Тамақтану тақырыбында тәрбие сағаты 4 сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


"ДҰРЫС ТАМАҚТАНУ-ДЕНСАУЛЫҚ НЕГІЗІ" ТӘРБИЕ САҒАТЫ

 
Тәрбие сағатының мақсаты: 
Оқушылардың жақсы денсаулығының, жан - жақты дамуының кепілдігі - тиімді және үйлесімді тамақтану болып саналатынын, «Салауатты өмір салтының» анықтамасын ата – аналармен, мектеп дәрігерімен, аспазшылармен бірлесе отырып тұжырымдау; 
Міндеттері
Оқушылардың дұрыс тамақтануының негізгі прициптерін; 
- Тамақтану сауаттылығының бес негізін; 
- Тамақтану тәртібін, тамақтану мәдениетін; 
- «Салауатты өмір» салтына қатысты негіздеулерді тұжырымдау,ортақ ой түю. 
Қолданылатын көрнекіліктер: 

- Ақпараттық мәліметтер слайдтар арқылы ; 
- Кеңестер слайдтар арқылы; 
- Дәрумендер жиыны; Дәрумендер туралы слайдты презентациялар; 
- Көкөністер мен жемістер, түрлі тағамдар бұрышы; 
- Жарнамалар; 
- Кинофильм «Саламатты Қазақстан» 2011 -2015 денсаулық бағдарламасы 
- Кинофильм «Әдемілік және диета» 
- Слайдты презентациялар «Адам ағзасына фаст -фудтың зияны» 

Мұғалім: 
- Балалар. Біз бүгін сендермен «Салауатты өмір салтының » қағидалары мен тиімді әрі үйлесімді тамақтанудың денсаулыққа пайдасы жөнінде ой тұжырымдаймыз.



Дұрыс тамақтану

 Адамзат денсаулығын сақтаудың басты шарты - дұрыс тамақтану. Сондықтан тамақтануға ерекше көңіл бөлген жөн. Тамақтың құрамының құндылығы басты назарда болғаны дұрыс.Тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, организмнің қалыпты өсуі мен дамуына, жұмыс қабілетінің жоғарылауына және организмнің қоршаған ортаның әртүрлі жағымсыз әсеріне қарсылығын күшейтуге ықпалын тигізеді.

Әсіресе, «Ұрпақ денсаулығы – ұлттың саулығы»- демекші, дені сау ұрпақ қалыптастыру үшін – оны назардан тыс қалдыруға болмайды.

Сондықтан да мектеп оқушыларының дұрыс тамақтануы мен денсаулығы, олардың дұрыс өсіп жетілуі бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Осыған байланысты мектебіміздің асханасы таңертеңгі 8.00-16.00-ге дейін жұмыс жасайды. 

Күнделікті тамақтың сапасы мен берілу мөлшері (норма) мектептік құрылған бақылау топтары мен мектеп медбикесі тарапынан бақылауға алынған. Сонымен қатар тамақтың сапасын анықтап отыру мақсатында бракераждық комиссия құрамы құрылған. Комиссия құрамындағылар айына екі рет асхана тамағының сапасын тексереді және тексеру нәтижесінде акт толтырылады. Айына бір рет тамақтану мен тамақ пісіру орнына тазалық жасалынып, дезинфекцияланып отыру көзделіп, іске асуда. Мектеп асханасында ұсынылатын тағамдар сапасы нормативке сай, ыстық тағамдар түрі күнделікті өзгеріп отырылады. Ыстық тамақтың бағасы 84 теңгені құрайды. Салат түрлері үнемі өзгертіліп, ауыстырылып отырылады. Салатқа жемістер мен көкөністер сапалы түрде беріледі. Буфеттік тағамдар түрі жиі толықтырылып тұрады.

Мектеп оқушыларын сумен қамтамасыз ету қарастырылған. Оқушыларға мектеп асханасынан қайнатылған су тұтынылады.

Дұрыс тамақтанып, айтылған ережелерді орындай білген адамдардың ғана денсаулығы берік бола алады. Сондықтан да дұрыс тамақтану - әр адамның өз қолында демекпіз.

 

Дұрыс тамақтану ережелері:

 

·         тамақты үстелдің басында отырып қабылдау керек. Егер тамаққа зейін салмаған жағдайда, адам тойғанын білмей қалып, артығымен тамақтанады.

·         тамақты асықпай, мұқият шайнап, тамақтану режимін сақтап жеу керек. тамақты жиі және аз мөлшерде, күніне бес рет қабылдаған жөн.

·         тамақтанған соң дереу шай ішуге болмайды. Себебі шайдың құрамында темірді ыдырататын заттар болады. Шайдың орына шырын ішкен жөн.

·         таңертеңгі асты мұқият қабылдау. Егер организм 10-12 сағат тамақ қабылдамаса, онда организмдегі қант азайып кетеді. Ертеңгі асты ішпесе, түсте артығымен қабылдайсыз, нәтижесінде асқазанға ауыртпалық түсіресіз.

Дұрыс тамақтанудың негізгі шарттары:

 

1.     Тағамның құрамында негізгі қоректік заттар (белок, көмірсу, май) болуы тиіс.

2.     Тамақ рационында (дәрумендер, тағамдық талшықтар) болуы тиіс.

