Жақсы көңіл күй - жан азығы педагогтарға арналған тренинг

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Тренинг «Жақсы көңіл - күй жан азығы»


Мақсаты: мұғалімдердің эмоционалды және көңіл - күйлерін көтеруге, кәсіби жанудың алдын алу, өздеріне құрметпен қарау, топтасып жұмыс істеу жүйесін әрі қарай дамыту.
Эпиграф: «Біз қартайғандықтан ойын ойнауды тоқтатып тұрған жоқпыз, ойын ойнамағандықтан қартаямыз».
(Бернард Шоу)
Көрнекілік құралдар: музыка аппараты, баяу әуенді диск, тест «Сіз стресті бағындыра аласыз ба?»

Жоспар:

Танысу. Бір - біріне комплимент айту.
2. «Дыбыстық жаттығу»
3. Тест
«Өз - өзіңізді бақылай аласыз ба?»
4. Картаны аяқтау.
5. Сергіту сәті. «Алақанға жан бітір» ойыны.

6. Жаттығу «Сыйлық».
7. Жүргізілген жұмысты қорытындылау.

Жүру барысы:
1. - Құрметті әріптестер, бүгін сіздердің психикалық көңіл - күйлеріңізді көтеруге, өз бойларыңыздағы шығармашылық қабілеттеріңізді бағалай білуге, өз - өзіңізге құрметпен қарауға, бір - бірімізге сыйластық қарым - қатынаста болуға арналған әуенді терапия сағатына ұйымшылдықпен қатысуға шақырамын.
Жұмысымды бастамас бұрын барлығымыз шаттық шеңберге жиналып, бүгінгі күнге байланысты бір - бірімізге жақсы тілек білдірейік.
- Дүниеде ұстаздықтан құрметті мамандық жоқ. Бұл өте қиын, күрделі міндет.
Заман талабының күннен - күнге артуына байланысты балабқшада жұмыс істеу барған сайын күрделеніп келеді.
Өздеріңізге белгілі, ұстаз мамандығы басқа мамандықтарға қарағанда стресттік жағдайларға жиі душар болатындығы белгілі. Ал ұстаз өзінің кәсіптік ұстанымын жоғалтпай, қандай стрестік жағдайларға жиі душар болатындығы белгілі. Әсіресе, көктем, күз мезгілінде ұстаздар өте шаршағыш, эмоциялық күй - жағдайлары өте төмен болады. Сондықтан қазір біз сіздермен әр кезде көтеріңкі көңіл - күйде болу үшін, бірнеше жаттығу жасап үйренеміз.

2. Жаттығу. «Дыбыстық жаттығу»
Мақсаты:
дыбыстық гимнастикамен таныстыру, рух пен дененің тынығуы.
Дыбыстық жаттығуды бастамас бұрың жүргізуші ережесін түсіндіреді:
Өзімізді бірқалыпты, жайлы сезінеміз, тік тұрамыз, арқамызды тік ұстаймыз. Алдымен мұрнымызбен терең дем аламыз, ал дем шығарғанда дыбысты қатты әрі қуатты етіп шығарамыз.
Деміңізді мұрыныңызбен ішке тартып, демді сыртқа шығарар кезде қатты бар дауысыңызбен «А» дыбысын айтыңыз - ол бүкіл денеңіздің сауығуына көмегін тигізеді.
«Е»- қалқанша без жұмыстарына әсер етеді.
«И»- миыңызға, көзіңізге, құлағыңызға.
«О»- жүрегіңіз бен өкпеңізге
«У»- асқазан маңындағы дене мүшелеріңізге
«Х»- денеңіздің тазаруына
«ХА»- көңіл - күйіңіздің көтерілуіне.
Осы жаттығуды жаттап алып, әркезде орындап отырыңыздар, денсаулығыңыз өз қолыңызда, эмоционалдық стресске шалдықпаудың алдын аламыз.
3. Сіздер стресті бағындыра аласыздар ма, анықтап көрейік?
Тест «Сіз стресті бағындыра аласыз ба?»
Нұсқау. Төменде берілген сұрақтарға «ия», «жоқ», «кейде» деп жауап беріңіз.

4. Картаны аяқтау.

ЖАРЫҚТАР

Сіздің эмоционалдық жағдайыңыз

[pic]

Тесттің кілті

  • Егер сіз жарықтарды айналдыра қоршасаңыз, онда, сіздің дәл қазіргі уақыттағы жағдайыңыз мәз емес. Сіздің стресті бастан кешіруіңіз мүмкін, сіз өте қобалжып, біреуге өкпелеп жүрсіз. Сізде жағымсыз эмоциялар толы.

  • Егер сіз бір немесе бірнеше жарықтың ішін боясаңыз, онда сіздің бір нәрсе мазаңызды алуда, дегенмен сіздің жағдайыңыз бірқалыпты, сіз өз проблемаңызды басқалардың көмегінсіз шеше аласыз.

  • Егер сіз жаңа жарықтар қосып салсаңыз, онда сіз өз эмоцияңызды басқара аласыз.

  • Егер сіз жарықтардың арасына бір заттың суретін салсаңыз, онда сіз қиын сәтте мойымайтын, өмірсүйгіш адамсыз. Сіз мұңаймайсыз. Эмоционалды дені сау адамсыз.

