Ана тілі. Буын. Тасымал тақырыбында қазақ тілінен сабақ жоспары

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Астана қаласының Білім басқармасы

Астана қаласы әкімдігінің «Көпбейінді колледжі» МКҚК

[pic]











Ашық сабақтың тақырыбы: Буын, тасымал.

Ана тілі.

Мамандығы: 1201000 – «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану»

Топ: 1 АТТ-115






«Гуманитарлық пәндер» циклдік комиссиясының отырысында қарастырылды

Хаттама № __ «____»_________2015 ж.

ПЦК төрайымы _______ Есенгараева А.К.

Келісілді:

Әдіскер ________Негметжанова Н.З.

Дайындаған: оқытушы Абельдинова Д.К.









Астана - 2015


Оқытушы: Абельдинова Д.К.

Пән: Қазақ тілі

Мамандық, топ: 1201000 – «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану», 1 АТТ-115

Сабақ тақырыбы: Ана тілі.

Тіл материалы: Буын, тасымал.

Күні: 17.09.2015 ж.

Сабақ түрі: аралас сабақ

Оқыту пішімі: дербес тұлғамен және ұжыммен жұмыс

Мақсаттары:

Білімділігі : Білім алушыларға Қазақстан Республикасында тұрып жатқан ұлт өкілдерінің ана тілдері туралы айту, білімдерін толықтыру.

Дамытушылығы : Білім алушылардың тілін жаттықтыру, сөздік қорын дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Тәрбиелік: Білім алушыларды адамгершілікке, ұлтжандылыққа, мемлекеттік тілді, ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу. Оқушылардың ана тілі, қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыру, логикалық ойларын дамыту.

Оқыту әдістері: баяндау, сұрақ-жауап, жобалап оқыту технологиясының элементтері, функционалдық-коммуникативтік оқыту технологиясыныңың элементтері (функционалдық-семантикалық кесте)

Құрал-жабдықтар: интерактивтік тақта, компьютер, электронды мәтін нұсқасы, прези бағдарламасында презентация, ребус, А4 парақтар

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, тарих

Уақыт мөлшері: 45 минут


Әдебиеттер тізімі:

Негізгі:

1.Ш.Бектуров,А.Бектурова.Қазақ тілі-Алматы:Атамұра,2006

2.М.Шәбжантайқызы.Ана тілім азығым,адастырмас қазығым.Көкшетау,2002

3. Н.Оразақынова,Н.Әміреев,Н.Сапақова.қазақ тілі сөз мәдениеті-Алматы:Мектеп,2006

4. Ж.Адамбаева.,Ф.Оразбаева.,Қ.Оңалбаева.Қазақ тілі-Алматы;Мектеп,2007

5.Б.Құлмағамбетова,У.Туребекова,Г.Ибраева,Қазақ тілі-Алматы:Мектеп-2007

6.С.Дүйсебаев,Г.Байтілеуова.Қазақ тілі-Алматы:Мектеп,2007


Қосымша:

1.Н.Оралбаева,Х.Есенов,К.Хайруллина.Изучаем казахский язык-Алматы:Мектеп-1999

2.Н.Беріков.Қазақ тілі сабақтары-Ақтөбе;Ана тілі,1994

3.Б.Құлмағамбетова,Ж.Елемесова,Қазақ тілін үйренушілерге көмек

4.Г.Байжанова,А.Маймақова,Іс жүргізу –Астана;Фолиант-2007

5.С.Кенжеахметұлы.Жеті қазына-Алматы:Ана тілі,1997

6.С.Қалиева,М.Оразаев,М.Смайылова.Қазақ халқының салт-дәстүрлері-Алматы:Рауан-1994


Сабақ барысы


І. Ұйымдастыру кезеңі

а) Релаксация (Балаларды сабаққа психологиялық дайындау).

- Сәлеметсіздерме, балалар!

- Отырыңдар.

ә) Кезекші рапорты.

- Сыныпта кім кезекші?

- Бүгін нешесі, қай ай, жыл?

- Аптаның қай күні?

- Ауа райы қандай?


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

- Үйге қандай тапсырма берілді?

- Қане, кім бірінші болып жауап бергісі келеді?

- Жақсы!


ІІІ. Жаңа тақырыпты жеткізу

1. Қызығушылық ояту кезеңі

а) ребус шешу

- Балалар, араларыңда ребус шешуді ұнататындар бар ма?

