Сабақ: Сан есімнің емлесі (40) | Мектеп: М.Маметова атындағы орта мектеп |
Мерзімі: 14.12.15. | Мұғалімнің аты-жөні: Айтжанова Шолпан Мухаметжановна |
Сынып: 6 «а» | Сабаққа қатысқандар: | Сабаққа қатыспағандар: |
Сабаққа негізделген оқу мақсаттары: | Сан есімнің емлесінің ерекшеліктері, қызметі туралы түсінік беру, сан есімнің түрлері бойынша алған білімдерін анықтау мақсатында топтық жұмыс ұйымдастыру |
Сабақ мақсаты: | Барлық оқушы: Сан есімнің емлесі туралы, қызметі туралы түсінеді |
Оқушылардың басым бөлігі: Сыни тұрғыдан ойлау модулін негізге ала отырып, оқушылардың ой-өрісі, танымдық қабілеті дамиды |
Кейбір оқушылар: Сан есімнің емлесі туралы біледі, өздігінен қолдана біледі. Тест, әртүрлі тақырыптық тапсырмаларды, мақал-мәтелдерді біледі
|
Тілдік мақсат: | Оқушылар орындай алады: Сөйлем ішінде сан есімнің емлесін қолданып, сөйлем құрай алады |
Негізгі сөздер мен тіркестер: Сан есімнің емлесі |
Сыныптағы диалог \ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: Айтылым, жазылым |
Талқылауға арналған тармақтар: 1. Сан есімнің емлесі деп нені айтамыз? 2. Ол не үшін қажет? |
Алдыңғы оқу: | Сан есім |
Жоспар |
Жоспарланған уақыт: | I Ұйымдастыру кезеңі 5 мин. Сабаққа дайындық Сабақты ұйымдастыру Оқушының көңіл-күйін реттеу Топқа бөлу II Қайталау 5 мин. Үй жұмысын тексеру III Оқушының іс-әрекеті. 15мин. А) Тақырыпты меңгеру Ә) Оқулықпен жұмыс жүргізу Б) Дәптермен жұмыс. В) Постермен жұмыс IV Бекіту 10 мин А) Бекіту Жеке жұмыс Ә) Сергіту сәті Тақтамен жұмыс V Қорытындылау 5 мин А) Бағалау Б) Кері байланыс VI Үйге тапсырма беру 5 мин | Ресурстар |
Сабақтың басталуы: 10 мин. | І Ұйымдастыру 5 мин. А) Амандасу, оқушыларды түгендеу Ә) Психологиялық дайындық Б) Топқа бөлу (Берілген сандар бойынша мақал-мәтел айту) ІІ Қайталау 5 мин. А) Үй жұмысын тексеру «Өрмекші» әдісі бойынша | Әдемі әуен |
Сабақтың ортасы: 25 мин. | Негізгі бөлім: А) «Джигсо» әдісімен ережені меңгеру Ә) Оқулықпен жұмыс жүргізу. 130-жаттығу (Ауызша, жұптық жұмыс) Б) Дәптермен жұмыс. 128-жаттығу (Жазбаша) В) Постермен жұмыс. (Сөзжұмбақ шешу) Қалыптастыру: Жеке жұмыс көмегімен оқып білгенін түсінуге мүмкіндік беру. (Семантикалық карта, ребус құру, теңге санау) Бекіту: Тақтамен жұмыс. «Қатесін түзет» ойыны арқылы |
Кітаптар
Жеке үлестірмемен жұмыс
|
Сабақ аяқталуы: 10 мин. | Сабақтың аяқталуы: А) Бағалау, ынталандыру 1. «Жарайсың, Басбармақ!» 2. «Отшашу» 3. Өзін-өзі бағалау «Геометриялық фигуралар» 4. Топпен бағалау Б) Кері байланыс «Екі түрлі түсініктеме күнделігі» Үйге тапсырма: 131-жаттығу | Стикерлер |
Қосымша ақпараттар: әдеби кітаптар оқу |
Саралау: Оқушыларға қандай қолдау көрсете аласыз? Оқушы мүмкіндігіне шек бар ма?
| Бағалау: Оқушының алған білімін көруді қалай жоспарлайсыз? Мадақтау Формативті бағалау | Пәнаралық байланыс: Әдебиет Орыс тілі
|
Кері байланыс: Сабақ \ оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы көңіл-күй қандай болды? Берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? | Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы осы сабаққа сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз |
|
Қорытынды бағамдау: Қандай екі нәрсе табысты болды? Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды? Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?
| 1. 2. 1. 2.
|