Мақала Жерлесім туралы лебіздер

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Ақын туралы лебіздер



Қадыр Мырза-Әлі


Айналайын, Ақылбек!


Айналайын, Ақылбек, інім менің,

Алжаспады ақылдан бүгінде кім?

Бүлінудей бүлінді мына заман,

Бүлінді деп, сен, бірақ, бүлінбегін!


Ғафу Қайырбеков


Рахмет, ақын бауырым!


Білмеймін, бұл дүнияда ақын көп пе?

Шығарған даңқыменен атын көпке.

Қашанда, туған топырақ, сені іздесем,

Ғажайып, кездесемін Ақылбекке.


Рахмет, ақын бауырым, ұмытпаспын,

Сенің де көкірегіңнен шығып тасқын,

Ұмтылған кең далаға толқындарың

Теңіз бол, сонда өзіңмен иықтаспын.


Жолбарыс Баязид


Намысты арқалаған


Өлеңнің өлкесіндей Арқа маған,

Жыр көшін таланты жоқ тарта ма адам?

Сен де бір ақынысың қазағымның,

Намысын ел-жұртыңның арқалаған.


Көңілдің күйі жыр ғой тарқамаған,

Өлеңнің рухы берік бар қамалдан.

Құрыштан құйып жазған сөздерінде

Жүк жатыр дүйім жұртың тарта алмаған.


Ұшқыр ой, ақын қиял, озды да арман,

Жыр-тәңірі сол сәт қолын созды да алдан.

Шырқырап шындықты айтам деп жүргенде,

Қиянат шектің кейде озбырлардан.


Бүгін сен қаранған жас қырандайсың,

Елдіктің күйін толғап, жыр арнайсың.

Қайран жұрт- қазағымның тіл-тірлігі,

Тағдырын ту қып, інім, сыналғайсың.


Көзі бол жыр-бұлақтың тартылмаған,

Шабыт бол сексенде де сарқылмаған.

Әлі де жарты ғасыр жыр жаза бер,

Сүйсінер жас пен кәрі, жар тыңдаған.


Дамылдап тоқтағанша ақыр демім,

Өзіңді өлеңдегі жақын дедім.

Бақыттың дариясында қалықтай бер,

Қадірлі акын інім, Ақылбегім!



Нұртас Исабаев


Ақын досыма


Сенің адал пейіліңді ішім сезіп келеді,

О, жан-досым, екеумізді қандай нәрсе бөледі?!

Адал жаңың мөлдір, таза өлеңіндей екен-ау,

Сендей досқа адал көңіл әрқашан да сенеді.


Сендей досқа серік болу бақыт болар адамға,

Ортақсың сен мына өмірде мен басқан әр қадамға.

Досым, бірге қанат қақшы, аяқ басшы ертеңге,

Сендей жансыз өмір сүру қиын шығар маған да.


Аяулым ең мендегі ыстық сезімдерді оятқан,

Адал досы бар адамның қуанышпен таңы атқан.

Мен бақытты адам болсам, борыштымын өзіңе,

Табиғаттан айналайын сендей жанды жаратқан!


Сенем мен


Жылдар бойы жетелеген бір арман,

Екеумізді бірдей күтіп тұр алдан.

Бақытты жан боларына сенем мен,

Өнерде де аттамаса кім ардан.

Кездесе алмай жүрсек те біз жыракта,

Жүргендейміз күйіп-жанып бір отқа.

Өмірде де, өнерде де досыңсыз

Жету қиын шын бақытқа, мұратқа.


Бұл өмірде түсер талай арға сын,

Жалт береді талай жалған жолдасың.

Нағыз достық суымайды ешқашан,

Сен арқылы ұқтым соны өз басым.


Айбатыр Сейтақ


Қостанай қымбат қазынам


Самалдан сырлы саз ұғам,

Ертеңге бастар ел көші.

Қостанай қымбат казынам,

Қазақтың сұлу өлкесі.


Аудан мен талай ауылды

Шарладым, түгел шарладым.

Жаманға жүрек ауырды,

Жақсыға жанды арманым.


Түрлентсе тасты қынасы,

Оймақтай жырда ой тұнар.

Өлкеңнің асыл мұрасы

Бойыма жиған бойтұмар.


Толғанып таудай тұрса ми

Кеудемде менің мол ағын.

Тобылда туса жыр-сәби,

Обағаныңа орадым.


...Қазағым қанат жайды ғой,

Асылдың қалған тегі бар.

Қостанай қайыспайды ғой

Азамат Ақылбегі бар !!!


Сейфолла Шайынғазин


Қуан, досым!


Жаңа міндет, жаңа тағы жоспарың,

Жаңа күймен шабытыңа кос дарын.

Дұшпандардың не дейтінін білмеймін,

Білетінім, бір қуанды достарың.


Қуаныштан ауытқымай назарың,

Қуан, досым, түлесін бір таза арың.

Айналаңды әнге бөлеп думанды,

Асыр салсын бала-шаға—базарың.


Өмір ылғи тоса бермес жақұтын,

Өкінбе де болмай жатса уақытың.

Жұбан соған, аман тұрса от басың,

Қуан соған, бірге болса Бақытың.


Адам болды сыйласы жок жан қашан?

Асыл ойдың аспанында самға сан.

Не бір досты табарыңа сенем мен,

Ниетіңнен дәл осынау таңбасаң.


Шат өмірдің талай шағын тоса алар,

Тағы айтамын, құтты болсын босағаң.

Күле қарап құлан иек тандарға,

Қос шынардай қосағыңмен қоса ағар!



Сақан Нұрманов



Жыр тумаса арындап


Өзге жұрттан ерекше, бөлек едік,

Өлең деген ананың бөбегі едік.

Ақылбек-ау, арындап жыр тумаса,

Ақын боп бұл дүнияға неге келдік?


Біз емес атағы зор дырдай бастык,

Мал-дүние, шен-шекпеннен зырлай қаштық.

Жыр қонған жырым басқа бақ қонбайды,

Содан жұрт өсектейді тұрмастай қып.


Кез келген қайдан ұқсын ақын жанын,

Айға да албырттықпен атылғанын.

Ақын бір атылмаған вулкан тауы,

Ішінде лапылдаган жатыр жалын.


Санама бір теңтекке түбі мені,

Кей досым сырттай үркіп, түңіледі.

Шын ақын тірісінде ұмыт қалып,

Өлген соң өлместей боп тіріледі.


1970 ж.

Әулиекөл.


Қаратай Жансейітов


Армандас едің...


Тасқындай бұрқап, буырқанғанда жыр-мерей,

Сезімнің шоғын мүмкін бе жүру үрлемей?!

Сені мен менің қаныма сінген касиет,

Жақсылықтарды жырласа деген тіл-көмей.


Сеңдердей сырғып, өтеді жылжып талай күн,

Өмірден мынау еншімді мен де қалаймын.

Бойында дархан дарыны бардай Мұхтардың,

Ойында мәңгі жатталған жыры Абайдың.


Өнерін елдің көре алмай, күндеп, аһ ұрған,

Баққұмар жандар емеспіз айға атылған.

Өмірдің өзі секілді бір күй шертетін,

Жырынды оқып, жаныма шабыт шақырғам.


Шыңдалу үшін шыдармыз талай күйікке,

Шалқар ойларды жүрсің ғой жырға түйіп те.

Армандас едің, арланбас едім, ақын дос,

Көз салсам сонау сен тұрған тұғыр-биікке.


Тоғайбай Бабыров


Сенем дедің


Аға дедім, аға деме дедің сен,

Жасық болма дедің сен, мен егілсем.

Өлең дедім, көлеңдедім алдыңда,

Сенем дедің, демедің-ау тегін сен.


Албырттыққа тізгін берген кездерім

Көп те шығар, еркелеттің, сезбедім.

Бүгін біз де ойға шомдық өзің боп,

Сылып тастап сылқымдықтың бездерін.


Мысын басар мысқыл мінез еріңнің,

Мен де бүгін мерген ойлы бөрімін.

Төменіне отырғызбай келесің,

Өзің шыққан шырыны мол төріңнің.


Шабыт күйін өз әлінше шертеді,

Бірге жүрген уақыт бір ертегі.

Неге мені қимай тағы қоштастың,

Ерекпін-ау, керекпін-ау мен, тегі.


Ем болатын жаз таңында шық бар-ды,

Күнде көрем «Қырмызы мен Мықтарды».

Өзінді ұстаз тұтқан нашар мен болып,

Мықтыларға бердім Олжас, Мұхтарды.


1975 ж.

Науырзым.


Абай Қажи


Біздің Ақаң


Қуантып тек отырған жоқ, уа, халқым, бір бізді,

Ақылбектің жүріп өткен жолдары бар нұрлы, ізгі.

Замандасқа сырын айтып жүрген жігіт кешегі

Маржан нұрдан бүгін, міне, Пирамида тұрғызды.


Барыс жылы жасық жырлар жазуға мен жасқанам,

Шырқау шыңға шыға алмайды асқар таудан аспаған.

Үйден безіп, еркін кезіп Әулиекөл даласын,

Еңбек жолын "Жеңіс туы" газетінен бастаған.


Жастайынан жүрген жігіт жақсылардың жанында

Отты жырмен оқырманын ораушы еді жалынға.

Шырай беріп ширатып ет поэзия бөлімін,

Сол жылдары біздің Ақаң "Коммунизм таңыңда".


Одан кейін радио, "Қазақ тілі" қоғамы,

Қай істе де берекелі, ерекше еді орамы.

Төл баласы Өнер менен Мәдениет мырзаның,

Қызметіне Ақаңдардың айтсак көңіл толады.


Ақсұлуды іздеп тапқан саңлағы өнердің,

Әлі талай зиялыны жазарына сенермін.

Азаматы Ақаңдардай болу керек бірегей,

Ақынынан бұл жалғанда әкімдері көп елдің.


Жітіқара тудырады жігіттердің төресін,

Заманға сай, ойларға бай өрелі жыр өресің.

Әулиекел әуелетсе дарыным деп даңқыңды,

Қостанайың қиналғанда қолтығыңнан демесін.



Шаймағамбет Торышев



Ардақтаған ақынды


Ардақтаған ақынды елде ақыл көп,

Ақын сөзі қалады ғой нақыл боп.

Ақсұлудай акын туған өлкенің,

Жарык жұлдыз жалғасындай Ақылбек.



Жітіқара туып-өскен мекенің,

Осы жерден білдің өмір не екенін.

Жақсы ұлда жаттық болмас деген бар,

Бәрі бауырың, жоқ бұл жерде бөтенің.


Арсалаңдап келдің бізге елім деп,

Ел де сені қарсы ап жатыр күлімдеп.

Осы жазған бір-екі ауыз шумақты

Алшы, бауырым, ұсынған бір гүлім деп.


1991 ж.

Жітіқара қаласы.



Ер-ұлан Бағай


Қарағайлар


Ақылбек Шаяхметке


Тіршілігін адам ойлар

Таң шуағын шашқанда.

Қарағайлар, қарағайлар,

Тіреу болған аспанға.


Беретіндей маған айбар,

Кербездігің – кескінде.

Қарағайлар, қарағайлар,

Бас имеген ешкімге.


Көкірегімде самал ойнар,

Түр-сипатын жан қозғар.

Қарағайлар, қарағайлар,

Қайырлы күн, сарбаздар!


Бізде талай шалағай бар,

Ұқпас ұлттың қадірін.

Қарағайлар, қарағайлар,

Қырқылмаған тамырың.


Бізде талай Толағай бар,

Тапталмайтын намыс бар.

Қарағайлар, қарағайлар,

Азаймаңдар, арыстар !


1998 ж. “Жұлдыз” журналы.




Нұрғожа Ораз


Қостанайдың қыраны


Туын жықпай туған ел өнерінің,

Мәпеледің өркеннің өрен үнін.

Қостанайға ат басын тірегендер

Дәмін татты Ақылбек өлеңінің.


Шұрайлы өңір шұғыласын жиып алып,

Алыптармен биік ел иығы анық.

Сусындаған жасыңнан саңлақ едің,

Сардар сөзді жадыңа құйып алып.


Дарындылық дарыған ұрпағыңа,

Қонған олар аталы ұл тағына.

Өсе берсін сол ұрпақ самғап биік,

Жалғасатын болашақ жыр бағына.


2001 ж. “Сарыарқа” журналы.

Астана.


Серік Тұрғынбекұлы


Жырдың кені


Қара нардай артық жүгін тең салған,

Ақынсың сен артық орап, кең салған.

Ақылбектің ақ отауы деймін мен,

Жұмекен мен Кеңшіліктен енші алған.


Өлең-сөзден жалықпай да ерінбей,

Әлдекімге елпілдемей, берілмей,

Жүрегіңнен жырдың кенін ағыздың,

Алтын шыққан Жітіқара жеріндей.


Аға – іні өлең жолы егіздей,

Сол бір жолды сақтайықшы тек үзбей.

Қобыландыдай күркіресең кейде сен,

Келем мен де “Нең бар еді?” дегізбей.


Шамырқансаң шынымен-ақ шымырсың,

Ұғысар жан жүрегіңе үнілсін.

Кейде тіпті “қырық кісі бір жақ” боп,

Жалғыз өзің қалып қойған қыңырсың.


Шенділерге кете алмадың ұнап тым,

Көп сабылдың көзін ашып бұлақтың.

Бірде маған қол көтерген кісіні

Көк желкеден бір-ақ қойып құлаттың.


Қорғаймын деп жалғыз бенен жалқыны,

Талай көрдің теперіш пен талқыны.

Бақыт” деген ұлы сөздің қадірін

Дәлелдедің алған жарың арқылы.


Біз жақтан да соға бермес майда леп,

Әлдекімдер “жүрмейсің-ау жайға”,деп,

Алқалы топ алқымға алып жатқанда,

Алаңдаймын “Ақылбегім қайда?” – деп.


Саған ыстық әр ағашы, әр тасы,

Өзен-көлі, тауы-шыңы, жартасы,

Қазынаңды туған елге сыйлай бер,

Сенің кеудең – Қостанайдың картасы.


18.08.2001ж.




Серікбай Оспанов


Шырқай бер!


Жігіт ең қашаннан-ақ досқа жақын,

Сөздерің көп ортада қосталатын.

Тауларға жетелесің таупық көрмей,

Қазақшаң, әрі орысшаң қос қанатың.


Ақын-сыр, ақын-ұстаз, ақын-мектеп,

Бүр жарар шын ақындар әр күн көктеп.

Сенеміз алдымыздан шығарына,

Келеміз Қостанайға Ақылбек деп.


Жалауы, Қостанайдың болды арыңдай,

Ойларың ақ қайыңды орманындай.

Міңезің бүкіл әлем сүйсінерлік,

Бір өзің Жазушылар одағындай.


Ісің көп кейінгілер үлгі алатын,

Қақтырдың биіктерге жыр қанатын.

Өмірде мен білетін сен ғанасың,

Бақытпен қолтықтасып жүрген ақын.


Күн келді елімізге ғажап бүгін,

Тіліміз алып жатыр азаттығын.

Шырқа да биіктерге көтеріліп,

Қырқаға көтере бер қазақ тілін!


1991 ж.

Жітіқара каласы.

Самғай бер!


Көңілің кең даладай шалқып жатқан,

Дәм татып жүрсің бүгін әр күн бақтан.

Өмірің – толқып аққан Тобылыңдай,

Өлеңін – ақ алмасың жарқылдатқан.


Келесің ақындардың болып алды,

Өшпесін өлеңіңнің жолы мәңгі.

Кіші жүз арасында өскеңіңмен,

Міңезің – қара қыпшақ Қобыланды.


Жырларың ұялады көңілдерге,

Ұсындың, қашан барса, төріңді ерге.

Ақылбек, ақиқатты, адалдықты

Қорғадың сөзіңмен де, қолыңмен де.


Сөйлесең, әр сөзіңе құмар қанған,

Жігітсің шындықты айтпай тұра алмаған.

Самғай бер өлеңнің кең өлкесінде,

Сұраймын жығылмауыңды бір Алладан!


2001 ж.

Қостанай.



Әсия Беркенова

Қазақстанның халық ақыны


Ұлт үшін ұрандаған


Азаматсың маңдайыңда ар табы,

Ақынсың сен айбарлы да арқалы.

Ұлтың үшін ұрандаған жырларың

Аралайды Алатау мен Арқаны.


Сан сұрақтар тұрса ойды мазалап,

Қайрат-жігер бойыңдағы ғажап-ақ.

Селсоқ тартқан қандастардың санасын

Семсер сөзбен жүрсің дәйім тазалап.

Маржан-жырың сөресіндей көрменің,

Сұңғыла сөз таспадайын өргенің.

Мөлдір бұлақ”, “Әдемі” боп шығады

Күн нұрымен “Көзіңді ашып көргенің”.


17.03.2006 ж. Қостанай.



Қоңысбай Әбілев,

Қазақстанның халық ақыны


Арқаның жүйрігісің


Арқаның жүйрігісің алқынбаған,

Тұрғанда елің бүтін, халқың да аман,

Жырларыңның ғұмыры ұзақ болсын,

Өзіннің міңезіңдей аңқылдаған.


02.11.1988 ж.