- Екеуің мына жерге келіп, ребустың шешуін тауып көріңдер. (шешуі: ана тілі)

ә) 1. Тіл дамыту

- Ал қалғандарымыз Кім жылдам, кім шапшаң, кім ұтқыр екенін байқап көрейік. Сұрақты мен бастаймын, әрі қарай жауап бере отырып, келесіге сұрақты өздерің қоясыңдар. Егер жауап болмаса көршілес адам жауап беруге болады.

  1. Сіздің ұлтыңыз кім?

  2. Ана тіліңіз қандай тіл?

  3. Ана тіліңізді кімнен үйрендіңіз?

  4. Ана тіліңізде жақсы сөйлейсіз бе?

  5. Қандай тілдер білесіз?

  6. Қандай тілді үйренгіңіз келеді?

  7. Ана тіліңде болашақ бар ма?

  8. ҚР мемлекеттік тілі қай тіл?

  9. Қазақ тіліне қандай мәртебе (статус) берілген?

  10. Мемлекеттік тілде сөйлейсіз бе?


б) топтастыру (Claster) стратегиясы бойынша жұмыс

- ..., ребустың шешуі не болды? Интерактивті тақтаға жазыңыз. Ребустың шешуіне топтастыру жасаңдар.

ана тілі: тарих, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, татулық, достық, әдебиет, Отан, ел


2. Тіл материалы бойынша жұмыс

а) тақырыпты түсіндіру: Буын, екпін.

- Балалар, енді осы сөздерді барлығымыз бірге буынға бөліп көрейік.

- Екпін қай буынға түсті?

- Келесі тапсырманы орындау үшін сіздер мектептен білетін Буын, тасымал деген тақырыптарды еске түсіріп, пысықтап алайық.

(презентация бойынша жаңа тақырыпты түсіндіру.

Мысалы: Тіл - дос - тық - тың ал - тын кө - пі - рі.)

б.б. б.б. б.б. б.б. т.б. б.б. а.б. а.б. а.б.

ә) тақтамен жұмыс

- Балалар, "Тіл - достықтың алтын көпірі" дедік. Өздерің тіл, ана тілі тақырыптарында білетін мақал-мәтелдерің, нақыл сөздерің бар ма?

Тіл – атадан қалған асыл мұра.

Тіл – елдігіміздің іргетасы.

Тіл тұтастығы - ел тұтастығы.

- Дұрыс, олай болса тақтаға шығып жазыңыз. Буын түрлерін ажыратып, екпін қойып жазыңыз.


IV. Оқушылардың өздік жұмысы

1. Шығармашылық жұмыс

- Бүгінгі жаңа тақырыпқа байланысты сіздерге үйде өз ана тілдеріңіз туралы ақпарат жинап келуге тапсырма берілген еді. Кім бастайды?

(студенттердің шығармашылық жұмыстары)

2.Мәтінмен жұмыс

а) бейнематериал көрсету

- Құрметті студенттер, енді назарларыңызды экранға аударыңыздар! Бейнематериал тамашалаймыз.

(бейнематериал "Ана тілі")

- Бұл сюжет не туралы?

- Ана тілі мен ұлт болашағының байланысы бар ма?

- Ендеше осы ақпаратқа сүйене отырып, мәтінге назар аударайықшы.

ә)сөздікпен жұмыс

- Мәтінді оқымай тұрып, жаңа сөздерді сөздіктеріңізге жазып алыңыздар.

- Қане, барлығымыз бірге дыбысталуын үйренейік.

- енді іштей оқып, естеріңе сақтап алыңдар.

б) тапсырма

- Интерактивті тақтада берілген сөздердің аудармасын табыңыздар.

  • Дүние жүзі – весь мир

  • Кішкентай кездерінен – с малых лет

  • Ер жеткенде – встав взрослым

  • Көңіл қою – уделять внимание

  • Ғашықтық жыры – поэма о любви

  • Батырлар жыры – героический эпос

в) мәтінмен жұмыс

- Евгений, мәтінді мәнерлеп оқыңыз.

- Мәтінде не туралы айтылған?

- Ана тілін кімнен үйренеді?

- Қазақ тілі қандай тіл?

- Қазақ тіліндей қандай шығармалар бар?


