Тәрбие сағатының тақырыбы: «Менің Отаным –тәуелсіз Қазақстан»
Мақсаты: Оқушыларды Отанын, елін, табиғатын, жерін құрметтеп аялау-ға , ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Еліміздің рәміздерін қастерлеп, елімізді мақтан тұтуға , туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық сезімін ояту;
Дамытушылық: Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата - бабаларымыздың өнгеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, атамекенін сақтай білуге тәрбиелеу;
Тәрбиелік: Шығармашылықпен жұмыс жасап, мәнерлеп өлең оқып, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту.
Көрнекілігі: Елбасы суреті, Қазақстан Республикасының картасы, рәміздер, авторларының суреттері, қанатты сөздер, Астана қаласына байланысты суреттер.
Барысы:
Жүргізушінің сөзі:
Құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар! «Менің Отаным - тәуелсіз Қазақстан» атты тақырыбымен «Қазақстанның 25 жылдығына» арналған тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.
кезең . «Шашу» биі /қыздардың орындауында/.
кезең.
Жүргізуші:
Өлең -сөздің патшасы, сөз-сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп тегіс жұмыр келсін айналасы- деп жырлаған Абай атамыз. Туған жер, Отан, қазақ елі туралы жаттаған өлеңдер легі. (Мұқағали Мақатаев шығармашылығынан)
Жүргізуші:
Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім қайта өлмеске,
Айта бергім келеді, айта бергім.
Ұлдардың орындауында «Атамекен» әні.
Жүргізуші:
Елімнің атын айтсам- Қазақстан!
Жерімнің атын айтсам – Қазақстан!
Қойнауы қазынаға толған мекен,
Байлығын атын айтсам- Қазақстан!
Назарларыңызға Дулат Исабековтің «Әпке» драмасынан үзінді тамашалауға ұсынамыз.
Көрініс «Әпке» Д.Исабеков / көрініс 8- сынып қазақ әдебиеті оқулығынан ықшамдалған үзіндіден ықшамдалып алынды/.
Автор/Гүлназ/: Д. Исабековтің шығармашылығымен таныстырып өтеді.
Қатынасушылар:
Қамажай – Әсем
Омар /інісі/ - Медет
Темірбек /Тимур/ - Нұрбек
Нәзила /Наз/- Ділназ
Гауһар – Айдана
Кәмила- Сабина
Сұлтан- Аким
Сұлухан – Айжан
Көрші әйел – Фарида.
Жүргізуші: Тәуелсіздік- ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздік- қазақ халқының бостандықты аңсаған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды. Міне, сол тәуелсіздікке 25 жыл толып отыр. Бүгін Қазақстан әлем назарында. Бұл – қазақ хылқының сан гасырлық асыл арманы еді.
Марлен – М. Мақатаев «Қазақстан».
Еркеғали – М.Мақатаев
Тұрар – «Қазақстан»
Фарида- Әбу Сарсенбаев «Туған жер».
Бекболат-
Жүргізуші: Тәуелсіздік, тәуелсіздік- жыр-әнім,
Ел іргесі берік болсын ұраным,
Тәуелсіздік- өзіңді еркін сезіну,
Салт- дәстүрім- қолдан түспес құралым.
Тәуелсіздік!
Не деп оны түсінем?
Тәуелсіздік - ар – ожданың кісілік.
Адамға адам жолдас, бауыр, туыс боп,
Ел жұртыңның алма құнын түсіріп,
Тәуелсіздік- менің байтақ Отаным,
Бір өзіңсің Мұхтар,Абай, Шоқаным.
Тәуелсіздік- сәбилердің шаттығы,
Тәуелсіздік, тәуелсіздік – жыр-әнім,
Көк байрағым, Елтаңба, Әнұраным.
Атыңнан айналайын Тәуелсіздік,
Қолда елімді қасиетті Құраным.
«Қазақша би» қыздардың орындауында.
Жүргізуші:
Көк аспандай көгілдір
Қазақстан байрағы.
Тұрса күндей төгіп нұр
Жылдарымыз жайдары.
Көк байрақтың бетінде
Қыран бүркіт қанатты.
Сол қырандай еркіндеп
Бала өседі талапты.
Оқушылардың орындауында «Көк тудың желбірегені» хор.