3.     Тамақ нәрлілігінің адамның жасына, мамандығына, денсаулық күйіне, табиғи-климаттық жағдайларына сәйкестігі.

4.     Тәулік бойы тамақтану тәртібін, мөлшерін сақтау.

5.     Тағамдар санитарлық-гигиена талаптарына сәйкес болуы керек.





Бекіту
• Балалар біз бүгін қандай тақырыппен таныстық
• Мына заттардың ішінен жануар тектес азық түліктерді табыңдар?
• Мына заттардың ішінен өсімдік тектес. Азық — түліктерді табыңдар?
• Адамдар күніне неше рет тамақтану қажет?
• Дастархан басында қалай отыруымыз керек?
• Тамақты қалай жеу керек?

Үйге тапсырма
Үйге « Дұрыс тамақтану — денсаулық кепілі» мәтінін түсіну





















Жеміс-жидек пайдасы



Алма мен алма шырыны адамның тісіне айтарлықтай зиянын тигізеді. Мұндай күтпеген жаңалықты Лондон корольдік колледжінің Стоматология институтының ортопедтері ашты. 

The Daily Mail-дың хабарлауынша, мамандар алманың адамның тісіне зияны газдалған сусындарға қарағанда, төрт есе жоғары екенін анықтаған. Адам алма жеп отырғанда жемістің қышқылы тістердің сапасын бұзып үлгереді екен. Бұл жайт 18 бен 30 жас аралығындағы 1000-нан астам адам қатысқан зерттеу барысында белгілі болды. Алманы сүйіп жейтін еріктілер арасында тіс дентинінің бұзылу қаупі 3,7 есе жоғары болып шықты. Зерттеу нәтижесінде, маринадталған пияз бен грейпфруттың, керісінше, тіске зияны жоқ екені анықталды.

******************************************************

Жеміс-жидектің, оның ішінде алманың денсаулыққа пайдасы мол. Ал оның қандай қасиеттері бар екендігін білесіңдер ме?  

Алманың құрамында А,С, В1, В2, Р, Е дәрумендері бар.  

А дәруменi - ағзаның өсуіне, дамуына әсер етіп, түрлі ауруларға қарсы тұруға көмектеседі. Қараңғыда көруді жақсартады. А дәрумені шаштың, тырнақтың өсуіне әсер етеді. Ол жетіспегенде тері құрғап, жарылып, түсі күңгірттенеді.  

В1 дәруменi - организмде дұрыс зат алмасуы үшін аса қажет. Бұл дәрумен жетіспегенде шаршағандық сезіліп, ас қорыту жүйесі бұзылады. Ағза В1-ге зәру болған жағдайда жүйке жүйесі ауруға шалдығуы мүмкін.  

В2 дәруменi - басқа да дәрумендер сияқты организмнің бірқалыпты өсуіне қажет. Жарақаттардың тез жазылуына мүмкіндік береді. Көздің жақсы көру қабілетін арттырады.  

Бұл дәрумен жетіспеген жағдайда ерін құрғап, ұшық шығады. Денеге түскен жарақат баяу жазылады.  

С дәруменi - ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы тұра алу әрекетін арттырады. Сүйекке және тіске беріктік қасиет береді. С дәруменi жетіспегенде ағза тез шаршайды, сілемейлі қабықшалар қабынады, қызылиек қанталайды. С дәруменi ағзаға қыс пен көктем айларында көбірек қажет.  

Р дәруменi - жіңішке қан тамырларының беріктігін арттырып, қызметін қалыпқа келтіреді.  

Е дәруменi - бұлшық еттердің қызметін жақсартады.  

Сондай-ақ алмада марганец, калий, кальций, фосфор, натрий, молибден, мырыш бар. Бұлар ағзаға жеткілікті мөлшерде болса, ауырмайтын боласыңдар. Ойлау қабілеттерің де жақсы дамиды.  

Ал ең бастысы – алма темірге бай. Темір қан айналымы жүйесіне өте қажет. Ол жүрек, бауыр, бүйрек, асқазан, ішек жолдарының жұмыстарын жақсартады.  

Бактерия мен әртүрлі вирустардан сақтану үшін күніне бір алма жеу қажет.  

Алманың жер шарында 36 түрі бар. Қазақстанда алманың «апорт», «сиверс», «недзвецкий», қырғыз алмасы өседі.  

Алманың отаны — Орталық Азия. Сұрпына қарай, алманың өмір сүру ұзақтығы да әртүрлі. Олар 20 жылдан 100 жылға дейін өсе беруі мүмкін.  

Алма ағашы еккен сәттен бастап гүлдемейді, оны отырғызған соң 3-12 жыл ішінде жеміс бере бастайды. Сонымен қатар, оның жаздық, күздік, қыстық сұрыптары болады. Яғни, қысқы сорттары жылдың суық мезгілінде де алмасын бере алады.



Лимон. Катарактаның қалыптасу қаупін азай-тады, кіші қан тамырлардың қабырғаларын қа-тайтады. Анемияны және ревматизмді емдеуге жәрдемдеседі. Құрамында С дәрумені 100 грамда 48 мг. 

Мандарин. Теріні тазартады. Микробтарды жойып, асқазанды жұқпалы аурулардан сақтайды. Құрамында С дәрумені 100 грамда – 50 мг. 