Нұрқанат Құлабаев



Ардың туы



Қолтығында қотыры бар қоғамың

Қытығына тисе, артпа оған мін.

Жеті қаттың мұңы тұнып жатады

Жүрегінде ақын деген адамның.


Тегеуірінді толқынындай Тобылдың

Өрге ғашық өлең болып өрілдің.

Отқа оранып суырылып шыққандай

Әрбір сөзін өзегінен өмірдің.


Қайсарлық пен адами ар хақында

Алты алашқа арзу еткен хатың да.

Алатаудай жүрек жатыр жыр болып,

Тән болатын тек ақиық ақынға.


Алқа топта кеңес құрған көшелі,

Отты көмей орақ тілдің шешені.

Ақыл аға, міскін күннің мысын бас,

Тәтіқара жырау сынды кешегі.


Арна бұзар ағысы асау арындай,

Жай сөзіңнің өзі жайдың оғындай.

Содан болар, мінберге ылғи шығасыз

Мойныңызға галстук та тағынбай.


Ұйқастырып сіздің жырдан айнытпай,

Өлең жазып, жұртқа оқыр ем шайлықпай.

Бірақ, сіздей қарағай боп қасқайып,

Ақиқатты айту қиын қаймықпай.


Алмас тұяқ тас тураған тағасыз,

Арғымаққа ауыздықтар шарасыз.

Арқа жырын алға сүйреп барасыз,

Ардың туы секілденіп, аға, сіз!



Тұрсынмәмет Нүсіпханұлы


Ақын берген тағылым


Жастық шақта көңіл-дөнен көсіліп,

Өлең жазғам он шумақтан өсіріп.

Бірде соны бердім ақын ағама,

Ақ қағазға әдемі етіп көшіріп.


Баламын ғой тер сіңбеген тоқымы,

Жаңа маздап келе жатқан от үні.

«Көп жазыпсың!»деді де ақын, сәл тынып,

Жұмекеннің бір шумағын оқыды.


«Шұбатылып жаза беру өнер ме?

Таусылмайды саған біткен күш нағып.

Жарасады жалыны бар өлеңге

Жақсылардың ғұмырындай қысқалық.»


Міне, нағыз жақсы жырдың бағасы,

Сенікі не, ұзын арқан, қарашы...

...Кейін білдім, сонда ақын қатты айтып,

Талабымды қайраған-ау, шамасы.


Сан өртеніп маздақ жырдың отынан,

Шумақ жазсам өзге сүйіп оқыған,

Бір кездері ақын берген тағылым

Ақталды ма деп ойланып отырам.


Нұрболат Мешітбаев


Өлеңнің бегі


Әртүрлі, аға, әркімнің көгі,

Әркімнің көңілі – алтынның кені.

Атыңды халқың Ақылбек қойған,

Болсын деген-ау ақылдың бегі.


Шақырды асқар өнердің белі,

Болдыңыз қазір өлеңнің бегі.

Жүрегің әр кез елім деп соқса,

Сен елдің жыры, сен – елдің кегі.


Әртүрлі болар әркімнің жолы,

Іздегендерің – халқыңның жоғы.

Өлеңдерінде өмірі елдің,

Өлеңдеріңде – алтынның шоғы.


Тойладық сол бір жарықты бүгін,

Көп болсын, аға, шабытты күнің.

Көре берейік биіктен әр кез

Өзіңдей, аға, халықтың ұлын!


16.03.2006 ж.


Омар Баймағамбетов


Ақылбекті оқығанда


Түнемел қымыз сияқты

Сіміре бергім келеді,

Май айының балындай

Жұта бергім келеді,

Ұйқым шайдай ашылып,

Оқи бергім келеді,

Оқығанды қайталап,

Жаттап алып мөлдірін,

Тоқи бергім келеді.

Сұлулығы Сәкендей,

Шеберлігі Мағжандай,

Батырлығы Баукеңдей,

Ақылбегім заманның

Озып тұрған ақыны,

Халыққа ең жақыны.

Тереңдігі Мұхаңдай,

Биіктігі Шыңғыстай,

Шалқарлығы Сәбеңдей,

Ұқыптысың Ғабеңдей,

Сөз саптасың жорғадай,

Жайдарысың Сәкендей,

Ыбырайдай білімді,

Өнерге дос Ілиястай,

Сөз зергері Ақылбек,

Жүз жасағын Жәкеңдей.

Шырқау таудың ақ селін

Баяулатқан сөздерің,

Дербестігін елімнің

Алаулатқан сөздерің,

Түбі терең мұхиттай

Тебіренткен сөздерің,

Тас қараңғы түндерді

Жарқыратқан сөздерің,

Тас атқанды ақылмен

Жуасытқан сөздерің,

Қателескен кей кезде

Болды сенің кездерің.

Бәрі жастық, албырттық,

Жарастығы өмірдің,

Сыйластығы көңілдің,

Өзің түзеп, жөндедің,

Өзің бәрін өңдедің,

Өнерге деген ықылас

Таң қалдырды біздерді,

Кейінгі жас ұрпаққа

Үлгі қылам сіздерді.

Ақ сақалды, сар тісті

Абзал ата бол деймін,

Заман, міне, өзгерді.

Көксемеген байлықты,

Қобыланды батыр ұрпағы,

Қайыспайтын қас батыр,

Еменнің иір бұтағы.

Халықты ойлап байлықсыз,

Жүрдің кейде шайлықсыз.

Қолдан келер қайран жоқ,

Отыра бердік налып біз.

Кемел жасқа келдің сен,

Еріп кетті барлық сең.

Қазақ елін жырлай бер,

Жемісін де тердің сен.

Аруақ сені демеді,

Халқың саған сенеді.

Жүзіңнен нұр төгілсін,

Жүректен жыр төгілсін,

Қолыңнан сенің келеді.


2002 ж.

Қостанай.



Жүзінен нұр төгілген


Ақталуды білмейтін,

Мақтануды білмейтін,

Туралықтан таймаған,

Ақындардың алыбы.

Еліміздің ақыны,

Халқыма ең жақыны,

Сөз саптасы өзгеше,

Өмірі сөнбес жалыны.

Жүзінен нұр төгілген

Нар тұлғалы батырым,

Пыш-пыштарды елемей,

Жаза берші ақырын.


05.04. 2007 ж.




Виктор Корытный


Письмо казахскому другу



Здравствуй, друг мой верный Акылбек!

Из моих бесчисленных знакомых,

Ты в моем многоголосом доме

Самый мне желанный человек.


Ваша степь безмерно велика,

Потому и встречи так нечасты.

Но за то, какое это счастье,

Услыхать тебя издалека.


Голос твой гортанный узнавать,

В стареньком динамике под вечер,

И о предстоящей нашей встрече

С грустью неподдельной тосковать.


Ты газетчик, репортерский бог,

За день полпланеты облетаешь,

Где, мой друг, ты только не бываешь,

И каких не колесишь дорог!


У меня я здесь не утаю,

Есть одна счастливая примета.

Если утром развернув газету,

Вижу публикацию твою.


Не слабеет трудовой подъем,

На полях, на стройках и заводах.

Ведь и мы, как наши два народа

Общими заботами живем.


Дело свое трудное любя,

Как пчела, ты вновь летишь за данью.

Дом мой, весь заполнен ожиданьем,

День и ночь распахнут для тебя!


Букет стихов


Да, Акылбек, полвека пролетело!

Бегут года, как быстрая вода.

Но молоды твои душа и тело,

Дай бог, чтобы таким ты был всегда.


Чтобы твои творения читали,

Усваивая мудрости урок.

Чтобы тебя любили, почитали,

За то, что ты акын, поэт, пророк!


Ведь было время о тебе молчали,

Держали, как за каменной стеной...

И горе, и невзгоды, и печали

Тебя не обходили стороной.


Все было, Акылбек, за те полвека,

Что ты под солнцем яростным живешь.

И 50 — всего лишь только веха

На том пути, который ты идешь.


Так пусть же будет для тебя наградой,

Букет мой из простых сердечных слов.

Сегодня все мы счастливы и рады

Отдать тебе признание и любовь!!!



Петр Черныш


Рахмет!


Судьба порой как лотерея,

Да нас-то ни к чему жалеть.

Века народы дружба греет,

Еще столетия будет греть.


Она, как нива, колосилась,

По-братски кров и хлеб деля,

По-матерински относилась,

Ко всем казахская земля.


Но Пирамиду дружбы надо

Крепить как наш земляк-поэт.

Чтоб стало общею наградой

Любимой Родины расцвет.


...Пройдут года и в новом веке,

За гранью наших с вами лет.

Прочтет праправнук Акылбека,

Воздав ему үлкен РАХМЕТ !


Абдрахман Досов


Я знаю точно


Я знаю точно строками живут

От древних лет. Живем мы ими ныне.

Поэт проходит свой тернистый путь,

Живет в народе память об акыне.

Твои стихи на полке среди книг,

Накал души с которыми сверяю.

И говорю в торжественный сей миг

Как хорошо, что ты из Костаная...


Абдолла Қорғанбек


Аға тілегі


Ақылбек, жігіт болдың жалындаған,

Басыңнан бақыт-дәулет арылмаған.

Мерейің үстем болып, даңқың өссін,

Әлемде ел қалмасын танымаған.


Жүрегің елге деген суымасын,

Бойыңа ауру-сырқау жуымасын.

Жаңалық әр күн сайын жалғас тауып,

Басыңнан бақыт құсы қуылмасын.



Ақындықтың айдыны,

ақиқаттың айбыны


Көтеріп туған жердің даңқын биік,

Жыр жаздың, оқыды оны халқың сүйіп.

Көрмедің асқақ рухты төмендетіп,

Тақ мініп, жүрмесең де алтын киіп.


Туғансың, атамекен, ұлыңды алып,

Жатқан жоқ жасын үнің қырын қалып.

Басқалар бұқса-дағы, «Тілім!» дедің,

Жұдырық ет-жүрегің жырымдалып.


Табиғат адал ақын қылғаны үшін,

Жолыңда біреулердің тұрғаны шын.

Жатқанда жалпақ жұртың еркелетіп,

Қызғаныш кетті олардың тырнап ішін.


Шырайлы шабыт алып пәк гүліңнен,

Жырлай бер, ақын жүрек, тәтті үніңмен.

Жүз жылмен шектелмесін ақын-ғұмыр,

Мың жаса май тамызған мәрт тіліңмен.


«Жас қазақ» журналының ұжымы.

2001 ж.


Ақылбекке



Ақылбегім, айналайын атыңнан, әр сөзің қымбат алтыннан,

Қазақтан сіздей ұл тумас, ұл туса да артылмас,

Ықыласыңа, пиғылыңа құдай берсін, қолдасын,

Лайықты өзіңе жар болсын және жолдасың.

Байлыққа да қызықпадың, Астанаға бармадың,

Елің, жерің арқа сүйер, жырларыңды арнадың.

Кемелге келген ақ сақалды, нағыз қария болыңыз,

Қайда жүрсең, болып тұрсын жолыңыз!

Әумин!


Диқанбек Қожабекұлы

Торғай.

2009 ж. 7 қазан.


Нұрлы ойлы Нұржан ақын тілі балдай,

Өтіпті Алты Алашқа жырын арнай.

Кезінде ғұламалар зерделепті,

Тым аздау зерттеушілер бүгін ондай.

Ақылбек ағамыз жүр ортамызда,

Нұржанның мәңгі мәнді сырын аңдай.

Ислами ізгі жолға үгіттеген,

Кім айтты Нұржандайын тынық ойды-ай.

Мектеп ашу ісіне араласқан,

Ұлы ұстаз данаға еріп Ыбырайдай.

Меніңше ала алған жоқ нақ бағасын,

Жырына тұтас ұрпақ жылынардай!

Тұлғасы ала алмаса нақ бағасын,

Болады ол қоғамның құны қандай?!


(Нұржан Наушабайұлының туғанына 150 жыл толуына арналған ақындар айтысында Қостанай ауданы ақыны Аслан Қанғожинның Арқалық қаласының ақыны Азамат Мәлжанбайға айтқанынан)


2009 ж. 9 қазан.

Қостанай ауданы.




Сәкен сері ЖҮНІСОВ,

Қазақстанның халық жазушысы,

Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты


Ақын – ақиқаттың айнасы


Ақылбек інім тұлғасы ірі, мықты ақынның бірі. Ақын елдің елшісі, ақиқаттың айнасы десек, осы күні Алматыда да, Астанада да ақын көп. Олардың ішінде жақсы ақындар аз емес. Ал Ақылбектің ерекшелігі ол тамырын жерге жіберген, өзі туып-өскен құнарлы топырақтан нәр алған, барлық Еуропа мен Азия ақындарын терең оқып, жасыл жапырақтары жан-жаққа таралған, Наушабайдың Нұржаны, Басықараның Қанапиясы, Орысбайдың Ақсұлуы секілді арқалы ақындардың жырын жаттап, өмірін зерттеп, туған жерінде табан тіреп тұрғаны.

Сондықтан да ол:

Іздеймін деп тірліктің басқа амалын,

Баққан жоқпын ешкімнің қас-қабағын.

Беттемедім өріне Алатаудың,

Қызықпадым төріне Астананың, деп ағынан ақтарылады.

Ақылбек заман ау-жайын тап басып, Құлагердей тұлпардан жұртта қалған ит озған, атасыз шаңырақ, батасыз дастархан, біліксіз басшы, құлықсыз қосшы көбейген қоғамды қаламының қайратымен қорғағысы келеді. Бұған дейін ондаған жыр жинағын шығарған, соның ішінде үлкендерге де, балаларға да арнап жыр жазған ақын «Көзімді ашып-көргенім» деп аталған жаңа жыр жинағында ел тағдыры туралы толғанады, көппен бірге қиналады.

Ақылбек Шаяхметтің поэзиясында әдемі сурет те, кесек ойлар да, тегеуірінді түйіндер де бар. Ол сан қырлы, жазық даланың алуан түрлі шөп пен гүлге толы, шалғын иісі аңқыған, еккен егіні шалқыған образын көкірегіне кұйған, сол даладан нәр жиған бал арасына ұқсайды. Ақынның өзі жазғанындай, ол қарағайға қарсы біткен бұтақтың қылқаны, бірде қуанышты, бірде қасіретті мәңгі әуені үзілмейтін өмірдің қатты тартылған ішегі тәрізді. Оның дауысы кейде қатты шықса, кейде өте нәзік. Осы өмір заңын өнерде де тең ұстайды.

Ақылбек әуел баста орысы көп, қазағы аз Қостанай өңірінде могиканның соңғы тұяғындай болғаны, арпа ішінде бір бидай болып, ұлы Абай айтқандай: «моласындай бақсының, жалғыз қалдым, тап шыным», деп күңіренгені де рас. Бірақ, ақын осындай күйде жүріп қоғам өміріне белсене араласқан, «Қазақ тілі» қоғамының шаңырағын көтеріп, ана тілінің мұңын мұңдаған, жоғын жырлаған. Оның тағы бір қасиеті өзі үлгі-өнеге тұтатын қазақ халқының біртуар перзенттері Ыбырай, Шоқан, Бейімбет секілді жан-жақтылығы, әмбебаптығы. Ақылбек ұзақ жылдар бойы газетте де, радио мен теледидарда да қызмет атқарды, мәдениет саласында жұмыс істеді, сүйтіп жүріп Қазақстан жазушылар одағының Қостанай және Торғай облыстары бойынша әдеби кеңесшісі қызметін қоса аткарды, «Ана тілі» газетінің саңлағы атанды, «Азаттық» радиосы мен Қазақ ақпарат агенттігінің тілшісі болып, қазақша жөне орысша екі тілде әдемі мақалалар жазды. Мәскеудегі Әдебиет институтын бітіріп шыққан Ақылбектің ақындық диапазоны кең, ойы ұшқыр. Оның Қостанай өңірінен шыққан атақты билер мен шешендер, ақындар мен қоғам қайраткерлеріне арналған «Пирамида» жинағы бір төбе болса, Қазақ радиосының алтын қорына қабылданған «Ақсұлу» драмалық поэмасы атақты айтыс ақыны Ақсұлу Орысбайқызының бейнесін толымды суреттеген туынды. Ақылбек Алаштың ардақтысы атанған Елдес Омарұлы туралы «Елім деп өткен Елдес» деп аталған деректі хикая жазса, тағы бір драмалық шығармасын Ахмет Байтұрсынұлына арнап, оны «Алғыс пен қарғыс немесе жарық пен көлеңке» деп атаған. Автордың кезінде «Дала қоңырауы» деген атпен газет шығарғанының өзі оның ұлтжандылығын, туған ел мен өскен жерге деген шексіз махаббатын аңғартса керек. Бүгінде қайта оралған тарихи жер атаулары, жаңадан ашылған қазақ мектептері, ана тілінде өтіп жатқан шаралар, түрлі әдеби кештер осының бәрінде Ақылбектің ізі сайрап жатыр.