V. Тақырыпты бекіту

а) Ауызша тапсырма

- Балалар, бүгін сабақта танысқан жаңа сөздермен мүмкіндігінше ауызша сөйлемдер құрастырыңыздар: Дүние жүзі, кішкентай кездерінен, ер жеткенде, көңіл қою, ғашықтық жыры, батырлар жыры.

ә) Семантикалық кестемен жұмыс (интерактивті тақтада жұмыс)

а) Берілген сөздерден кестедегі сызбаға сай сөз тіркестерін құрастырыңыз

Берілген сөздер: халқы, ана, ер, мемлекеттік, тілі, ұлт, тіл, өкілдері, елім, жүзі, қазақ, батырлар, өз, дүние, жеткенде, жыры

А - ашық буын

Б - бітеу буын

Т - тұйық буын

1. Рефлексия

Әр тұлғаның өзін-өзі танудағы үш жолы бар:

1. Өзге адам бағалайды, ой-пікірін айтады.

2. Адам өзін басқа адаммен салыстырады.

3. Адам өзін-өзі бағалайды.

Адам біреумен танысқанда, амандасқанда не істейді? (ҚОЛЫН БЕРІП ТАНЫСАДЫ, АМАНДАСАДЫ)

- Қол адамның ағзасымен тығыз байланысты. Қолдағы саусақтардың өз қызметі бар. мысалы:

- Кішкентай саусақ - ойлау үрдісімен тығыз байланысты

- Шынашақ саусақ - мақсатқа, мұратқа жету

- Орта саусақ - ішкі жан-дүние

- Сұқ саусақ - көмек, жәрдем, сілтеме, нұсқау. Қандай да бір нәрсені көрскеткен кезде, сұқ саусағымызбен көрсетеміз ғой.

- Бас бармақ - сергектік, денсаулық кепілі.

Осыған орай, балалар, өз-өздеріңді бағалау үшін осы "Бес саусақ" әдісін қолданайық. Алдарыңыздағы ақ параққа қолдарыңызды қойып - сызып шығыңыздар да келесі сұрақтарға жауап беріңіздер де, жоғарыда айтылған саусақтардың қызметтерімен салыстырып, өз мақсатыңызға жеттіңіз бе, соны бағалаңыз.

1. Бүгінгі сабақтан не алдың?

2. Бүгінгі сабақта қандай жұмыстар жасадың?

3. Бүгінгі сабақтағы көңіл-күйің қандай?

4. Басқаға қандай көмек көрсеттің?

5. Айтар тілегің.


2. Бағалау

- Сабаққа қатысу белсенділігіне, жауаптарының сапасына қарай бағалаймын.


VІІ. Үйге тапсырма

А.Ш.Бектурова , 457-458-бет.


- Рахмет. Сабақ аяқталды, сау болыңыздар!










































Ана тілі

Дүние жүзінде 6000-ға тарта тіл бар, бірақ әр халықтың өз ана тілі болады. Ана тілі - бұл әкеңнің, анаңның тілі. Қазақ халқының ана тілі – қазақ тілі, орыс халқының ана тілі – орыс тілі. Ана тілін адамдар кішкентай кезінен әке -шешесінен, атасы мен әжесінен үйренеді. Ер жеткенде халықтан, мектептен, кітаптан, газет пен журналдан, радио мен теледидардан, кинотеатрлар мен театрлардан үйренеді.

Қазақ тілі – бай тіл. Ол қазақ халқының жазуы, кітабы, мектебі жоқта ұстазы болған тіл. Қазақ халқы ана тілінде дүние жүзіне әйгілі «Алпамыс», «Қобыланды», «Ертарғын» сияқты батырларын жырын, «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» сияқты ғашықтық жырларын шығарған. Қазақ халқы ертегілерге, мақал-мәтелдерге өте бай халық. Бұл тілді үйренсең, осыларды өзің де оқисың.


Сөздік:

  • Дүние жүзі – весь мир

  • Кішкентай кездерінен – с малых лет

  • Ер жеткенде – встав взрослым

  • Көңіл қою – уделять внимание

  • Ғашықтық жыры – поэма о любви

  • Батырлар жыры – героический эпос



























Резервті материал


«Буын», «Тасымал» тақырыптары бойынша тест.

  1. Бос орынға қай сөз сәйкес келеді?

Сөзде қанша ..... болса, сонша буын болады.