Грейпфрут. Науқастанып тұрғаннан кейін және ауыр ой жұмыстары кезінде күш-қуатты қалпына келтіреді. Бауырды тазалап, рак ісіктерінің алдын алады. Құрамында С дәрумені 100 грамда 60 мг.

Бәрімізге белгілі қант пен әртүрлі тәттілердің құрамында адам ағзасына зиянды заттар мен артық калориялар болады. Білген адамға қант пен тәттілердің орнын табиғи жемістермен алмастыруға болады.

Егер біле білсеңіз, ең тәтті әрі пайдалысы – кептірілген жемістер. Оның ішінде өзгелеріне қарағанда құрамында дәрумендері мол болатыны кепкен өрік. Оның құрамында калий бар. Ал, калий жүрек қағысын тұрақтандырады, жүйке ауруларын емдей алады. 
Сонымен қатар, қара өрік пен алмұрт, інжір мен құрма адам ағзасының зат алмасуын реттейді. Адамға сергектік сыйлайды. Бұлшық еттердің қозғалысы мен мидың жақсы жұмыс жасауын қамтамасыз етеді. Бұл жемістердің 100 граммының адам ағзасына тәулік ішінде қажетті дәрумендерінің жиынтығы бар. 

Қызыл бұрыш. Ол адам-ның ғұмыр жасын ұзарта алады. Бұл ғалымдар ашқан жаңалық. Қызыл бұрыш линидтік алмасуды қалпына келтіріп, дұрыстайды, артериялық қысымды төмендетеді, ішек жолдарының микрофлорасын сауықтырады, жастың ұлғаюына байланысты болатын өзгерістерді тежейді.

Қара қарақат (смородина). Қуыққа тас жиналып несеп жолдары зақымданса, оның 100 грамм жапырағына 60 грамм қой бүлдіргені- нің (земляника) жапырағын, 40 грамм жөке гүлін, 30 грамм коровяк гүлін қосып бір стақан суда сақылдатып қайнатады. Суытады, сүзеді. Сонан соң күніне тамақтан соң 2-3 реттен ішіп тұрады.

Пияз. Оның ащы дәмі құрамындағы эфир майынан. Құрамында С дәрумені мен каротин көп. Көктемнің көкөніс шыға қоймаған кезеңінде адамға пияз ерекше пайдалы. Біріншіден, тәнге С витаминінің күндік қажетін қанағаттандыруға көмектеседі, екіншіден, ауру жұқтырмайтын (бактерицидтік) және қырқұлаққа қарсы заттарға бай.

Сарымсақ. Құрамында В1 тобының дәрумендері, С дәрумендері (жуашығында 10 мг пайыз, сабағында 55 мг пайыз) және Д дәрумені, иод, май, тағы да басқа заттар бар. Сарымсақтың құрамында ауру тудыратын микробтардың көптеген түр-лерін жоятын ерекше бактерицидтік (фитонцидтер) заттар болғандықтан, ол медицинада да қолданылады. Халық арасында сарымсақты көптеген ауруларды емдеуге ертеден пайдаланған. Әсіресе, қырқұлақ ауруын. Емдік қасиеті ежелден белгілі сарымсақтың жаңа қасие-тін жапондық, француздық ғалымдар дәлелдеп отыр. Жапон ғалымдарының мә-лімдеуінше, сарымсақ адам миындағы қартаю процесін бәсеңдетеді, оның жасушаларын тазартып оты-рады. Құрамында өте белсенді күкірт қосындылары болғандықтан, қанға түскен соң сарымсақ мидың ең қажетті деген бөліктеріне оң әсер етеді. Яғни, сарым-сақтан бөлінетін заттар есте сақтау қабілеті мен эмоцияға жауап беретін жасушаларды жақсартады. 2006 жылы француз ғалымдары сарымсақтың қасиетіне қа-тысты өз зерттеулерінің нә- тижесін жариялаған болатын. Бұл зерттеу Франция- ның солтүстік-шығысындағы әйелдер арасында жасалған көрінеді. Тәжірибе көрсет-кеніндей, сарымсақты көп қолданатын әйелдер арасында кеуде ісігі дертіне шалдыққандар саны басқа сарымсақты сирек қолданатын әйелдерге қара-ғанда аз болыпты. 

Қауын. Құрамында қант (негізінен сахароза), белок, клетчатка, пектин заттары, ароматтық заттар, 20 мг пайыз С дәрумені, каротин (А провитамині) минералды тұздар бар. Қауынды 6-7 ай сақтауға болады. Қауын несепті көбейтіп, оны тазарта түседі. Ірің бөлінуін тоқтатады, бүйректі қыздырып, қуық жолдарын да тазартады, бүйректегі тасты шығарады.

Картоп. Оның шырыны-ның құрамында калий, күкірт, фосфор, хлор көп. Соның нәтижесінде терідегі дақты картоп шырынын ішіп кетіруге болады. Ағзаны тазалауға таптырмайтын әдіс. Бұл әсіресе, сәбіз шырынын қосқанда ай-рықша пайдалы. Ол үшін 50 гр. картоп шырынын, 200 гр. сәбіз шырынымен араластырып, күніне 1-3 рет ішеді. Тек тағамға пайдаланғанда есте болатын бір жағдай, аршылмаған картопты суық суға пісіргенде 25 пайыз, нақ солай ыстық суға пісіргенде 10 пайыз, аршылған картопты суық суға пісіргенде 35 пайыз, нақ солай ыстық суға пісіргенде 25 пайыз өзіндегі аскорбин қышқылын жоғалтады. Магний тұздарының аса маңызды көздері картопта 25 пайыз.

