмейді?
А) дәрігер
Ә)боран
Б)ұнатты
В)ақылды
9. Жинақтау сан есімді тап.
А) үш-үштен
Ә)жиырма бес
Б)бесеу
В)қырық-елудей
10. «Жарқыра» қайдай сөз?
А)сын есім
Ә)еліктеу сөз
Б)туынды етістік
В) туынды есім сөз
1. өзін-өзі бағалау
2.Топты бағалау «2 жұлдыз, 1 ұсыныс» қағидаты
Морфология тарауын қайталау
«Кітап-білім бұлағы» тақырыбында ой толғау жазу.
Дереккөздер:
1. 7-сынып оқулығы, Авторлары: С.Исаев, Г.Қосымова 2007, Астана
2. Оқыту әдістемесі,
3. Дидактикалық материалдар /зат есім тақырыбына/
4. Электронды оқулық 7- сынып
5. А.Ысқақов "Қазіргі қазақ тілі" /Зат есім тарауы б/ша/