а) дауыссыз дыбыс

ә) дауысты дыбыс

б) әріп

в) қосарлы дыбыс

г) үнді дауыссыз

  1. Қай сөздің 4-ші буыны тұйық буын?

а) Тарихи жерлерді аралау өте керемет.

ә) Ата-бабаларымыз өте мәдениетті халық болған.

б) Таудан төменге қарай құлдилады.

в) Ақырын басып үйге жақындады.

г) Оның туысқаны жау тылында қаза тапты.

  1. Буынға қате бөлінген сөзді табыңыз.

а) құ-мырс-қа

ә) дау-ыл-паз

б) би-ік-тік

в) ке-мең-гер

г) бо-яу-шы

  1. Бірыңғай жуан буынды сөзді көрсетіңіз.

а) Асылбек кітабын сөмкеден таппады.

ә) Қыстыгүні үйге көмір әкелдік.

б) Әскерлер күні-түні жүгірді.

в) Кәсіпорындар бірлестігінің мәжілісі ертеңге өзгертілді.

г) Біз қазірге дейін міндетімізді түсінген емеспіз.

  1. Қай сөзде тасымалданбайтын буын бар?

а) тәрбие

ә) жәрмеңке

б) бәтеңке

в) шемішке

г) күртеше

  1. Тасымалданбайтын сөзді табыңыз.

а) аспан

ә) жақсы

б) тату

в) ақын

г) шешен









БУЫН

  • Буын – сөзді айтқан кездегі дауыс толқыны.

  • Буын сөздегі дауысты дыбысқа негізделеді. Яғни сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.

  • Қазақ тілінде буынның 3 түрі бар:

1. ашық буын

2. тұйық буын

3. бітеу буын


түрі

Ереже

Мысал

Ашық буын

  1. Дауыссыз дыбыстан басталып, дауысты дыбысқа бітеді.

  2. Тек дауысты дыбыстан тұрады.

А-ға, а-на, ә-ке, а-та

ба-ла, қа-ла, ке-рі

ша-на-ны, бо-са-ға

Тұйық

буын

Дауысты дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа бітеді.

(Көбінесе бірінші буында кездеседі.)

1-буында: ат, ет, ант, өрт

2-буында: ки-ік, ти-ын

3-буында: тұңғи-ық,

ақи-ық

4-буында: әдеби-ет,

мәдени-ет

Бітеу буын

Ортасындағы дауыстыны екі жағынан дауыссыз дыбыс қоршаған буын.

1. бал, таң, көз

2. тарс, төрт, қант, бұлт

3. штамп, класс, грамм

4. мек-теп, бал-дыр-ған,


ЕКПІН

  • Екпінсөздің айтылған кездегі белгілі бір буынының ерекше көтеріңкі дауыспен айтылуы.

  • Қазақ тілінде екпін тұрақты, көбінесе сөздің соңғы буынына түседі.

  • Сөзге қосымша жалғанғанда, екпін қосымшаға, яғни соңғы буынға ауысып отырады. Мысалы: Еңбек, Еңбекші, Еңбекшілер, Еңбекшілерді


Екпін түспейтін сөздер мен қосымшалар:

  1. Көмекші сөздерге екпін түспейді: ғой, шейін, соң, арқылы , туралы т.б.

  2. Жіктік жалғауына екпін түспейді: оқушымын, барамыз т.б.

  3. Болымсыз етістіктің жұрнағына (-ма, -ме, -па, -пе, ба, -бе) екпін түспейді: айтпа, барма, келме т.б.











Сабақ барысы


І. Ұйымдастыру кезеңі

а) Релаксация (Балаларды сабаққа психологиялық дайындау).

ә) Кезекші рапорты.


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі


ІІІ. Жаңа тақырыпты жеткізу

1. Қызығушылық ояту кезеңі

а) ребус шешу

ә) 1. Тіл дамыту

  1. Сіздің ұлтыңыз кім?

  2. Ана тіліңіз қандай тіл?

  3. Ана тіліңізді кімнен үйрендіңіз?

  4. Ана тіліңізде жақсы сөйлейсіз бе?

  5. Қандай тілдер білесіз?

  6. Қандай тілді үйренгіңіз келеді?

  7. Ана тіліңде болашақ бар ма?

  8. ҚР мемлекеттік тілі қай тіл?

  9. Қазақ тіліне қандай мәртебе (статус) берілген?