Жүгері. Дәрілік шикізат ретінде шашағы пайдалы. Оны жүгері дәні жаңадан пісіп келе жатқанда жинап алады. Көлеңкеде кептіреді. Қарайып кеткен шашақтарын алып тастайды. Шашақты жинағанда дереу кептіру қажет. Жүгері шашақтары өт пен зәр айдайды. Медицинада және мал-дәрігерлік саласында бауыр, өт ауруларын емдеуге пайдаланады. Ол бүйректің, жүректің дұрыс істемеуі салдарынан болатын ісікті де қайтарады. 

Шие. Ол – Орта Азия мен Қазақстанда, Кавказда көп өсетін көпжылдық өсімдік. Шиенің түрі өте көп. Шиенің ұсақ тамырын қазып алып, көлеңкеде кептіру керек. Сосын ұнтақтайды. Оның 200 граммын 3 литр суға қайнатып, бір күн тұндырып қойып сүзеді де, 150 грамм алма сірке суын құйып араластырады. Бұл дәрі буынға тұз тұнғанда, ревматизмге және қант диабетіне жақсы шипа.

Шиенің етін кептіріп, кампот жасайды. Оны қызылшамен ауырған балаға ішкізіп, аурудың бетін тез қайтарып алады. Мұны ересек адамдар сусын орнына үнемі ішетін болса, асқазан, бауыр, ішек дерттеріне ем табады, жүрегінің жұмысы жақсарады. Сүйегінің ішіндегі дәні улы, шағып жеуге болмайды. 

Беке (айва). Ағашының жас жемісі, оның жапырақтары-нан дайындалған тұнба қолқа астмасы ұстамасын тоқтата алады. Құрғақ жапырғының ұнтақталған 5 грамын ста-қандағы қатты қайнаған суға тұндырады. 1 сағат қымтап орап қояды да сүзіп алады. Бұл тұнбаны тамақтанар алдында 2 ас қасықтан 3-4 рет ішу қажет. 

Сары мейіз. Жүрек шаншып ауырса, сары мейізді ет тартқыштан өткізіп, балға ара- ластырады. Оны күніне 3 рет шай қасықтан жейді. Сары мейізді (жүзімді) жиі жегеннің өзі адам бойын сергітіп, жұмыс қабілетін арттырады.

Мойыл (Басқа аты шомырт). Жапырақ төгетін ағаш. Тамыз айында жемісі піседі. Жемісі сүйекті, қара домалақ. Мойылдың жемісінен қайнатпа, кампот, сусын жасайды. Қабығы, жемісі жоғары қан қысымын төмендетіп, несепті айдайды, іштің өтуін тыяды. Басты ем болатын аурулары мен оған қарсы жасалатын дәрілер:

1. Қан қысымы көтеріл-генде. Мойыл жемісі піскенде белгілі мөлшерде жинап алып, оған қант қосып қайнату қажет. Сосын тұқымын сүзіп алып, салқындағанында тамақ соңынан 0,250 литрден ішеді немесе қайнатылған кампотынан 1-2 қасық алып, бір кесе қайнаған суға араластырып, күніне бірнеше рет сусын орнына ішу қажет.

2. Іш өту. Мойыл жемісінен қоймалжың дәрі қайнатады. Тамақ соңынан күніне 3 рет бір қасықтан жейді. Жемісін сол қалпында жесе де ем. 

Дәріні аурудың жағдайына қарай аз, көп мөлшерде жасайды. Басты құрамында мынандай заттар болады: жұмсартқыш зат, алма қыш-қылы, цитрит қышқылы, қант және басқа да заттар.

Шалғам (редис).
Бар-лық жерде өсіріліп, та- мыр-жеміс пайда болысымен жинап алады, әйтпесе ағаш тәрізді қатайып кетіп, дәмін жояды. Құрамында қант, су, азотты заттар, клечатка, 25 мг пайыз С дәрумені, өзіндік өткір иіс беріп тұратын эфир майы, фитонцидтер (микроорганизмге кері әсер ететін заттар), минералды тұздар бар. Ішек – қарын ауырғанда, бауыр, бүйрек және буын (подаграауруымен сырқаттанатын-дарға шалғамды пайдалануға болады.

Грек жаңғағы. 200-500 жылға дейін өмір сүреді, биіктігі 25-30 метр. Ашық және күңгірт түсті ядросын (дәнін) 12 сағаттай тұзды суға салып қойса, қауызы оңай ашылады. Сонан соң дәнін ағынды суға шайып, кептіреді. Халық медицинасында грек жаңғағының дәнінен, жапырағы мен тамыр қабықтарынан шырыны (сөлі), майы емдік- диеталық мақсатқа пайдаланылады. Рахит, сары аурумен сырқаттанған балаларды грек жаңғағының жапырақ, жаңғағының қайн-атындысымен емдесе жақсы шипа. Тұнбасына дәке шылап жараның бетіне қойып, байлауға ыңғайсыз жерлерге жағып емдейді. Асқазан, ішек ауруларын да жазады. 