Ақындық қуат туған топырақтан нәр алып, сол топырақтың шөбін оттап, суын ішіп жетіледі десек, Ақылбек те асылдың сынығы, тұлпардың тұяғы. Ол Орта жүзге аты жайылған атақты Қазыбай бидің шөпшегі. Арғы аталары әйгілі Наурызбай бидің туысы, әкесі Алаштың ардақтысы, көрнекті ғалым Елдес Омарұлының аталас інісі, Ақылбек атамекені Қарабалықты қандай жақсы көрсе, өзінің кір жуып, кіндік қаны тамған жері Жітіқара өңірін де келістіріп жырлайды. Осы өңірде туып өскен Ақсұлу Орысбайқызының өмірін зерттеп, әдебиеттану саласында да өзіндік үлесін қосады. Ақындардың тақтағы атанған Наушабайұлы Нұржанның «Алаш» деп аталған өлеңдер жинағы да Ақылбектің құрастыруымен және алғысөзімен жарық көрді.

Осының бәрін атқару, әрі журналист, әрі көсемсөзші болу, сүйте жүріп ақындық өнерден қол үзбеу ілуде біреудің ғана қолынан келетін шаруа. Ақылбек Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай Мемлекеттік Университетінде әдебиет алыптары туралы арнаулы курс та оқып үлгіреді. Қостанай өңірінің барлың ұңғыл-шұңғылын қамтитын «Қостанай» энциклопедиясын дайындауға ат салысады. Жергілікті теледидардан «Қазыналы Қостанай» деген айдармен әйгілі қоғам қайраткерлері, ақындар мен батырлар, билер мен шешендер туралы хабар жүргізеді. Ақылбектің тікелей араласуымен Қостанайда кейінгі бірнеше жылдың ішінде ғана ондаған жас талапкер ақын-жазушының тырнақалды туындылары ұжымдық жинақтарда басылды, жеке кітап болып жарық көрді. Күні кешегі Бейімбет Майлиннің жастарға қамқорлығын енді Ақылбек жалғастырып отырса, нұр үстіне нұр емес пе?! Бірақ, Ақылбек Қостанай, Торғай ғана емес, барлық қазақтың ақыны. Ақанды Көкшетауға, Сегіз серіні Қызылжарға ғана телуге болмайды ғой. Ақылбек те солай. Оның жырлары жаздың жасыл жапырағындай, санасында сәулесі бар оқырманға сая бола алады.

Ақынның шығармашылық кештерінің бірінде мен оған деген халық ықыласының куәсі болдым. Өлеңді жазуын жазғанымен, жатқа оқитын ақындар бірен саран. Оқырманға екі тілде бірдей жауап беріп, келелі ой толғау да кез келген қаламгердің пешенесіне жазылм а ғ а н. Осы тұрғыдан келгенде Ақылбек алыста ж а т с а да, астаналық ақындардан бір мысқал да кем емес, қайта, көбісінен биікте тұрғанын мойындау керек.

Ақылбектің қолдарындағы жаңа жинағы оның өсу жолын, кемеліне келгенін, өзі осы кітаптың бір бөлімінің атын тауып қойғанындай, ой маржанын тергенін көрсетеді.

Ақынның жас кезінде жазған қызулы өлеңдерінің кітап болып шығарда көлемі өскен жоқ, шыққаннан кейін де сыншылар көзіне түскен жоқ. Бірақ, ақын мақтау күткен жоқ, жырларын жазып, тереңде жатқан ойларын қазып жүре берді. «Көзімді ашып көргенім» жылдар жемісі, ойлар өрісі, керек десеңіз, ақынның үлкен жеңісі десек те жарасады.

Ақынды көп мақтаудың қажеті жоқ. Одан да оның жырларын оқыңыз. Сырларын көңіліңізге тоқыңыз. Ақыл алымын, ақындық қарымын сонда байқайсыз. Байқайсыз да, ризалықпен басыңызды шайқайсыз. Ақылбектің ақындық әлемі әдемі де әсерлі.


Шота Уәлиханов,

сәулеткер, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты


Баянды болсын


Діңгек тастың екі қапталындағы тас блоктарға жазылған көне түрік жазуларын, еліміздің әр жерінен табылған петроглиф суреттерді ескерсек, бұл кешенде Отанымыздың үш мыңға жуық тарихы қамтылған. Монумент туралы ақын Ақылбек Шаяхмет жазған өлең көңіліме қонды.

Алтын қазақ, нар қазақ барыс мінген,

Жетті бізге мұқалмай алыс күннен.

Нар қазақпен намысы бар қазақпен

Сонау ықылым заманнан таныспын мен.

Осы қазақ қой айдап, жылқы баққан,

Садақ оғын дұшпанға зырқыратқан,

Өзі барып ешкімге тиіспеген,

Келген жауды жығып сап, шырқыратқан.

Осы қазақ күй тартып, ән шығарған,

Жағадан бас, бір жеңнен қол шығарған.

Ұрпағы үшін шырылдап суға түсіп,

Ажалға да қаймықпай қарсы барған.

Осы қазақ елі үшін атқа мінген,

Жанып жатқан лапылдап отқа кірген,

Бойтұмар қып ар-ұждан — қазынасын,

Абыройын жоғалтпай сақтап жүрген.

Алтын қазақ, нар қазақ барыс мінген,

Жетті бізге жарқырап алыс күннен.

Нар қазақпен намысы бар қазақпен,

Жиырмасыншы ғасырда табыстым мен!

Қас батырмен табысқанымыз баянды болсын, құт әкелсін!


«Егемен Қазақстан»

13 желтоқсан, 2002 ж.



Рымғали Нұрғали,

ҚР Ұлттық ғылым академиясының

академигі, филология ғылымдарының докторы

Рухани мұра – қымбат қазына

Қостанай өңірі қазақтың рухани тыныс-тіршілігінде бағалы орны бар қазыналы аймақ. XIX ғасырдың орта кезінде халқына елеулі қызмет атқарған Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин секілді ағартушылардың соңынан іле-шала шыққан XX ғасырдың басындағы көрнекті тұлғалар Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Елдес Омарұлы, Мұхаметжан Сералин сынды тұлғалардың мол рухани мұралары қазақ халқының қымбат қазынасы екені мәлім. «Тақыр жерге шөп шықпайды» дейді халық даналығы. Аталған атақты тұлғалардың рухани әлеміне игі әсер еткен өнер иелері болғаны даусыз. Өкінішке қарай, тарихымызда орын алған кешегі советтік дәуірдегі солақай саясатты ұстаған мемлекеттік жүйе бұл өңірдегі рухани қазынаны кең аршуға мүмкіндік бермеді. Қолдан жасалынған саясаттың әсерінен Қостанай өңірі «қазағы аз, өзге ұлты қалың» өлке болып, тың рухани мұралар ғылыми ізденістің нысанына алынбай, назардан шеттеп қалды.

Халқымызға саяси да, рухани да еркіндік алып берген Тәуелсіздіктің нақты жемісіндей сезіліп, Үкіметтің тікелей қамқорлығына алынған, рухани қазынаны тереңнен қозғауды қолға алған «Мәдени мұра» бағдарламасының игі әсерімен үндес келіп жатқан бұл жұмыстың тақырыбының өзектілігі айқын әрі еселі деп есептеймін.

«Типологиялық сабақтастықтың ақындық және шешендік өнердегі көрінісі (Қостанай өңірі мысалында)» деп аталатын тақырыпта диссертация қорғаған Ақылбек Шаяхмет “Ақындар және шешендер” атты монографиялық еңбегінде Қостанай өңірінде өмір сүрген Өске Торқаұлы, Ақсұлу Орысбайқызы, Басықара Қанапиябаласы, Наурызбай, Асаубай шешен сынды тұлғалардың әдеби-рухани айналысқа толық ене қоймаған туындыларын алғаш рет ғылыми тұрғыда талдайды. Қазақ халқының саяси-экономикалық тіршілігінде ерекше із қалдырған ХІХ ғасырда өмір сүрген ақындар шешендік өнерді қатар ұстаған. Бұған дәлелдің ең зоры – қазақтың ұлы ақыны Абайдың ел билеу ісіндегі қызметі. Ақын шығармашылығын зерттеген ірі ғалымдардың барлығы дерлік ақынның «қара сөзден ешкімге дес бермегенін» жазады. Қазақ даласында Абай сынды ақындық өнерімен қатар шешендік өнердің тұтқасын ұстаған үлкенді-кішілі ақындар көп болған. Ғылыми еңбекте сөз өнерінің екі үлгісін қатар меңгеріп, қазақтың рухани тіршілігінде елеулі із қалдырған өнер иелерінің шығармашылығындағы «табан ізі» бір ұқсастықтар мен сабақтастықтар ғылыми жүйенің желісіне салынып талданған.

Есімі ел ішінде сақталған, бірақ ғылымда елеусіз қалған кейбір шешендердің туған жері, атқарған қызметі, айтқан билік сөздеріне, сонымен қатар бұрын-соңды зерттеулерге арқау болған танымал би-шешендердің жаңа табылған мұраларына назар аударылған. Автор өзі жинаған материалдар мен мұрағатынан көп дерек қосқан.

Ақылбек Шаяхмет ақындық өнердің бастауы шешендік сөздермен үндес жатқанын талдай келе, типологиялық сабақтастықтың талданған және тың сарындарын да тілге тиек етеді. Қостанай өңірінде аса танымал болған тұлғалардың ақындық және шешендік дәстүрді тең ұстағанын, бұл екі үлгінің бір-біріне әсерін нақты мысалдармен дәлелдеу – аталмыш еңбектің негізгі өзегі.

Ақылбек Шаяхмет Қостанай өңірінде туып-өскен ақын, би-шешендердің шығармашылығын тыңнан зерттей отырып, пайымды да бағалы еңбек жазған. Аймақтық рухани мұраларды жинап, оны ғылыми тұрғыдан зерттеуге шама-шарқынша елеулі үлес қосқан, мәнді де мағыналы жұмыс жасаған.

10 наурыз 2006 ж.

Астана.


Уәлихан Қалижан,

филология ғылымдарының докторы,

ҚР Парламентінің депутаты

Көркемдік дәстүр жалғастығы


Шаяхмет Ақылбек Қожаұлының ”Типологиялық сабақтастықтың ақындық және шешендік өнердегі көрінісі (Қостанай өңірі мысалында)” атты кандидаттық диссертациясы қазіргі әдебиеттану ғылымындағы өзекті мәселелердің біріне арналған. Оның тақырыбы да зерттеуші ғалымдарды қызықтыратыны даусыз. Шешендік және ақындық өнердің типологиялық сабақтастығы мен ұқсастығының зерттелуі қазіргі замандағы саясаттанудағы және филология ғылымын дамытудағы сұраныстарға тығыз байланысты.

Шешендік сөздер мен ақындар шығармашылығының тарихи процестерде көбінесе көп өзгермей, ұрпақтан ұрпаққа мирас болып отыратындығы, әдеби тілімізді дамытуға үлкен ықпалы болғаны, сонымен бірге қазіргі әдебиетіміздің дамуына да өзіндік үлесі бар екені дәлелденіп, ғылыми тұжырымдар жасалған. Шешендік және ақындық өнердегі өзара сабақтастық, тамырластық және көркемдік дәстүр жалғастығы, бейнелеу құралдарының ұқсастығы қазіргі ақын-жазушылар шығармашылығынан да байқалатынына дәлелдер келтірілген.

А.Қ.Шаяхметтің көне түркі үлгілерінен бастап қазіргі кезеңге дейінгі аралықты қамтыған ұлттық сөз өнері туралы көркемдік дәстүр жалғастығын зерттейтін теориялық және практикалық ойлары мен тұжырымдары, жасаған ғылыми байламдары әдебиеттану мен тіл білімі саласында еңбек жасап жүрген зерттеуші ғалымдарды қызықтыруға тиіс деп ойлаймыз”.

07.10.2005 ж.

Астана.



Жұмағали Ысмағұлов,

ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі


Қашан көрсек те, шұрқырасып...


Ақылбек, бауырым!

Біз қашан көрсек те, шұрқырасып қалатынымыз сол туыстықтың белгісі еді ғой. Таяуда сенің Өтеміс ақсақал туралы жазғаныңды оқып, риза болдым. Ол кісі соғыс жылдарында Әулиекөлде аудандық атком төрағасы болған. Сондай қадірлі ағаларды, ел ақсақалдарын еске алып, ел жадынан ұмыттырмаған жақсы. Бұл жөнінен сен өте дұрыс істеп жүрсің. Сен облыс көлеміндегі жауапты жұмыстың талайын атқардың. Көп тәжірибе шектің, үлкен мектептен өттің. Ақындығыңмен де елге жақсы танылдың. Сондықтан бойыңдағы ақыл-дарыныңды жастарға беретін дер шағың осы. Соған қуаныштымын.”


18.05.2003 ж.

Алматы.




К.Мусаев,

академик Российской Академий наук


Высокохудожественные переводы


“А.Шаяхметов прдставил 21 стихотворении в переводе на казахский язык. 14 из них опубликованы в газетах. Переводит он с русского языка, а также через русский подстрочник с азербайджанского, осетинского. Переводы можно считать вполне удачными. Переводчик уверенно владеет художественными приемами казахского языка. Переводит, как правило, свободно, вольно, не стремится к сохранению особенностей почерка оригинала. Но все переводимые стихи относятся к числу высокохудожественных”.


1 декабря 1979 г.

г. Москва.



Хусайын Валиев,

доктор технических наук,

сенатор


Служение добру – великое дело


Знание озаряет путь человека. Луч освещает темноту. А жизнь и творчество Ахмета Байтурсынова, общественного деятеля, ученого и поэта-демократа, можно сравнить с яркой звездой. Он, так же, как и его учитель, просветитель Ибрай Алтынсарин, подобно лучу солнца, пробудил казахскую степь.

Я думаю, книга писателя Акылбека Шаяхмета не случайно названа “Светлый родник”. Ведь оба пьесы сборника обьединены одной темой – вечной борьбой добра со злом. Где есть добро, есть и благодарность. Где есть зло, не обойтись без проклятия. Но изначально душа каждого человека – чистый родник. Поэтому так важно сохранить ее светлой, чистой, способной дарить тепло и радость окружающим.

Наш университет носит имя великого сына казахского народа Ахмета Байтурсынова, и это обязывает нас быть преданными его делу – делу служения своему народу. Поэтому примечательно, что Акылбек Шаяхмет в книге пьес говорит не только о наших славных земляках, но и поднимает те проблемы, которые заставляют задуматься, прежде всего, о вечных ценностях человеческой жизни.


2003 г. г. Костанай.


Балташ Тұрсынбаев,

қоғам қайраткері


Бүкіл қазақ халқы жақсы біледі


Ақылбектің ұлттық өнер, мәдениет пен әдебиет саласындағы қажырлы қызметі өмірбаянынан айқындалады.

Оның ұшқыр қаламынан туған ондаған кітап, соның бірнешеуі орыс тілінде жарық көрді. Қазақ ауыз әдебиеті, айтыс жырлары, фольклорлық жанр туралы тарихи зерттеулер, монографиялық ғылыми жұмыстары көңілі ояу, көзі қарақты, көкірегі ашық азаматтардың қолында. Елімізге белгілі жазушыны айтулы журналист, танымал публицист, ақын, аудармашы ретінде Қостанай жері ғана емес, бүкіл қазақ халқы жақсы біледі.

Мен Қостанай облысы әкімшілігін басқарған кезде ұлттық өнерді, мәдени және әлеуметтік салаларды, телевизия, радио және газет-журнал, баспа істерін ана тілін дәріптеуден бастаған еңбегін лайықты бағалаған едім. Оның шығармашылығы биік адамгершілік қасиеттерді, ұлттар арасындағы достықты дәріптеуге, еліміздің келешек ұрпағына саналы тәрбие мен сапалы білім беруге, қоғамға, ұлтқа пайдалы қызмет етуге бағытталған.


23.08.2001 ж.


Қабидолла Тұрғынбаев,

Социалистік еңбек ері,

ҚР еңбек сіңірген ауыл шаруашылығы қызметкері


Бір жасап қаласың



Егін орағы аяқталған сайын клубта көп адамның қатысуымен салтанатты жиын өткізуді дәстүрге енгіздік. Сонда көркемөнерпаздар мүшесінің бірі сахнаға алтын масақтың бір дестесін құшақтай шығып, Социалистік еңбек ері Жансұлтан Демеевке арналады деді де, «Алтын масақ» атты өлең оқыды. Жергілікті жас ақын Ақылбек Шаяхметовтың бұл шумақтары менде сақтаулы. Оны мен тек Жансұлтанның ғана емес, өзге диқандарымыздың да еңбегін паш ететтін жыр есебінде қабылдадым. Бұл өлеңнің жолдары менің жадымда. Толқыған егінді немесе қырманға жол тартқан астық керуенін көргенде, тазартылып, кептіріліп, Отан қоймасына жол тартуының куәгері болғанымда Шыңғыс Айтматовтың: «жарықтық, дәннің иісіндей иіс қайда бар?» деген сөздерімен қоса осы өлең есіме оралады...

Қостанайға дарығандай ырыс-құт,

Дала үстінде маужыраған тыныштық.

Егінжайда жүрсе диқан жұмыс қып,

Жаңа піскен таба нандай күн ыстық.

Алтын масақ берекелі ырысым,

Қуанышым, қасиетім, тынысым,

Диқандардың ащы термен суарған,

Жер бетінде мәпелеген гүлісің.

Алтын масақ- осы сөзде маңызды

Ардақ тұтар бір қасиет бар ізгі.

