Қазақ тілі пәнінен 5 сыныпқа арналған диктант: Шешендік сөздер

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 6 сынып Күні:

Сабақтың тақырыбы: Диктант. Шешендік сөздер

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға өткен сабақты еске ала отырып, жазу емлесін еске түсіру; оқушыларды дұрыс сөйлеуге, дұрыс жазуға, шығармашылық жұмысқа баулу; оқушыларды бірлікке, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: мәнерлеп оқу, баяндау;

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу.

Жоқ оқушыны белгілеу.

Диктант дәптерлерін үлестіру.

Тақтаға күннің жадын, тақырыбын жазу.

Жаңа сабақ. Мәтінді мәнерлеп оқып шығамын. Мәтін 115 сөзден тұрады.Түсініксіз сөздерді түсіндіру. Қос сөздерді қайталау, қиын сөздерді тақтаға жазу. Мәтінді мәнерлеп оқу.


Шешендік сөздер

Қазақ ауыз әдебиетінің бір саласы-шешендік сөздер. Шешендік сөздер-елге белгілі адамдардың қайсыбір оқиғаға байланысты айтқан сөздері. Ол сөздер мәйекті, өткір, көңілге қонымды болғандықтан, елге тез тарап, ауыздан-ауызға көшіп сақталып отырған. Сондықтан да шешендік сөздерді айтушылар көбінде билер, шешендер болып келеді.
Шешендер мен билердің сөздері жазылып сақталмағандықтан, бізге тек ауызекі түрде әр түрлі өзгерістермен, түрленулермен жеткен. 
Шешендік сөздерде халықтың бастан кешкен оқиғалары, ақыл-ойы, арман-тілегі бейнеленеді, тілінің байлығы, орамдылығы байқалады.
Шешендік сөздер адамды жақсы мінездерге баулиды, бірлікке, татулыққа, үлкен- кішіні сыйлауға шақырады. Адамның ой- санасын оятып, жақсы мінезге, байқағыштыққа, сергек те зерек болуға үйретеді, әрі тіліңді байытып, ұтқыр да ойлы сөйлеуге баулиды. 
Шешендік сөздерді көпті көрген өнегелі адамдар бата-тілек, насихат-ақыл сөздері түрінде де айтып отырған. (103 сөз)


Бекіту. Мәтінді қайталап оқып шығамын. Оқушылар тексеріп болған соң дәптерлерін жинап аламын.


Үйге тапсырма: өткен тақырыптар бойынша ережелерді қайталау.