Қазақ тілінен сабақ жоспары Шағын жанрды оқыту 9 сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Шағын жанрды оқыту. Кейiпкерлерге мiнездеме беру жолдары.


Әдебиет қашаннан өмiр оқулығы деп танылған. Әдебиет арқылы оқушы өмiрдi, қоршаған орта мен адамды танып-бiледi, шығармашылықпен жұмыс iстеуге дағды алады. Әңгiме жанры – прозаның шағын түрi. Онда оқиға, кейiпкердiң iс-әрекетi қысқа болады. Әңгiме жанрының осы қасиетi оқушылардың бұл жанрды тез игеруiне жағдай жасайды. Оқушының түсiнiп, нақты сюжеттi, шығарма композициясын ұғып, меңгеруде жоспар үлкен роль атқарады. Жоспарды оқушыларға дайын күйiнде ұсынуға болады, сол арқылы көркем мәтiннiң сюжетiн, ашуға, рет-ретiмен баяндауға жол салуға болады. Немесе мұғалiм мәтiн мазмұнын аша отырып, оқушылармен бiрлесе жоспар құрады.

Әңгiме сюжетi бiрте-бiрте өрбидi. Мұндағы iс-әрекет аз ғана мерзiм iшiнде өтедi, композициясы жеңiл болады. Әңгiменiң ең маңызды компонентi – оның идеясы. Сюжет те, кейiпкерлер жүйесi де бiр ғана мақсатқа – оның идеялық мазмұнын ашуға жұмсалады. Әңгiме өзегiн құрайтын – кейiпкерлер. Кейiпкерлерге мiнездеме берудiң бiрнеше түрлерi бар. Олар: дара, салыстырмалы, топтау түрiндегi мiнездеме.Кейiпкерге мiнездеме беру тәсiлдерi түрлiше болады. Кейде кейiпкердiң сырт кескiнi, кейде мiнез-құлқы көрiнедi. Портрет тiкелей адамға бағытталып, сөз арқылы оның бейнесiн жасайды, автордың идеясын ашады. Портрет бiржақты тәсiл емес, ол әлеуметтiк-өмiрбаяндық жағынан толығып, портрет-мiнездеме, портрет-өмiрбаянға айналады.

Орта жанрды оқыту ерекшелiгi, повесть кейiпкерлерiн жүйелеу, мәтiнге жоспар құру.

Төңкерiстен бұрынғы қазақ әдебиетiнде Ш.Уәлихановтың әдеби очеркi мен публицистикасы, Ыбырайдың новелла-әңгiмелерi, Абайдың қарасөздерiнен басқа, прозалық шығармалар аз едi. Алайда, прозаның жанрлық элементтерi тұрмыс-салт ертегiлерде, тарихи аңыз-әңгiмелерде байқалды (М.Әуезов). “Повесть” орыстың көне дәуiрден келе жатқан сөзi. Бұл өмiрде болған әр алуан оқиғаларды жылнама беттерiне тiзiп жазу, баяндау дегендi бiлдiредi. Повестiң жанрлық ерекшелiгiн әңгiмемен салыстыра отырып беруге болады. Повесте бiрнеше эпизодтық әрекеттер суреттеледi, сюжет желiсi күрделi болады, кейiпкерлер саны едәуiр көп болады. Повесть ерекшелiгiмен таныстырар кезде С.Сейфуллиннiң “Жер қазғандар” повесiн алуға болады. Ондағы кейiпкерлер жүйесi, портрет, “әңгiме iшiндегi әңгiме”, пейзаж элементтерiн айқындап, мәтiнге жоспар құрылады. Мәтiн композициясының компоненттерi: суреттеу, баяндау, авторлық мiнездеме, портрет, диалог, табиғат суретi. Мұндағы кейiпкер сөздерi тұтас сюжеттi әңгiмеге құрылады. Мәтiн композициясында көңiл аударатын тағы бiр мәселе-авторлық мiнездеме. Бұл жерде мәтiндегi диалогтың да мәнiн ашу керек. Сатай, Қасен, Қалкен, Бұзаубақ, Әзiмханның бiр-бiрiне әңгiме айтқызу үшiн, автор оған себеп болатын детальды диалог арқылы бередi.

Көлемдi жанрды оқыту. Романды ықшамдап оқыту жолдары.