Бункердегі алтын дәннен сүйкімді

Нанның иісі шығатұғын тәрізді.

Диқан даңқын көтерген осындай өлең-жырларды оқығанда бір жасап қаласың».



(«Ізденутабыс көзі» кітабынан).





Нұрлан Оразалин,

Қазақстан жазушылар одағы басқармасының төрағасы


Ақын туралы


А.Шаяхмет 1951 жылы Қостанай облысының Жітіқара ауданында туған. Ұзақ жылдардан бері Қостанай қаласында тұрып, шығармашылық жұмыспен айналысып келеді. Ол 1983 жылдан Қазақстан жазушылар одағының мүшесі. Ақынның алғашқы жыр жинағы 1977 жылы жарық көрсе, әр кездерде жарық көрген “Замандасқа сыр”, “Ақ сәуле”, “Пирамида”, “Менің орбитам”, “Көзімді ашып-көргенім” т.б. кітаптары қалың оқырманнан да, әдеби сыннан да жақсы деген бағасын алған шығармалар болды. А.Шаяхмет сонымен бірге драматургия саласында да жемісті еңбек етіп келеді. Олардың ішінде халқымыздың ардақты ұлы Ахмет Байтұрсыновтың өмірінен алып жазған “Алғыс пен қарғыс немесе жарық пен көлеңке”, қазіргі заман тақырыбына жазылған “Таза бұлақ” пьесаларын айырықша атауға болады. А.Шаяхмет Қазақстан халықтарының республикалық форумының делегаты, Қазақстан халықтары Ассамблеясының мүшесі болған. Ол Қостанай жастар ұйымының, Бүкілодақтық әуесқой шығармашылық фестивалінің лауреаты. Бұқар жырауға және Бейімбет Майлинге арналаған ақындардың жыр мүшайрасының жеңімпазы.”


07. 04. 2001 ж.



Марал Ысқақбай,

Қазақстан авторлар қоғамының төрағасы


Әр биігіңізге ризамыз


Сіздің бүкіл республикаға белгілі тамаша ақын екеңіңізді, жиырмаға жуық кітап жариялағаңыңызды, сондай-ақ көркемдік құны жоғары “Ақсұлу” тарихи драмасының, “Жарық пен көлеңке”, ”Таза бұлақ” пьесаларының авторы екеңінізді жақсы білеміз. Сіздің қаламыңыздан туған “Қостанай вальсі”, “Ұстаз”, “Көктем шығар”, “Бар ғой”, т.б. секілді әндер қазақтың байтақ даласын шарлап, концерт залдарында, той-думандарда, телерадио арналарының бағдарламаларында шырқалып жүргенінен өзге жұрттан көрі көбірек хабардармыз. Халқымыздың талантты ұлдарының бірі әрі біздің қоғамның көрнекті мүшесі ретінде де, Сіздің шығармашылық жолында қол жеткізген әр табысыңызға, өрмелеп көтерілген әр биігіңізге риза болып, шын жүректен тілектестік білдіріп отырамыз. Әмсе жолыңыз болғай!”


17.03. 2006 ж.


Жұмекен Нәжімеденов


Бұдан өзге мақтаудың қажеті де жоқ


А. Шаяхметовтың өлеңдерімен мен 1968 жылдан таныспын. Мектеп кабырғасынан басталган Ақылбектің ақындығы үздіксіз өсу, өрлеу үстінде. Оның өлеңдері аудандык, облыстық газеттерден бастап республикалык "Лениншіл жас", "Қазақ әдебиеті", "Қазақстан мұғалімі", "Қазақстан пионері" газеттерінде, "Балдырған" журналында жиі-жиі жарияланып жүр.

Нені де болсын жырлағанда өзінше, өз көзімен көріп жырлауға талпынатын жас ақын жырлары ой соңылығымен, образ жаңалығымен баурайды. Қай тақырыпты жырласа да ақын болып, азамат болып жырлайды...

Әзірше айтарымыз Ақылбек ақын.

Бұдан өзге мақтаудың ол үшін қажеті де жоқ сияқты.


10.08.1968 ж.


Есенбай Дүйсенбаев


Талантына талас жоқ


Ақылбек периферияда тұратын белгілі ақындардың бірі. СССР Жазушылар одағының мүшесі. Талант үшін периферия жоқ. Әлденеше кітабы жарық көрген.

Ақындық талантына талас жоқ. Жақсы өлеңдері көп. "Шаттықты кайғыдан алған қарыздай көрінді" деген бір-ақ жолы үшін де ақындық атағын беруге болып жатыр. Жақсы өлеңдерінің неліктен жаксы екендігін дәлелдеп, арам тер болу артық, оны өзі де бір кісідей жақсы біледі.

Жаныма жас шағында-ақ жақын дедім,

Арқада ат оздырған Ақылбегім.

Қоңырау шалған кезде Қостанайдан,

Дән терер дауысынан дәтім менің.


Дүйсенбек Қанатбаев


Көркемдік құралдары түгел


“Ақылбек өсу үстіндегі қаламгер. Өлеңнен өлеңге, жинақтан жинаққа қатты өзгеріп, тереңдеп, биіктеп келе жатқан дағды байқалады. Бұл жақсы мінез. Бұл мінез жақсы ақынға өле-өлгенше жансерік болуға тиісті. “Шеберлікте шек жоқ” деп бекер айтылмаған. Ендеше іздену, өсу, өзгеру секілді оң құбылыстар да ауадай қажет, ол бітіп қалуға тиісті емес.

Ақылбектің көркемдік құралдары түгел. Керек жерінде керекті құралдарды іске асырады. Бояудың дозасын ретімен пайдаланады. Сезім тізгінін жіберіп, тежейтін тұстарды жіті байқайды, ер үстінде сергек отырады... Ақылбек табиғат жайлы, махаббат жайлы, көңіл күй жайлы толғанғанда тиісті мақамды, интонацияны дәл таба біледі”.

1996 ж.Алматы.


Шәкен Күмісбай


Бүлдіргеннің ең тәттісі


Сонау алыста жатып "Әдемі" атты балалар жинағын ұсынған Ақылбек Шаяхметтің әр өлеңі ішінен теріп алған бүлдіргеннің ең тәттісін есіңе алдырады.

Күн сәулесі төгілгені әдемі,

Кемпірқосақ керілгені әдемі,

Көк шалғында асыр салып жүргенде,

Көк көбелек көрінгені әдемі.

Жас шыбықтың бүр ашқаны әдемі,

Алма ағаштың гүл ашқаны әдемі,

Қариялар жол үстінде кездесіп,

Амандықты сұрасқаны әдемі.

Бұлбұл құстың сайрағаны әдемі,

Қозы-лақтың ойнағаны әдемі,

Ақ боз атын ерттеп мініп атамның

Қойды өріске айдағаны әдемі.

Ақ ботаның үлкен көзі әдемі,

Әжеміздің күлген кезі әдемі,

Бәрінен де жасқа толған бөбемнің

Тәй-тәй басып жүрген кезі әдемі.

деуі де қандай әдемі.

Ақын өлеңдері бірде табиғаттың көріністерін, жыл мезгілдерін тілге тиек етсе, енді бірде ұлттық әдемі қазынамызды жьрға қосады. Сәбилердің тәтті қылығын да естен шығармайды. «Кішкентай Әмина»., «Жаңғырық», «Неге жылайды?», «Ұста», «Кел, достарым, ойнайық!» сияқты көптеген өлеңдері биік талғамнан көрінеді.

Ақылбек «Адасқан әріптер, сөздер», «Ұйқасын тап!», «Жұмбақ әріптер» сияқты бала ұғымына сай, жаңа формалы өлеңдерді түрлендіре қолданады екен. Мұнысы алшысынан түсіп тұрса, неге құптамасқа. Қазіргі балалар әдебиеті тақырыбының мәнділігімен ғана емес, тапқырлығының әрлілігімен де баурайтын шығармалармен толысып жатса нұр үстіне нұр.

«Әдебиет айдыны» газеті.

27.04.2006 ж.


Серікбай Оспанұлы,

ақын, филология ғылымдарының кандидаты, доцент,

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты

“Қазақ әдебиеті” кафедрасының меңгерушісі


Ақын-публицистің ерекше екпіні

Ақылбек Шаяхмет 1951 жылы Қостанай облысының Жітіқара ауданында туған. Қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін, Мәскеу қаласындағы Әдебиет институтын бітірген. Алматы облыстық “Жетісу”, Қостанай облыстық “Қостанай таңы” газеттерінде, облыстық телекомпанияда қызмет істеген. Алғашқы өлеңдер жинағы “Тұңғыш кітап” деген атпен 1977 жылы “Жалын” баспасынан жарық көрді.

А.Шаяхмет те көсемсөздерiн ағынан ақтарыла, төгiлте, кейде ұйқастырып, кейде дыбыс үндестiктерiн пайдаланып, сөйлемдерiн жыр жолдарындай өрiп, ерекше екпінмен жазады:

Ойлан, қазақ!” публицистикалық мақаласынан үзiндi келтiрейiк: “Қазақ елi дегенде қиялымыз көкке өрлейдi. Егемен елiмiздiң желбiреген көк туын көтергенде кеудемiздi мақтаныш сезiмi кернейдi. Әнұранның әуенiне елтiсек, жүрегiмiздi қуаныш тербейдi. Еркiндiк деген еңсесi биiк, еңкеймей енер ақ орда екенiн түсiнер шақта әлдекiмдердiң ескiнi көксеп, бодандық қамытын қайта кигiзгiсi келетiн жымысқы ойына сенгiң де келмейдi” [Шаяхмет А. “Пирамида”, Қостанай, 1997. 122 б.].

Әсерлi, әсем әрі мазмұнға нұқсан келмеген. Азаттық аңсаған Махамбет ақынның “Еңсесi биiк ақ орда, Еңкеймей кiрер күн қайда?” [Өтемiсұлы М. “Күн қайда?” Ереуiл атқа ер салмай. А., Жазушы, 1989. 66 б.],- деген буырқанған күшке толы екi жолын өте орынды, тауып қолданған.

Ақылбектiң М.Жұмабаев өлеңінің iзiмен жазған “Мен жастарға сенемiн” атты ана тіліміз жайындағы шағын публицистикалық мақаласы да жыр жолдарындай оқылады:

Қазақтың денсаулығы түзелмейдi. Қызыл жұтқаны қызып сөйлеп, ақ ұрттағаны өткен күнiн аңсап, орыс тiлдiлер үшiн тост көтерудi дағдыға айналдырды. Тiл тағдыры да талапайға түсiп, қазақтың қасиеттi тiлi Қажымұқанмен ергежейлi алысқандай, аттылымен жаяу адам жарысқандай күй кештi. Орыс тiлi зордың тiлi болып, қазақ тiлi тойдың тiлi мен қойдың тiлi болып қалды. Ана тiлiн дамытуға мемлекет тарапынан бөлiнген қаржы құмға сiңген судай болса, орыс тiлдi басылымдар шөлден кенезесi кепкен бейшараларға сатып берген удай болды” [Шаяхмет А. “Пирамида”. Қостанай, 1997. 125 б.].

Мақалада тоқырау жылдарының көрiнiсi бар. Өңкей салыстыруларға құрылған жолдар сәттi шыққан. Әр сөзден ана тiлiн ардақтап өскен ақын жанының күйзелiсi мен ашынуын сезiнiп, қостамауға лажың қалмайды.

Автор намысы бар қазақтардың ана тiлiндегi басылымдарға жазылатынын, бiрақ нарық оған да тұсау сала бастағанын айтып: “намысы бар қазақтың табысы жоқ, табысы бар қазақтың намысы жоқ. Алда-жалда осы екеуi бiр басынан табылатын азамат бола қалса, оның да жоғары жақтан танысы жоқ”,- дейдi.

Ащылау айтылса да “намысы бар қазақтың табысы жоқ, табысы бар қазақтың намысы жоқ” деген жолдар мақал сияқты әдемi қиысқан.

Ақын “Қалай жеттік бұл күнге?” атты өлеңінде де Ана тілінің өткен күннен қалған асыл қазына екенін, сондықтан да гүлден бал жинаған ара сияқты жақсы сөздерді теру ақын парызы екенін айтады.

Ақын-публицистiң “Қиыннан қиыстырып” деген ортақ тақырып қойып, “Қарасөзбен жырлайын” деген тақырыпшамен берiлген “Ағымыздан ақтарылсақтың”, “Қазақтың қазынасы қалпында қалсын”, “Жылдар жотасында”, “Тереңдегi тамырлар”, “Маңызды мағыналар” публицистикалық мақалалары бiрөңкей аллитерация мен ассонансқа құрылған. “Ағымыздан ақтарылсақтың” әр сөзi “А” әрпiнен (ассонанс) басталады:

“Айналайын адамдар! Ақыры арманымыз айқындалды. Ақсарбас!!! Ағымыздан ақтарылайық. Артқыға алақтамай, алдыңғыға аяқ артайық. Азғырындыны арбамызға алмай, аластайық. Ауыздықпен арпалысқан асау арғымақтай арымыз арманымыздан алыстамасын, ақиықтар аспанда асқақтасын” [Шаяхмет А. “Пирамида”. Қостанай, 1997. 146 б.].

“Қазақтың қазынасы қалпында қалсын” “Қ” әрпiне (аллитерацияға) құрылған: “Құранды, қажыны қасиеттеген, қуанышты, қызықты, қалжыңды, қызды, қызғалдақты, қымызды, қансонарды, қазы-қартаны қасқалдақтың қанындай қастерлеген қайсар, қынулы, қайратты, қарапайым қазаққа қатты қайран қаламын” [Сонда. 147 б.].

Осы сияқты “Жолдар жотасында” [Сонда. 148 б.] “Ж”, “Тереңдегi тамырлар” [Сонда. 148 б.] “Т”, “Маңызды мағыналар” [Сонда. 149 б.] “М” әрiптерiнен басталып түзiлген. Яғни, “Ағымыздан ақтарылсақта” “А” әрпі әр сөздің басында 182 рет, “Қазақтың қазынасы қалпында да” “Қ” әрпі 262 рет, “Жолдар жотасында” “Ж” әрпі 178 рет, “Тереңдегі тамырларда” “Т” әрпі 181 рет, “Маңызды мағыналарда” “М” әрпі 122 рет қайталанады.

Публицист бұл мақалаларын қазақ тiлiнiң байлығын, қасиетiн көрсету мақсатында жазған. Оны “Қазақ сөзінің құдіретін осыдан-ақ аңғарасың”,- деп өзі де айтқан. Қиыннан қиыстырып бұлай сөз құрау оқушының, шығарма авторының тiл ұстартуына, шеберлiгiн шыңдай түсуіне қызмет еткенiмен, ойды тұсап, адымыңды аштырмайтыны белгiлi, оған жоғарыдағы мақалаларды оқып шыққанда да көз жеткiзе түстiк.

Ақылбек “Қазаққа Аяз емес, Қыдыр ата керек” мақаласында әлі күнге дейін кешегі Советтің, тіпті ақ патшаның отарлаушылық идеологиясынан арыла алмай, діні басқалардың Рождество мейрамын Жаңа жыл деп қарсы алып келе жатқанымыздың дұрыс еместігін айтып: “Ал Санта Клаус немесе Дед Мороз дегеніміз турасын айтсақ, мейірімді Аяз ата емес, қаһарлы қатал қыстың бейнесі” [Шаяхмет А. Ел есіндегі есімдер. А., “GAUHAR”, 2005. 6 б.],- дейді.

Автор Наурыз бен Рождество мейрамын (жаңа жылды) салыстырып, өзге халықтар жаңа жылдарында ағашты кесіп, қиып жатса, Наурызда жаңа көшет отырғызылатынын, көктемде бәрі жаңарып, жасаратын артықшылығын айтады. Сонымен бірге орыстардың жаңа жылды христиан дінін қабылдағанға дейін бірінші наурыздан бастап тойлағанын, ал ағылшындардың наурыздың 25-ін жаңа жылдың алғашқы күні деп қабылдағандарын ескертеді.

Ақын мақаласына өлең де араластырып, “мұрны қызарып, сөзі ұзарып жүретін Аяз Ата туралы жазған:

“Аяз Ата түксиіп, қабақ түйген,

Ішпей қойды кеш бойы тамақты үйден.

Өйткені ол, бет қызарып, мұрын ісіп,

Алыпты тойғанына арақ ішіп”, -

деген өз өлеңін келтіреді. Аяз ата қазақ баласына ата бола алмайтынын, Қыдыр ата сияқты бата бермейтінін көрсетіп: “қазақ баласының атасы Қыдыр ата болуы керек” деп ой түйеді.

Шындығында да бұл – көкейтесті мәселе, бәріміздің көкейімізде жүрген ой. Көріп отырсыздар, Ақылбек те өзге ақын-публицистер секілді мақаласына өлең араластырған. Ақынға тән мұндай ерекшеліктерді оның басқа публицистикалық шығармаларынан да жиі кездестіреміз. Шоқан Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығы жайында жазған “Таулардан биік, теңізден терең” [Шаяхмет А. Ел есіндегі есімдер. А., “GAUHAR”, 2005. 16 б.] мақаласын өлеңмен түйіндесе, ғалым, аудармашы, ұстаз, қоғам қайраткері Елдес Омарұлы туралы “Елім деп еңіреп өткен” [Сонда.134 б.] деген мақаласында Елдеске арналған бес шумақ өлеңін, ақын Мәриям Хакімжанова жайындағы “Аналардың анасы” [Сонда. 156 б.] мақаласында М.Хакімжановаға арналған төрт шумақ өлеңін келтіріп, айтарын әрі қарай жалғастырады.

