Мектеп алды даярлық сыныбы Сабақтың тақырыбы: Сабақтың мақсаты:
Көрнекілік: Сабақтың әдісі: Сабақтың түрі:
Оқу іс – әрекетінің барысы:
Тақырыптық ұсыну
Тапсырмалармен жұмыс жүргізу:
Сергіту сәті:
Оқу іс – әрекетін қорытындылау
|
Кел, санайық! 1. 1-ден 10 –ға сандарды қайталау, кері сандарды үйрету. 2. Жапсыру арқылы қол қимылдарын жетілдіру. 3. Достыққа, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Суреттер Аударма, түсіндіру, сұрақ – жауап. Жаңа материалды үйрену.
Сабақтың барысы: 1. Балалармен жылы қарам – қатынас орната отырып, олардың оқу іс – әрекетіне деген көңіл күйінің қалыптасуына баса көңіл аудару. 2. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен танысу.
Жаңа сөздер: Әрбір жаңа тақырып әліппе - дәптерде берілген алғашқы суретке оқушылардың назарын аудару арқылы ұсынымын. Суреттер бойынша тақырып туралы түсінік беремін.
Балаларға 1-ден 10-ға дейінгі сандарды қайталайды. Сандар әртүрлі түспен берілген. Сондықтан сандармен қоса түстерді де еске түсіруге болады. Балаларға кері санды үйретемін. Балалар 10-нан 1-ге дейін санауды үйренеді. Мұғалім «10» санын атаса, балалар «9» санын атау арқылы кері санауға жаттығады. Текшелердегі сандар араласып берілген. Балалар сандарды араласып берілген түрінде атаулары керек. Осыдан кейін балалар үлестірмелі материалмен жұмыс істейді. 4 санының астына 4 текше суретін салады. Балалар, ең алдымен, суретте берілген барлық ойыншықтарды атап шығады. Содан кейін оларды санап, сөз тіркесін құрап айтады: бес ұуыршақ, үш қонжық, т.б.
Секіреміз топ-топ, Шапалақтап көп-көп. Иiлемiз оңға қарай бiр,екi,үш, Иiлемiз солға қарай бiр,екi,үш. Балаларға өлең мазмұнын түсіндіремін. Балалар өлеңді тыңдау, қайталау арқылы есте сақтайды. Өлеңдегі ойыншық атауларын атайды. Балалар берілген орынға өзінің сүйікті ойыншығын салады, оны айтады.
Балалармен оқу іс – әрекеті барысынан алған әсерлері туралы еркін әңгіме жүргізу арқылы сабақты қорытындылаймын. |