Анар. Құрамында қант, 4-10 мг пайыз С дәрумені, танин, лимон қышқылы бар. Шырынын (құрамында танин болғандықтан) және же- місінің қабығын медицинада асқазанның жұмысы бұ-зылғанда, кепкен бұтақтары мен діңінің қабығын ішек құртына қарсы дәрі ретінде пайдаланады. Асқазаны ауыратындар, асқазан сөлінің қышқылы жоғары, гастритпен сырқаттанатындар, энтороколитпен ауырғанда анардың ащы сорттарын пайдаланбау қажет.

Қарбыз. Оның асханалық сортының салмағы 16 келіге дейін жетеді. Құрамында (орташа есеппен) 89,5 пайыз су, 7 пайызға жуық (кейбір сорттарында 12 пайыз) қант кездеседі. Әбден піскен қарбыз дәмді. Оны тұздап та жейді. Қарбызды дүкеннен, базардан сатып алған жөн. Өйткені онда санитарлық бақылау жасалады. Қарбыз да адам денсаулығына пайдалы. 

Апелсин. Отандық сорт-тарының құрамында қант, 60 мг пайыз С дәрумені, каротин (А провитамині), В1, В2 , Р және РР дәрумендері бар. Әсіресе, оның қабығы дәруменге өте бай. Семіздіктен емдегенде апелсин, алма, қияр күндерін тағайындайды. Себебі көкөніс пен жемістің энергиялық қуатының аздығы тамақтың күндік рационының калориялығын күрт кемітеді. Осыған орай бұл күн дер жеңілдену күндері деп аталады. Апельсин. Ағзаны тазалап, қандағы холестерин деңгейін қалыпқа түсіреді. Астың қорыты-луын жақсартады. Құрамында С дәрумені 100 грамда – 65 мг.


Күнбағыс. Мұнан жасалған дәрілер суыққа қарсы, ыстықты түсіру, тыныштандыру, тәбет ашу үшін қолданылады. Күнбағыс тұнбасын былай жасайды: жаңадан басын үзіп, гүлі мен дәнінен ажыратады, ұнтақтан үш үлкен қасығын алып оған жарты литр арақ құяды. Күн көзінде бір ай ұстайды. Тұнбаны күніне үш рет тамақтан жарты сағат бұрын 20 тамшыдан ішкен дұрыс. 

Ауырған адамның ыстығын түсіруге бір ас қасық ұнтақталған жапырағына қайнаған су құйып, баяу отта 10 минуттай ұстап, тұнбаны бір сағат суытады. Күніне үш рет тамақтан жарты сағат бұрын бір стақаннан ішеді. Адамның бойында тұз жиналса, бір стақан ұнтақталған тамырға үш литр қайнаған су құйып, баяу отта 3-4 минут ұстап, бір сағат суытады. Бұл тұнбаны күніне үш рет бір стақаннан тамақтан жарты сағат бұрын ішсе, ем болады. Тек күнбағыстан жа-салған осынау дәрілерді ішіп жүргенде ащы тамақтан бас тарту қажет. 

Тәбетті жақсарту үшін бір ас қасық ұнтақталған гүліне бір стақан қайнаған су құйып, жарты сағат тұндырады да оны күніне үш рет үш стақаннан тамақтан жарты сағат бұрын ішіп тұрады. Күнбағысты халық медицинасында мұнан басқа мынандай ауруларға, мынандай әдіспен қарсы пайдаланады:
1. Тіс ауруына: тамырын суға қайнатып, суымен ауыз шаяды. Сонда тіс қақсаған- ды, тіс етінің қабынғаны басылады.
2. Қуыққа және бүйрекке тас байланғанда: күнбағыс сабағы өзегінен (сабағы ішіндегі ақ етінен) 90 грамм алып 100 грамм суға қайнатып, күніне бір реттен бір апта бойы ішеді.
3. Көк жөтелге: күнбағыс сабағының өзегін жаншып, оған қайнаған су құйып бұқтырады, аздап қант қосып ішеді.
4. Асқазанға ас батып сіңбегенде: күнбағыс тамырын, аскөк, арпаны тең мөлшерде алып, суға қайнатып ішеді.

Көктемде көкөніс жеу Халқымыз көктемді – ұзынсары келген қараөзек шақ, жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер шағы дейді. Бұл кезде адамдар бойында күзде жиналған дәрумендер қоры азаяды. Соған байланысты денеде ауруға қарсы тұру қабілеті кеміп, тұлабойда әлсіздік пайда болады. Сол себепті оған жол бермеу үшін дастарханда құнарлы тағамдармен бірге алуан түрлі көкөністерді, жеміс-жидектерді жеген жөн. Сапалы көкөністер болмаса, қалбырланған көкөністерді, тұздалған қырыққабатты, көк пиязды молынан пайдаланған абзал. Қараөзек шақта көк пияздың пайдасы өте жоғары. Оның 100 грамынан тәулікке қажеті С дәрумені табылады. Ашытылған қырыққабаттың 100 грамында 20 мг С дәрумені бар. Сүт өнімдерінің, қазы-қартаның, сүр еттің де көктемде пайдасы зор. Негізінен, жылдың барлық мезгілінде ересек адамдар үшін картопты қоспағанда, көкөністің күндік мөлшері 300 грамнан 400 грамға дейін болуға тиіс. Көкөніс пен жеміс орта және егде жастағы, әсіресе толығуға бейім адамдардың тамағында айрықша орын алғаны жөн.