Ал 1999 жылы №40 Қостанай Оңтүстік сайлау округы бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат болып тіркелген Балташ Тұрсымбаев туралы жазған “Құс жолындай жап-жарық” [Шаяхмет А. Құс жолындай жап-жарық //Айғақ, 199, 15 қыркүйек] мақаласын өлең мен қара сөз араластыра жазыпты.

Сондай-ақ ақын-публицист “Жаны жайсаң жақсы аға Жайсаңбек Молдағалиев” [Шаяхмет А. Ел есіндегі есімдер. А., “GAUHAR”, 2005. 160 б.], “Қазақ прозасының Құлагері Сәкен Жүнісов” [Сонда. 164 б.], “Сегіз қырлы, бір сырлы” Ғұсман Наурызбаев” [Сонда. 171 б.] т.б. мақалаларын да өлеңмен көмкерген.

Әр сөзі ұран болған даланың асқақ жыршысы Махамбет пен дауылпаз Қасым жырларын жаттап өскен Ақылбек ақынның публицистикаларында тегеурінді, батыл, өршіл рух жиі кездеседі: “Мен Махамбетті жайтартқышқа ұқсатамын. Өзгеден биік болса, төбесі көкке тиіп тұрса, жайдың оғы да ең алдымен биікке түспей ме?! Бірақ, биікке шықпағандар күштіден ықпағандарды, майысып, бұқпағандарды еш уақытта да түсіне алмайды.

Ақынның екі сөзінің бірі ғибрат, ғақлия. Махамбет ерлігі өз тұстастарына қандай үлгі болса, оның өнегесі қазіргі тәуелсіз елімізге де ауадай қажет” [Сонда. 29 б.].

А.Шаяхмет мақалалары желісті жылқыны еске түсіреді, жеңіл оқылады:

Нұржан Наушабайұлы дегенде жалғанда ор киіктей заулаған, ат құлағында ойнаған, әуелетіп ән шырқап, термелетіп жыр төккен, кесек мінезді, нар тұлғалы, ел қамын ерте ойлаған сегіз қырлы, бір сырлы жігіт көз алдымызға келеді... Айтқан сөзі – мақал, қайтарған жауабы – мәтел, жазған жыры ғибрат-өнеге, шырқаған әні әсем сазға толы азаматтың бір басынан мін табудың өзі қиын еді” [Сонда. 48 б.].

Ақылбектің “Асылдарымызды аялай білсек” [Шаяхмет А. Асылдарымызды аялай білсек //Қостанай таңы, 2001, 13 ақпан. Б.4.] мақаласын тәуелсіздігіміздің он жылдығы қарсаңында жазылыпты: “Бұл он жылдың ішінде желтоқсан желінен, декабрь демінен басталған жастар көтерілісі, ана тіліміздің келешегі үшін күрес, жас ұрпақ тәрбиесі жолындағы тайталас, ел экономикасын арттыру жолдары жатыр. Шын мәнісінде тәуелсіздік күні кешегі Абылайдың айбарымен, Кенесарының кегімен, Алаш ардақтыларының ар-ожданымен, өзін құрбандыққа шалған Қайраттай жас қазақтың бір қасық қанымен келгенін білуіміз керек” деген шабытты жолдарымен басталған мақала әрі қарай да лепті қалпынан таймайды. Ақын-публицист кешегіміз бен бүгінімізді салыстырып, еркіндіктің арқасында ана тілімізде білім алып, өз тілімізде еркін сөйлей бастағанымызды, тарихи жер-су аттарының қайтарылып, өшкеніміз жанып, өлгеніміз тіріліп, асылдарымыздың атын мектептер мен көшелерге беріп жатқанымызды жоғары леппен айтады. Алыс аудандардағы мектептерде ұлттық тәрбие, салт-дәстүр, өнер қайта жанданып, орыс тілді мектептерде де қазақ тілі мен дәстүрін үйретуге ерекше көңіл бөлініп отырғанын нақты мысалдармен көрсетеді.

Еркіндікелдің еңсесі, ердің мәртебесі. Ертеңіміз де осы еркіндікке байланысты”,- деп шешендік толғауға тән ырғақты-толқынды сөзден өлеңге ойысады:

Тәуелсіз күнім – ән-жырым,

Зор дауыспен шырқайтын елдің ұл-қызы.

Жүздері гүлдей қырмызы,

Куәсі болып ыстық қан, ащы терімнің

Жайнайды мәңгі көгінде менің елімнің,

Тәуелсіздіктің жұлдызы!

Ырғақты-толқынды сөз дегеніміз әуенсіз, мақамсыз, музыка аспабының сүйемелінсіз тек дауыс ырғағымен айтылатын шығармалар. Олар: шешендік толғау, тақпақ, шешендік тақпақ, т.б.” [Медеубекұлы С. Ақыл. Нақыл. Өсиет. А., Санат, 1996. 38 б.].

Мақаласын автор осы ырғақты-толқынды сөзбен: “Көгілдір туымыз көкте желбіреп, Әнұранымыз асқақтап, Елтаңбамыз елдігімізді айғақтап тұрғанда көкірегімізді мақтаныш кернейді. Тіпті бастан кешкен қиындықты да ұмытып кетесің. Көппен бірге ұлы той емес пе?! Ендеше, сол тойды ұзағынан қылсын деп Алладан тілек тілейсің” деп шабытты, желдірте аяқтайды.


«Қазақ» газеті. 2008 ж.



Ақтан ҚОҢЫР


Қолтаңбалы кітаптарды қастер тұтатын ақын


Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, белгілі ақын, ғалым Ақылбек Қожаұлы Шаяхмет Қостанай қаласында тұрады. Өлең мен ғылымды қатар қуған, қазақ және орыс тілдерінде жиырмаға жуық кітабы жарық көрген ақынның кітапханасы да бай екен... Кітапты бір кісідей жинаған ақын кітаптарының көп бөлігін туған-туыстары мен кітапханаларға, оқу орындарына таратып беріпті.

Қолында әлі де іріктелген үш мыңдай кітабы бар ақын солардың ішінен өзіне қазақтың атақты азаматтары тарапынан қолтаңбамен сыйға тартылған үш жүздей кітапты ерекше ыстық көреді. Олардың ішінде Сәбит Мұқанов, Ілияс Есенберлин, Манаш Қозыбаевтан бастап Сырбай Мәуленовке дейінгі ақын-жазушы, ғалымдардың, Олжас Сүлейменовтен бастап Фариза мен Ролланға дейінгі қазіргі көзі тірі қаламгерлердің қолтаңбалары бар. Қадыр Мырзалиев өзінің 1996 жылы берген қолтаңбасында:«Айналайын, Ақылбек, інім менің, Алжаспады ақылдан бүгінде кім, Бүлінудей бүлінді мына заман,
Бүлінді деп сен, бірақ бүлінбегін!» – деп жазып беріпті.
– «Шынымды айтсам, жас кезде пәтер жалдап, көшіп-қонып жүргенде кітап жинайтын жағдай болмады, жасамыс тартқанда барып, Қостанайға тұрақтанған соң біраз кітап жинадым. Олардың ішінде әлем классикасының үлгілері аз емес. Сирек кітаптар ретінде Мәскеуде Әдебиет институтында оқып жүрген кезімде қолыма түскен В.Янның қырғыз тілінде жарық көрген «Чынгыз хан» және түбіміз бір татар, башқұрт, ноғай, өзбек, қырғыз ақындарының кітаптарын айтар едім. Енді біраз кітаптарда сол кезде авторлардың дауысы жазылған дыбыс табақшалары кітап ішінде қоса берілетін. Оқырманға Қайсын Кулиев, Давид Кугультинов, Владимир Цыбин секілді ақындардың шығармаларын ғана оқып қоймай, өз дауыстарын есту мүмкіндігі бар еді. Менімен институтта бірге оқыған өзбек шайыры Едгор Абидовтің «Кірпігімде жұлдыздар» деген кітапшасын осы уақытқа дейін жиі қолыма аламын. Тамаша лирик ақын заман теперіші салдарынан бұл күндері шетелде тұрады. Сонда жүргенде оның жазған бір шумақ өлеңі: «Келермін өмірге, кетермін, бәрібір дүниядан өтермін, көзіме жас алып кетермін, қойныма тас алып кетермін» (өзбек тілінен өзім аударып беріп отырмын) дегенінен де оның азаматтық позициясын аңғаруға болады.
Ал өзіме ыстық, ең қымбат кітаптарымның арасында Нұржан Наушабайұлының Қазан қаласында ағайынды Кәрімовтердің баспаханасында басылып шыққан «Алаш», «Маңзұмат қазақия» кітаптарының көшірмелерін айтуға болады. Бұл кітаптарды кириллицаға түсіріп, Қостанайда Нұржан ақынның «Алаш» кітабын бастырып шығардым. Мұның сыртында Қостанай өңірінде өмір сүрген көптеген ақындар мен билер, шешендердің асыл сөздерін ерінбей жинастырып, олардың ел аузынан жазылып алынған дана сөздерін қолжазба қорымда сары майдай сақтап отырмын. Қолыма түскен деректер мен мағлұматтардың біразы араб әрпімен хатқа түскен»
дейді ақын. Ақын Ақылбектің кітапханасында балаларға арналған классикалық әдебиеттер де аз емес. Бұл ақынның балалар әдебиетін сүйетінін білдіреді. Өзінің де балаларға арналған «Күлімдеді күніміз», «Гүл мен бидай», «Біздің бақша», «Шынар», «Аяз және Қыдыр» атты кітаптары да жарық көрген. Балаларға арналған өлеңдер топтамасы 2008 жылы халықаралық «Дарабоз» бәйгесінде арнайы жүлдеге ие болды.
ҚазМҰУ-дың журналистика факультетін, Мәскеудегі Әдебиет институтын бітірген Ақылбек Шаяхмет ұзақ жылдар журналистиканың қара қазанында қайнаған жан. Алматы облыстық «Жетісу», Қостанай облыстық «Қостанай таңы» газеттерінде, облыстық телекомпанияда жемісті жұмыс істеді. Қазақстан Жазушылар одағының Қостанай және Торғай облыстары бойынша әдеби кеңесшісі, «Қазақ тілі» қоғамы облыстық ұйымы басқармасының төрағасы, облыстық тіл басқармасы бастығының орынбасары, ұлт саясаты жөніндегі облыстық мәдениет басқармасы бастығының орынбасары болып қызмет атқарды. «Азия-Транзит» (Қарағанды), «Сарыарқа» (Астана), «Жас қазақ» журналдарының ақылдастар алқасының мүшесі. Облыс меценаттары тағайындаған «Қазына», «Шабыт» және басқа арнайы сыйлықтардың лауреаты.

Ақынның жоғарыда ғалым екенін де айттық. Ол қазақ елінің тәуелсіздік жолындағы азапты сапарында «қазағым» деп тәні өртке шарпылған, «алашым» деп жаны дерттен алқынған перзенттерінің өмірі мен шығармашылығын зерттеп жүр. Соның бірі – көрнекті ғалым, білікті аудармашы, ұлағатты ұстаз, белгілі қоғам қайраткері Елдес Омарұлы. Әділетсіздікпен арыстандай алысқан, жолбарыстай жұлысқан біртуар тұлға туралы Ақылбек Шаяхметтің терең танымды ойлары бар.
«Бұл өмірде алма-кезек тұрағы, Жоқ та, бар да үш әріптен тұрады.
Бардың кейде түгі жоқ боп шығады, Жоқтың кейде құны көп боп шығады.
Қанша қусаң, жоққа жүйрік жетпейді, Барларда да жетпейтін зат көп дейді.
Бауырың бүтін болса, соған шүкір ет, Қанағаттан бақыт қашып кетпейді», – деп бір өлеңінде келістіріп жазғандай, ақын Ақылбек Шаяхмет қанағатты қазық еткен, баянды бақытын оқу залдарынан, кітаптан, оқу-білімнен, ғылымнан өзінің іздеп жүрген бақытын, қуанышын тапқан жан.


«Айқын» газеті. 2009 ж.



Владимир Цыбин

лауреат госпремий Россий


Тема его лирикиродная земля


Основная тема его лирикиродная земля, ее просторы, ее сила и нежность. Стихи эти всегда экспрессивны, наступательны. В них есть страсть, неугомонность, вот почему в них такое место занимает интонация, само звучание:

Я знаю, в нашем крае многотрудном,

Нелегкая мне выпала судьба.

Но я благодарю тот дом, откуда

Однажды увела меня тропа.


1980 г. Москва.


Людмила Швецова,

отличник просвещения Казахстана


Трогают душу


Люблю стихи нашего костанайского поэта А.Шаяхметова. Его строки о матери, родном ауле трогают душу и русского, и казаха.


Сергей Харченко,

доктор политологических наук


Близки и понятны


Как пишет в своей книге «Пирамида» писатель, наш земляк Акылбек Шаяхмет: «...высокие деревья вырастают от глубоких корней. Недаром наши предки друга иной национальности называли тамыром, что в переводе на русский язык означает «корень». Корни углубляются в родную почву, а ветви тянутся к солнцу. Почва разная, но солнце для всех нас одно. Поэтому каждый воспитанный человек должен быть корнями национальным, ветвями интернациональным». Мне особенно близки и понятны слова моего друга и коллеги, поскольку ни одна нация, ни один народ не могут развиваться на основе лишь своего национального опыта, своей культуры, традиций и обычаев. Такая ограниченность приводит в тупик общество, задерживает его вхождение в мировую интеграцию.

Когда-то нам все время говорили, что любая культура, любое искусство должны быть по форме национальными, а по содержанию интернациональными. Полагаю, что и по форме, и по содержанию любой народ и любая нация имеют право развивать свой национальный язык, свою культуру. Но и по своему духу, человеческому бытию они должны быть понятны людям любой другой национальности. На том и стоит мировая культура, да и вся цивилизация.



из книги «Полвека перемен». г.Челябинск. 1998 г.


Владимир Гундарев,

главный редактор журнала “Нива”


В атмосфере вдохновения


Рад был встретиться с Акылбеком снова на прекрасной земле Костаная в атмосфере приподнятости, вдохновения и одухотворения. Желаю творческих высот, поэтических озарений, счастья и всего самого доброго на избранном трудном и счастливом поприще!


Оксана Лукаш


Говорить истину


У Акылбека Кожаулы есть творческое кредо – говорить истину всегда и при любых обстоятельствах. В этом он видит успех любого мероприятия, особенно творческого и особенно писательского. Он откровенно считает, что любимых и нелюбимых тем и книг не бывает. Они все одинаково им любимы, все являются его продолжением в творчестве и во времени. Свои творения он сравнивает с пятью пальцами руки, отсутствие одного из которых принесет человеку боль и нарушит природную гармонию.

15 июня 2001 г.



Александр Кресс


Призыв к гуманизму


“Философски насыщены строки стихотворения “Ангел и дьявол”. В нем отражение тревог сегодняшнего дня. Венчает его призыв к гуманизму, доброте, согласию людей:


...Пусть расплавит слово камень,

Повторяю мысль одну:

Славьте ангела веками,

И гоните сатану!”



Евгений Букин


Чувствуется открытость душы


Поэзия Акылбека Шаяхмета многогранна. В ней чувствуется открытость душы, искренность.


Геннадий Мануйлов


Достойны того


Стихи Акылбека достойны того, чтобы их читали на разных языках.

Его поэзия с помощью нас, переводчиков, нашла русскоязычного читателя.


Асылбек Абдулов


Созвучие


Ты сказал мне, Акылбек,

В наших именах созвучие.

Ты младший брат мой, Асылбек,

И голос твой певучий.”

И миг этот для меня

Были прекрасны.

Был счастлив я.

Любовью пылкой, юной

Я полюбил тебя.


31 июля 1985 г.

Заставляет задуматься


Мне очень нравятся стихи нашего земляка и со­временника Акылбека Шаяхмета. Они доступны по­ниманию даже начинающих осваивать язык, легко заучиваются, многие строчки стали афоризмами, на­столько образен, меток язык поэта. Самое главное, творчество А. Шаяхмета заставляет задуматься над смыслом жизни. Поэт убеждён, что успех и счастье зависят от сознания человека. Счастлив ли герой стихотворения А. Шаяхмета "Бip жігітке ", само­стоятельный перевод которого я и предлагаю вам:

«Ешь из серебра, пьёшь из хрусталя, ходишь по коврам, дорогой "Ассам" любишь по утрам. Может, нажил ты добро, только, кажется, не то. Можешь спорить и браниться, тебе не с кем поделиться, не с кем есть из серебра, не с кем пить из хрусталя, некому ковры топтать, на обоях рисовать, целым сохранишь добро, только, кажется, не то».


Шеген Шожанов,

ученик 11 класса гимназии

г. Костанай.




Әдемі дәлелдермен растайды...