Мектеп оқулығында көлемдi шығармаларды оқып-талдау қарастырылған. Бұл ретте әдiскер-ұстаз Қ.Бiтiбаеваның еңбектерiн атауға болады. Жалпы, әдебиеттануда роман жанрына қатысты зерттеу еңбектер жазған М.Атымов, Б.Майтанов, Ж.Дәдебаев секiлдi ғалымдардың еңбектерi белгiлi. Көлемдi эпикалық шығармалар көп ретте тек үстiртiн ғана өтiледi. Оның себебi, 1-ден, шығарманың ауқымдылығы, мазмұнның көпқырлылығы әсер етсе, 2-ден, туындының күрделiлiгi де бар. Көркем мәтiндi игерудегi алғашқы қадам мазмұнды бiлуден басталады. Яғни, сюжеттi әңгiмелеу, жоспар құру, бөлiмдерге бөлу, ат қою-мектеп практикасында бұрыннан бар. Бұдан басқа, шығарманың таңдап алған тұстарын мазмұндау; қысқартып, түйiндеп мазмұндау; жеке эпизодтарды мазмұндау; логикалық тiзбектi мазмұндау түрлерi бар. Мәтiндi ықшамдап оқытуда жоспар жасау, тарауларға ат қою, әр бөлiмдi жинақтап, негiзгi сюжеттi айқындау аияқты жұмыс түрлерiнiң мәнi үлкен. Бұл ретте жоғары сыныпта (11 сынып) өтiлетiн “Абай жолы” романымен жұмыс түрiн ұсынуға болады.


Өзін - өзі бақылау тапсырмалары:

- Шағын жанрды оқыту. Кейiпкерлерге мiнездеме беру жолдары;


  • Орта жанрды оқыту ерекшелiгi, повесть кейiпкерлерiн жүйелеу, мәтiнге жоспар құру;


  • Көлемдi жанрды оқыту. Романды ықшамдап оқыту жолдары.;




Әдебиеттер:

1. Атымов М. Қазақ романдарының поэтикасы.

2. Елеукенов Ш. Әдебиет және ұлт тағдыры. А., 1997.

3. Дәдебаев Ж.. Қазiргi кездегi қазақ тарихи прозасының дамуындағы М.Әуезов дәстүрi. А., 1987.

Керектi әдебиеттер.

1. Әуезов М. Жиырма томдық шығрмалар жинағы. 18 том. А., 1981.

2. Сөзстан. А., 1987.

3. Қазақ тiлi ме әдебиетi.№1,2006.

1. С.Сейфуллин. Сол жылдарда.А., 1972.

2. Қ.Бiтiбаева. Әдебиеттi оқыту әдiстемесi. А., 1997.

3. Храпченко М. Горизонты художественного образа. М., 1982.


9 - тақырып. Драмалық шығарманы оқыту.

Лекция мақсаты:

- Мектепте драмалық шығармаларды оқыту технологиясын меңгерту.

Сұрақтар:

1. Әдеби жанрлардың ішінде драманың өзіне тән спецификасы;

2. Драмалық шығармаларды оқытуда кіріспе сабақтардың алатын орны, түрлері;

3. Драмалық шығармаларды талдау жолдары.

Әдебиеттің басқа жанрларына қарағанда драмалық шығармаларды оқытудың өзіндік ерекшеліктері бар. Ол ерекшелік драмалық туындылардың жанрлық табиғатына тікелей байланысты болып келеді. Драмалық шығармаларда оқиғалар оқырман көз алдында жаңа өтіп жатқандай әсер қалдыруы керек. Күшті сюжет, ең бастысы, өткір, шиеленісті тартыс, өмірдегі қарама – қарсылықтар - драманың өзегі, негізгі арнасы. Драмалық шығарманы талдамас бұрын мәтінді алдын ала оқыту керек. Оқушыларға оқу барысында ақыл – кеңес, бағыт – бағдар беру міндетті түрде жүзеге асырылады. Талдау алдында оқушыларға әдеби – теориялық ұғым берудің маңызы зор. Талдауды драмалық шығарманы күйтабақтан тыңдау, немесе, содан көрініс көрсетуден бастаудың маңызы зор.

