Открытый урок по казахскому языку: Қоршаған ортаны қорғау (8 класс)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтың тақырыбы: Қоршаған ортаны қорғау

Альмишева Ляззат Шайзаевна

Жезқазған қаласы № 3 ЖОББМ

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 8

Сабақтың мақсаты: мәтіннің мазмұнын білу, мәтінге сұрақтар құрастыру, табиғаттағы құбылыстар туралы жан-жақты мәлімет алу, алған білмдерін күнделікті өмірде пайдалана білу, қоршаған ортаны қорғау керек, табиғатты аялау керек деген ой-пікір айта білу.

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап әдісі, көрнекілікпен жұмыс, мәнерлеп оқу, аудару, баяндау, жаттығу, жинақтау, интерактив әдісі, жеке оқушымен жұмыс.

Көрнекілік құралдар: слайд-шоу, интерактивті тақта, маркер, флипчарт, суреттер, қайшы, желім.

Сабақтың түрі: ашық сабақ

Пәнаралық байланыс: табиғаттану, георгафия

Жаңа технологияны қолдану: сын тұрғысынан ойлау мен жазу стратегиялары

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

- Сәлемдесу

ІІ. Оқушыларды топқа бөлу. Топтың ережесін қайталау.

1. Тыңдай білейік.

2. Әрбір қатысушы өз пікірін келтіруі керек

3. Жеке бастың қасиеттері сыналмай, тек пікірлері ғана сыналады.

4. Біреу сөйлегенде, оның сөзін бөлмейік.

5. Басқалардың пікірлерін сыйлайық.

6. Бірлесе жұмыс жасауға ұмтылайық.

7. Жанжалдарды болдырмауға ұмтылайық!

Г.Р. Үй жұмысын тексеру: Пікірлесейік.

1. Қазақстанның басты аймақтары?

2. Қазақстанның ірі қалалары?

3. Қазақстанның өзен-көлдері?

4. Қазақстанның таулары?

5. Қазақстанның қорықтары?

6. Қазақстанның ұлттық саябақтары?

- Балалар, сонымен бүгін біздің сабақтың тақырыбын кім айтады?

Оқушылар өздеріне сабақтың мақсатын қояды:

І топ: 1-2 оқушы мақсатын айтады;

ІІ топ: 1-2 оқушы сабақтың мақсатын айтады;

ІІІ топ: 1-2 оқушы сабақтың мақсатын айтады

Топпен жұмыс. Сөздікпен жұмыс: «Ойлан-жұптас-бөліс».

сүт қоректі-млекопитающие

арнайы кітап-специальная книга

өсімдік-растение

халықаралық-международный

құрып бара жатқан-исчезающие

сиреп бара жатқан-встречающие

Оқушылар бір-бірін кесте арқылы бағалайды.

Стратегия: «Своя игра». Мәтінмен жұмыс. Флипчартпен жұмыс /мұғалім әр топқа флипчарт таратады/.

І топ: мәтіннің бірінші бөлімін аударады: «Қоршаған орта».

Табиғат-халық қазынасы. Табиғат бізді қоршаған орта, ауа, су, құстар, адамадр, байлықтың көзі. Біздің еліміздің табиғаты бай. Сондықтан біз оның байлығын пайдалана отырып, қорғай білуіміз қажет. Қазақсстан Республикасы Ата заңының 38-бабында «Қазақстан Республикасының азаматтар табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарын ұқыпты қарауға міндетті» деп көрсетілген. Осыған байланысты 1966 жылы біздің елімізде «Халықаралық табиғат қорғау қоғамы» құрылды. Оның басты мақсаты-саны сиреп, құрып бара жатқан аң, құстарды, өсімдікті қамқорлыққа алып, арнайы кітапқа тіреку.

ІІ топ: мәтіннің екінші бөлімін аудару.

Мұндай кітапты «Қызыл кітап деп атайды. Оның қызыл және сары парақтары бар. Қызыл парағына құрып бара жатқан, сары парағына саны аз аң, құстар мен өсімдіктер жазылады. 1974 жылы ашылған «Қызыл кітапта» сүт қоректі жануарлардың 62 түрі тіркелді. Соның ішінде Қазақстанда тіршілік ететін 7 сүт қоректі жануар және 23 құстың түрі бар. «Адамдар табиғатсыз күні жоқ-табиғаттың оны айтар тілі жоқ» деп ақын жырлағандай, адам да табиғаттың бір баласы. Табиғатты қорғау қажет, өйткені біз таза ауамен демаламыз.

ІІІ топ: мәттін бойынша сұраққа жауап беру:

-Қандай кітапты «Қызыл кітап» деп атайды?

-Табиғат құбылыстарын тіркеу кітабы?

-Сиреп бара жатқан жан-жануарларды тіреку кітабы?

-Экологиялық апаттарды тіркеу кітабы?

-Табиғат байлықтарын тіркеу кітабы?

-Пайдалы қазбаларды тіркеу кітабы?

Оқушылар бір-бірін кесте бойынша бағалайды.

Совместное обучение: Разноуровневые задания к тексту. Деңгейлік тапсырмалар: «Ойлан, тап».

І топ: Дала ....................болмайды.

Орман .................болмайды.

Өлкенің көркі ...............болар.

Өзеннің көркі ..................болар.

Жердің көркі-

...................., .............., бұлағы.

Елдің көркі-

.............., ..............., тұрағы.

Керекті сөздер: малсыз, аңсыз, қала, мал, тал, қыстақ, орман, тоғай.

ІІ топ: Жақшадағы сын есімдерді аударып, сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.

Қоршаған ортаның ауасы (чистый).

Таулы жердің бұлақ суы (прекрасный).

Ағаш басындағы құстардың ұясы (большой) .

Табиғат аясындағы демалыс (интересный).

Табиғаттың берер байлығы ( много)

ІІІ топ: Граматикалық кезең:

Салалас құрмалас сөйлем деген не?

Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері


Рефлексия: БББ кестесі


Үй жұмысы: эссе «Қоршаған ортаны қорғау».