Пәні:Қазақ әдебиеті | Сынып: 9 | Күні:13.01.2016 |
Сабақтың тақырыбы: | Шал ақын (Тілеуке Құлекеұлы) «Ата-ананың қадірін», «Бұл дүниенің мысалы» өлеңі |
Сабақтың мақсаты:
| 1 . Блум жүйесі арқылы Шал ақын (Тілеуке Құлекеұлы) шығармаларының тақырыптық-идеялық өзектілігін тану, білу. 2. Ақынның жырларын оқу,мазмұнын түсіну, ақын поэзиясының құндылығын үғыну. 3. Ақын жайында қосымша материалдарды сұрыптай отырып қорытынды жасау |
Күтілетін нәтиже: | 1. Блум жүйесі арқылы Шал ақын (Тілеуке Құлекеұлы) шығармаларының тақырыптық-идеялық өзектілігін таниды және біледі. 2. Ақынның жырларын оқиды,,мазмұнын түсінеді, ақын поэзиясының құндылығын үғынады. 3. Ақын жайында қосымша материалдарды сұрыптай отырып қорытынды жасайды. |
Негізгі идеялар:
| Оқушылар Шал ақын (Тілеуке Құлекеұлы) өмірі және шығармашылығымен таныса отырып, адамгершілік құнды қасиет екенін ұғынады, ізденімпаздық қасиеттері қалыптасады, шығармашылық белсенділіктері шыңдалады, өнерді қастерлей білуге дағдыланады. |
Уақыт мин | Тапсырмалар | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
3 | Ұйымдастыру кезеңі «Шаттық шеңбері» | Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу. | Сәлемдесу. |
|
|
Мақалдың сөздері жазылған қима қағаздарын таратамын. Мақалдың мазмұнына қарай «Ізденушілер», «Қолданушылар», «Зерттеушілер» деп топқа бөлемін. | Қима қағаздарға жазылған сөздерден мақал құрастыру арқылы 3 топқа бөлінеді. | Қол шапалақтау арқылы мадақтау | Қағаз қиындылары |
5 | «Зымыран сұрақтар»
| «Зымыран сұрақтар» арқылы үй тапсырмасын пысықтаймын.
| «Зымыран сұрақтарға» жауап беру арқылы үй тапсырмасын пысықтайды. | Мадақтау, формативті бағалау | слайдтар
|
3 | Тұсаукесер Ой шақыру | «Ән-жұмбақ» М.Беспаевтің «Шал ақынның термесін» тыңдатамын. Әнге қатысты сұрақтар қоямын. | Ән-жұмбақты тыңдап, әнді орындаушыны тауып, орындалған шығарманың терме екенін табады. | формативті бағалау | үнтаспа
|
2 | Жаңа сабақ Бойтұмар
| Жаңа сабақтың бойтұмары: «Шежірелі қартың болса, Қағазға жазған хатың деген, Қарттың өзі кітапқа жақын»- деп, жырлаған Шал ақын туралы қоғам қайраткері, ақын К.Салықов пен ф.ғ.д., профессор Ө.Күмісбаевтың зерттеу еңбектері жайында ақпарат беремін. «Ата-ананың қадірі», «Бұл дүниенің мысалы» өлеңдерін үнтаспадан тыңдатамын. | Шал ақын өмірі мен шығармашылығына шолу жасайды.
«Ата-ананың қадірі», «Бұл дүниенің мысалы» өлеңдерін мұқият тыңдап,өлең мазмұнына көңіл бөледі. | формативті бағалау
| Элек.оқулық Ин.тақтасы маркер, плакат |
10 | Мағынаны тану. «Джигсо» әдісі.
| Джигсо әдісі арқылы оқушылар топпен жұмыс жасайды. Оқулықтан Шал ақын туралы мәліметтерді, хрестоматиядан өлеңдерін әр топқа бөліп беремін. | 1-топ. Шал ақынның өмірі, суырып салма ақындылығы, толғауларының тәлімдік мәні. 2-топ Ақын шығармашылығындағы асыл қасиеттер. «Ата-ананың қадірі» өлеңі. 3-топ Ақын толғауларындағы философиялық таным және бейнелілік. «Бұл дүниенің мысалы» өлеңі. | формативті бағалау
| Интербелсенді тақта, планшет |
2 | Сергіту сәті | «Көңілді күн» бейнеролигін қоямын. | «Көңілді күн» бейнеролигін тамашалап, дене қимылдарын қайталайды. | Мадақтау формативті бағалау | Интербелсенді тақта, үнтаспа |
10 | Қызығушылықты ояту
| Блум таксаномиясын -білу, -түсіну, -қолдану, -талдау, -топтау, - бағалауды қолдана отырып әр топқа деңгейлік тапсырма беру. Оқушылар берілген тапсырманы постерге түсіріп, қорғайды.
| Білу. 1.Шал ақын (Тілеуке Құлекеұлы) өмірі мен шығармашылығы. 2.Ақынның тұңғыш өлеңінің шығу тарихы Түсіну. Неліктен суырып салма ақын атанған? Қолдану.«Ата- ананың қадірі» өлеңінің идеялық мазмұнын ашып,талдау жасаңдар. Талдау . Адам үшін өмірдегі ең қымбат құндылықтардың қадірі мен қасиетін қалай түсінесіңдер? Топтау. Шал ақын –өз заманының беделді адамы. Шал ақын туралы айтылған ғалымдардың еңбектерін зерттеу арқылы ғылыми гипотеза (болжау) ұсыну. | Мадақтау, формативті бағалау. | Компьютер, интер.тақтасы |
4 | Ой талқы | Бағалау. «Бұл дүниенің мысалы» өлеңінің өзектілігі
| Бағалау. «Бұл дүниенің мысалы» өлеңінің өзектілігі туралы оқушылар өз ойларын, идеяларын, тұжырымдарын дәлеледермен жеткізеді. | мадақтау | оқулық |
3 | Жеке оқушылармен жұмыс | Ақынның шығармаларынан үзінділер оқытамын. | Ақынның шығармаларынан үзінділер оқиды | формативті бағалау | оқулық
|
1
| Бағалау | Бағалау критерийлері бойынша оқушы білімін бағалау | Топ басшылары бағалау парақшаларын толтырып, қорытынды баға шығарады. | формативті бағалау |
Бағалау парақшасы |
Үйге тапсырма | Шал ақынның шығармаларында көтерілген тақырыптар мен мәселелер туралы баяндау Шал ақынның шығармаларындағы нақыл сөздерді жаттау
| Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады. | формативті бағалау |
|
1 | Рефлексия | Сабақ бойынша ойыңды білдір. Қандай жаңа білім алдың? Алған біліміңді қолдана аласың ба? Саған қиындық тудырған түсініктер
| Кері байланыс парақшасын толтырады. | формативті бағалау | Кері байланыс парақшалары |