Атырау облысы
Құрманғазы ауданы
Абай атындағы жалпы орта мектебі
БАЯНДАМА
« Kahoot.it сайтында тест құрастыру»
Дайындаған: Қайсағалиева Бақытгүл Теміртасқызы
жоғары санатты
информатика пәні мұғалімі
Ганюшкин - 2016
«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп Елбасымыз айтқандай, қазіргі заманда оқу үдерісін ақпараттық коммуникациялық технологиясыз елестету қиын. Сол мақсатта АКТ құралдарын пайдаланудың тиімді жақтарын қарастыруымыз қажет.
Сабақты жоспарлау барысында мұғалімдер сабақтың әрбір кезеңінде АКТ-ны қолдануға тырысады. Сабақтың басталуы оның ең маңызды сәттерінің бірі екендігі жақсы белгілі. Осы кезеңнің рөлін оқушылардың жұмысқа жылдам кірісуі үшін олардың жұмыс көңіл-күйін жасауға арналған ұйымдастырушылық сәт орындалады. Оқушыларды сабақтың ұйымдастырушылық сәтіне толық жұмылдыру үшін тақырыпты әдеттегі мәлімдеу мен мақсаттарды тұжырымдаудан басқа, көбінесе іс-әрекеттің келесі түрлері қолданылады:
Информатика сабақтарында алдағы тақырыптың көзделген нысандарын бейне/фото немесе таныстырылымдар түрінде көрсету мүмкіндігі болады. Тапсырмалары мен сұрақтары бар таныстырылымдар,бейне роликтер, картиналар мен проблеманы көрсететін басқа ресурстар, оның шешімі оқушыларды белгілі тақырыпты және сабақ мақсаттарын зерделеуге аударады. Әрине, мақсатты қою суреттердің, анимациялардың, тұсаукесерлер немесе картографикалық карталардың көмегімен жүргізіледі.
Оқушылар үйде орындайтын тапсырмалар оқушының өз бетімен оқуына және өтілген материалдың білімін бекіту дағдыларын дамытуға бағытталған. Мұғалім олардың дұрыс орындалғанын тексерген кезде бұл сабақтың көп уақытын алса да, дегенмен бұл қажетті
үдеріс, өйткені онсыз оқушының өткен тақырып бойынша деңгейін анықтауға және жаңа
тақырыпты зерделеуіне көшуге болмайды. Егер АКТ құралдарын дұрыс пайдаланса, ол сабақта кейбір қиындықтарды шешуге жол береді. Егер үйге берілген тапсырмада кез келген материалды, мәтінді, туындыны оқып шығу немесе онымен танысу берілсе, белгілі формулаларды жаттауға және т.б. берілсе, онда қысқа мерзім ішінде тестілер арқылы оқушылардың тапсырмаларды орындағанын тексеріп шығуға болады
Тест дегеніміз не? Тест арқылы сынауда қандай жаңалық бар? Оның сұрақтары қалай дайындалады, оны қалай өткізеді, тест арқылы сұраққа қалай дайындалу керек? Тестілеу әдісі көптеген дамыған елдерде қазіргі білімнің ажырамас бөлігіне айналған жастардың дайындық деңгейін және жалпы білім сапасын болжаудың тиімді құралы ретінде пайдаланылады.
Соңғы жылдары тесттік әдіс оқу — білімге қатысты барлық ұйымдарда кеңінен қолданып жүр. Тест деп сапалық және сандық дара ерекшеліктеріне сай түрде негізделген стандартталған, қысқа, уақыт жағынан шектеулі сынақтарды атайды. Осындай іс-әрекетті құрған және жүргізген кезде АКТ сан алуан нұсқаларды ұсынады. Олардың ішінде ең күшті құралдардың бірі ретінде, әрине, Kahoot (getkahoot.com) онлайн-сервисін айтуға болады. Оның сайты [link] Өзіміздің тапсырмамызды ойынға қосамыз (Play now) [pic]
Мониторларымыздан ПИН шығады. Бұл ПИН кодты оқушыларыңыз тапсырмаларға кіру үшін қолданады.
Оқушыда интернетке ноутбук, смартфон немесе басқа гаджет болу керек. Смартфонда қосымшаны қосамыз бізден ПИН енгізуді сұрайды (сайтта көрсетілген пинді енгіземін) ары қарай аты жөнімізді енгізуді талап етеді (ник) nickname деген жерге аты жөніңізді толық жазып Ok, go! деген кнопканы басамыз! Парақта сұрақтар тұрады. Сұрақ жауаптары әр түрлі түстегі тік төртбұрыштар үстінде орналасады. Уақыт аяқталған соң немесе тесті біткен соң сервис дұрыс жауапты және нәтижелері бар кестені көрсетеді, бұл оқушылар арасында бәсекелестік рухын қолдайды.
Сабақтарда АКТ пайдалану – бұл:
• Оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен зерттеу әрекетінің дағдыларын дамыту;
• Оларды оқу әрекетіне белсенді жұмылдыру;
• Коммуникативтік қабілеттерді дамыта отырып, оқушылардың ақпаратпен жұмыс
істеу дағдыларын қалыптастыру;
• Оқушылардың білуге құмарлығын дамыту;
• Ақпараттық мәдениет элементтерін тәрбиелеу;
• Сабақты жаңа мазмұнмен толтыру;
• Жинақтарды, қолданылатын оқу тапсырмаларын кеңейту;
• Компьютерлік технологияларды игеруде дербестігін қолдау;
• Компьютерлік бағдарламалармен тиімді жұмыс істеу дағдыларын бойға сіңіру;
• Өзінің оқу жетістіктерін дербес бағалау мүмкіндігі, бұл оқушылардың өзін-өзі жетілдіруге қызығушылығын арттырады және т.б.
Қазіргі заманғы мұғалім үйренушілердің басты құқықтарының бірі – сапалы білім алуға құқығын қамтамасыз ету үшін оқытудың қазіргі заманға сай құралдарын пайдалану қажет. Біздің уақытта оқушылармен бірге ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың ресурстарын пайдалана отырып, білімнің қызықты әлеміне енуге мүмкіндік туды, өйткені олар оқытудың қосымша құралдарынан біртіндеп негізгі қатарларға ауысып жатыр. Қорыта келгенде, сабақты компьютерлік технологияның мүмкіндіктерін әр оқытушы ұтымды пайдалана білсе, білім сапасы қажетті деңгейге артады деп ойлаймын.
Пайдаланған әдебиеттер:
О.М. Панова Оқыту сапасын арттыруда сабақ кезеңдерінің рөлі (ұйымдастырушылық сәт пенқорытынды кезең)
А.И. Гусева, И.А.Смольникова, С.А. Филиппов, М.А. Чиркова Оқу үдерісінде АКТ пайдалану.