Тәрбие сағатының тақырыбы: Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды дұрыс тамақтану мәдениетімен таныстырып,денсаулық құндылығы, дұрыс тамақтану туралы түсініктерін кеңейту . Адамның ағзасына қажетті тағамдық заттардың ерекшелігін,денсаулықтың адам өміріндегі маңызын түсіндіру. Дамытушылық:Қазақтың ұлттық тағамдары мен салт — дәстүрлерін жаңғырту арқылы ұлтқа деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.

Тәрбиелілік:Денсаулықты күтуге, дұрыс тамақтана білуге,салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу

Әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап, пікірталас.

Көрнекілігі: тамақтану туралы жазылған нақыл сөздер, тағам, жеміс-жидектердің суреті.

Барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі

Бүгінгі күн терезеден,

Бізге күліп, тұр қарап.

Сондай жақсы көңіл-күймен,

Басталады бұл сабақ.

ІІ. Кіріспе әңгіме

-Балалар, адамның басты байлығы не деп ойлайсыңдар?

-Иә, халқымыз «Бірінші байлық –денсаулық» деп тегін айтпаған.

-Денсаулық мықты болу үшін не істеуіміз керек?

-Балалар, дұрыс тамақтану керек.

-Сонымен, балалар, бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі» (дәптерге күн мен тақырыпты жазғызу)

Слайд

Тамақтану-адам ағзасы үшін аса маңызды қажеттілік. Адамның денсаулығы көбінесе қалай тамақтанғанына байланысты. Адам үнемі күш-қуат жұмсайды. Соны қалпына келтіру үшін ол дұрыс тамақтана білуі тиіс.

-Дұрыс тамақтану дегенініміз бұл аз-аздан әртүрлі тамақтарды қабылдау.Ағза үнемі жұмыс атқарады. Сондықтан үнемі тамақтануды талап етеді. Тамақ арқылы адам қуат алады. Осы қуаттың арқасында адам жұмыс істейді, қозғалады, спортпен айналысады.

-Тамақты жеткіліксіз мөлшерде ішу немесе мөлшерден артық ішу де ағза үшін өте зиянды.

ІІІ. Тамақтану мәдениеті

- Әрбір адам тағамнан 1 тәулікте жұмсайтын қуатына сай тамақтануы тиіс.
- Күніне 4 не 5 рет тамақтану тиімді.
- Тамақты күн сайын бір мезгілде қабылдау керек.
- Қатты ыстық тамақты, қатты суық тамақты ішуге болмайды, тістің эмалін бұзады
- Ақырғы тамақтану ұйқыға дейін 2 сағат бұрын болу керек.
- Тамақтын түрін өзгертіп тұру керек
-Қайнатылған, буға піскен тағам пайдалы.
- Тамақты асықпай шайнап жеу керек

- Сұйық тағамдарды көкөніс, жемісті көп қолдану керек
- Сүт, суттен жасалған қышқылтым тағамды жеу керек

ІҮ.Тамақтану ережелері

-Тамақ ішер алдында қолды жуу керек

- Дастархан басында түзу отыру керек

-Тамақ ішкен кезде сөйлеме

-Тамақты әдеп сақтап, жақсылап шайна

Ү.- Қандай құнарлы, пайдалы тағамдарды білесіңдер? (оқушылар жауаптарын тыңдау)

Бағдат:

Қыдырып келдің бе,

Болдың ба сыныпта.
Тамақтану алдында

Қол жууды ұмытпа!

Кештетпей уақыттан,

Төрт рет тамақтан.
Жалқаулықты қуатын,

Сымбат:

Сүт пен ірімшік,

Қаймақ бар, айран бар.
Бұлармен дос болмай,

Аласың қайдан нәр?
Амира:
Табиғат сыйлаған,

Жеміс пен көкөніс.
Бойына жинаған,

Дәруін алып өс.
Ақыл мен көркімді,

Толтырды”- дегейсің.
Қарсы алып әр күнде,

Сүйсініп жегейсің!
Шахназар:
Ата - Ана, құрметті,

Жек көрер кім етті?!
Мен өсіп келемін,

Балық пен тауық бер,
Күніне бір мәрте,

Бұларды тауып бер!

Алина:
Ботқаны дайындар,

Әр түрлі жармадан.
Диқандар дән егіп,

Еңбегін арнаған.
Нан – тағам әл берер,

Қуаттың қайнары.
Ер жетіп өсуге,

Бұл тағам пайдалы!
8. Аружан:
Көп сусын ішесің,

Күн ысып, жаз болса.
Пайдасы жоқ оның,

Ішінде газ болса.
Шырын мен таза су,

Асыңды қортады.
«Бояу, газ» қосылса,

Асқазан “қорқады”.

ҮІ. Жұмбақтар шешу

Әрі сусын, әрі дәрі ,
Емге ішеді жас пен кәрі.
Малдың сүті ,елдің құты,
Деп бағалар жұрттың бәрі .
/Қымыз/.

-Қымыз деген не?

-Қай малдың сүтінен ашытылады?

Жатам құстар тобына,
Азығымын адамның.
«Ы»-ны қоссаң соңыма,
Жылқы етімін – тағаммын.
(Қаз - Қазы)

- Қазыны қай малдың етінен дайындайды?