Қостанай аты қайдан шықты дегенде, әзірше бұл тақырыпты зерттеген біз білетін екі жазушы бар. Бірі – атақты А.Сейдімбек ағамыз. Ол «Күмбір-күмбір күмбездер» атты кітабында (1985, «Жалын» баспасы) Ұлытаудың басында Асан атаның бәйбішесі Тананың жерленгендігін айтады. Оны халық Ақмешіт деп атайды. Автор Қостанай атауын Тана және Танай деген есімге ие болған егіз қыздың есімінен іздейді.

Екінші – А.Шаяхмет те Ақселеудің пікірін қолдайды. Асан қайғы аңызындағы Абат, Жыланды, Қызбел деген жерлердің Қостанай өңірінде кездесетінін әдемі дәлелдермен растайды...»


Нұртөре Жүсіп, Айтпай Сәулебектегі.

«Жас Алаш» газеті.



Ардақты азамат, арқалы ақын


“Қазақ тілінің жай ғана жарнамашысы емес, қайратты қорғаушысы, жалын төсер жанашыры, насихатшысы болып отырған ардақты азамат, арқалы ақын Ақылбек туған елді алыстағы астаналардан мойнын созып, көктен көз тастап, немесе қонаққа келгенде қонышынан басып, сылдыры сыңғыр қаққан сөздермен сипай салмай, көгалына көсіліп жатып, еміренген елінде, жамыраған жұртының жуан ортасында жүріп, терең толғанатын қаламгер.

Ақылбектің қай туындысын алсаңыз да, халқына, ұқлтына,қандастарына деген ашық та айқын ұлтжандылығы ұлы Ахмет Байтұрсынов бастаған асыл ардақтыларымыздың биік рухында елдікке, бірлікке, білімге жетектеу желісі ерекше екпінмен, жалынды жігермен ойыңды оятып, бойыңды балқытып, намысыңды қайрап, жаныңды нұрға бөлейді.

...Өлеңімнің өркен жайған орманы

Туған жердің бола алар ма қорғаны?!

Өз тілімді өгейсітпес ағайын

Жан-тәнімен ұқса мені болғаны...” – дегені үлкен үміт ұялатады.

Ақылбек шығармаларында жұрттың жүрегіне жылу беріп, жанын жадырата түсетін бір басым ерекшелік жұлдыздай жанады да тұрады. Ол – тілінің тартымдылығы, табиғылығы, қарапайымдылығы”.


Елтай Шожанұлы

17.03. 2006 ж.

Қостанай қаласы.





Күреске шақырып тұр


Ақын шығармалары халықты, елді, жерді сүюге, шындық, әділдік үшін күреске шақырып тұр. Олардан жұмсақ биязылықты да, терең маңыздылықты да, қатаң қажырлылықты да көреміз.

Бір қарияға: “Эйзенштейннің еңбегіңе түсінбесең де, оған таң қалуың қалай?” – десе, ол: ”Оны ойлағанда өзімді жалғыз емес, көп болып сезінемін” – деген. Сол сияқты біздер Ақылбекті ойлағанда, өзімізді көп болып сезінеміз. Біздің Ақылбегіміз бар дейміз”.


ұстаздары Мұса Шожанов, Жәмила Аманжолова

12 ақпан 1998 ж.

Жітіқара қаласы.


Сол үшін қуандым


“Семей облыстық “Семей таңы” газетіне “Қазақтың қазынасы қалпында қалсын!”, “Ағымыздан ақтарылайық!” атты бір әріптен басталатын, жұртқа ұлағат болатын, мазмұны аса шеберлікпен құрылған екі әңгімеңді жариялатуға бердім. Семей оқырмандары таңырқап, жылы лебіз айтып жатыр, сол үшін мен қуандым”.

Хафиз Матаев,

Абай қорының төрағасы.

Қарауыл ауылы.


Бейнелі теңеулер


Үміт күтіп отыр-ау далам менен,

Ақын болып алаулап, жанам деп ем.

Туған жерім, ең асыл, қасиетті,

Сақтап жүрмін бір сөзді саған деген”, – деп жырлаған Ақылбек Шаяхмет дүнияға азаматтық көзімен қарайды. Ақылбек өлеңді ойға құрып жазады, оқығанда жып-жылы әсер қалдырады, өлеңдерінде суреткерлік, нақты, бейнелі теңеулер басым”.


Жолдығали Бақытов

Атырау облысы.





Ақын жаны мазасыз



Қолшатыр” – қысқа да сәтті туынды. Жауын астындағы қолшатыр ұстаған жас жұбайларды суреттей келе:

Су ағады тағдырдың

Тарам-тарам жолындай.

Өтіндегі жаңбырдың

Қолшатыры әйелдің

Өрмекшінің торындай”, – деп сырлы суретті алдыңызға көлдеңен тартады.

Ақын жаны қашанда мазасыз. Оған айналасындағы бардық құбылыстар өзінше әсер етеді, әрбір көріністен сыр іздейді. Адалдық, сезімталдық, абзал қасиеттер – автор жырларының лейтмотиві”.


Жанұзақ Аязбеков

Қостанай қаласы.


Еркін жазады


“Кең-байтақ қазақ даласының құтты қойнауларының бірі – байырғы Қостанай өлкесі қай кезде де ақын-жазушыға, от ауызды, орақ тілді сөз зергерлеріне кенде болған емес. Солардың кейінгі ұрпақтарының бірі талантты ақын Ақылбек Шаяхмет. Ақылбек кібіртіктемей, қысылмай, өлеңді еркін жазады. Әр тарауда өлеңді өзінше құбылтып отыруы да ақын шеберлігін танытқандай.”


Әбжан Әбілтаев

Арқалық қаласы.




Әсерлі шығарған


Ақын өз дәуірінің тірлік-тынысын, өмірдегі жақсылық пен жамандықтың кезек шарпысуын, адамдар арасындағы ізгілік пен достықты өз үнімен, әсерлі шығарған. Қай өлеңін алып қарасаңыз да, көп сөзділіктен аулақ ұстанып, өлең жолдарын ой тізгініне бағыттай білген.”


Таңатқан Сәтбаев

Жанкелдин ауданы.



Берген бағам осы болсын



Гүл мен Бидай” деген кітабыңызды оқып болдым. Жақсы жазылған. Балалар үшін кітап жазу нағыз қаһармандық қой. Кітаптың ішіндегі ең әдемі өлеңіңіз – “Әдемі”. Бұл өлеңнің әдемілігін айтып беру өте қиын...

...Бәрінен де жасқа толған бөпемнің

Тәй-тәй басып жүрген кезі әдемі.

Нақ осылай деген Леонардо да Винчи емес пе?!

Адамзатқа ортақ сұлулықтың бір көрінісі осы.

Айта берсем, сөз көп қой. Молодец, Ақа!

Жарайсың, бауырым!

Менің берген бағам осы болсын.


Әмірбек Байниязов,

педагогика ғылымдарының кандидаты.

24.02.1989 ж.

Челябі облысы.




Бала ұғымына жеңіл


Күлімдейді күніміз” жас ақын Ақылбек Шаяхметтің балаларға арналған тұңғыш жинағы. Соған қарамастан, автор бөбектер тілін, мінез-құлқын жақсы білетіндігін, сол білгенін өлең жолдарына түсіруде өзіндік қолтаңбасын, шеберлігін, тапқырлығын байқатады. Сонымен бірге Ақылбек өлеңдерінде балаларды елең еткізіп, риясыз күлкіге бөлейтін әдемі юмор басым.

Алатаудың етегі,

Алма деген жетеді.

Алма дейді неге оны,

Алғым келіп кетеді” – деген сияқты өлең жолдары осының айғағындай. Автор өлеңдері қысқа да дәмді, бала ұғымына жеңіл, тез жатталады”.


Серікбай Оспанов,

филология ғылымдарының кандидаты


Қарапайымдылық қарабайырлық емес


Әсіре қызыл сөз табамын деп тыраштанудың керегі жоқ. Қостанайдың Темірқазығындай Бейімбеттен бастап Ақылбек, Тоғайбайдың өлеңдерінде бірде бір жұртты таң қалдырайыншы деген қызыл сөз жоқ. Қарапайымдылық қарабайырлық емес.”


Қаратай Жансейітов

21 желтоқсан,1981 ж.



Шоқтықты үлкен еңбек


Мен сенің “Ақсұлу” атты драмалық поэмаңды оқып шықтым. Мұнан бұрын да республика жұртшылығына атың әйгілі жас ақынсың ғой. Ал бұл поэмаң сенің өскендігіңді көрсетерлік шоқтықты үлкен еңбек деуге тұрады. Меніңше, осы творчестволық еңбегің Қазақстанда кеуделеп жүрген ақын-драматургтердің қатарына теңер деп білемін”.


Кәкімбек Мұхамеджанов

10.01. 1990 ж.

Әулиекөл ауданы.


Өлеңмен өрнектеп


Өмірімізді өлеңмен өрнектеп, сан алуан тақырыпқа қалам тартқан ақынның Отан, атамекен, туған жер туралы жырлары жүрекке жылы, көңілге қонымды. Бұл жырларды оқыған сайын өскен өлке, туған жер қадір-қасиетін тағы да бір жаңаша сезгендей, танып-білгендей боласың. Ия, ақын сөзімен айтсақ, “қасиетті қазына, ғажайып сұлулықты сақтап, тыныштықтың бесігін тербетіп тұрған атамекен”. Туған жер бейнесі ақынның сезім-көлін шайқап, жаңа жыр, жақсы өлең жазуға шабыт береді”.


Сансызбай Қарымсақов

Таран ауданы.


Жылы үмітпен қараймыз


Мерзімді баспасөзде соңғы кезде жиі көрініп жүрген талапты жастың бірі Ақылбек Шаяхмет. Оның өлеңдерінің негізі – махаббат, туған жерге деген сүйіспеншілік, ата-ана парызы екен. “Қыз бен қызғалдақ” жырында көк базарда қыз қолынан гүл сатып алып тұрып, лирикалық герой “қыздың өзі қырдың гүлі секілді” деген қорытындыға келеді. Жастық – адамзаттың күш-қуаты мол шағы. “Тұрмын кұліп Күннің күміс моншақтарын уыстап” деп жастар ғана айта алса керек. Сөз жоқ, жас ақынның келешегіне жылы үмітпен қараймыз”.


Әбді Шынбатыров

( ”Уақыт және қаламгер” кітабынан)

“Жазушы” баспасы, 1977 ж.



Талантымен тамсантқан


Ерегессем ел үшін, арпалыссам, айтыссам, ақиқат үшін, ал ақиқаттың жолы ауыр” деген Ақылбек Шаяхметтің жүрек жарды шын сөзі оның “Пирамида” кітабында жазылған. Ақынға мені ғашық етекен осы сөз. Жақсы нәрсе қай кезде де ұрандатпай, жалаулатпай-ақ жарқырап тұрады. Төрт бөлімнен тұратын кітапқа төрт ауыз өлеңді тақырып етіп алған ақын асыл адам бойына бітетін: Ерлік, Парыз, Сенім, Ар, Махаббат, Достық, Бақыт, Арман, Сабыр, Талап, Еңбек, Ақыл сынды қасиеттерді қастерлеп, осыларға ие болуды мақсат тұтады. Кемел шағына келіп, кержорғасына мініп тұрған ақында бұл күнде осы қасиеттердің баршасы барлығына мен күманданбаймын. Ақылбек төрт жағы түгел болған соң ғана осындай ұлы қасиеттерді қаламмен қорғап, қаламмен құйған деп ойлаймын.

Байыбын бажайлап, зерделеп зерттеген, сөз қадіріне жеткен жанға ақынның бір ауыз сөзің бір-бір кітапқа баламасқа амалың жоқ дер едім. Күндесек те, кемітсек те, Ақылбектей жазушы-ақынды талантымен тамсантқан тұстастарының ішіндегі сөз тарланы демеске шараң жоқ, ағайын?!”


ИбраҺим Ағытаев

(”Қостанай таңы” газетінен)


Өз басым тәнтімін


Сенің сонау “Тың түлектері” кітабында басылған өлеңдеріңнен бастап жақында “Коммунизм таңында” жарық көрген “Балықтыңа” дейін оқып отырған оқушыңмын. Сенен үмітім көп. Аузыңда әділ билігің, тура қазылығың барына өз басым тәнтімін. Ал өзім болсам:

...Дария тамшы орнына таласпайды,

Төске ұрған толқындарды санаспайды.

Айналып аққу қонған айдынына

Қарқылдап қарға қонса жараспайды.

Қарағай қазық болмас сырлағанмен,

Бозторғай бұлбұл болмас шырылдағанмен,

Бөріні үй күшігі ала алмайды

Шәуілдеп үріп, қанша ырылдағанмен», – деп өлең жазып отырмын.

Көз алдымыздан енді ғайып болғалы тұрған өнердің аралдары көп. Сондықтан сенен інілік, адамгершілік қамқорлығыңды сұрағым келеді. Есенжол ақын туралы Омар Шипиннен алған деректерім бар. Сау бол, айналайын!”


Назарбек Бектемісов

27.02. 1989 ж.

Арқалық ауданы.



Аталар сені қорғасын


Ақындар көп елде де,

Тауып, таппай жазатын.

Өзіңдей ақын шамалы,

Ескіден қалған естіні”

Ескеріп жүріп жазатын.

Аталар сені қорғасын,

Аталы сөзің үшін де.

Келешек ұрпақ қолдасын,

Қамқоры болған үшін де.

Өзегі жұрттың талмасын,

Жалғай бер өмір жалғасын.

Өзіңнің жақсы жырыңа

Сусындары қанбасын.


Айнаш Әлімова,

Соналы орта мектебінің мұғалімі.

Сарыкөл ауданы.



Сөз емес, іс керек



“Қайран енжарлық-ай! Кезінде солақай басшының содыр әрекетіне қарсы шығар, ұлттық мақтаныш болып табылатын мекендерімізге жаны ашып, жанын салар азаматтарымыз қайда болды? Бүгін де қайда қарап отыр? Ақын Ақылбек Шаяхмет әртүрлі мінберлерден, баспасөзден көтеріп жүрген мәселелерді білек түре қолдаушыларымыз, сөздің емес, нағыз істің адамдары қайда?”

Сәлім Меңдібаев

“Қостанай таңы”, 21 ақпан 1998 ж.




Көп көмегін тигізері анық


“Ақылбек Шаяхметтің кітаптарын кезінде оқырмандар жылы қабылдаған болатын. Қай жағынан алып қарасаң да, бүлдіршіндер көңілінен шығатын бұл өлеңдер кім-кімді де қызықтырары сөзсіз. ”Алуан-алуан ағаш бар”, “Жазда келсең бақшаға”, “Сандар ауылында”, “Шынар дейтін бір қыз бар” атты топтама-цикл өлеңдері өзіндік қыры мен сыры бар, мазмұны терең, сюжеттік дүниелер. Оның өлеңдері Отанды сүюге, жақсылықтан үйреніп, жамандықтан жиренуге баулиды. Жұмбақтар мен жаңылтпаштар бала тілін жаттықтыруға, ертегілер мен аңыздар ой өрісін кеңейтуге көп көмегін тигізері анық.”

Сайлау Тойлыбаев

Алматы қаласы.


Ақылбек ағаның еңбектеріне ерекше сүйіндім.Себебі, мен Қытайда шыға бастағанына жиырма жеті жыл болған "Мұра" деген фольклорлық журналда істеймін. Әттең, шіркін, аға қолындағы "сары майдай сақтап отырған" фольклорлық жазбалардың біразы бізге жетсе, зор бақыт еді! Байдалы Нұрсафин, КНР ШУАР ҮРІМЖІ қаласы Оңтүстік достық даңғылы 716 ХОРА ПОЧТА НОМЕР 830000,ТЕЛЕФОН 86+0991+13579294268


Байдалы Нұрсафин,

электронды поштадан

ҚХР-ы.


Құрметті Ақылбек Қожаұлы!

Сіздің қабырғалы қазақ халқының айтулы ақындарының бірі екеніңізді бұрыннан білетінбіз. Енді діни тақырыпта да жыр жұптап жүргеніңізді көріп, қуанып қалдық. Сондай-ақ, Сіздің «Дін Ислам – діңгегім» атты мүшәйраға қатысуыңыз оны ұйымдастырушы біздің мәртебемізді бір көтеріп тастады.

Сіз жыр сүйер қауымның лайықты бағасын алып үлгерген бақытты ақынсыз. Әлі де тұғырдан түсіп тұрған жоқсыз. Поэзия аспанында әлі талай самғайтыныңызға сенеміз. Өйткені, сіздің өлеңдеріңіздің өміршең екенін оқып-біліп отырмыз. Өлеңіңіздегі өзгеше өрнек, астарлы да айшықты ойлар абыройыңызды әлі де асыра беретіні даусыз.

Ал шабытыңызды шау тартпағанына, қайта шарықтау үстінде екеніне куә болып отырмыз. Бұл Сіздің алдағы уақытта талай жыр жүлдесін қанжығаңызға бөктеретініңізді көрсетеді. Сондықтан «Асыл арна» телеарнасымен байланысыңызды үзбейді деп сенеміз.


«Асыл арна» телеарнасы

04.11.2009 ж.


