Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев «Әзім әңгімесі» дастаны
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Абайдың «Әзім әңгімесі» дастанының идеялық мазмұны мен
тәрбиелік мәнін ашу, түсіндіру; әңгімедегі шығыстық сарынды аңғарту;
2.Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін, әдеби дүниетанымын, танымдық қызығушылықтарын дамыту;
3.Тәрбиелік: Абай дастандарын оқыта отырып, оқушыларды шын адамгер-шілік жолына, адалдыққа, қанағатшыл болуға, еңбек етуге тәрбиелеу.
Түрі: аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау, ізденіс.
Көрнекілігі: Абай портреті, Абай шежіресі туралы жазылған слайд, Абайдың
суреттері, Ж. Ысмағұлов. Абайдың ақындық тағылымы. Алматы, 1984. Абай-
дың поэмалары.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
2. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару .
II.Үй тапсырмасын сұрау.
Абайдың «Масғұт» поэмасындағы шығыстық сарындар, адамгершілік
идеясы туралы әңгімелету.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Кіріспе.
Абайдан қалған үш поэма бар. Олар: «Масғұт», «Ескендір», «Әзім әңгімесі». Соңғысы аяқталмаған.
Бұлардың бәрі де ақынның бұрынғы шығармаларындай қазақ өмірінің шындығын суреттеуге құрылмаған, Шығыс халықтарының аңыз, ертегілері сюжетіне дастан үлгісінде жазылған. Уақиғалары шағын, көлемдері аз келеді. Аңыздарды ақын, көбінесе, өзіне қажет ұстаздық, тәрбиелік ой-мақсаттарға бейімдеп, көпке үлгі етуді ойлаған.
2. «Әзім әңгімесі»- «Мың бір түн» ертегісінен алынған бір уақиғаның өлеңмен жазылған түрі. Мұнда көпті алдап жүрген адамдардың аярлық мінезі сыналады. Поэма аяқталмаған.
ІV. Оқулықпен жұмыс.
«Әзім әңгімесі» дастанын тұтас, мәнерлеп оқып шығу.
Мазмұнына қарай талдау.
Идеялық мазмұнын ашу.
Құрылысына қарай талдау.
Тәрбиелік мәнін ұғындыру.
V. Бекіту.
1. «Әзім әңгімесі» поэмасындағы оқиға қай ертегіден алынған?
2. Поэмада не жайында айтылады?
3. Ақын көпті алдап жүрген адамдардың аярлық мінезін қалай сынайды?
4. Поэманың негізгі идеясы не?
VІ. Қорытындылау.
Абай поэмаларының тақырыптық жағынан басқа шығармаларынан айырмашылығы туралы өз ойларын айтқызу.
VІ. Үйге тапсырма.
«Әзім әңгімесі» дастанын оқып келу. Үзінділер жаттау.
VІІ. Бағалау.