Оқушылар қызығушылығын арттыру мақсатында драманың жазылу тарихы, оны ойнаған артистер туралы әңгімелеу, туынды туралы әдебиетшілер, сыншылар пікірі жазылған көрнекіліктерді пайдалану тиімді болмақ. Талдауда мәтінге сүйену драмалық шығармаларды оқытудың алтын арқауы болмақ. Мұғалім ең негізгі көрініс, актілерді, монолог, диалогтерді бөліп ала отырып, сол бойынша жұмыс істеуі керек. Мәнерлеп оқу, түсіндірмелі оқу, рөлге бөліп оқуға ерекше назар аударылады. Талдау барысында оқушыларға жиі – жиі қозғау салу, олардың қиялы мен ойына ерік беріп отыру да драмалық шығармаларды оқытудың тиімді жолдарының бірі. Драмалық шығармаларды оқыту жолдары көп. Ол әр мұғалімнің ізденісі, шеберлігіне де байланысты шығармашылық жұмыс. Концерт - сабақтар, композициялық сабақтар түрі – драманы өтудегі тиімді сабақ түрлеріне жатады.

Өзін - өзі бақылау тапсырмалары:

- Драмалық шығармалардың жанрлық ерекшеліктері;


  • Драмалық шығармаларды талдау әдістемелері;


  • Драматургияға қатысты әдеби-теориялық ұғымдарға анықтама бер (акт, әрекет, көрініс, монолог, диалог, қатысушылар, ремерка);




Әдебиеттер:

1. . Бiтiбаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. А., 1997.

2. Әбдiбекқызы К. Оқушылардың көркем шығармашылық қабiлетiн дамыту. А., 1994.

3. Бiтiбаева Қ. Әдебиет пәнiн оқытудың тиiмдi жолдары (Мұғалiмге арналған көмекшi құрал). А., 1990.

4 Жұмажанова Т. Қазақ әдебиетi әдiстемесi. А., 2003.

5. Қоңыратпаев Ә. Әдебиетті оқыту методикасы. А., 1985.



ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ САБАҒЫНДА ПОЭЗИЯЛЫҚ ШЫҒАРМАНЫ   ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ

             

                Әдебиетті оқыту – ғылым саласымен тығыз байланысқан. Себебі, ғылымның қай саласын алсаңыз да теориялық және қолданбалы практикалық мәндес болады деп білсек, әдебиетті оқыту арқылы оқушыға көркем шығарманы оқытуды қалыптастыру әрі теориялық, әрі қолданбалы жүйесін бірлікте қарастырумен қатар оның өнер екендігін де ескерген жөн. Өйткені игерілуге тиісті ұғым, сөздің мәні, айтылмақ ой – түсінік оқушыға әсер етерліктей болса, ол тиісті деңгейде көңіл толқытып, тереңірек ойланады. Сондай – ақ әсер санаға ерекше ықпал етеді. Әсердің нәтижесі бір жағынан тұлғаны әрекетке итермелесе, екінші жағынан пәнге деген қызығушылықты арттырып, көркем шығарманы оқуға талпындырады.

               Әдебиет – сөз өнері. Барлық сөзді тізе берсең әңгіме, жыр шықпайды. Адам жүрегі тербетіп, ақыл таразылап, тіл кестелеп айтқан сөз орнында тұрса ғана әдебиет деген өнер пайда болады.

 Ғылыми тұжырымда әдебиет «адамтану құралы», ал әдебиет пәні «адам тәрбиелеу құралы», - делінген.

  [pic]  

қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, қазақ тілінің қатысымдық, эстетикалық және этикалық қызметін меңгеруін қамтамасыз ету, оқыту үрдісі арқылы ауызша және жазбаша сөйлеу тілін дамыту, қазақ әдебиеті шығармаларын аудармасыз қазақ тілінде оқу, түсіну, баяндап айту деңгейіне жету, Қазақстандық патриотизм идеяларын болашақ қоғам иелерінің санасына дарыту.

 

          Орыс мектептеріндегі «Қазақ әдебиеті»  пәнін оқыту – айрықша көңіл бөлуді қажет ететіндігі еліміздің ертеңгі болашағына деген үлкен міндеттен туындап отырғаны бәрімізге мәлім.

Оқушыларға әдебиеттің құдіретін,   оның  адам баласы жаратылғаннан бері бірге жасасып келе жатқандығын, мәңгілік жаңарып, жасарып отыратын үрдіс екенін айтып, түсіндіре отырып, сол әдебиетті жасаушылар, ақын – жазушылар туралы, олардың поэзиялық шығармалары жайында айтуымыз керек. 

                   Оқушы әдебиет сабағында поэзиялық шығарманы қабылдау керек. Бұл – оңай үрдіс емес. Қабылдау деген сіз бере салғанды ол ала қоятын зат емес. Ол – оқушының өзінің жан қалауымен, жүрек сезімімен, рухани әрекетімен жүзеге асатын дүние.

