Календарно-тематическое планирование по факультативу Қазақша сөйлейік

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


«Қазақша сөйлейік» атты факультатив сабағының

І тоқсан бойынша есебі



Мектебімізде 2016-2017 оқу жылының І тоқсанынан бастап орыс тілде оқытылатын мектеп алды даярлық тобында«Қазақша сөйлейік» атты факультатив сабақтары жүргізіліп жатыр. Факультатив сабағының жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі – Шукенова Ж.Ф., білімі – жоғары, санаты – жоқ, еңбек өтілі – 2,2 жыл.

Факультатив сабағының мақсаты: Орыс тілде оқытылатын оқушылардың қазақша сөйлеу тілдерін дамыту, сөздік қорларын кеңейту, қазақтың салт-дәстүрлерін меңгерту.

Міндеттері:

  • Оқушылардың алған білімдерін одан әрі жетілдіру;

  • Қазақ тіліне деген сүйіспеншіліктерін, қызығушылықтарын ояту.

Үйірме аптасына 2 рет дүргізіледі. Үйірмеде өзге ұлт өкілдерінің оқушыларын қызықтыратындай тек оқу мен жазу ғана емес, сол сияқты әр түрлі диалог, монолог құрастыру, бейнероликтер, қазақша санамақтар, презентациялар көрсетіледі. І тоқсан бойынша келесідей тақырыптар өтілді:

  • Менің сүйікті балабақшам;

  • Жыл мезгілі – күз. Күз киімдері;

  • Түстер, сандар;

  • Өсімдік әлемі (көкөністер, жемістер);

  • Кел балалар ойнайық.

Балалар сабаққа белсенді қатысады, қазақ сөздерін қайталайды, онға дейін қазақша санауға үйреніп жатыр.







Факультативтің жетекшісі: Шукенова Ж.Ф.