9-сынып қазақ әдебиетінен қысқа мерзімді жоспар
03-05.02.2015
Қазақ әдебиеті
45 минут
9-сынып
Сабақ тақырыбы:
тема
Нысанбай жырау. «Кенесары - Наурызбай» дастаны.
Жалпы мақсат:
Нысанбай Жаманқұлұлының өмірбаянын шығармасына негіздей отырып талдау, сөйтіп қайталанбас суреткер екеніне көңіл бөлу, жыраудың өз бейнесін көру үшін шығармасына терең үңілдіру.
Сілтеме:
Нұсқаулық, Қазақ әдебиеті оқулығы,
Оқушылар үшін оқу нәтижелері:
АКТ пайдалана біледі. Топпен жұмыс жасай біледі. Өз бетімен жұмыс жасауға машықтанады. Әр түсінікке өз көзқарасын білдіреді. Оқушылардың сөйлеу мәдениеті қалыптасып, сөздік қоры дамиды.
Негізгі идеялар:
Оқушыны өз бетімен ізденуге бағыттау. Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін арттыру.
Сабақта қолданылатын материалдар:
Жыраулар поэзиясының түрлері, суреттер, демонстрациялық материал, сызбалар, табиғи заттар, видеоролик, үнтаспа.
Оқыту әдістері:
Сын тұрғысынан ойлау, Топтық жұмыс, диалогтық оқыту
Жеке жұмыс
Топтық жұмыс
Жұптық жұмыс
Дерек көздері:
Ғаламтор, қазақ халқының тағдыры мен мұң-зарын жырлаған ақындар шоғырының жинағы (тренинг)
Сөз маржан
Әулие-1)құдай жолын қуып, дін уағыздаушы адам.2)Айтқаны келетін сәуегей адам.. 3) ауыспалы ,қадірлі, қасиетті. 4)ауыспалы бір нәрсенің ең жақсысы, тәуірі, қымбаты.
Мәшһүр –аты әйгілі, даңқты.
Қисса-ауыз әдебиетіне тән сюжетті жыр, дастан.
Түрткі (сұрақ, тапсырма, жағдаят)
Мұғалімнің
іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Бағалау
Білу
Қазақ әдебиеті тарихындағы елеулі тұлғалардың бірі екенін білу
1.Ойға шабуыл: тренинг, топқа бөліну.
«Сіз кітапсыз» Әр бетке ақынның өлеңдерін тізіп жазып қою.
Қазақ әдебиеті тарихының ең бір мазмұны бай кезеңі қай ғасыр екенін білу.
Әр түрлі ақын жазушылардың еңбектерін топтастыру арқылы екі топқа бөліп алу
1.Оқушылар берілген тапсырмалардың жауаптарын ақын жазушылардың тұстарына орналастырады.
Бірінші біткен топтарды
смайликтермен бағалау.
Түсіну
Нысанбай Жаманқұлұлының өнерінің ерте оянғандығын, өзінен бұрынғы ақын жыраулардың мұраларынан сусындап өскенін түсіну.
Туып өскен жері ақындық өнерді ерекше қастерлеген аймақ болғанын түсініп талдау.
2. Оқулықтағы тапсырмалар:
Сұрақтар тізбесіне жауаптар жазу
1. әдебиеттің өкілі Нысанбай жырау.
2..Мәтін бойынша тақырыптарды топқа бөліп оқушыларға бөліп беріп оқыту
Әр оқушы екі топқа барып кітаптағы материалдардан түсінгендерін айтады
Топтың спикері белсенді оқушыларды түртіп отырады.Бағалау парағын толтырады.
Қолдану
Шығармашылық
қабілетін арттыру
а) Жыраудың бізге қалдырған асыл мұрасы – «Кенесары Наурызбай»жыры туралы түсініп оқу
б) Езгіге түскен қазақ халқының тағдыры мен мұң –зарын жырлаған жыраулар шоғырымен бірге болды.
Жырау шығармашылығына өмір сүрген дәуір шындығы арқау болды. 1912 жылы Қазан қаласында Жүсіпбек Шайхисламұлы жинаған жыр нұсқасы «Қисса-и Наурызбай төре қасым уғлы Қасым Абылайханов»деген атпен жарияланды.
Батырлардың психологиялық бейнелері де айшықталып жасалған.
Бейнелерін қағаз бетіне түсіру.
Бағалау парағын толтырады.
Талдау
Оқушылардың ойлау қабілетін,белсенділігін,
құпия сақтауға бейімділігін мейірімділігін және алға қойған мақсатын анықтау
1.Сәйкестендіру тесттері
«Қай топ көп біледі»
Нысанбай жыраудың «Кенесары Наурызбай»жырының тақырыбы мен идеясы туралы ой бөлісу.
Тест құрастыру
Кенесары батыр мен Наурызбай батырдың тарихтағы ролін көрсет.
Нысанбай жыраудың шығармашылық жолын кімдер зерттеді.
1.Сәйкестендіру тестісіне жауап береді
2.Бұл жырдағы көтеріліс туралы ойларынан тестіге жауап береді
Зерттеген ғалымдар тізбесін жасайды.
Х.Досмұхамедұлы, Е.Ысмайылов, Қ.Жұмалиев,
Ә.Қоңыратбаев,
Б.Кенжебаев, Т.Тебегенов
Жинақтау
Жырау шығармашылығы туралы баяндаудың жоспарын құру
Постер құру: Жыраудың жырлары
Әр түрлі сұрақтар арқылы ойлау қабілеттерін дамыту жұмыстарын жасату
Жыраудың қазақ әдебиетіндегі орны туралы не айтасыңдар?
Батырлар туралы екі топ эссе жазады.
Хрестоматиядан «Кенесары Наурызбай» жырын оқып, әдеби талдау жасайды.
Топтық бағалаулар жасау, оны талқылау.
Бағалау
Ойын жинақтау дағдысын қалыптастыру, ізденімпаздыққа бағыттау.
Не білдім? Не қолымнан келеді? Мен үшін жаңалық... Маған қажетті... стратегиялары жазылған күн, жұлдыз, түн формасын толтырады
Маған қажетті... стратегияларымен таныстыра отырып, осы күнгі сабаққа кері байланыс жасаймын
... Маған қажетті... стратегиялары жазылған күн, жұлдыз, түн формасының оң жағына – жырауларды, сол жағына батырлар туралы жырларды орналастырады.
Белсенді оқушыларды бақылап отыру.
Үйге тапсырма
Деңгейлік тапсырмаларды орындап келу