Әдебиет көшбасшысы
Қазақ тілі мен әдебиетінен біліім тексеруге арналған зияткерлік телеойын түріндегі сабақ.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:қазақ тілі мен әдебиетінен өтіілген материалдарды меңгергенін тексере отырыып,білім білік дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік:ана тілін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу, ізденімпаздыққа баулу.
Дамытушылық: оқулық және қосымша материалдар деректерін тиімді пайдаланып,ғылыми танымдық әрекеттерін жетілдіру.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, ағылшын тілі
Сабақтың жабдықталуы: «Әдебиет көшбасшысы», шарлар,тоғыз жұмбақ.
Сабақтың барысы:
Екі сыныптан әдебиетке бейім алты оқушы іріктелініп алынады.
Ол оқушылар таныстырылады.
Сабақ шарты оқушыларға таныстырылады.
1 тур «Бәйге»
Бұл турда « сұрақ беріледі.Мен сұрақты оқимын, білетіндердің қолдарыңдағы жалаушаны көтересіңдер.
Қазіргі кезде дүние жүзінде шамамен неше тіл бар? (шамамен «)
Әдеби тілдің неше формасы бар? ( ауызша, жазбаша)
Сөздің тура мағынасы деген не? (Сөздің затты я құбылысты атап білдіретін мағынасы)
Деректі зат есім деп қандай зат есімді айтамыз? (көреміз, ұстаймыз)
Мәтін дегенімз не? «байланысу,бірігу»
2 тур « Тіл өнер»
Бұл турда мақал мәтелдер беріледі. Мақалдың ішінен бір сөз жасырынды , сол сөзді оқыған шетел тілінде және орыс тілінде тауып айту керек.
Бірлікті ел бұзылмас. Ел, страна, contry
Татулық табылмас бақыт. Бақыт ,счастье, happiness
Білімдііден шыққан сөз. Сөз, слова, word
Тіліңмен жүгірме біліммен жүгір. Білім , знание ,knoledge
Тас жармаса бас жарады. Тас, камен, stone
Ашу дұшпан, ақыл дос. Ақыл, ума, cleverness
3 тур 9 жұмбақ
Сол жақтағы отыз.
Тұрмыс салт жырларына қандай жырлар жатады. (Бесік жыры,Тұсау кесер, Жар жар)
Ортадағы отыз.
Қой сүйеді баласын «қоңырым» деп
Ештеңені білмеген момыным деп
Сиыр сүйер баласын торпағым деп,
Қараңғыға баспаған қорқағым деп.
Оң жақтағы отыз.
Мұхтар Әуезов ертегілерді қаншаға бөлді? (шыншыл, қиял- ғажайып, хайуанаттар жайлы)
Сол жақтағы қырық.
«Ер Төстік» ертегісі қандай ертегіге жатады. (қиялғажайып)
Ортадағы 40
Дауысты дыбысдеп қандай дыбыстарды айтады?
Оң жақтағы40
«Аяз би» ертегісіндегі кейіпкерлерді атаңдар.
Сол жақтағы 50
Абайдың «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңін жатқа айт.
Оң жақтағы 50
«Толағай » әдеби ертегісінің авторы кім?
Ортадағы 50
Үнді дауыссыздарды атандар.
Ұпайы төмен 4 оқушы кетеді,2оқушы қалады.
4-тур. «Тапқырлық»
Туған жер,өзен –көл,
Қымбатсың сен,сүйем сені.
Сөз тіркестерін қатыстырып екі шумақ өлең құрастыру.(ұпай беріледі)
5-тур. «Жорға»
Екі нұсқада тест сұрақтары беріледі .(ұпайы жоғары оқушы тандайды)
I нұсқа
1.Тілдің қатысына қарай дауысты дыбыстар негеше бөлінеді?
2.Еріндік дауыстыларды ата.
3.Тілімізде неше дауысты дыбыс бар?
4.Ашық буын деп қандай буынды айтамыз?
5.Үндестік заңы нешеге бөлінеді?
6.Буын үндестік заңы нешеге бөлінеді?
7. «Өгіз бен бақа»мысалының авторы кім?
8. «Көксерек» повесінің авторы кім?
9 «Сағындым» өлені кімдікі?
10.Абайдың «Күз» өлеңін жатқа айт.
II нұсқа
1.Жақтың қатысына қарай дауысты дыбыс нешеге бөлінеді?
2.Бітеу буын деп қандай буынның түрін айтамыз?
3.Ілгерінді ықпал деген не?
4.Орфоэпия деген не?
5.Тілімізде неше дауыссыз дыбыс бар?
6. «Тарланым» өлеңінің авторы кім?
7. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін жатқа айт.
8. «Өтеген батыр»дастанының авторы кім?
9. «Саятшы Ораз» шығармасы кімдікі?
10. «Бір адамға» өлеңінің авторы кім?
Ұпайы көп оқушы «Әдебиет көшбасшысы» атанады.
«Әдебиет көшбасшысы» атты білім тексеру сабағын өткізу арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыруға болады,ізденімпаздық қасиетін дамытуға болады.