  10. Мемлекеттік тілде сөйлейсіз бе?


б) топтастыру (Claster) стратегиясы бойынша жұмыс

ана тілі: тарих, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, татулық, достық, әдебиет, Отан, ел


2. Тіл материалы бойынша жұмыс

а) тақырыпты түсіндіру: Буын, екпін.

презентация бойынша жаңа тақырыпты түсіндіру. Мысалы: Тіл - дос - тық - тың ал - тын кө - пі - рі.

ә) тақтамен жұмыс

Балалардан нақыл сөздер сұрау, тақтада талдау


IV. Оқушылардың өздік жұмысы

1. Шығармашылық жұмыс

2.Мәтінмен жұмыс

а) бейнематериал көрсету

- Бұл сюжет не туралы?

- Ана тілі мен ұлт болашағының байланысы бар ма?

- Ендеше осы ақпаратқа сүйене отырып, мәтінге назар аударайықшы.

ә)сөздікпен жұмыс

- Мәтінді аудармас бұрын, жаңа сөздерді сөздіктеріңізге жазып алыңыздар.

- Іштей оқып, естерің сақтап алыңдар.

б) тапсырма

- Интерактивті тақтада берілген сөздердің аудармасын табыңыздар.

  • Дүние жүзі – весь мир

  • Кішкентай кездерінен – с малых лет

  • Ер жеткенде – встав взрослым

  • Көңіл қою – уделять внимание

  • Ғашықтық жыры – поэма о любви

  • Батырлар жыры – героический эпос

в) мәтінмен жұмыс

- Евгений, мәтінді мәнерлеп оқыңыз.

- Мәтінде не туралы айтылған?

- Ана тілін кімнен үйренеді?

- Қазақ тілі қандай тіл?

- Қазақ тіліндей қандай шығармалар бар?


V. Тақырыпты бекіту

а) Ауызша тапсырма

Дүние жүзі, кішкентай кездерінен, ер жеткенде, көңіл қою, ғашықтық жыры, батырлар жыры.

ә) Семантикалық кестемен жұмыс (интерактивті тақтада жұмыс)

а) Берілген сөздерен кестедегі сызбаға сай сөз тіркестерін құрастырыңыз

Берілген сөздер: халқы, ана, ер, мемлекеттік, тілі, ұлт, тіл, өкілдері, елім, жүзі, қазақ, батырлар, өз, дүние, жеткенде, жыры

А - ашық буын

Б - бітеу буын

Т - тұйық буын

. Қорытынды

1. Рефлексия

1. Бүгінгі сабақтан не алдың?

2. Бүгінгі сабақта қандай жұмыстар жасадың?

3. Бүгінгі сабақтағы көңіл-күйің қандай?

4. Басқаға қандай көмек көрсеттің?

5. Айтар тілегің.

2. Бағалау


VІІ. Үйге тапсырма

А.Ш.Бектурова, 457-458-бет




Сабақтың барысы және уақытының өлшемі


Үй тапсырмасын сұрау, бағалау. Өтілген материалдардың жаңа материалмен байланысы.


6,5

3

Жаңа тақырыпты жеткізу әдісі

(астын сызу)


Түсіндірілетін сұрақтар тізімі





Грамматикалық тақырып бойынша



Ауызша, конспект арқылы, қосымша баяндама арқылы, аудио-дәріс, бейнедәріс, қойылған сұрақтар бойынша тақырыпты өздігінен игеру, рефератифтік

1. Қызығушылықты ояту

а. Ребус шешу;

ә. Тіл дамыту

б. Топтастыру құру.

2. Тіл материалы бойынша жұмыс

а. Тақырыпты түсіндіру: Буын. Екпін;

ә. Тақтамен жұмыс.

4

4

Оқушылардың өздік жұмысы

1. Шығармашылық жұмыс

2. Мәтінмен жұмыс

а. Бейнематериал көру;

ә. Сөздікпен жұмыс;

б. тапсырма орындау;

в. мәтінмен жұмыс.

17

5

Тақырыпты бекіту

а. Ауызша тапсырма;

ә. Семантикалық кестемен жұмыс.

8

6

Сабақ қорытындысы

1. Рефлексия (Бес саусақ әдісі);

2. Бағалау.

5

7

Үй тапсырмасы



А.Ш.Бектурова, 457-458-бет

2

Оқытушының қолы ___________________________________