Қандай жақсы поэзиялық шығарма болмасын оқушы қабылдау үшін әрекет жасамаса, автордың жай күйзелісін, шалқар шабытын бойынан өткізіп, көркем суретті көз алдына елестетіп, келтіре алмаса бәрі бос сөз.

         Оқушыдағы осы сезімді ояту – мұғалімнің қолында, яғни, оқушыға әдеби білім беру, әдеби, эстетикалық, адамгершілік қасиеттерін дамыту үшін мұғалім әдебиетті оқыту барысында әдіс – тәсілдерді орнымен қолдану қажет.

  Әдебиет сабағындағы ең басты жұмыстардың біріне оқушылардың поэзиялық шығарманы қабылдауы, одан әсер алуы, көркем туындыны бүкіл бітім – болмысымен түсіне білулері жатады. Яғни мұғалім осы мақсатпен ізденуі керек, осы мақсатта оны жүзеге асырудың ең тиімді деген  әдіс – тәсілдерін сұрыптай отырып пайдалануы керек. Оқушының поэзиялық шығарманы қабылдау белсенділігін, әсерлі сезімін дамытудың жолдарын қарастыруы  керек.

 Оқушылардың рухани дүниесін байыта отырып эстетикалық, интеллектуалдық, көркемдік, сезімдік, адамгершілік, азаматтық тәрбие беру; оқырмандық тұрақты ынта – ықыласты, биік талғамды қалыптастыру; әдеби мұраны және онда бейнеленген құбылысты эстетикалық қабылдауына қажетті білім және біліктілікпен қаруландыру; логикалық ойын, ауызекі және жазбаша тіл мәдениетін қалыптастыру. Бір сөзбен айтқанда, жеке тұлғаны дамыту, қалыптастыру болып табылады.

      Поэзиялық шығарманы оқытудың басты мақсаттарының бірі - оқушыларды поэзияны сүюге баулу болып табылады. Мұндай жұмыс оқушыларды өз беттерімен өлеңдерді талдауға да дағдыландырады. Поэзиялық шығарманы   оқыту міндеттері: оқушының:

  - поэзиялық шығарманы оқуға деген қызығушылығын, ынтазарлығын ояту, жоғары эстетикалық талғам мен қажеттілікті қалыптастыру;

            - сөз өнерінің ерекшеліктерін түсініп, тануға, ой көзімен зерделеуге негіз болатын білім, білік, икем – дағдылар қалыптастыру;

            - ойын сауатты ауызша (жазбаша) айта да, жаза да білу, байланыстырып сөйлеудегі тіл мәдениетін қалыптастыру және дамыту, өзіндік ой – пікірін дәйекті, жүйелі айта білуге баулу.

               Әдебиет - өнер, әдебиет -  ұлттық қазына, асыл мұра.

              Әдебиет – ұлттық танымның қайнар көзі, сондықтан поэзиялық шығармадан алынған үзінділерді оқытуда:

а) Өлеңді әуенімен, сазымен мәнерлеп оқуға, жатқа оқуға, ерекше көңіл бөлу;

ә) Өлеңдегі ақынның көңіл күйін бағдарлату, оқушылардың өз сезімі, өлеңнің әсеріне де назар аудару;

б) Тақырыпқа сай музыканы, бейнелеу өнерін, басқа да өнер туындыларын, көрнекілікті үйлесімді, тиімді пайдалану.

в) Тиімді, көңілді оқу жағдайын туғызу, жағымды ахуал жасау.

г) Қабілеттерін, шабыттарын ояту, белсенділіктерін арттыру мақсатында шығармашылық сипаттағы әдістерді пайдалану.

          Поэзия - әлем құбылыстарының жиынтығы. Поэзияны әр оқырман өзінің жанының сүзгісінен өткізуі керек. Ақынның өз өлеңіндегі әуезі, үні,      барлық поэзияға құмартушылардың әуезіне, үніне айналмақ. Ақын мен өлеңді мәнерлеп орындаушының үндесігі лирикаға жан бітіреді. Бала қиялының еркіндігі, оның ортаға қатысы, әлем кереметтерін түсінуге құлшынуы өлең құдіретін пайымдау арқылы жүзеге асады. Өлеңді жатқа оқу, оның маңызы мен мұратын ұғу – тек отбасы тәрбиесі мен ұстаздың үздіксіз ізденістің нәтижесінде болатын үрдіс.