Қара орман орыс қаптаған Қостанай жақтың қазағынан жаңа жыл туралы мұндай рухани бай мақала-пікір жазады деп күтпеген едім. Қалың қазақ мекендеген оңтүстіктің тесіп, шұқып, жабыстырып айтқандарындай емес, өте таза, ашық, эстетикалық талғаммен, дәлелмен, батыл жазылыпты. Әрбір ойы жүрекке жұмсақ тиіп, қуанышқа бөлейді.
Ақылбек, қайда жүрсің? Сен қазақ балаларына арнап кітап жазуың керек.

Тілектес

24.12.2009 ж.


Бар Алаштың көсемдері шыққан, өнер мен білімнің қайнар көзі болған солтүстік емес пе бұл, Совет өкіметі қырып жіберсе де, жалынды жігіттер біздің жақта әлі де жеткілікті. Ақылбек туысқанға табыс тілеймін.



Бауыржан

Көкшетау қаласы.

«Азаттық» сайтынан.

24.12.2009 ж.




Ақылбек ағалық жасқа келсе де аталық сөзді айта біледі. Мен өзім ит жылы тусам да, адамға иттігім жоқ. Көрші болдық, бірге қызмет істедік, бірақ, бір бірімізді тістемедік. Ұлт үшін ұрандадық, ұпай жинамадық. Ұлт жолындағы тартыста, тіл төңірегіндегі айтыста Ақылбек үнемі алда жүрді.


Қалқаман Жақып,

философия ғылымының кандидаты, КМУ профессоры.

06.02.2010 ж.





Ерекше кездесу сабағы


Ұстаз өткізетін сабақ қызықты, мазмұнды, әсерлі болса, оқушылардың өзі-ақ магниттей мұғалімге тартылып тұрады емес пе. Тіпті үйіріліп қасынан шықпасы анық. Сондай сабақтардың бірі Қостанай ауданы Затобол кентіндегі Н. Наушабаев атындағы қазақ орта мектебінің 2 «б» сыныбында өтті.

-Оқушы балаларым үшін осы бір сабақ ерекше болды. Газет-журналда ақын-жазушыларымыздың өлеңдері, әңгімелері жарық көретінін, кітаптары баспадан басылып шығатынын естіген болар, ал енді сол жандармен кездесіп, көзбе-көз әңгімелесіп, қол беріп амандасып, құлындай шұрқыраса айнала қоршап, суретке түсудің өзі 8-9 жасар оқушы бала үшін көрген түстей шығар. Есінде мәңгі жатталып қалары анық. «Осындай ақын ағамен кездестім, әңгімелестім, басымнан сипады, қолымнан алды» деп айтары да сөзсіз.

Ақын Ақылбек Шаяхмет ағамыздың есімі облысымызға ғана емес, елімізге де танымал. Бәлкім, оқушыларымыздың арасында кейбіреуі әйгілі ақын Ақылбек ағамыздың есімін естігенімен, сол ақын ағалары өзіміздің жерлесіміз, киелі Қостанай жерінің тумасы екенін білмес. Міне, сондықтан да ақын ағамызды «Кітап-ғажайып дос» атты сабағымызға шақырып, кездесу, пікір алмасу сабағын ұйымдастырдық. Сабағымыздың аты да кездейсоқ емес, өзіңіз білесіз, бүгінде үлкеніміз де, кішіміз де рухани байлығымыз кітапты кейінге ысырып, компьютерге, теледидарға, Интернет желісіне көбірек үңіліп кеттік. Кітаптың баға жетпес байлық екенін ұмытқандаймыз. Осы тұрғыдағы сабақтар арқылы оқушыларға кітаптың ғажайып, айнымас дос екенін балаларға ұғындырып, түсіндіруге сол сияқты өздігінен кітапты тани білуге, оқуға дағдыландыруға септігін тигізер деп ойлаймын,- деді бізге сынып жетекшісі Дина Бекмұрзина.

Ерекше кездесу сабағында ақын ағалары Ақылбек Шаяхмет балалар үшін арнап жазған есепті тақпақтар, қызықты жаңылтпаштар оқыды, әңгімелер айтты. Жұмбақтар жасырды. Ал, оқушылар, мысалы, Әміржан Шырын, Қазымбек Бекболат, Кәрімжан Сәкен, Қарабай Аслан ақын Ақылбек ағамыздың өлеңдерін оқыды, жасырған жұмбақтарынның жауабын тапты. Ақын ағамыздың жұмбақтарының жауабын шешуде Бексұлтан Еңсебаев, Дәнекер Ахмадиев, Шыңғыс Бердіғожиев белсенділік танытты. Балалар «Диск пен кітап айтысы» көрінісін қойды. Ал, Дана, Диас, Майра, Бағдат, Зәмзәгүл сынды оқушылар кітап туралы өз ойларын айтты, ақын ағасына сұрақтарын қойды. Сабаққа оқушылармен бірге ата-аналар да қатысты, олар да кітап жайлы өз ой-пікірлерін жеткізді. Ақынмен өткен сабақ өте тартымды әрі әсерлі болды.



Ақылбек Шаяхмет кітаптарының және драмалық шығармаларының тізімі


  1. Тұңғыш кітап”. 1977 ж. Алматы: “Жалын” баспасы.

  2. Замандасқа сыр”. 1979 ж. Алматы: “Жалын” баспасы.

  3. Күлімдейді күніміз”. 1980 ж. Алматы: “Жалын” баспасы.

  4. Ақ сәуле (”Көрінбейтін жұлдыздардың жарығы” топтамасы)

1984 ж. Алматы: “Жалын” баспасы.

  1. Гүл мен Бидай”. 1985 ж. Алматы: “Жалын” баспасы.

  2. Тыңда туған”. 1986 ж. Алматы: “Жазушы” баспасы.

  3. Көктем бояулары” (“Жаздың соңғы айы” топтамасы).

1988 ж. Алматы: “Жалын” баспасы.

  1. Біздің бақша”. 1990 ж. Алматы: “Жалын” баспасы.

  2. Наурыз тойы”. 1992 ж. Қостанай: Мұғалімдер білімін

жетілдіру институты баспаханасы.

  1. Ағайын, менің сырымды ұқ!” 1994 ж. Алматы: “Айқап” баспасы.

  2. Шынар”. 1994 ж. Алматы: “Балауса” баспасы.

  3. Моя орбита”. 1995 г. Алматы: “Жалын” баспасы.

  4. Жұлдызды дәуір” 1997 ж. Алматы: “Жазушы” баспасы.

  5. Пирамида”. 1997 ж. Қостанай: “Полиграфия” баспасы.

  6. Елім деп өткен Елдес”. 1998 ж. Алматы: “Ана тілі” баспасы.

  7. Көзімді ашып-көргенім”. 2001 ж. Қостанай: “Полиграфия” баспасы.

  8. Аяз және Қыдыр”. 2001 ж. Астана: “Елорда” баспасы.

  9. Жер-бесік”. 2004 ж. Астана: “Фолиант” баспасы.

  10. Мөлдір бұлақ”. 2004 ж. Қостанай: ҚМУ баспаханасы.

  11. Әдемі”. 2005 ж. Алматы:”Балалар әдебиеті” баспасы.

  12. Ел есіндегі есімдер”. 2005 ж. Алматы: “Гаухар” баспасы.

  13. Есте қалар ел тарихы”. 2005 ж. Қостанай: “Баспа үйі” баспасы.

  14. Тақтақ ақындар және ділмар шешендер”.

2006 ж. Қостанай: ҚМУ баспаханасы.

24. “Қостанай – құт-мекен”. (”Костанай-земля благодатная”)

2006 ж. Қостанай: “Баспа үйі” баспасы.

25. “Бағдаршам“. 2007 ж. Алматы: “Бауыр“ баспасы.

26. “Ақсұлу“. Тарихи драма. Радиопьеса.

1985 жыл. Қазақ радиосы.(Алтын қорға қабылданған)

27. “Наурыз тойы келгенде“. Сахналық қойылым.

2000 ж. Қостанай қалалық мәдениет бөлімі.

28. “Алғыс пен қарғыс“. Спектакль.

2002 ж. Н.Ахметбеков атындағы Жанкелдин аудандық халық театры.

29. “Алаштың асылы“. Спектакль.

2005 ж. А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-нің «Жас өркен» жастар театры.

30.“Таза бұлақ“. Спектакль.

2006 ж. І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры.























Автор қатысқан басты шаралар:


1964 – Жітіқара қаласында сыныпаралық оқушы ақындар айтысы.

1965 – Жітіқара қаласында мектепаралық оқушы ақындар айтысы.

1968 – Алматыда жас жазушылардың республикалық кеңесі.

1970 – Семиозер ауданында аудандық ақындар айтысына қатысып, үшінші орынға ие болды.

1971 – Алматыда жас жазушылардың облысаралық кеңесі.

1972 – Шымкентте СССР-дің құрылуының 50 жылдығына арналған республикалық жас поэзия фестивалі.

1973 – Алматыда жас жазушылардың екінші республикалық кеңесі.

1975 – Павлодарда жас әдебиетшілердің республикалық аймақтық семинары.

1975 – Алматыда ҚазМУ-нің журналистика факультетін бітірді, диплом жұмысын «Қазақ әдебиеті» газетіндегі әдеби сын» деген тақырыпта «өте жақсы» деген бағаға қорғады.

1976 – Семейде Абай күндеріне арналған республикалық поэзия фестивалі.

1977 – Алматыда «БАҚ-тың жаңа адам қалыптастырудағы ролі» ғылыми-тәжірибелік конференциясы.

1977 – Алматыда Жоғары партия мектебінде бір айлық курста оқыды.

1977 – Москвада қарақалпақ шайыры Бердақтың 150 жылдық мерейтойына қатысты.

1980 – Қостанай жастар сыйлығының лауреаты болды.

1982 – Москвада Әдебиет институтын бітірді, диплом жұмысын өз шығармалары бойынша «өте жақсы» деген бағаға қорғады.

1983 – Теледидар және радио қызметкерлері мамандық жетілдіру курсында оқыды.

1983 – СССР жазушылар одағына қабылданды.

1983 – Қазақстан жазушылар одағының билетін алды.

1984 – Қазақстан мәдениет қызметкерлері кәсіподағы республикалық ХІІ конференциясының делегаты болды.

1984 Бейімбет Майлиннің 90 жылдық мерейтойына арналған ғылыми-теориялық конференцияда баяндама жасады.

1984 – Қостанайда «Туған өлкем» конкурсының лауреаты атанды.

1985 – Осы жылдан бастап Қазақстан жазушыларының барлық сьездеріне делегат болып қатысты, 12-ші сьезде басқарма мүшесі болып сайланды.

1985 – Қостанай облыстық ақындар айтысын ұйымдастыру комитетінің және қазылар алқасының мүшесі болды.

1985 – Қостанай-Орал ақын-жыршылары өнер сайысына бапкер болды.

1986 Бейімбет Майлин атындағы облыстық әдеби бірлестіктің төрағасы болып сайланды.

1986 Қостанайда Cерәлі Қожамқұловтың туғанына 100 жыл толуына арналған салтанатты кеште баяндама жасады.

1987 – Москвада Бүкілодақтық шығармашылық фестивальдің лауреаты атанды, арнаулы медальмен марапатталды.

1987 – Алматыда республикалық телеайтысқа облыс айтыскерлерін бастап, бапкер болып барды.

1988 – Алматыда жастардың республикалық «Жігер» фестиваліне қатысты.

1989 – Алматыда Қазақстандағы көркем аударманың проблемалары туралы республикалық кеңеске қатысты.

1990 – республикалық «Қазақ тілі» қоғамы Қостанай облыстық ұйымының құрылтайында төрағаның орынбасары болып сайланды. Осы жылдан бастап республикалық қоғамның басқарма мүшесі болды.

1990 – Челябі облысында қазақ тілін насихаттау шараларына қатысты.

1991 – Талдықорған облысында Қабанбай батырдың 300 жылдық мерейтойы.

1991 – Көкшетауда Абылай ханның туғанына 280 жыл толуына арналған ас.

1991 – Ақтөбеде халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының көшпелі пленумы.

1991 – Орынборда және Ырғызда Ыбырай Алтынсаринді еске қалдыру шараларын өткізді.

1991 – Қостанайда Ыбырай Алтынсариннің туғанына 150 жыл толуына арналған мерейтойдың ұйымдастырушыларының бірі болды.

1991 – «Қазақ совет жазушылары» анықтамалығына енді.

1991 – Алматыда қазақтардың І дүниежүзілік құрылтайына делегат болды.

1991 – Торғайда Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатов күндеріне қатысты.

1991 – Қостанай және Жітіқара қалаларында, Жітіқара ауданында туғанына 40 жыл толуына орай мерейтойлық шаралар және шығармашылық кештер өтті.

1992 – Алматыда Қазақстан халықтары форумы мен ҚР тәуелсіздігінің бір жылдығына арналған салтанатты жиналысқа делегат болды.

1992 – халықаралық «Қазақ тілі» Қостанай облыстық ұйымы басқармасының төрағасы болып сайланды.

1992 – «Дала қоңырауы» газетінің тұңғыш ұйымдастырушысы және редакторы болды.

1992 – Жамбылда халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының көшпелі пленумы өтті.

1992 – Урицкий ауданында Ілияс Омаровтың туғанына 90 жыл толуына арналған тойда ұймдастыру комитетінің мүшесі болды.

1992 – Таран ауданында Алаш арысы Елдес Омарұлының туғанына 100 жыл толуына арналған мерекеде баяндама жасады.

1993 – Торғай облысында Шақшақ Жәнібек батырдың 300 жылдық мерейтойына қатысты.

1993 – Петропавлда «Абай тағылымы» ғылыми-теориялық конференциясына қатысып, баяндама жасады.

1993 – Көкшетауда Ақан серінің туғанына 150 жыл толуына арналған мерейтойға қатысып, өлең оқыды.

1993 – Жітіқара ауданында Ақсұлу Орысбайқызының туғанына 120 жыл толуына арналған тойда баяндама жасады.

1993 – Қарағандыда Бұқар жыраудың туғанына 325 жыл толуына арналған тойға қатысты, ақындар мүшайрасында бірінші орын алды.

1993 – Қостанай облысында өткен Қазақстан Пен-клубының жұмысына қатысты.

1993 – Москвада «Книжный мир» телехабарына қатысты.

1994 – «Ана тілі» газетінің лауреаты болды.

1994 – Талдықорғанда халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының алқа жиыны өтті.

1994 – Бейімбет Майлиннің 100 жылдық мерейтойына қатысты, Бейімбет Майлинге арналған республикалық мүшайраның бас жүлдесіне ие болды.

1994 – Елубай Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясында шығармашылық кеш өткізді.

1994 – Қостанай облысынан Қазақстан Жоғарғы Кеңесі депутаттығына кандидат болып тіркеліп, сайлау нәтижесінде 13000 дауыс жинады.

1995 – Әулиекөл ауданында Қанапия Басықарабаласына арналған аста сөз сөйледі.

1995 Алматыда Қазақстан халықтары Ассамблеясының І сессиясының мәжілісінде Ассамблея мүшесі болып сайланды.

1995 – Қамысты ауданында Сейітжан Бекшентайұлына арналған кеште баяндама жасады.

1995 – «Моя орбита» кітабының тұсау кесері Л.Толстой атындағы облыстық кітапханада өтті

1995 – Шоқай бидің туғанына 220 жыл толуына арналған аста баяндама жасады.

1995 – Семейде Абайдың 150 жылдық мерейтойына қатысты.

1996 – Урицкий ауданында Барақ батырдың 300 жылдық мерейтойында баяндама жасады.

1996 – Алматыда халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының ІІІ құрылтайында сөз сөйледі.

1996 – Қазақстан халықтары Ассамблеясының екінші және үшінші сессиясы өтті.

1996 – «Сарыарқа» журналының ақылдастар алқасының мүшесі болды.

1997 – Қостанайда Мұхтар Әуезовтың 100 жылдық мерейтойына арналған ғылыми-теориялық конференцияда баяндама жасады.

1997 – «Ана тілі» газетінің штаттан тыс тілшісі болды.

1997 – Қостанайда «Жұлдызды дәуір» және «Пирамида» кітаптарының жарық көруіне орай тұсаукесер өтті.

1997 – Ақмолада Қазақстан халықтары Ассамблеясының төртінші сессиясы өтті.

1997 – Алматыда Мұхтар Әуезовтың 100 жылдық мерейтойына қатысты.

1998 – «Азия-Транзит» журналының алқа мүшесі болды.

1998 – Қазақ ақпарат агенттігінің аймақтық тілшісі болды.

1998 – Ақмолада Қостанай облысының мәдениет күндерінде Конгресс-холда өлең оқыды.

1999 – халықаралық «Азаттық» радиосынан хабарлар ұйымдастырды.

1999 – Қостанай облыстық сайлау комиссиясының мүшесі болды.

1999 – 20 қаңтарда Астанада ҚР Президентін ұлықтауға қатысты.

2000 – «Жас қазақ» журналының алқа мүшесі болды.

2000 – Өмірбаяны мен өлеңдері «Екі мыңжылдық дала жыры» анталогиясына енді.

2001 – Қостанайда «Культура мира в интересах детей» конгресінде баяндама жасады.