-Қазақтың ұлттық сусыны қымызбен, жылқы етінен жасалған қазы мен қартаның тағамдық құндылығын бабаларымыз дәлелдеп кеткен. (суреттерімен көрсету)
Қазақ тағамтану академиясының академигі Төрегелді Шарманов аталарыңның ұлттық тағамдарымыз қымыз бен жылқы еті туралы кеңесіне құлақ түрейік.

ҮІІ. Видеоролик 4 мин

Қорытындылау: - Қазақ халқының негізгі ежелден келе жатқан тағамы ет пен сүттен жасалған өнімдер. Олардан көшпелі жағдайда ұзақ сақталатын түрлі тағамдар дайындаған. Мысалы, қазы, шұжық, сүрленген, қақталған, ысталған ет өнімдері ұзақ сақталады, әрі өте дәмді. Ал сүт өнімдерінен айран, ірімшік, қымыз, шұбат сусындары дайындалады. Ұлттық тағамнан қол үзуге болмайды.

ҮІІІ. Сергіту сәті ( бақта және бақшада өсетін жемістер мен көкөністер аттарына сәйкес алма болса тұрып, сәбіз болса отырып жаттығулар жасау )

Алма, картоп, алмұрт, сәбіз, лимон, қарбыз, қауын, апельсин, орамжапырақ, шие, бүлдірген т.с.с

ІХ. –Балалар, қандай пайдалы және зиянды тағам түрлерін білесіңдер?

Пайдалы тағамдар және зиянды тағамдарды топтастыру ( оқушылар тақтадағы қағазға бөліп білетіндерін жазады)

Қарақұмық ботқасы, газ сусыны, балық, алма, бесбармақ, сарымсақ, қуырылған картоп (фри), жүгері ботқасы, кока-кола, кириешки,  компот, чипсы, сәбіз, айран, чупа-чупс, қияр, пирожное, пицца, доширак лапшасы, балмұздақ, нан пияз, салат, қызанақ, кәмпит, торт, жаңғақ, киндер-сюрприз, сүт, банан, құймақ, йогурт, жұмыртқа, ірімшік, шоколад,майда (манная) ботқасы, шұжық, ет, шабдалы, апельсин,күріш, алмұрт, кофе, қызылша.

1-2 оқушыға оқытып, неге олай жазғандарын сұраймын, жауаптарын толықтырамын.-Бұл тағамдар неге зиянды деп шештіңдер? Фаст-фуд тағамдары «тез тамақтану» деген мағына береді. Хот-дог, чисбургер, гамбургер, чипсы, кириешки, сэндвичті дайындау барысында көп маргарин қолданылады. Маргариннің құрамында жасанды майлар көп.Олар асқазанда ұзақ уақытқа дейін қорытылмайды. Кейбіреулер фаст-фудтың денсаулыққа зиян екенін біле тұра, одан бас тартпайды. Ғалымдардың пайымдауынша, бұл жағдай адамды психологиялық тәуелділікке әкеп соқтырады. Өйткені, аталған өнімдерді жасаушылар оның дәмін күшейтетін арнайы қоспаларды қосады да, сол арқылы тұтынушыларды өзіне тартады екен. Тез тамақтанудың кесірінен ас қорыту жолдары қиындайды. Фаст-фудқа үйір жандардың асқазан, жүрек аурулары, қан қысымы, қант диабеті аурулары күн өткен сайын үдей түседі. Әсіресе өз денсаулығына көңіл бөлмейтін балаларға обал. Олар диета сақтамай, тамақтанатын болса, саулығы күн өткен сайын әлсірей түседі. Түрлі елдердегі медициналық зерттеулердің нәтижесі фаст-фуд өнімдерін күнделікті қолдану семіздікке әкеледі дейді. Бір ғана орташа көлемдегі гамбургер немесе бір стакан кока кола 1500 колорияға тең күнделікті адамның бір күндік тамағы 1500 колорияны   құрау керек. Ал сендер бір ғана гамбургермен шектеліп қоймайсыз ғой. Бұл өнімдер адамды толық тәбетін қанағаттандыра алмайды, ол тек аз ғана уақытқа асқазанды алдау десе болады. Сөйтіп артық тамақ ішіп, семіздікке шалдығуға болады.

Қорытынды: -Балалар, арамызда фаст-фуд тағамдарын қолданушылар бар ма?-Зиянын білесіңдер, ендеше фаст-фудқа үйір болмаңдар.Өз денсаулықтарың өз қолдарыңда екенін ұмытпаңдар.

Х. –Балалар, тағамның құнарлығы оның бойындағы дәрумендерге байланысты.Қандай дәрумендерді білесіңдер? Ендеше, ортаға дәрумендерді шақырайық

Бастарына дәрумен аты жазылған қалпақ киген оқушылар шығып, өздерін таныстырады. «Дәрумендер айтысы»

А дәрумені:
Мен сәбіздің, қауынның, қызанақтың, балық майының, жұмыртқаның, сары майдың құрамындаболамын.
В дәрумені.
Мен бірнешетопқабөлінемін. В1 В 2 В6 В12.
Мен бауырдың, жұмыртқаның, сүттің, ірімшіктің, қарананның, еттің, балықтың, көкөністердің құрамында кездесемін.
С дәрумені:
Мен пияздың, картоптың, орамжапырақтың,жеміс — жидектердің құрамында боламын.
Д дәрумені:
Мен өте пайдалымын.Балық майында, уылдырығында, жұмыртқаның сарысында кездесемін.