          Поэзия - өнердің түрі, оның бойында сурет пен үн тоғысы болады. Егер бала өлеңді оқып отырып суретті көре алмаса, поэзия сұлулығына тұшына алмайды; ал егер өлеңдегі музыканы сезбесе, баланың жаны тебіренбейді. Поэзия да өнердің басқа түрлері сияқты адамды рухани жағынан толықтырады, терең толғанысқа түсіреді, сезімін күшейтеді. Өмірге қызығушылығын арттырып, рухани байытатын және оқушыны  жас кезінен жеке тұлға болып қалыптасуына, шығармадағы кейіпкер тағдырына қайғырып, қуанып, ортақтасуға әсері болады.

           Поэзияны оқыту күрделілігі оның жанрлық ерекшелігінде ғана емес, ең бастысы, оқушылардың оған деген көзқарасы, қарым - қатынасында. Әсіресе,  оқушылардың көбі поэзиядан гөрі қызықты мазмұны бар, айтайын деген ойының бәрі айқындалып тұратын прозалық шығармаларды ұнатады. Мұғалімге оқушыларды поэзиялық шығармаларға қызықтыру, тарту жұмыстарынан гөрі прозалық шығармаларға қызықтыру, тарту жеңілдірек тиеді.

       Поэзиялық шығармаларды өту әдістемесін сөз ете отырып, енді оқушылардың, жасөспірімдердің оларға деген жағымды көзқарасы, қызығушылығын қалай туғызу керек, оның тиімді әдістері қайсы, осы мәселеге тоқталайық. Жоғарыда айтылғандай, поэзияда ақын сезімі өмір сүреді, оқушы оны өз сезімімен қабылдайды. Екі сезім түйіскенде ғана, яғни ақын сезімі мен оқушы сезімі түйіскенде, бір-бірін тапқанда ғана ол туралы сөз қозғау тиімді болмақ. Оқушыларды лириканы сүюге, түсінуге, оны өз еріктерімен оқуға, өмірлік сырлас досы етуге талаптандыру оны оқытудың басты мақсаты болып табылады. Оқушылардың оған деген жағымды көзқарасын қалыптастыру жүйелі жұмысты талап етеді.

      Поэзиялық шығарманы оқытудағы қажеттіліктер:

      1. Өлеңді мұғалімнің мәнерлеп оқуы;

      2. Оқушылардың шумақпен, сонан соң түгелімен мәнерлеп оқуы;

      3. Сөздікпен жұмыс, орысша аудармасына көңіл аударту;

      4. Әдебиет теориясымен жұмыс істеу;

      5. Сызба арқылы өлеңнің мазмұнын ашу;

      6.Өлең мазмұнын жазбаша жаздыру;           

      7. Өлең мазмұнын ауызша айтқызу.

 

 

Ж. Жабаев. «Ленинградтық өрендерім».

 

Балалар, өлеңнен теңеуді табыңдар

- бұлағымдай (Нева өзенін)

- күндей (шамы)

- шоқылардай (таулары)

 

-  Балалар, Жамбылдың осы өлеңді жазуына себеп болған қай қала?

[pic]

[pic]

 

 

 

Ой, ойлану, ойлату барлық пәндерге де керек. Ойсыз өмір сүру мүмкін емес. Бірақ бұл жердегі ерекше бір еске алатын мәселе - өзіндік пікірде жатыр.

Поэзиялық шығарманы оқытудың ең бастысы, сол поэзиялық шығарма туралы оқушы пікірі, ойына ерекше көңіл бөлген жөн. Бұл пәннің басқа пәндерді оқытудан өзгешілігі де, күрделігі де осында. Басқа пәндерге қарағанда әр түрлі осы пәнде ерекше көрінеді.

[pic]

 

Түгелдей жайлап, еш уақытта да көзге көрінбейтін сезім қылдары арқылы ақыл иесі адамды өз арқылы жетелеп алатын қасиетті дүние. Оны оқытудың қызығы да, күрделігі де осында жатса керек.

   Поэзиялық шығарманы оқытқан кезде төмендегідей деңгейлік жұмыстарды жүргізуді кешенді бағдар:

І деңгей– өлең ішіндегі негізгі ойларды бөліп алып, соны шағындап өз                     сөзімен жазуға дағдыландыру.

ІІ деңгей– тірек сызбалары арқылы поэзиялық шығарманың негізгі мазмұнын ашқызу.             

ІІІ деңгей -  поэзиялық шығарма бойынша бейнесөз, сөзжұмбақ құрастырту(өздері түсінген сөздер бойынша)

          Көркем әдебиетте тілдің эмоциялық және эстетикалық қуаты ерекше көрінеді. Бұл қазақ тілін жоғары деңгейде үйренуге мүмкіндік береді