  • Егер сіз жарықтың үстіне немесе арасына адамның немесе жануардың суретін салсаңыз, Сіздің жағдайыңыз нашар, дегенмен сіз өз проблемаңызды ойламауға, жаман ойлардан аулақ жүруге тырысасыз.

  • Егер сіз жарықтардың шетін бір-біріне қоссаңыз, Сіз шындыққа тіке қарай алмайсыз, сіз жұрттың бәріне өз проблемаңыздың жоқ екендігін айтасыз, бірақ бұған өзіңіз сенбейсіз.

  • Егер сіз жарығыңызды шаршының ішіне орналастырсаңыз, онда Сіз өзіңізге сын көзбен қарауға бейімсіз, сіздің эмоцияңыз үнемі ақылыңызға бағынады.

  • Егер сіздің салған суретіңіз дөңгелек тәрізді болса, онда Сіз өз эмоцияларыңызды басқаларға көрсету арқылы жеңесіз.

5. «Алақанға жан бітір» ойыны.
Жүргізуші қатысушыларға альбом парағына алақанын салып, оған жан бітіру керектігін ұсынады. Алақанға ауыз, көз..... салу. Саусақтарын бояу. Әрбір саусаққа ерекше есімдер ойлап тауып жазу. Соңында неге олай аттағандықтары туралы айтып беру.
6.«Кездесу» ойыны

Жай әуенмен екі шеңбер болып қарама –қарсы айналады, әуен тоқтаған кезде бір-біріне қарап, баланың қасиетін айтады.


7.«Сыйлық» ойыны

Мақсаты: рефлексия процесін күшейту, ұжымда жағымды психологиялық ахуал орнату, топ мүшелерінің бір – бірін түсінісуге, ұжымда тұлғааралық қарым – қатынастың маңызды сапаларын ашу.

Ойынға қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Қазір Сіздер бір – бірлеріңізге, яғни өзіңіздің сол жақта тұрған көршіңізге сыйлық сыйлайсыз. Көршіңізге қандай сыйлық жасайсыз, сыйлықты үнсіз ым – ишара арқылы көрсетіп бересіздер. Сіздің көршіңіз нендей сыйлық сыйлап жатқанын түсінетіндей жасау керек. Барлығы сыйлықтарын алып болғанша ештеңе айтылмайды. Барлығы үнсіз жасалады.

Талқылау:

  1. Көршіңіз сізге қандай сыйлық жасады деп ойлайсыз?

  2. Қандай сыйлықты сыйлағанын сіз тез түсіндіңізбе?

  3. Сізге сыйлық ұнады ма?

  4. Қандай әсерде болдыңыз?



Тест «Өз - өзіңізді бақылай аласыз ба?»



Төмендегі нұсқауларды оқып шығып, «иә» немесе «жоқ» деп жауап беріңіз.



1. Менің ойымша басқа адамдарға еліктеу қиын сияқты.
2. Өзгелерді күлдіруге немесе өзіме назар аудару үшін әр нәрселерді істеймін.
3. Менен жақсы актер шығады.
4. Кейде сырт көзге мен әлденені қатты уайымдап жүрген болып көрінемін.
5. Мен құрдастарымның ортасында ықыласқа бөлене бермеймін.
6. Әртүрлі жағдайда және әртүрлі адамдармен қарым - қатынаста мен өз - өзімді мүлдем басқаша ұстаймын.
7. Мен көз жеткізген дүниелерді қорғап алып шығамын.
8. Адамдармен қарым - қатынасымды жақсартуға және жұмысымда табысқа жету үшін, мені қоршаған адамдар қандай ретінде көргісі келсе мен сондай боламын.
9. Көргім келмейтін адамдардың жүзіне күліп қарай аламын.
10. Мен өз қалпымды өзгертпеймін, әрқашанда осындаймын.

1, 5, 7 сұрақтарға «Жоқ» деген жауаптарыңызға 1 баллдан, қалған «Ия» деп жауап берген сұрақтарыңызға 1 баллдан. Баллдарыңызды санаңыз. Егер тестті шыңдап жауап берген болсаңыз, сіз туралы төмендегіні айтуға болады:
0 – 3 балл. Сіздің коммуникативтік дағдыларыңыз төмен, туындаған жағдайларға байланысты өзгеруге тырыспайсыз, өйткені, өзгертуге тұрмайды деп ойлайсыз. Қарым - қатынаста жақсы ашыласыз. Тік мінезділігіңізден Сізді кейбір адамдар «ыңғайсыз» деп ойлайды.
4 – 6 балл. Сіздің коммуникативтік дағдыңыз орташа деңгейде. Сіз қарым - қатынаста ашықсыз, бірақ эмоцияларыңызды көрсетпейсіз. Өзіңізді қоршаған адамдармен қарым - қатынасқа түскенде олардың да іс - әрекетін ескерген дұрыс.
7 – 10 балл. Сіздің коммуникативтік дағдыңыз жоғарғы деңгейде. Сіз рөлдерге оңай еніп кетесіз, жан - жағыңыздағы өзгерістерге тез икемделесіз.
Адамдарға жақсы әсер қалдырасыз.