Е дәрумені:
Мен күнделікті пайдаланатын тағамдардың ішіндегі өсімдік майында, жаңғақтарда, жүгеріде, малдың бауырында, көкөністерде көп боламын.

-Дәрумендер, айтыспаңдар. Сендердің барлықтарыңда адамға пайдалысыңдар.

Ділназ:

Дәрумендер тірегің,
А, В, С, Д, Е – деп аласың.
Жетіспесе бірі оның,
Ауырып сен қаласың.

Нұрсәт:

А – қажет көзіңе,
В — жүйкені тоғайтар,
С – дан микроб безінер.
Д – сүйекті нығайтар



Марғұлан:
Ас адамның арқауы,
Тамақты ішкін күнде сен.
Деген сөз бар ежелден,
Белгілі бір мезгілде,
Бойға сіңіп тарқауы.

Жаныс:
Тойып ішсең қаншама,
Ауырасың соншама.
Асқазанды бүлдірсең,
Жазылмай қанша жүресің.

ХІ. – Балалар, сендер нешінші ауысымда оқисыңдар? Бірінші оқу ауысымына байланысты тамақтану кестесін құрайық (дәптерлеріне жазғызу)

07.15 - 07.35. Үйдегі таңғы ас

10.00 - 11.00 Мектептегі таңғы ас

12.00 - 13.00 Мектептегі түскі ас

19.00 - 19.30 Үйдегі кешкі ас

2-қатарға түскі ас мәзірін жазғызу

ХІІ. Мақал – мәтелдермен кестемен жұмысты қорытындылау
Ет жесең тісіңе кіреді, жемесең түсіңе кіреді.

Ет етке — сорпа бетке.

Ас иесімен тәтті

Ас атасы-нан

Алты жыл аш жүрсең де,
Ата салтыңды ұмытпа.

Денсаулық - зор байлық.

ХІІІ. Қорытынды: -Балалар, неге «Ас-адамның арқауы» деп айтады?

Сендер дұрыс тамақтансаңдар денсаулықтарыңның мықты болатынына, көңіл-күйлеріңнің көтеріңкі болып, сабаққа деген ынталарыңның артатынына бүгінгі тәрбие сағатында жауап алдыңдар ма?

-Ендеше, дұрыс тамақтану денсаулықтарыңның кепілі екенін есте сақтаңдар.

Тәрбие сағатымыз аяқталды.Сау болыңдар!









Абай Құнанбаев атындағы №2 жалпы орта білім беретін мектеп

Тақырыбы: “Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі” (презентация)
Мақсаты:
1. Дұрыс тамақтану туралы білімдерін жүйелеу, кеңейту. Тазалық гигиенасы туралы ережелерді қайталау.
2. Дүниетанымын, ой - өрісін пәнге деген қызығушылығын арттыру.
3. Дұрыс тамақта білуге тәрбиелеу.
"Мынау не?" дидактикалық ойын
ІІІ. "Мағынаны тану" кезеңі
(жаңа сабақты электрондық оқулықпен түсіндіру)
Денсаулықтың негізі - дұрыс тамақтану
1. Қолыңды сабындап жу
2. Қисаймай, түзу отыр
3. Қасықты оң қолыңмен ұста
4. Тамақ ішіп отырып сөйлеме, күлме, кітап, газет оқыма
5. Шамадан тыс тойып ішпе
6. Нанды үзіп же
7. Тамақтан соң аузыңды шай, қолыңды жу.
Оқулықпен жұмыс
Азық - түліктің қандай түрлері болады?
“Азық - түлікті жина” ойыны
Тамақ алдымызға қалай келеді?
Сендер неше мезгіл тамақ ішесіңдер?
Сабақтан кейін бірден тамақ ішуге отырасыңдар ма?
Дәптермен жұмыс
Дұрыс тамақтану............
Дұрыс тамақтанбау..........
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық
Алақанды ұрайық,
Бір отырып, бір тұрып,
Біз демалып алайық.
Сауалнама:
1. Нансыз тамақ ішесің бе?
2. Қандай көкөністерді күнделікті жейсің?
3. Қандай жемістің шырынын ішесің?
4. Күніне неше рет сүт ішесің?
5. Сен балықты жақсы көресің бе?
6. Шайға қантты көп саласың ба?
Ауырып ем іздегенше,
Ауырмайтын жол ізде.

Жұқпалы аурудан сақтана білу
Табиғи шынығу.
Күн тәртібін дұрыс сақтау.
Жеке бас тазалығын сақтау
Дұрыс тамақтану.
Спортпен айналысу.
Темекі, арақ, нашақорлықтан аулақ болу.
Қайрымды болу.

Қорытынды:
Ас - адамның арқауы
Аспен күш артады
Тағам іш жағымды
Тазартар жаңынды

«Өзіңді, тамағыңды таза ұста, ішкен - жеген сайын және де ертеңгі – кеш ауызыңды тазалап шайқа. Таза ауада көбірек жүр, қимылда - деген тілекпен
Тренинг: Мен саған... тілеймін. «Жүректен – жүрекке»