2001 – Қостанайда Ы.Алтынсарингның туғанына 160 жыл толуына арналған «Халықтық педагогика потенциалы» ғылыми-практикалық конференциясында баяндама жасады.

2001 – Қостанай және Жітіқара қалаларында туғанына 50 жыл толуына орай мерейтойлық шаралар және шығармашылық кештері өтті.

2001 – Қостанай меценаттар клубының «Қазына» сыйлығын алды.

2002 – Қостанай әлеуметтік академиясында «Әл-Фараби ғылым мен мәдениет тарихында» ғылыми-теориялық конференциясында баяндама жасады.

2002 – Қостанай мемлекеттік университетінің Ахмет Байтұрсынов атындағы сыйлығының лауреаты болды, арнаулы медальмен марапатталды.

2002 – «Алға» журналының алқа мүшесі болды.

2002 – Ғабит Мүсіреповтың туғанына 100 жыл толуына арналған мерейтой.

2002 – «ҚР тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен марапатталды.

2002 – Таран ауданында Жабағы батырға арналған аста баяндама жасады.

2002 – Атырауда Махамбет батырдың 200 жылдығына арналған тойға қатысты. Конференцияда баяндама жасады.

2003 – «Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылық мұрасы және қазіргі заман» республикалық ғылыми-теориялық конференциясында баяндама жасады.

2003 – Спандияр Көбеевтің туғанына 125 жыл толуына арналған ғылыми-теориялық конференцияда баяндама жасады.

2003 – «Жазушылар әлемі» фотоальбомында суреті басылды.

2003 – Cәбит Мұқановтың туғанына 100 жыл толуына арналған мерейтой.

2003 – Cарыкөл ауданында Жұмағали Ысмағұловтың шығармашылық кешінде баяндама жасады.

2003 – Алматыда жоғары білімді мамандарды мемлекеттік тілде дайындау мәселелеріне арналған семинар-кеңеске қатысып, сөз сөйледі.

2004 – Қостанайда «Россия и Казахстан: литературные и культурные корни» ғылыми-теориялық конференциясында баяндама жасады.

2004 – Астанада халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының ІҮ құрылтайы өтті.

2004 – Астанада Бейсембай Кенжебаевтың 100 жылдығына арналған ғылыми конференцияда баяндама жасады.

2004 – Петропавлда «Академик Манаш Қозыбаевтың ғылыми және тарихи мұрасының өзектілігі» ғылыми-практикалық конференциясында баяндама жасады.

2004 – Қостанайда Қапан Бадыровтың 100 жылдығына арналған театрлар фестиваліне қатысты.

2004 – Қостанайда Ахмет Байтұрсыновтың 125 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференцияда баяндама жасады.

2004 – Көкшетауда «Замана тұлғасы – Сәкен сері» ғылыми-практикалық конференциясында баяндама жасады.

2004 – «Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр» энциклопедиясына енді.

2005 – Астанада қазақтардың ІІІ дүниежүзілік құрылтайына қатысты.

2005 – Қостанайда Нұржан Наушабайұлына арналған ғылыми-теориялық конференцияда баяндама жасады, ақынға арналған республикалық мүшайрада бірінші орынды жеңіп алды.

2005 – Астанада жоғары оқу орындары мемлекеттік тіл оқытушылары республикалық кеңесіне қатысып, дөңгелек үстел басында өткен сұхбатта сөз сөйледі.

2005 – «Алтын дала» фотоальбомына суреті мен өлеңі енді.

2005 – «Қостанай» энциклопедиясына өмірбаяны енді.

2005 – Астанада «Культура согласия и сосуществования народов в ХХІ веке» халықаралық форумына қатысты.

2005 – Астанада «Типологиялық сабақтастықтың ақындық және шешендік өнердегі көрінісі (Қостанай өңірі мысалында)» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады.

2005 – «Қазақ әдебиеті» энциклопедиясына енді.

2005 – «Жас өркен-Қостанай» журналының алқа мүшесі болды.

2006 – ҚР тәуелсіздігінің 15 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференцияда баяндама жасады

2006 – ҚР Білім және ғылым министрлігінің аттестаттау комитетінің шешімімен филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді.

2006 – Қостанай қаласында және Алтынсарин атындағы ауданда Мәриям Хакімжанованың туғанына 100 жыл толуына арналған шараларда баяндама жасады.

2006 – «Қазкомерцбанктің» арнаулы сыйлығына ие болды.

2006 – Қостанай облысы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

2006 – «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

2006 – «Білім жарысы» газетінің редакциялық кеңесінің төрағасы болып тағайындалды.

2006 – Қазақстан журналистер конгресі атқару комитетінің ХҮІІ мәжілісіне қатысып, баяндама жасады.

2006 – Облыстық филармонияның Концерт залында жыр және ән кеші өтті.

2007 – Қостанай меценаттар клубының арнаулы сыйлығын алды.

2007 – Қостанайда республикалық «Байтұрсынов оқулары» ғылыми-практикалық конференциясында баяндама жасады.

2007 – Ақтөбеде Қобыланды батырдың мемориалдық кешенінің ашылу салтанатына қатысып, теледидарда тікелей эфирде сөйледі.

2007 – Қарағандыда республикалық теледидардың 50 жылдығына арналған ғылыми-теориялық конференцияда жасаған баяндамасы бас жүлдеге ие болды.

2007 – Астанада республикалық ұлттық «Астана-Бәйтерек» конкурсында «Өлеңдер, скетчтер, жұмбақтар, жаңылтпаштар» номинациясында үшінші, «ҚР мерекелік даталарына арналған қойылымдардың сценарийі» номинациясында бірінші жүлдеге ие болды.

2008 – Алматыда «Бір өлең–бір әлем» республикалық мүшайрасында үшінші орын алды.

2008 – Сарыкөл ауданында Асаубай шешеннің туғанына 195 жыл толуына арналған аста баяндама жасады.

2008 – Астананың 10 жылдық мерейтойына облыс делегациясы құрамында қатысты.

2008 – Қазақ авторлар қоғамының есеп беру-сайлау конференциясына қатысты, аталған қоғамның Қостанай облыстық филиалының төрағасы болып сайланды.

2008 – Бекет Өтетілеуовтың туғанына 125 жыл толуына арналған ғылыми-теориялық конференцияда баяндама жасады.

2008 – «ҚР ұлттық қауіпсіздік органдарында іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу барысындағы іс-тәжірибелер» республикалық семинар-кеңесінде баяндама жасады.

2008 – Алматыда халықаралық “Дарабоз” бәйгесінің жүлдегері атанды.

2008 – Қостанайда «Өз өлкеңді таны!» облыстық ғылыми-теориялық конференциясында баяндама жасады.

2008 – Астанада «Қазақ тілінің жанашыры» құрметті белгісімен марапатталды.

2008 – «Лучшие люди Казахстана» энциклопедиясына енді.

2008 – «Мемлекеттік органдар ақпараттық жұмысының тиімділігін арттыру формалары мен әдістері» республикалық семинарында баяндама жасады.

2008 – Астанада республикалық ұлттық «Астана-Бәйтерек» конкурсында «ҚР мерекелік даталарына арналған қойылымдардың сценарийі» номинациясында бірінші жүлдеге ие болды.

2008 – Қостанайда «Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы Алашорда» ғылыми-тәжірибелік конференциясында баяндама жасады.

2008 – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетінің Өнер басқармасы жариялаған қоғамдық-маңызды көркем шығармаларды жасауға арналған мемлекеттік конкурсында грантқа ие болды.

2008 – Қостанайда «Ел мен ұрпақ тағдырындағы уақыт сабақтастығы» педагогикалық оқуларында баяндама жасады.

2009 – Қостанай ауданында Маңдай батырдың есімі аудандық мешітке берілуіне байланысты жиында баяндама жасады.

2009 – Алматыда халықаралық “Дарабоз” бәйгесінің ынталандыру сыйлығына ие болды.

2009 – «Қазақтың дәстүрлі сот жүйесі және қазіргі заман» ғылыми-тәжірибелік конференциясында баяндама жасады.

2009 – ҚР тілдері күні мерекесі қарсаңында Қостанай облысы әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

2009 – Семей педагогика институтында өткен «Ер Жәнібек – ұлт батыры» ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысып, сөз сөйледі.

2009 – Қостанай ауданында өткен Нұржан Наушабайұлының туғанына 150 жыл толуына арналған ғылыми-тәжірибелік конференцияда баяндама жасады.

2010 – Түркияда Анкара және Стамбул қалаларында өткен «Диалог–Еуразия» платформасының кездесулеріне қатысты.



Өмірбаян


Белгілі қазақ ақыны, жазушы, драматург, көсемсөзші-журналист Ақылбек Қожаұлы Шаяхмет Қостанай облысының Жітіқара ауданында Желқуар ауылында (Забеловка селосы) 1951 жылы 17 маусымда туған. Жітіқара қаласында қазақ мектебін бітіргеннен кейін «Шевченко» кеңшарында шопан болып жұмыс істеді. 1968 жылы оны Әулиекөл аудандық газетіне қызметке шақырады. Одан кейін Алматы облыстық «Жетісу», Қостанай облыстық «Қостанай таңы» газеттерінде, облыстық телекомпанияда жұмыс істеді. Алматыда Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін және Москвада Әдебиет институтын бітірген.

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы облыстық ұйымының төрағасы, Қазақстан жазушылар одағының Қостанай және Торғай облыстары бойынша әдеби кеңесшісі, облыстық тіл басқармасы бастығының орынбасары, ұлт саясаты жөніндегі Қостанай облыстық комитеті төрағасының орынбасары, облыстық мәдениет басқармасы бастығының орынбасары, облыстық білім департаменті директорының орынбасары, Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті Қазақ және орыс филологиясы институтының директоры, журналистика факультетінің деканы болып қызмет атқарды. Қазіргі уақытта ҚМУ Медиа-орталығының директоры.

Қазақтардың бірінші және үшінші дүниежүзілік құрылтайының, Қазақстан халықтарының республикалық форумының делегаты, Қазақстан халықтары Ассамблеясының мүшесі болған. Қостанай жастар ұйымының, Бүкілодақтық әуесқой шығармашылық фестивалінің лауреаты.

СССР жазушылар одағына 1983 жылы қабылданған. Қазақстан жазушылар одағының мүшесі. «Ана тілі» газетінің лауреаты. «Дала қоңырауы» газетінің тұңғыш ұйымдастырушысы және редакторы болды. Ахмет Байтұрсынов атындағы медальмен, «ҚР тәуелсіздігіне 10 жыл» және «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған. Бұқар жырауға, Бейімбет Майлинге, Нұржан Наушабайұлына арналған республикалық мүшайралардың жеңімпазы. 2007 және 2008 жылдары өткен “Астана-Бәйтерек» республикалық ұлттық конкурсының жеңімпазы. 2008 және 2009 жылдары өткен «Дарабоз» бәйгесінің жүлдегері.

Тұңғыш жинағы 1977 жылы жарық көрді. Республика баспаларынан 25 кітабы басылып шыққан. Солардың ішінде «Гүл мен бидай», «Шынар», «Күлімдейді күніміз», «Біздің бақшада», «Әдемі», «Аяз және Қыдыр», “Бағдаршам” атты кітаптары балаларға арналған. Автордың өлеңдері орыс және шет ел тілдеріне аударылған.

«Есте қалар ел тарихы», «Ел есіндегі есімдер», «Тыңда туған», «Пирамида», «Көзімді ашып-көргенім», «Жұлдызды дәуір», «Жер-бесік», «Мөлдір бұлақ» деп аталатын прозалық, өлеңдер және поэмалар жинақтары оқырмандардың ықыласына бөленді. Драматургия саласында да қалам тербеп келеді. Ақсұлу Орысбайқызына арналған «Ақсұлу» тарихи драмасы Қазақ радиосының алтын қорына қабылданған. «Алғыс пен қарғыс немесе жарық пен көлеңке», «Таза бұлақ» пьесаларының авторы.





Биография


Известный казахский писатель, журналист-публицист, поэт, драматург, переводчик Акылбек Кожаулы Шаяхмет родился 17 июня 1951 года в селе Забеловка Житикаринского района Костанайской области.

Учился в казахской школе. Окончив среднюю школу, рабо­тал чабаном в совхозе "Шевченковский". В 1968 году его при­глашают на работу в Аулиеколъскую районную газету. Позже работал корректором, корреспондентом, заведующим отделом редакции газет "Жетысу" (Алматы) и "Костанай таны" (Костанай). Закончил факультет журналистики Каз ГУ и Мос­ковский Литературный институт. С 1982 года редактор Костанайской телерадиокомпании. C 1986 г. литературный кон­сультант Союза писателей Казахстана по Костанайской и Торгаиской областям, председатель прав­ления Костанайской областной организации международного общества «Казак mили». В 1994 г. назначен заместителем начальника Костанайского областного управления по языкам. В дальнейшем за­нимает ответственные должности в государственных струк­турах. Работал заместителем председателя областного ко­митета по национальной политике, заместителем начальни­ка областного управления культуры, заме­стителем директора областного департамента образования, директором Института казахской и русской филологии КГУ имени Ахмета Байтурсынова, деканом факультета журналистики, директором Медиа-центра КГУ.

Акылбек Шаяхмет член Союза писателей СССР с 1983 года. Член правления Союза писателей Казахстана. Был делегатом Всемирного 1-го и 3-го курултая казахов, республиканского форума народов Казахстана, членом Ас­самблей народов РК. Лауреат премии Костанайской молодежной организации, Всесоюзного фестиваля самодеятельного твор­чества, победитель республиканских поэтических состязаний (мушайры) посвященных Бухару жырау, Беимбету Майлину, Нуржану Наушабайулы, лауреат премии газеты "Ана тили". Победитель республиканских конкурсов «Астана-Байтерек» (2007 и 2008 г.)

Был первым редактором и учредителем газеты "Дала конырауы". Является членом редколлегии журнала "Сарыарка" (Астана), альманаха "Азия-Транзит"(Караганда), журнала «Жас оркен-Костанай» (Костанай).

Первая книга стихов увидела свет в 1977 г. Автор 25 книг, среди которых широкоизвестные книги "Пирамида ", "Моя ­ ор­бита", «Земля-колыбель».

Плодотворно работает и в жанре драматургии. Драмати­ческая поэма "Аксулу", посвященная акыну-импровизатору Аксулу Орысбайкызы принята в золотой фонд Казахского радио. Перу драматурга также принадлежит пьеса "Благодарность и проклятие или Свет и Тень" посвященная Ахмету Байтурсынову и пьесы "Чистый родник ". Его перу принадлежит пьесы, посвященные празднованию Наурыза. Автор книг для детей дошкольного возраста. Некоторые произведения из них включены в учебники.

Поэт на казахский язык переводил стихи Расула Гамзатова, Якуба Коласа, Ивана Драча, Арсентия Тарковского, поэтов Северного Кавказа. Выпустил документальную повесть о жизни общественного деятеля Елдеса Омарулы. Издал книгу поэта Нуржана Наушабайулы "Алаш ".

А.К.Шаяхмет кандидат филологических наук. Защитил диссертацию на тему «Типологическая последовательность поэтического и ораторского мастерства (на примерах Костанайского региона)». Она посвящена одной из актуальных проблем современного литературоведения. В диссертации, наряду с жанрово художественными особенностями творчества акынов, ораторов-биев широко рассматриваются перспективы его развития.







Akylbek Kozhauly Shayakhmet

The famous kazakh writer, journalist and wrier of political essays, poet, playwright, translator Akylbek Kozhauly Shayakhmet was born on 17 of June in 1951 in Zabelovka village of Zhitikarinskoe region of Kostanay oblast.

He studied in kazakh school. Having finished the secondary school he worked as a chaban in “Shevchenkovskiy” sovkhoz. In 1968 he was invited to work in Auliekol regional newspaper. Later he worked as a corrector, correspondent, manager of editorial staff department of “Zhetysu” newspaper (Almaty) and “Kostanay tany” (Kostanay). He graduated from the faculty of journalism of KazGU and Moscow Literature Institute. Since 1982 he has been an editor of Kostanay Television and Radio Company. Since 1986 he has been literature consultant of Writers’ Union of Kazakhstan on Kostanay and Torgay oblasts, the chairman of the board of Kostanay regional international society “Kazakh tyly”. In 1994 he was appointed as the vice-chief of Kostanay regional department on languages. Further he held responsible posts in governmental structures. He worked as a vice – chairman of regional committee on national policy, vice-chief of department of culture, vice-director of regional department of culture, director of Institute of Kazakh and Russian philology of KSU named after Akhmet Baitursynov, dean of faculty of journalism, director of Media-centre of KSU.

Akylbek Shayakhmet has been a member of Writers’ Union of USSR since 1983. He is a member of Kazakhstan Writers’ Union. He was the delegate of I and III World Kurultay of the Kazakhs, republican forum of nations of Kazakhstan, member of Assembly of nations of the Republic of Kazakhstan. He is a laureate of Kostanay youth organization, national festival of amateur creativity, a winner of republican poetic competitions (mushairy) devoted to Bukhary Zhyrau, Beimbet Mailin, Nurzhan Naushabaiuly, laureate of price of “Ana tyly” newspaper. In 2007 he won the republican competition “Astana - Baiterek”.