Урок по каз яз «Ү» дыбысы және әрпі 1 класс

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


1 а сынып



Тақырыбы: «Ү» дыбысы және әрпі
Мақсаты: 1. Балаларды ү дыбысымен таныстыру, аталған дыбысқа
байланысты сөз ойлату арқылы сөздік қорларын байыту.
2. Ойын арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Шыдамдылыққа, ұқыптылыққа, ептілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: суреттер, кеспе әріптер, схема.
Әдіс – тәсілдер: сұрақ – жауап, көрнекілік.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі:

Армысың асыл күн!

Армысың асыл жыр!
Армысың көк аспан!
Армысың жан досым!
Жылуыма жылу қос,
Мінекей менің қолым!
Кіріспе әңгіме: Балалар, бүгін біздің сабағымызға көптеген апайлар мен ата -
аналар жиналып қалыпты, біз қалай сабақ оқитынымызды
көрсетейік, олай болса балалар жыл мезгілдеріне саяхат жасайық.
1. Жыл мезгілдеріне байланысты сұрақтар: - Неше жыл мезгілі бар? (4)
- Жыл мезгілдерін ата? (күз, қыс, көктем, жаз)
- Қазір жылдың қай мезгілі? (қыс)
- Күзде неше ай бар? (3 ай)
- Күз айларын ата? (қыркүйек, қазан, қараша )
- Күздің айырмашылығы неде?
- Жақсы балалар олай болса бізге бүгін үкі қонаққа келіпті.
2. Жаңа сабақ: Балалар, бізге бүгін үкі қонаққа келіпті. Ол бізге көптеген
тапсырмалар ала келіпті. (үкінің суретін көрсету)

  • Үкі туралы не білеміз?

  • Балалар, үкі деген сөздеің басында қандай дыбысты естіп тұрмыз? (Балалар «Ү» деп жауап береді)

  • Ендеше, бүгін «Ү» деген әріппен танысамыз. (баспа және жазба түрін көрсету)

  • Балалар, үкі сендерге арнап сөзжұмбақ әзірлеп алып келіпті, соны шешіп көрелік.

  • Балалар, сөзжұмбақты шешу үшін сендерге жұмбақтар жасырылады.

3. Жұмбақтар: 1. Мейіріммен сүйеді ол бар адамды,
Өзіне жаратпайды қарағанды.

(күн)

2. Түнде күлімдейді, Суда дірілдейді.

(ай)

3. Гүлге қонады, Гүлдің қонағы.
Үйіне кірсең, Бөшкелері балға толады.

(ара)

4. Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар.

(түйе)

5. Дегендей ешкім тимесін,
Алыпты қадап инесін.

(кірпі)
4. Сергіту сәті: Көжектерім тұршы,
Қолыңды жушы.
Айнаға қарашы,
Шашыңды тарашы.
Бойыңды жазшы,
Айналаңа қарашы.
Аяғыңды басшы,
Орыныңды тапшы.

2 – 3 рет қайталату.

- Жақсы, балалар, енді үкінің алып келген хатын ашып
көрелік, ол бізге не алып келді екен.
5. Сөздерді оқу, буынға бөлу: Үй
Ү – кі Үй – рек Кү – рек Түл – кі Кү – шік

6. Жазбаша жұмыс:- Енді, балалар, орынымызға дұрыстап жайғасып, «Ү»
дыбысының әріптік таңбасын жазып үйренейік. «Ү» дыбысын
әріптік таңбасын дәптерімізге жазбас бұрын, ауада жазып үйренейік.
Қорытынды: Балалар, сендер үкінің алып келген тапсырмаларын өте
жақсы орындадыңдар, сол үшін үкінің де сендерге алып келген
сыйлықтары бар екен, соны қабыл алыңдар.

  • Сонымен бүгінгі сабағымыз аяқталды.

  • Сау болыңыздар!